АДАМ ҚУАТЫ ҚАЛАЙ САРҚЫЛАДЫ?
 главная                                        вернуться 

 

Зядан Қожалымов
Мәдениеттанушы-профессор

«Шипагерлік баян», қараша 2012ж.

БИОЭНЕРГЕТИКАДАҒЫ ВАМПИРЛІК

 

fotoКез келген адам өзінің ағзасының қалыпты өмір сүруі үшін қоршаған әлемнен энергия алуы керек. Мамандардың айтуынша, адам ағзасының судан, ауадан, тағамнан алатын энергиясы оның қоршаған ортадан алатын энергиясының бір ширегіне де жетпейді. Адамның энергетикалық тепе-теңдігінің басым бөлігі – бұл ғарыштық энергия. Дәл осы энергияны тұтынудан тыныс алу органдарының, қан айналысының, асқазан-ішек жолдарының, эндокриндік жүйенің және басқа жүйелер мен органдардың қалыпты жұмыс істеуі қалыптасады. Ғарыштық энергия ойлау процестері мен психика қызметі үшін энергияның негізгі күші болып табылады. Аз жеп, аз ішіп те тән мен жанның саулығын сақтауға болады. Бірақ ағзаға рухани энергияның қалыпты түсуі бұзылса, оның барлық жұмысы бұзылады, өйткені дәл осы энергия адамның энергетикалық деңгейінің күйін анықтайды. Сондықтан осы деңгейге қарай адамдар бірнеше дәрежеге бөлінеді.

Бірінші дәрежеге ауру, денсаулықтары жоқ адамдар жатады, олардың биоөрісі айтарлықтай әлсіз болады.

Екінші дәрежеге адамдардың көпшілігі жатады, олар қандай да бір аурулардан зардап шекпесе де, өзінің биоөрісін де, басқа адамдардың, жан-жануарлардың, жалпы айтқанда, қоршаған ортаның түрлі заттарының биоөрістерін сезе алмайды.

Үшінші дәрежедегі адамдар өздерінің, басқа адамдар мен жан-жануарлардың, сондай-ақ қоршаған ортаның түрлі заттарының биоөрістерін сезе алады. Бұндай адамдарды экстрасенстер деп атайды.

Төртінші дәрежеге өздерінің биоэнергиясын шоғырландырып, оны кез келген нысанға бағыттай алатын адамдар жатады. Бұл деңгейге емшілер (хилерлер), шамандар, сиқыр иелері жатады.

Бесінші энергетикалық деңгейдің дәрежесіндегі адамдар өз ағзаларындағы клеткалардың (жыныстықтан басқасын) көбеюін басқара алады. Бесінші дәрежеге өзінің энергетикасын күшейту жолында саналы түрде жұмыс істеген адамдар ғана жете алады.

Алтыншы энергетикалық дәреже күрделі клеткалардың (жұмыртқа клеткалары мен сперматозоидтардың) көбеюі мен құрылымын басқару мүмкіндігін береді. Бұндай дәрежеге жататын биоэнергетиктер мен жоғарғы дәрежелі емшілер көп емес.

Жетінші энергетикалық деңгейдің дәрежесіне жеткен адамдар өздерінен төмен энергетикалық деңгейде тұрған басқа адамдардың психикасын бақылай алады. Бұндай адамдарға жоғарғы дәрежелі емшілердің көпшілігі жатады.

Сегізінші дәрежеде күшті жасампаз немесе күйреткіш күшке ие адамдар болады, олар бұл күшті өздерінің қалауы бойынша алдына қойған мақсаттарын шешу үшін бақылап, қолданады. Бұл дәреженің міндеті мен мәнін әр адам өзінің энергетикалық дамуының осы дәрежесіне жақындауына қарай өзінше түсінеді. Сегізінші дәрежедегі адамдар уақыт аралығында (көріпкелдік бұдан төмен энергетикалық дәрежедегі адамдарға да тән) және кеңістікте көше алады, түрлі аудандардағы ауа райы мен экологияны өзгертіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің түсімі мен мал басын арттыра алады.

Адамның энергетикалық деңгейдің төменгі дәрежесінен анағұрлым жоғарғысына өтуі, оның өзінің энергетикалық деңгейін мақсатты түрде арттыру процесінде секіріс түрінде жүреді. Әрбір адамның биоөрісінің өз өлшемі, тығыздығы мен құрылымы болады. Өзінің, басқа адамдардың, тірі және өлі табиғаттағы заттардың биоөрісін сезуге және көруге қабілетті адамдар нысандардың биоөрістерінен тиісті ақпараттарды оқи алады. Мысалы, «оның ойы өткір», «ол менің басымды ауыртты» деген сөздер және т.б. биоөріс ақпаратынан алынған.

Биоөрістің құрылымында энергетикалық конус болады. Конустың бұрышы анағұрлым сүйір болса, адамның зейіні соғұрлым жоғары болады және керісінше. Қандай да бір адамға теріс әсер ететін адамның биоөрісінен басқа адамның бауырына немесе көк бауырына қарай қара «шланг» тартылады.

Ал вампирліктің энергетикасы туралы не айтуға болады? Вампирлік вампирлер мен донорлардың биоөрістеріне әсер етеді ме? Әрине әсер етеді, бірінші кезекте биоөріс пен оның аурасына (адамның физикалық тәнінен тыс өмір сүретін биоөрістің бір бөлі-гі), соның ішінде биоөрістің өлшемдеріне, пішініне, тығыздығы мен құрылымына әсер етеді. Адамның энергетикалық деңгейі де оның санасы мен адамдармен өзара қарым-қатынасына айтарлықтай әсер етеді. Вампирлік пен донорлықтың арақатынасында «беру керек пе әлде алу керек пе?» деген сұрақ қоюға болады.

Вампирлер мен донорлардың арасындағы «бөліну» сызығы «алу - беру» шекарасынан өтеді. Вампирлер үнемі басқа адамдарды жеңуге, кез келген жақсы нәрсені алып қалуға және тегін алып қалуға тырысады. Басқа адамдар жоғалтып алған затты немесе ақшаны тауып алған вампир оған «бұл енді менікі» деп қуанады, ал донор болса, уайымдап қалады, кімнің жоғалтқанын білгісі келеді.

Әдетте вампир болып туылмайды, жүре келе вампир болады. Әр түрлі энергетикалық деңгейлердегі адамдардан бірінші деңгейден жиі, екінші және үшінші деңгейлерден сирек вампир адамдар шығады. Иә, эстрасенстер де вампир бола алады, тек энергетикалық деңгей ғана вампирлікті немесе донорлықты анықтамайды. Бәрі адамның биоэнергетикалық өрісінің қаншалықты үйлесімді дамығанына, оның қаншалықты дұрыс жұмыс істеуіне байланысты болады.

Адамның биоөрісінің өзіне тән анатомиясы мен физиологиясы болады. Биоөрістің негізгі энергетикалық органдары энергетикалық орталықтар болып табылады, олардың кеңінен тараған атауы «чакралар». Басты энергетикалық орталықтар немесе чакралар адамда жетеу, олардың негізгі міндеті – адам ағзасының қоршаған ортамен белгілі бір діріл жиіліктерінде жұмыс істейтін арнайы каналдар арқылы энергия алмасуын қолдау. Әр чакраның діріл жиілігін адамдардың көпшілігі сезім органдарымен сезе алмайды, бірақ дәл осы каналдар арқылы және дәл осы чакралар арқылы адамның ғаламдардағы барша тіршілікпен негізгі байланысы орнатылады. Негізгі чакраларға бағынатын, көмекші, жеке жұмыстарды атқаратын көмекші чакралар да болады. Сондықтан да егер негізгі чакралар қалыпты жұмыс істейтін болса, адам ағзасының қалыпты екеніне сенімді болу керек.

Негізгі жеті чакраның орталықтары омыртқалар арқылы өтетін тәннің өстік сызығының бойында орналасқан, тек шеткі екі – бірінші және жетінші чакра ғана тәннің алдыңғы және соңғы бөліктерінде шоғырланады. Әрбір чакраның өзінің белгіленген орны мен өзіне тән сипаттамалары: діріл жиілігі, мантрасы (дыбысталуы чакраның дамуына әсер ететін буын), дыбысталу нотасы, түсі болады. Белгілі бір түстің әсері адам денсаулығына оң әсер береді.

Қызыл түс жүйке жүйесін қоздырып, сезімдерді оятады, қан айналысы жүйесінің жұмысын белсенді етіп, жұқпалы ауруларды, радиациялық сәуленің зардаптары мен ультракүлгін күйіктерді емдеуге көмектеседі.

Фуксин немесе қызыл анилин бояуы өзінің түсімен эмоцияларды сабасына түсіріп, қан қысымын қалпына келтіреді, бүйректер мен бүйрек бездерінің жұмыстарын жақсартады.

Алқызыл түс те бүйректер мен бүйрек бездерінің жұмыстарын жақсартады. Ол адамның эмоционалдық деңгейін көтеріп, жыныстық органдардың жұмысын белсенді етеді, қан қысымын көтереді.

Қызғылт сары түс өкпе мен бронхылардың сауығуына көмектеседі, қалқанша безі мен асқазанның жұмыстарын жақсартады, тамырлардың тарылуы мен бұлшық еттердің тартылып қалуынан арылтады, сүйектердің өсуіне көмектеседі.

Сары түс лимфа тамырларының, қозғалыс және сезім жүйкелерінің, ас қорыту жұмыстарын жақсартады, гармондардың түзілуін күшейтеді.

Көк түс антиканцерогендік қасиеттерге ие. Әрбір чакра ағзаның белгілі бір органдары мен жүйелерінің, психикалық сезімдер жұмысына бақылау жасайды, әр чакраға сәйкес келетін ағза жұмысын қамтамасыз етеді. Чакралардың жұмысының бұзылуын ағзаның қандай да бір ауруларынан білуге болады. Энергетикалық чакралардың негізгі сипаттамалары кестеде берілген.

Чакралар арқылы адам биоөрісі ғаламмен, оның энергиясымен байланысы жүзеге асырылады. Соның ішінде бірінші чакра (Муладхара) жер энергиясымен, екіншісі (Свадхистана) су энергиясымен, үшіншісі (Манипура) күн мен от энергиясымен байланысты. Келесі үш чакра атмосфераның түрлі қабаттарымен байланысты: төртінші чакра (Анахата) атмосфераның төменгі қабаты тропосферамен, бесіншісі (Вишудха) стратосферамен, алтыншысы (Аджана) мезосферамен байланысты болады.

Жоғарғы жетінші чакра (Сахасрара) жоғарғы күштерЖаратушы, Жоғарғы ғарыш ақыл-ойымен бірігеді. Бұл энергия тәуелсіз, ал басқа энергиялар оған бағыныстылық қатынаста болады. Бұл энергия ғаламдағы барлық энергияларға әсер ете алады. Бұл энергияны саналы түрде тек Жоғарғы күштермен байланысқа түсетін адамдар ғана пайдалана алады.

Сөйтіп, адам өзінің энергетикалық орталықтары (чакралар) арқылы бүкіл ғаламмен байланысады. Бұл байланыс қалыпты болған жағдайда және кармалық немесе тұқым қуалаушы аурулары болмаған жағдайда адам дені сау әрі табиғаттың, ғаламның, ғарыштың, Жаратқанның қамқорлығында болады. Энергетикалық байланыстар үзілген кезде түрлі аурулар пайда болады, сонымен бірге адам басқа адамдардың тарапынан түрлі әсерлерге (көз тию, дуалау, қарғыстар) бейім тұрады да, өзі де вампир бола алады.

Бес чакраға (екіншіден алтыншыға дейін) энергия омыртқаның өстік сызығының бойымен дененің алдыңғы және артқы шұңқырлары арқылы түседі. Бұл шұңқырлар денеге қатысты сағат тілінің бойымен айналады, яғни энергия бір-біріне қарама-қарсы алдыдан және арттан келіп, адамның энергетикалық орталықтарын қоректендіреді. Бірінші чакраға энергия жерден келіп түседі, ал жетінші чакра тік күш ағынының аяғы болып табылады.

Шұңқырлардың әрқайсысына энергия құйын сияқты ағынмен түседі, оның саны төрттен (бірінші чакра) 972-ге дейін (жетінші чакра) өзгереді. Құйынды ағынды тиісті діріл жиілігі жасайды, оларға дене шынықтыру және (немесе) тыныс алу жаттығуларының көмегімен қол жеткізуге болады немесе адам ағзасына биоөріс арқылы энергияның түсуін ойша реттеуге болады.

Чакралардың әрқайсысы биоөрістің тиісті энергетикалық тәнімен байланысты болып келеді. Олардың өлшемдері физикалық тәннің шегінен тысқары да таралады. Жетінші чакраның энергиясы адамның физикалық тәнінен алдыңғы алты чакраның энергияларын тесіп өтіп, барынша алыс қашықтықтарға таралады. Осылайша, адам жеті қабатпен қабатталған жібек құрты сияқты, ал оның биоөрісінің кескіні ағаш ойыншық – матрешканы елестетеді.

Биоөріс қалыпты жұмыс істеп тұрғанда адамның барлық органдары мен органдар жүйелері де қалыпты режимде жұмыс істейді. Ал, адамның физикалық тұрғыдан дамуы төменгі үш чакра арқылы, рухани тұрғыдан жоғарғы үш чакра арқылы жүреді. Төртінші чакра адамның астралдық тұрғыда дамуы үшін энергия береді.

Чакралардың қалыпты жұмыс істеуі және энергияның келіп түсуінің маңызы зор. Өйткені, адамда энергия мол болған сайын, оның дені сау болады. Тепе-теңдіктің бұзылуы немесе энергияның келіп түсуінің жабылып қалуы аурулардың себептері болып табылады.

Биоэнергетикалық вампирлік адам мен ғалам арасындағы биоэнергетикалық алмасуының бұзылуының салдары болып табылады. Чакралар жабылып қалған кезде олар тұрып қалған энергиямен бітеліп қалады немесе энергетикалық қалдықтардың әсерінен олардың айналысы біркелкі болмайды әрі кері (сағат тіліне қарсы) болады да, аурулар пайда болады. Ал биоөріс қатты бұзылғанда, адам өлуі мүмкін. Энергияның бұндай жетіспеушілігінің орнын адамдар басқа жеңіл жолдармен толтыруға әрекеттенеді. Яғни энергиясы анағұрлым күшті басқа адамдардан – донорлардан энергия алуға тырысады. Кейбір вампирлер донорлармен физикалық жақын қарым-қатынасқа түсіп, оларға жанасуға немесе адамды жүйкелік немесе психикалық тепе-теңдік күйінен ауытқуға тырысады. Ашулы адамның биоөрісінің шекарасына түсіп немесе өзінің құрбанының биоөрісіндегі «тесіктер» арқылы энергияны жұтып, вампир өзінің мақсатына жетеді. Бұл әдетте санадан тыс болады. Кейіннен вампирдің саналы немесе санадан тыс әрекеттері стереотипті болып қалыптасады – ол өзінің құрбаны – донормен жақындасып, одан энергия жұтады да, сосын одан аулақ кетіп, алынған энергияны «қорытады» да қайтадан «жорыққа шығады». Вампирдің әрекеттері паразит жәндіктердің (сүлік, бүрге немесе маса) әрекеттеріне ұқсас – байланысқа түсіп, сорады да құрбанын жайына қалдырып, «асын» қорытады, сосын қайтадан іске кіріседі.

Вампирлер өздерін әрқалай ұстайды. Мысалы, төсекте қиындықтары бар ер адам дені сау еркектен энергия сорады. Ғылымда алға жылжығысы келетін мансапшылдар ақылды шығармашыл адамдармен байланыс орнатуға тырысады, олар тек алынған ақпаратты қанағат тұтып қана қоймайды, сонымен бірге санадан тыс өзінің тиісті чакраларын зарядтап алады.

Жамандықсыз жақсылық жоқ. Донорларды сора отырып, вампирлер олардың энергетикаларын дамытуға еріксіз себепші болады. Өйткені энергетикасын жоғалтқаннан кейін донор екі есе жұмыс істей бастайды.

Саналы түрде вампир болғысы келетін адам көп емес шығар. Ерте ме, кеш пе вампирлік анықталады, вампирлер қаншама пысықтық жасаса да, адамдар оларды донорларға қарағанда, ұнататыны шамалы. Вампир болмас үшін немесе вампирлерден зардап шеккен адамдардың энергетикасын қалпына келтіру үшін көптеген тәсілдер бар. Төменде олардың бірнешеуін қарастырамыз.

 

ВАМПИРДІ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?

 

Энергетикалық вампирдің ағзасында белгілі бір тығындар пайда болады, олар қоршаған ортадан, ғарыштан энергияның түсуін қиындатады. Донор өңдеген, адамға бейімдеген энергияны алу айтарлықтай оңай. Осы орайда вампир қоршаған ортаға өз зиянын тигізе отырып, өзі де «жұқпалы емес» ауруды жұқтыруы мүмкін. Мысалы, остехондроз, гастрит, гайморит және т.б. Айта кететін жәйт, қатерлі ісіктер адамнан адамға биоэнергетика арқылы беріледі, сондықтан вампирлік вампир үшін де қауіпті.

Өз энергияңды донор ағаштардың көмегімен қарапайым түрде және қауіпсіз толтыруға болады. Ағаштарда биоэнергия қоры үлкен және ол жылдам қалпына келе алады. Күшті донор ағаштардың қатарына емен, қылқан жапырақты ағаштар (бәрінен бұрын қарағай), акация, үйеңкі, шетен, қайың жатады. Күшті донор ағаштың қасында жақын жерде (6-10 метрден кем емес арақашықтықта) басқа көрші ағаштар болмайды. Бір-біріне жақын өскен ағаштарда энергияның үлкен қоры болмайды. Іс жүзінде кез келген адам донор ағаштардың энергия күшін тексере алады. Егер ағашқа 2 метр қашықтықта алақаныңды тоссаң, энергия қоры көп ағаштан кеңістіктің жоғарғы тығыздығын, жылуды, шаншуды сезуге болады.

Белгілі бір зодиак жұлдызында туған адамдардың өз ағашы болатыны бұрыннан белгілі.

Ешкімүйіз (22 желтоқсан – 20 қаңтар) қарағай, суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан) інжір, Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз) бөз, қозы (21 наурыз – 20 сәуір)      өрік ағашы, торпақ (21 сәуір – 20 мамыр) мирт, егіздер (21 мамыр – 21 маусым) лавр, шаян (22 маусым – 22 шілде) тал, арыстан (23 шілде – 23 тамыз) емен, бикеш (24 тамыз – 23 қыркүйек) алма ағашы, таразы (24 қыркүйек – 23 қазан) шамшат, сары шаян (24 қазан – 22 қараша) шетен, мерген (23 қараша – 21 желтоқсан) пальма.

Әрние, өз ағашы кез келген жерде бола бермейді. Сондықтан энергия қорын адамға ұнаған донор ағаштан алуға болады, одан ойша донорлық көмек сұрасаңыз болғаны. Ағашқа арқаңызды беріп, оған желкеңізбен, омыртқаңызбен, құйымшағыңызбен және өкшеңізбен сүйкеніп тұрыңыз. Ағашты алақаныңызбен ұстаңыз. Денеңізді бос ұстап, ойша денеңіздің әрбір нүктесіне күміс түстес ақ энергияның ағаштан құйылып жатқандығын елестетіңіз. Денеңіз әбден энергияға толғанын сезгеннен кейін ағашқа көмегі үшін рахмет айтыңыз. Көп еліктеп кетпеңіз. Энергия алу үшін үш минут та жеткілікті. Артық тұру қан қысымын көтеріп, соның салдарынан түрлі зардаптар болуы мүмкін.

Донор ағаштардан басқа вампир ағаштар да болады. Оларды да пайдалануға болады, әсіресе, энергетикалық каналдарды тазартуға, ашуланшақтықты басуға, қабыну процестерінен арылуға, түрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Энергияны анағұрлым күшті тұтынушылар көктерек, талшын, терек ағаштары. Вампир ағаштармен байланыс жасау жолдары донор ағаштармен байланыс жасаған сияқты. Бұл жағдайда денеден жаман нәрсенің бәрі, соның ішінде аурулар шығып бара жатқанын елестету керек. Жеңілденіп қалғаныңызды, сонымен бірге энергияның жетіспеуінен әлсіреп қалғаныңызды сезінгеннен кейін, ағашқа алғыс айтып, энергиямен қоректену үшін донор ағашқа барыңыз.

Адамның биоэнергетикасының әлеуетін арттыру үшін үй жануарларымен қарым-қатынас жасау да пайдалы.

Адамның биоэнергетикасының әлсіз болуы – оның негізгі көзі – табиғатпен, ғарыштық кеңістікпен адамның байланысының бұзылуы. Ғарыштық энергия ең күшті энергия болып табылады, оны түрлі діндерде құдайдың сыйы деп таниды. Осындай энергиямен байланыс жасау үшін төменде баяндалған шынықтыру және тыныс алу жаттығуларын пайдалануға болады.

Бірінші жаттығу. Ұйқыдан оянғаннан кейін шығыстан бастап төрт жаққа қарай сағат тілінің бойымен он екі рет еңкейіңіз.

Екінші жаттығу. Тұрып, бойыңызды бос ұстауға тырысыңыз. Кеудеңізді қимылсыз қалдырып, бөксеңізді сағат тілінің бойымен айналдырыңыз.

Үшінші жаттығу. Денеңіз бос, тізеңіз сәл бүгулі. Ішіңіздің төменгі жағын алға-артқа қарай тез-тез қимылдатыңыз.

Төртінші жаттығу. Ішкі органдарыңызға массаж жасай отырып, сағат тілінің бойымен ішіңізді айналдырыңыз. Басыңызды, иығыңызды, сандарыңыз бен аяқтарыңызды қозғалтпауға тырысыңыз.

Бесінші жаттығу. Тән мен ой жұмысын біріктіруге тырысыңыз. Денеңізді бос ұстап, тұрыңыз да денеңізді сілки бастаңыз. Сонымен қатар сізден сіздің ауруларыңыз қара дақтар түрінде ыршып түсіп жатқанын елестетіңіз. Оны ойша өртеп жіберіңіз.

Алтыншы жаттығу. Отырып-тұрыңыз.

Жетінші жаттығу. Тізелеріңіз бен шынтақтарыңызды бүгіп, төрт аяқтап тұрыңыз да жамбасыңызбен алдыға-артқа (төмен-жоғары) қимыл жасаңыз.

Сегізінші жаттығу. Турникке тартылып біраз тұрыңыз.

Тоғызыншы жаттығу. Еденнен тартылыңыз. Мүмкіндігінше үш нүктеден жасаңыз: қолдарыңыз бен бір аяғыңыздың басы, екінші аяғыңызды біріншісінің үстіне қойыңыз.

Оныншы жаттығу. Жылдам жүгіргеннен кейін болатын тыныстай, тез-тез тыныс алыңыз. Сонымен бір мезгілде қолыңыздың саусақтарын бір жұмып, бір ашып тұрыңыз. Демді ішке тартқан кезде энергияны алақаныңызбен ұстап алатындай жұмып, демді сыртқа шығарған кезде саусақтарыңыздан энергияны жіберетіндей босатыңыз. Бұндай жаттығуды сегіз рет жасаңыз. Содан кейін оны төрт рет қайталаңыз, сонда барлығы 32 рет болады. Сосын тағы үш реттен қайталап шығыңыз. Сонда сіз 96 рет тез-тез демді ішке тартып, қайта шығарасыз, әрі саусақтарыңызды сонша жұмып-ашасыз. Міндетті шарт: демді ішке тарту және сыртқа шығару да саусақтарыңызбен қарману да шалт болуы тиіс, үнемі сегізге дейін санау керек. Егер шатасып қалсаңыз, кезекті сегіз реттен кейін аздаған үзіліс жасаңыз. Егер осыны дұрыс жасай алсаңыз, отыз екі рет демді ішке тартқаннан кейін жылу сезіне бастайсыз, ал бұны үш рет қайталғаннан кейін энергияның құйылып жатқанын сезінесіз. Егер сізге қиын болса, жаттығудың барлығын бірдей жасамасаңыз да болады. Бірақ әр кез сегіздіктің санын арттырып отыруға тырысыңыз.

Он бірінші жаттығу. Сіздің омыртқаңыз арқылы күміс түсті ақ түтіктің өтіп жатқанын ойша елестетіңіз. Түтіктің жоғарғы шеті атмосфераның барлық қабаттары арқылы ауасыз кеңістікке қарай жоғары кетеді. Түтіктің төменгі шеті құйымшақ арқылы жер қыртыстарының арасынан оның орталығындағы отты бөлікке кетеді. Түтіктің жоғарғы шетіне күшті конус шұңқырды қоямыз. Шұңқырға ашық түсті таза энергия құйылады, ол біздің түсінігімізге ешқандай салмақсыз, яғни ешқандай заттың бөлшегі немесе өрісі болмайды. Бұл энергия ең күшті вакуум энергиясы, Жаратушының сыйы. Кімде кім жан-тәнімен осы энергияға бағынып, онымен бірге тура және кері байланысты тапса, ол шексіз дана, күшті және ажалсыз болады.

Бұл жаттығу саналық жолдың тек басы ғана. Сезімталдығы жоғары адамдар (көріпкел де болуы мүмкін) осы энергияны өздерінің бойынан өткізе отырып, «түтікке» біздің денеміздің әр жағынан лас ағындардың келіп құйылып жатқанын көруі мүмкін. Бұл – біздің күнәларымыз бен ауруларымыз. Осылардың барлығы төменге, отты магмаға кетеді де сонда жанып кетеді.

Ал таза энергияға ешқандай физикалық процестер әсер ете алмайды. Оның түрі өзгермейді, ол жоғалмайды және қайтадан пайда болмайды. Ол мәңгі және ешқашан өлмейді. Оған сеніп, оны мойындаған адамды ол тазалайды. Бұл жаттығуды орындаған адам алғашында басында, иығында, басқа органдарында ауыртпалық сезінуі мүмкін, кейде жағымсыз әсерлер болып, ауырсынуы да мүмкін. Бұндай қорқудың жөні жоқ. Бұл ағзадан энергетикалық тығындардың шығып жатқандығы деп түсіну керек.

Көрсетілген тәсілдер мен жаттығулардың мақсаты – энергетикалық чакралардың жұмысын қалыпқа келтіріп, биоөрісті орнына келтіру. Жүйелі түрде өзіңізбен және жақын адамдарыңызбен жұмыс істей отырып, сіз вампирліктен құтылып қана қоймайсыз, сонымен бірге көптеген аурулар емделіп, соның ішінде көз бен дуадан құтылуға болады.

Жоғарыда сипатталған жаттығуларды меңгеріп, өзін экстрасенс ретінде сезінген адамдар үшін өзінің биоэнергетикалық әлеуетін арттыруға және түрлі аурулардан арылуға арналған анағұрлым күшті және әмбебап әдістер ұсынылады.

Адамның биоэнергетикалық әлеуетін тікелей сол адамның өзі немесе емші көтере алады. Бұл әдістерді сатылап, мүмкіндігінше тұрып, көзіңізді ашып немесе жауып тұрып орындау керек.

1-саты. Назарыңызды бірінші чакраға аударыңыз. Емші барлық сатыларда емделушінің чакраларына назар аударады. Чакраның ортасында (құйымшақтың соңғы омыртқасы) ойша кішкентай шарды елестетіңіз, онда конус түріндегі шұңқырға төрт құйынды ағындармен жерден қызыл түсті энергия кіреді. Шұңқыр сағат тілінің бойымен айналып (егер төменнен қарасаңыз), шарик толады, оның шекарасы денеңіздің бар бойына таралады. Шар денемен бірге ағаш матрешканың түріне еніп өзгереді. Осындай әрекеттерді орындай отырып, «ланг» мантрасы мен «до» нотасын дауыстап әндету керек: лаанг-до, лаанг-до және т.б. Бұл дыбыстарды бар денеңіз бен оның үстіңгі беті әбден қызыл энергияның тұтас бөлшегіне айналғанша айтыла береді. Қаншалықты қиын болса да, энергия ешқандай қара немесе сұр дақтарсыз таза қызыл түсті, ал оның сұлбасы омыртқа орталығынан өтетін тік өске қарағанда симметриялы болуы тиіс. Бұл өте маңызды. Қандай да бір қара немесе сұр дақтар, әсіресе, сүлік, түтікше немесе ширатпа жіп түріндегі дақтар болған жағдайда, оларды қызыл түспен ығыстырып шығаруға тырысу керек. Солай шығарылып тасталған дақтар міндетті түрде өртелуі керек. Сол кезде мұрыныңызға күйіктің иісі, соның ішінде жүннің иісі немесе басқа да жағымсыз иіс анық келуі мүмкін. Бұл сиқыр емес. Бұндай иісті сіздің не істеп жатқаныңыздан бейхабар басқа адамдар да сезуі мүмкін.

2-саты. Назарыңызды екінші чакраға аудару керек. Чакраның орталығында, омыртқаның құйымшақ бөлігінде (кіндіктен 3 см төменірек) мөлдір шарды ойша елестетіңіз, оған конус тәрізді екі шұңқыр арқылы – алты құйын тәрізді ағынмен қызғылт сары түсті су энергиясы кіреді. Әр шұңқыр құйын тәрізді ағындар бір-біріне қарама-қарсы жүретіндей етіп айналады. Шұңқырлардың осьтері бір сызық бойында болады, сызық омыртқа тігіне қарағанда көлбеу болады. Бұл сызық екі нүкте арқылы өтеді. Омыртқадағы чакраның орталығы және шап сүйегінің орталығы. Шариктен матрешкаға айналып, бірте-бірте кеңейетін чакра орталығы энергиямен толығады. Бұндай энергиялар бір-бірімен араласпайды, өйткені олардың діріл жиілігі әртүрлі, бұл жерге сіңген судың топырақпен ешқашан араласпайтыны сияқты. Анағұрлым жұмсақ және иілгіш дене әрқашан борпылдақ дененің бөлшектерінің арасынан өтіп кете алады.

Екінші чакрамен жұмыс істеген кезде «ванг» мантрасы мен «ре» нотасын әндетіп айтып отырсаңыз, жаттығудың әсері артады: вааннг-реее, вааннг-реее және т.б. Бірінші сатыдағы сияқты бұл дыбыстар денеңіз бен оның айналасындағы кеңістік қызғылт сары түсті энергияға толғанша айтыла береді.

Келесі төрт чакрамен жұмыс істеу келесі түсініктерді ескере отырып, алдыңғы екеуіне ұқсас өткізіледі.

3-саты.Үшінші чакрамен жұмыс істеу кезінде сары түсті энергия оттан немесе күннен алынады, «ранг» мантрасы, «ми» нотасы. Шұңқырлардағы құйын тәрізді ағындардың саны – 10.

4-саты. Жасыл түсті бесінші чакра энергиясы тропосферадан алынады, мантрасы «янг», нотасы «фа». Әр шұңқырдағы құйын тәрізді ағынның саны 12.

5-саты. Бесінші чакраның аспан көк түсті энергиясы стратосферадан алынады, мантрасы «ханг», нотасы «соль». Әр шұңқырдағы құйын тәрізді ағынның саны 16.

6-саты. Алтыншы чакраның көк түсті энергиясы мезосферадан алынады, мантрасы «аунг», нотасы «ля». Әр конус пішінді шұңқырдағы құйын тәрізді ағынның саны 96.

Үшінші, төртінші және бесінші чакралармен жұмыс істеу кезінде алдыңғы және артқы шұңқырлар осьтері бір-біріне қарай омыртқа осіне перпендикуляр сызық бойымен айналады. Алтыншы чакраның айналыс осі екі нүкте. Қастардан сәл жоғары маңдай орталығы (үшінші көздің орны) және омыртқаның осьтік мызығының бас сүйегінің желке сүйегінің төменгі шетімен (мойынның жұмсақ теріге ұласатын жері) қиылысы арқылы өтетін сызық бойында орналасқан.

7-саты. Күлгін түсті жетінші чакрамен (төбеде) жұмыс істеу бірінші чакрамен жұмыс істеуге ұқсас өткізіледі. Оған энергия Жоғарыдан болады. Бір энергия конус тәрізді шұңқыр арқылы 972 құйын тәрізді ағындармен келіп түседі, мантрасы «аум», нотасы «си», жетінші чакраның айналу осі жоғарыдан қараған кезде сағат тілінің бойымен өтеді.

Бірінші және жетінші чакралардың осьтері бір-біріне қарай айналады. Бұндай энергиялардың соқтығысуы болмайды, өйткені жетінші чакраның жоғары жиіліктегі энергиясы мен анағұрлым нәзік энергиясы төменге өтіп, адамның биоөірісін бірінші чакра энергиясы түсетін анағұрлым кең түтік ішінде орналасқан диаметрі кіші түтік арқылы қалыптастырады.

Чакралармен және биоөріспен жұмыс істеген кезде кейбір қарсы әрекеттер пайда болуы мүмкін: бас, дене және аяқ-қолдар ауырлап, алақанда қызғылт түсті дақтар пайда болып, дененің теңселіп, айналуы мүмкін. Бұдан қорқудың қажеті жоқ, өйткені ағза тазарып, оның орнына энергия толығып жатыр. Бірнеше минуттардан кейін, чакралар қалыпты жұмыс істеп, энергия қалпына келе бастағанда, дене жеңілдеп, тіпті салмақсыздық сезілуі мүмкін. Сонымен бірге көріпкелдік және жоғарғы физикалық және психикалық күштердің дамуы мүмкін. Жанның тазаруы мен барлық аурулардан, соның ішінде вампирліктен тазару басталды.

 

Вампирлерден қорғану

 

Жоғарыда айтылғандардың бәрі өз ішіңіздегі вампирлікті жеңуге бағытталған, ал сыртқы вампирден қалай қорғануға болады. Вампирдің басқа адамдарға әсерітеріс энергетикалық әсер. Бұл, әрине, көз тию, дуалау емес. Дегенмен бұл сіздің ағзаңызға бөгде биоөрістің еніп, денсаулыққа зиян энергетикалық залал келтіреді. Егер біз өз еркімізбен донор болмасақ, онда вампир біз үшін шақырылмаған қонақ болып табылады. Сондықтан ертеден қорғаныс әдістері бар. Солардың бірнешеуін келтірейік.

1. Кез келген адамдармен (әсіресе вампирлермен) қарым-қатынас жасаудың бірінші және ең басты ережесі – ешқандай жағдайда да ашуланып-күйгелектенбеу, өйткені ашу шақырған себептің (басқа адамдардың сөзі немесе әрекеті) мәні ғана емес, сонымен бірге оған деген біздің көзқарасымыз да маңызды. Вампирдің саналы түрде де, санадан тыс түрде де басқалардың энергиясын ұрлау жолындағы жұмысы тек оның құрбаны ашуланғанда ғана жүзеге асады.

Ашудан қорғанудың басты құралы күшті биоөріс болып табылады. Сондықтан өз биоөрісіңізді бақылап отырыңыз, бұдан бұрын баяндалған биоэнергетикалық жаттығуларды жасаңыз. Күшті биоөріс дегеніміз бұл – күшті биоэнергетикалық қорғаныс. Бұл орайда биоөрісі күшті адамдардың донор бола алатынын да ескеру қажет, олармен қарым-қатынас жасауға вампирлер де құштар болады. Сондай-ақ адамның биоэнергетикалық әлеуеті жоғары болған сайын, оның кез келген әсерлерді қабылдайтын экстрасенсорлық (жоғары сезімталдық) қабілеті де жоғары болатынын есте сақтау керек. Осы қабілеттің екінші жағын бейтараптандыру үшін басты, миды, ойлау жұмысын іске қосу керек. Осыдан келесі қорғаныс тәсілі шығады.

2. Оймен қорғану. Ойлау жұмысын екі бағытта қарастыруға болады: адамның өз әрекетін басқаратын ой және басқа адамдарға бағытталған ой.

Ой жұмысының вампирлерге қатысты бірінші бағытында «біз қасқырдан қорықпаймыз» ұстанымында болуымыз керек, яғни қасқыр – вампир, бірақ біз оны жыртқыш аң ретінде емес, үй жануары ит ретінде қарастыруымыз керек. Бұндай «ит» сіздің «оңай шағылмас жаңғақ» екеніңізді түсінгеннен кейін, сізге қайта келмейтін болады.

3. Вампирден аулақ кету, онымен қарым-қатынас жасамау. Өзіңізге жағымсыз адаммен ешқашан араласпаңыз. Бұндай кездесулерден қашу қиын болса немесе мүлдем мүмкін болмаса, онда екінші тәсілді қолдану керек.

4. Келесі тәсіл – «аспанда қалықтап жүру». Егер сізге қандай да бір себептермен вампирден қашу мүмкін болмаса, онда одан ақша бұлттарға немесе көгілдір аспанға ойша қашыңыз. Бұл мүмкін нәрсе, тек тырысып көру керек.

5. Өзіңізге, әсіресе, қызықсыз және керексіз адамдардың назарын аударта бермеңіз.

6. Өзіңізге жағымсыз адаммен сөз таластырмаңыз.

7. Өзіңіздің биоөрісіңіздің аясын жабық ұстаңыз:

Жамандық күтетін адамдарыңызбен сөйлескен кезіңізде қолыңыз бен аяғыңызды айқастырып отырыңыз;

Бір қолыңыздың бас бармағы мен сұқ саусағын екінші қолыңыздың бас бармағы мен сұқ саусағымен біріктіріп, шеңбер жасаңыз, қалған саусақтарыңызды бір-біріне қойыңыз.

8. Айна. Жағымсыз адаммен кездескен немесе араласқан кезде осы адаммен сіздің араңызда шағылысқан айна бар деп ойша елестетіңіз.

9. Прожектор. Сіздің «үшінші көзіңіздің» тұсынан прожектордың күшті ашық сәуле шашып тұрғанын елестетіңіз, бұл сәулені сізге жағымсыз адамның «үшінші көзіне» және көздеріне қарай бағыттаңыз.

Басқа да көптеген тәсілдер бар, бірақ келтірілген тәсілдер вампирлерден ғана емес, басқа да теріс энергетикалық әсерлерден, соның ішінде көз тию мен дуадан қорғауда қарапайым әрі тиімді болып табылады. Егер сіз оларды орындап үйренсеңіз, көп ұзамай-ақ вампирлік проблемаларының сіз үшін жоғалатынын аңғарасыз. Сонымен бірге сіз бұл жаттығуларды өзіңіздің биоөрісіңізді дамыту үшін де жасасаңыз, онда өміріңіздегі көптеген басқа да қиындықтарды жеңе алатын боласыз.

Барлық жаттығуларды айналаңызға білдіртпей, ешкімнің назарын аудармай жасауға тырысыңыз.

 

Созылмалы қажу синдромы,

дуа және көз тию синдромы

 

Соңғы уақытта медицинада жаңа аурудың пайда болғаны туралы жаңалық ашылды. Бұл ауру өте қауіпті, жұқпалы әрі жазылмайды. Бұны дәрігерлер синдром деп атады – созылмалы қажу синдромы.

Созылмалы қажу синдромын анықтау және емдеу ерте заманнан-ақ, дәлірек айтсақ, дәстүрлі халық медицинасы пайда бола бастағаннан-ақ белгілі. Ауруды анықтау бір минуттан аспайды, ал емдеу 15 минуттан бір сағатқа дейін (1-3 емдік шара немесе емдік сеанс).

Бұны синдром деп қазіргі медицина атаса, халық ішінде бұл бұрыннан белгілі – теріс биоэнергетика немесе көз тию, дуа немесе басқа да теріс әсерлер, кейіннен бұларға “зомби” – деген атау да қосылды. Егер бұл аурулардың вирустық табиғатына келетін болсақ, ол ерекше вирус: ол тыныс алу органдары арқылы да, ас қорыту органдары арқылы да, қанмен де берілмейді, алайда оның салдары адам өмірінің түрлі органдары мен жүйелерін бұзады. Көз тию, дуаға адамдар ғана емес, жан-жануарлар да, пәтерлер де, ағаштар да, қалалардың тұтастай аудандары да, жекелеген аумақтар да ұшырай алады. Бұл вирустың табиғаты биоэнергетикалық, ал оның көзіадам, бұл адам вирусты адамдарға да, жануарларға да, табиғатқа да, біз айтқандардың бәріне де жұқтыра алады. Бұл вирус саналы түрде де, санадан тыс та берілуі мүмкін. Одан энергетикалық түрде қорғануға болады.

 

Көз тию

 

Көз әлсіз, энергетикалық жағынан қорғалмаған немесе әлсіз қорғалған адамға тиеді. Адамның көз тиюге де, дуаға да сенбегені дұрыс. Бірақ, өкінішке орай, бір нәрсеге сенбеу жүз пайыздық қорғаныс әкелмейді. Көз тиюден, дуадан дінге сенетіндер де, сенбейтіндер де, идеалистер де, материалистер де, демократтар да, коммунистер де сақтандырылмаған. Егер олай болмаса, онда барлық белгілері көз тию мен дуаға ұқсас созылмалы қажу синдромы пайда болмас еді. Кейбір адамдармен араласу қуаныш әкеліп, жаңадан күш сыйласа, енді біреулерден қатты шаршап, өзімізді жайсыз сезінетінімізді бәрі біледі. Егер сол адаммен байланысымызды үзсек, онда шаршағандық басылса, бұл қарапайым вампирлік. Ал егер олай болмаса ше?

Биоөрісі әлсіз және мінезі ынжық адамдарға биоөрісі күшті және мінезі қатты кез келген адам көз тигізе алады. Көз тию – бұл бір адамның екінші адамға теріс биоэнергетикалық әсері. Ол көз тиген адамның қоршаған ортамен энергия алмасуын бұзады. Көз өткен адамның биоөрісінде энергетикалық «тесіктер» пайда болып, солар арқылы адам бойындағы энергия ағып кетеді. Сіздің ағзаңыз энергия сіңіретін бір немесе бірнеше чакралар керісінше жұмыс істей бастағанын елестетіңізші. Бұл тесік бөшке сияқты, ішіндегі су фонтан болып атқылайды. Қалған тесілмеген чакралар жұмсалған энергияның орнын толтыра алмайды. Оның үстіне әр чакраның өз міндеті болады. Таңертең оянып, кешке жатуға сіздің күшіңіз жетпейді. Әлсіздік.

Көз тию дегеніміз – тек сіздің таныстарыңыздың бірінің саналы түрде жасаған жаман ниеті емес. Сіздің көршіңіз «Қызыңыз қанлай әдемі!» дегенде, ол көршіңіздің өзі де сөзінің астарына мән бермейді, ал сөз астарында оның өз балаларына көңілі толмауы, іштарлық. Басқа біреудің өзінен гөрі бақытты екенін қаламау жатыр. Егер оның энергетикасы күшті болса, оның қызыңызға айтқан жақсы сөзі емес, санадан тыс білдірілген жағымсыз ойы тиюі мүмкін. Қызыңыз кенеттен әлсіреп, жиі суықтап қала беретін болады. «Көз тиді...». Көптеген аналар балаларының суреттерін жұмыс орнында көпшіліктің көз алдында ұстайды. Бұл дұрыс емес, өйткені сурет арқылы да көз тиюі мүмкін.

/жалғасы бар/

Алматы қаласы

 

 

Зядан Қожалымов

профессор, мәдениеттанушы-ғалым

/басы өткен санда/

«Шипагерлік баян», желтоқсан 2012ж

 

Көз тию

Сізді көре сала мақтай жөнелетін адамдардан аулақ жүріңіз, өйткені олардың сылдыр мақтауларының аржағында көбінесе жайсыз ойлар жасырынып жатады. Егер сіздің биоэнергетикалық қабығы берік болмаса, онда оны тесіп өту қиын емес.

Егер іштарлық пен жамандық тілеу саналы түрде әрі шынайы болса, ашық түрде айтылса, оның жүзеге асуына мүмкіндік көбірек. Бұндай жағдайда тіпті биоэнергетикасы онша дамымаған адамның өзі айтарлықтай зиян келтіре алады. Әсіресе, жеті чакралардың бәрі бүлігені аса қауіпті.

Теріс биоэнергетикалық әсерлерді анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Көз тию мен дуаның белгілері ұқсас. Бәрінен бұрын бұл айқын көрінетін психикалық және физикалық астения, шаршау, қажу, өзін-өзі ұстай алмау, шыдамсыздық, төзімсіздік, ұйқының бұзылуы, ұзақ дене еңбегі мен ой еңбегіне қабілетсіздік, қатты дыбыстарды, жарықты, өткір иісті жақтырмау. Психикалық белгілері, әдетте, қамығудан, ашуланшақтықтан, ерік-күшінің жартылай немесе толық жоғалуынан көрінеді. Тәбет қашып, жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Түрлі дәрігерлерге барып, ем таппаған көз тиген немесе дуаланған адамдардың психиатриялық ауруханалардан бір-ақ шығатыны жиі кездесіп жатады. Психиатрлар бұндай науқастарға шизофрения ауруы деген диагноз қояды. Бірақ бұндай «шизофренияны», сол сияқты басқа да психикалық ауруларды дәрігерлер де, науқастардың өздері де емдей алмайды.

Көз тигенді анықтау үшін емшілер түрлі тәсілдерді қолданады. «Рентген» анықтау тәсілі көз өткен чакралардағы дақтарды бірден көрсетеді. Ауруды өзіңізге қырын қаратып қойып, бір-біріне параллель қаратылған алақандарды (бірі кеуде жақта, екіншісі арқада) жоғарыдан төмен қарай жүргізіп, қай жақтан қай чакра бұзылғандығын анықтауға болады. Емшінің қолы бұзылған чакраның тұсына келгенде тебілген қол көз тигеннің орнын анықтайды.

Көз тигенді биолокация әдістерімен анықтаудың кез келген ауруды анықтау тәсілдерінен айырмашылығы жоқ. Көздің биолокациясы рамканың, қолдың және маятниктің көмегімен «сұрақ-жауап» әдісін қолданып жүргізіледі. Сұрақ-жауаптардың мысалдары төмендегідей:

– Менің алдымдағы адамға көз тиді ме?

– Иә.

– Көз тию әдейі жасалған ба?

– Иә.

– Ер адамның көзі тиді ме?

– Жоқ.

– Әйел ме?

– Иә.

– Ол әйел елуде ме?

– Иә.

– Ол ашық сары ма?

– Жоқ.

– Қара торы ма?

– Иә.

Осылайша көз тиюдің қыр-сырын анықтайтын сұрақтарды қоюға болады.

Түрлі әдістермен көз тигенді анықтау барысында көз тиюдің түрлі жағдайлары анықталып жатады. Көз тиюдің негізгі себептері және қозғаушы күші адамдар арасындағы іштарлық, жағымсыз қарым-қатынас, жек көрушілік және басқа теріс эмоциялар болып табылады. Көз тию әдейі жасалған және ойластырылмаған болады. Әдейі жасалмаған көз тиюдің басты себебі – менмендіктің ең бір күшті көрінісі – іштарлық. Іші тар адамдар, әдетте, вампирліктен зардап шегеді. Іштарлық дегеніміз – басқа адамның жақсы тіршілігінен, табысынан туындаған сәтсіздіктің, реніштің салдары. Іштарлық күшті болған кезде, іші тар адамның биоөірісінің дірілі ол іштарлық көрсеткен адамның энергетикалық орталықтарындағы (чакраларының) кеуденің бір жағынан бұзады. Нәтижесінде жұп шұңқырлардың бірі өзінің айналысын жоғалтады да, кеуденің екінші жағындағы өз жылдамдығы мен дірілін жоғалтпаған шұңқырдың әсерінен оған қарама-қарсы емес, адам биоөрісінің ішіне қарай айнала бастайды. Осылайша чакра бос жұмыс істейді. Бұзылған чакраның санына байланысты адам ағзасындағы түрлі органдар мен органдар жүйесінің жұмыстары бұзылып, содан кейін органикалық өзгерістер бел ала бастайды.

Егер көз тию нәтижесінде энергетикалық бұзылыс бірінші чакрада орын алса, онда оның бастапқы белгілері қамығу және үрей болады. Одан кейін иіс сезу бұзылып, зәр шығарудың төменгі бөліктері мен сыртқы жыныс органдарының жұмысында ақау пайда болады. Психологиялық тұрақсыздық пен өз-өзіне сенімсіздік туады.

Егер көз тию нәтижесінде екінші чакра бұзылса, алғашқы белгілері ішкі жайсыздық пен жыныстық невроздар болады. Содан кейін зәр шығару жүйесі (алдымен, оның ішкі органдары), дені сау ұрпақ әкелу қабілеті, ішек жұмысы бұзылады.

Көз тигеннен бұзылған үшінші чакра жүйкелердің шоғырланған жерінде жайсыздық, үрей сезімін тудырып, асқазан, бауыр, өт қабы, вегетативтік жүйке жүйесі жұмыстарын бұзады.

Көз төртінші чакраны бұзған кезде күйзеліс пайда болып, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруға ұшырайды.

Егер көз тиген орын бесінші чакра болса, онда мойынның алдыңғы жағында жайсыздық байқалады, эмоционалдық тұрақсыздық артып, тыныс алу органдары мен жоғарғы бөлімнің ас қорыту органдарының, қалқанша безінің аурулары басталады, шығармашылық қабілеті мен сұлулықты сезінуі төмендейді.

Алтыншы чакраға көз тию орталық жүйке жүйесінің ауруларына, психикалық ауруларға (мидың төменгі бөлігінің залалдануына), сол көзің, құлақтың, мұрынның ауруларына алып келеді, ойлау деңгейі, зейінділік, ерік-күш төмендейді.

Жетінші чакраға көз тигенде бәрінен бұрын мидың жоғарғы бөлігі мен оң көз зардап шегеді, қабылдау қабілеті, руханилық пен түйсік төмендейді.

Егер көз тиюдің негізі іштарлық болса, ол бір адамның екіншісіне деген жек көрушілігінен туындайды. Жек көрушілік – біреуге жамандық ойлау, қастық, ыза, жиіркеніш. Жек көрудің биоэнергетикалық дірілі іштарлыққа қарағанда әлдеқайда күшті. Іштарлық етуші өзінің қызғанышын жасыра алады, ал жек көрген адам керісінше өзін ұстай алмай, ширығып тұрады. Іштарлық нақты бір нысандарға бағытталады: біреудің әдемілігін, күшін, денсаулығын, зиялылығын, дарынын және т.б. ерекше қасиеттерін қызғану. Сондықтан іштарлықтан болған көз тиюде ағзаның қандай да бір органдары мен жүйелерінің жұмысын басқаратын чакраларға зиян тигізеді. Әдетте, әдейі жасалмаған көз тиюде екі-үш чакрадан артық бүлінбейді.

Жек көру әдетте нақты негізде немесе санадан тыс пайда болады. Қалай болған күнде де қастық, ыза және жиіркену сезімдері нақты бір адамға бағытталады, сол адам оған жау болып көрінеді.

Әдейі жасалған көз тиюде күшті теріс (қара) энергетика адамдардың жекелеген чакраларын ғана емес, олардың көпшілігін (төртеуден кем емес) немесе барлығын зақымдайды, бұл денсаулық үшін де, көз тиген адамның өмірі үшін де аса қауіпті.

«Суға кеткен тал қармайды» дейді. Ал көз тиген адамның бұндай мүмкіндігі жоқ. Бұл қауіпті, өте қауіпті. Көз тиген адам әлсірейді. Ал өзін физикалық  немесе психикалық жағынан кемшін санайтын адамдар бұндай жағдайда қандай да бір күшке ие болса, онда «күш барда ақылдың керегі жоқ» қағидасына сүйеніп, түрлі теріс әрекеттерге барады. Дәрігерлерге сенсек, созылмалы қажу синдромы – инфекция, ал емшілер бұны энергетикалық инфекция деп қарайды. Егер бұл шынымен де инфекция болатын болса, онда оның күші қандай болмақ?!

Әдейі жасалған көз тию, дуаның белгілері әдейі жасалмаған көз тиюдегі сияқты, тек ол анағұрлым күші және әсер ету аумағы кең болады. Және өкініштісі, әдейі тиген көз әдетте өте тез болады.

 

Дуа

Дуа – теріс биоэнергетикалық әсер. Ол көз тиюге қарағанда теріс эмоциядан (іштарлық, жамандық ойлау, жек көру) туындамайды. Бұл қара магтың мақсатты түрде жасаған салқын қанды әрекеті. Егер энергетикалық жағынан күшті кез келген адам көз тигізе алатын болса, дуаны тек кәсіби шеберлер ғана жүзеге асыра алады. Көз тиюге қарағанда дуа тек әдейі жасалады. Дуа – белгілі бір адамға, жануарға немесе басқа да нысанға (мысалы, баққа, табиғатқа, белгілі бір жерге, тіпті кейбір елді мекендерге) зиян келтіру, денсаулығын немесе сол нысанның өзін құрту мақсатында әсер ететін ақпараттан тұратын биоэнергетикалық код.

Дуаның белгілері де көз тигендегі белгілерге ұқсайды – әлсіздік, қайдан пайда болғаны білгісіз аурулар. Дуаны емдеп-жазу әлдеқайда күрделі. Дуа алынбайынша, ешқандай ем көмектеспейді.

Өкінішке орай, дуа мен көз тиюдің айырмашылығын ашатын әдебиет өте аз. Белгілеріне қарағанда олар ұқсас, бірақ оларды бір әдіспен емдеу оң нәтиже бере бермейді. Сондықтан дуаның көз тиюден қандай биоэнергетикалық айырмашылығы бар екенін түсіну керек.

Дуаны бірнеше әдіспен анықтауға болады. Бірінші әдіс – бұл науқас адамның күйін анықтау. Мұны рамка, қол немесе «сұрақ-жауап» тәсілін қолданып маятник көмегімен анықтауға болады. Тек бұл жағдайда «көз тию» сөзін «дуа» сөзімен алмастыру керек. Дуаны анықтаудың тағы бір тәсілі – бұл мойынның сол жағында түйнектердің пайда болуы, сол жерде түрлі пішінді көгерген жерлердің пайда болуы, сол жерден шығатын суық сәулені сезіну, сүліктердің сол жерде үймелеуі.

Тәжірибесі мол емші мойындағы суреттерге қарап отырып, оларды жүйелеп, дуаның қандай жерге жасалғанын анықтайды.

 

Зомбилық

Зомбилықтың ғылыми бағыты 30-жылдардан бері қарай келе жатыр деп негіздеуге болады. АҚШ, Франция, Израил, Жапония, Қытай және Ресей елдерінде жеке адамдарды да, тұтас ұжымдарды да зомбилау жұмыстары жүргізілгені туралы тікелей және жанама деректер бар. Егер бұрындары қатал программалау нәтижесінде биороботтар пайда болса, қазір зомбиді тек маман ғана анықтай алады, өйткені олардың әрекеттері ешқандай күдік тудырмайды.

...Электромагниттік, магнитті акустикалық, плазмалық және психотропты генераторлардың басқа да түрлері ерекше құрылған өрістерді жасап шығарады, олар ми мен жүйке жүйесінің жұмыс істеу процестерімен қайшылыққа ұшырайды. Бұл өрістерді «тәжірибе жүргізілетін» нысандарға бағыттай отырып, оператор олардың санасына арнайы қызметтерге қажетті ақпаратты жіберіп, қандай да бір тапсырмаларды орындауға дайын тұратындай етіп қалыптастыра алады.

Сонымен зомбилық дегеніміз – арнайы препараттар мен ерекше техникалық құрылғылардың (соның ішінде аса жоғары жиіліктегі генераторлар) көмегімен адамды қатал программалау, сондай-ақ адам психикасын басқару шарасы.

Зерттеушілер Игорь Винокуров пен Георгий Гуртовой өздерінің «Психотропная война. От мифов – к реалиям» атты кітаптарын осы мәселеге арнаған. Осы кітаптың «Зомби выходит на связь» деген тарауында: «Күн тәртібінде үшінші ұрпақ зомбиін жасау мәселесі тұрды. Бұл жерде құпия, тылсым немесе эзотериялық білімді мамандардың қатысуынсыз болмағаны белгілі. Экстрасенсорлық әсер етудің ықтимал мүмкіндіктеріне назар аударылды. Сонымен бірге осындай әсерлерді техникалық құралдардың әсерімен күшейту әдістерін іздей бастады. Бұндай әсер адамның санасы мен психикасына енген кезде, адам оны өз санасынан тыс нәрсе деп емес, қайта өзінікі, өзінің ішінен, болмысынан туған нәрсе деп қабылдайды. Осылайша сырттан еріксіз таңылған осындай қылмыстық немесе басқа да күштің әсерінен адам қылмыс немесе қоғамдық адамгершілік қағидасына қайшы келетін іс-әрекеттер жасағанда, ол адам бұған тек өзін ғана кінәлайтын болады. Тіпті ол өзін қылмысқа итерген күштің сырттан келгенін сезсе де, оған ешкім сене қоймайды, керісінше оны есі ауысқан деп таниды» деп жазып түсініктемелер береді. іздің қоғамда мүндай әрекеттің өріс алуын да білу, ол әр адамның жеке басының амандығын қорғау болып есептеледі.

 

КАРМА, Карманың түрлері және

оның оң, теріс әсерлері

 

Карма – іс жүзінде тіршілік иесінің кейінгі өміріне әсер ететін оның әрекеттері мен олардың салдары. Адамдардың көпшілігі үшін карма көрінбейтін күш сияқты болып көрінеді. Оның ішкі әрекеті мүлдем түсініксіз. Жалпы алғанда, карма – адамның жасаған іс-әрекеттері үшін берілетін сый немесе жаза. Үндінің қоғамдық қайраткері, оккультизм саласының маманы Анни Безант кармаға мынадай анықтама береді: «Бар әлем бір-бірімен байланысты, олардың барлығында карма деп аталатын заң патшалық құрады. Бұл салдардан қашып құтыла алмайтындығың... Белгілі шарттар қойылады, олар барлық жерде анық, оларды ұстанады, содан белгілі бір құбылыстар пайда болады. Егер сіз күріш ексеңіз, онда сіз бидай емес, күріш жинайсыз. Табиғат сізге «күріш ек» немесе «бидай ек» деп айтпайды, ол сізге не еккіңіз келсе, соны егуге толық ерік береді. Ал табиғат заңы егу мен жинау аралығында көрінеді. Егер сізге күріш керек болса, бидай немесе шоңайна егу пайда әкелмейді. Карма дегеніміз осы».

Карма жоғалмайды, ал оның жазалары жойылмайды. Оларды тек күнәларын жуып, бетін қайтаруға болады. Карма  – адамның жақсы-жаман әрекеттері мен олардың салдары болып табылатындықтан, ол өзіне лайық карманы алады. Адам жақсылықтар жасап, өзінің күнәларын жууы керек, сөйтіп кармасы жеңілденіп, жақсарады. Егер ол жақсылықты осы өмірінде жасай алмаса, онда карма қайта туған адамға көшеді, яғни карма тұқым қуалаушылық сипатына ие болады. Карманы иелену туысқан адамдардың да арасында болады, мысалы, ата-аналарының кармалары балаларына, немерелеріне көшуі мүмкін.

Биоэнергетика – оң нәтижесі жоғары, бір мезеттік әрекет те, ұзақ, сатылы әрекет те бола алады. Бәрі қойылған мақсатқа байланысты. Ал карма биоэнергия арқылы жүзеге асырылады, биоэнергия сияқты оның да түстері болады.

 

/жалғасы бар/

Алматы қаласы

 

 Зядан Қожалымов

профессор, мәдениеттанушы-ғалым

«Шипагерлік баян», қаңтар 2013ж.

 

/басы өткен санда/

Карманың түрлері және

оның оң, теріс әсерлері

 

Екі қарама-қарсы түс – ақ (жақсылық, жарық) пен қара (жамандық, қараңғылық) жеті негізгі түсті құрайды: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, аспан көк, көк, күлгін, қара түстен – қоңыр. Күлгін түс – жетінші чакраның түсі – адамды Жаратушымен байланыстырушы түс, егер оны қоңырмен боясақ, онда адам қара энергияның, шайтан энергиясының әсерінде болады. Адамның кармасы негізінен оның ойларымен ағарады немесе қараяды. Ашық ойлар біріксе, жарық пен жақсылық басым болады, ал қара ойлар біріксе, керісінше, жамандық пен қараңғылық күштері күшейеді. Ойы ашық, істері жақсы адам өзінің кармасын орындап, оны жеңілдетеді. Ол өз ойын жақсылыққа өзгерте алады. Ойы қара адам өзі де өледі, өзінің жақындарын да, алдымен тәні мен жанын иеленетін мұрагерлерін де өлтіреді.

Адам күнәларының бірі – өзіне жасалған жамандыққа кек қайтару. Егер адам өзінің кармасын ауырлатқысы келмесе, кектен бас тартуы керек. Егер келтірілген жамандыққа кек қайтаратын болса, онда ол адамның жамандыққа жауапты періштелері әлсізденеді, ал «қарсыластың» періштелері оларды жеңеді. Өзіңнің қауіпсіздігіңді қорғауда бастысы – жамандықпен күреске түспеу. Жамандықтың аты жамандық, кім оны көп жасаса, сол көп зардап шегеді.

Карма болды, бар және бұдан кейін де болады. Карманы не екенін білетін адам өзінің жанына, өзінің өміріне, жақындарының тағдырына, тіпті өзі өмір сүретін қоғамға айтарлықтай әсер ете алады. Жақын адамдардың мәні бірдей іс-әрекеттері мен ойлары бір-біріне тартылады да, соның нәтижесінде адамның өзі де сезбейтін кармалық байланыстар орнайды.

Егер ауру кармалық сипатта болса, аурудың ықтимал төрт себебі болады:

1. адамның осы өмірінде (физикалық тәннің осы туылыуында) жаман ойлары мен істерінің нәтижесінде карма ауырлаған; бұны өз жамандығының кармасы деп атаймыз;

2. ауру кармасы ауыр басқа адамның кармасы берілуі себебінен туындаған, өйткені сіз өз еркіңізбен немесе еріксіз сол адамның істеріне араластыңыз, оны қолдап отырдыңыз; бұндай карманы өз ақымақтығының кармасы деп атауға болады;

3. карма өз ата-анасынан көшті – генетикалық карма;

4. карма адамға оның жанымен бірге көшті – бұрынғы өмірлердің кармасы.

Алғашқы екі себеп – адамның биоэнергетикалық сауатсыздығынан, тереңірек алатын болсақ, Жоғарғы санаға, Жаратушыға сенімсіздіктен туындайды. Шынай сенімдегі адамдарда мұндай карма болмайды.

Егер біздің ата-аналарымыз өз кармасын физикалық өмірі біткенше жеңілдетіп, тазартып үлгірмесе, генетикалық карма бізге тұқым қуалау жолымен беріледі. Бұл генетикалық карманың бірінші себебі – балалары ата-аналары қайтыс болғаннан кейін олардың күнәлары үшін жауап береді. Екінші себеп басқада – не анасы (немесе ата-анасының екеуі де) баланың дүниеге келуін қаламаған, не жүктілік кезінде анасының өмірінде оның жанын жаралайтындай жағдайлар болған. Анасымен бірге бұл сынақтан баласы да өтеді.

Бұрынғы өмірлердің кармасы адамға ол дүниеге келген мезетте көшеді. Кез келген нәресте – өз ата-анасының ғана емес, бүкіл ғаламның да баласы. Қарапайым тілмен айтсақ, ата-анасы балаға тән береді, ал ғалам оған жан сыйлайды.

Жан дегеніміз – адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің тәндерінде өмір сүретін биоэнергетикалық субстанция. Жан  – тәнді ұйқы кезінде немесе өлгенде тастап кетеді. Адамның жаны ол тірі жүргенде жоғарғы адамгершілік қасиеттерге жауапты болады. Оның орналасқан жерітөртінші чакра (Анахата). Жанның адам биоөрісінің ортасында орналасуы тегін емес. Бұл адамның физикалық тұғыры (бірінші, екінші және үшінші чакралар) мен рухани тұғырының (бесінші, алтыншы және жетінші чакралар) түйіскен жері іспеттес. Адам сергек жүрген кезде жан толығымен соның билігінде болады да, басқа энергетикалық орталықтардың әсерінен ол тазарып (жеңілдеп) немесе ластанып (ауырлап) тұрады. Тазаланатын жан адамның тәнінде барған сайын жоғарылай көшіп, жетінші чакраға дейін жетеді де, адамның  Жаратушымен байланысын күшейтеді. Ластанатын ауырлайтын жан бірінші чакраға дейін төмендеп, адамның руханилығын жоқ қылады. Сөйтіп оның Жаратушымен байланысы үзіледі. Жанның жоғары-төмен орын ауыстыруы оның дірілінің жиілігіне байланысты. Адамда руханилық басым болған кезде діріл жиілігі артады, физикалық қабілеті артқанда, төмендейді. Ұйқы кезінде жан адам тәнін тастап кетеді де оған сырттан жұмыс істеп, жеңілдетуге көмектеседі. Сондықтан адам ұйықтаған кезде жеңілдеп, демалып қалады. Өлген кезде жан адам тәнінен шығып, жұмаққа не тозаққа бағыт алады. Жұмаққа күнәден толық тазарған адамдардың жандары барады, бұл жандар басқа біреудің тәніне енбейді, жерге қайтып оралмайды.

Адам дүниеге келген кезде жандардың бірі оның тәніне орналасады, бұл жанның биоэнергетикалық ізі сақталады. Бұл із өше ме әлде сол адамның өміріне айтарлықтай әсер ете ме – ол көптеген жағдайларға байланысты болады. Біріншіден, бұл адамның ата-анасы тарапынан генетикалық тұқым қуалаушылық. Екіншіден, оның өмірлік жағдайлары, қоршаған ортаның ықпалы. Үшіншіден, адамдағы жанның құрамдас бөлігі болып табылатын тағдыр. Осының бәрі адамның кейінгі өмірін анықтап, төменге немесе жоғарыға бағытталатын жол салып береді. Қашанда төменге құлау жоғарыға өрмелеуден әлдеқайда оңай. Бұл жер ананың тартылыс күші, бізді қоршаған күнәһарлар, физикалық тұғырдағы үш чакрамыз да төменге – руханилықтан гөрі материалдық қызықтарға тартады. Ал біздің биоэнергетикалық ғаламымыздың төртінші чакрасы бізді өмірлік энергиямен қоректендіреді. Адам туғанда шыңғырып дыбыс береді, ол дыбысты жан естіп, оның тыныс алуына көмектесу үшін жанұшырып жетеді. Ол енді анасының құрасағындағы ұрық емес, нағыз адам, жаны бар адам.

Басқаша да болуы мүмкін. Бала туады, бірақ дыбыс бермейді, тыныс алмайды. Оның кімді шақырарын білмегендіктен дыбыс бермеуі мүмкін. Оның биоөрісі, оның санасы жанды көрмеуі мүмкін, өйткені ол қандай да бір себептермен онымен байланыса алмай жатқан шығар. Сонда дәрігерлер баланы жұлқылай бастайды, сөйтіп қосымша шаралардың, дірілдің көмегімен жанның балаға келуін сұрайды. Бірақ бұл жерде бөгде діріл, бөгде адамдардың жандары қатысады, сондықтан да осылай дүниеге келген адамдар көбінесе өз табиғатына сай болмайды.

Алдында айтқандай, адамдардың көбісі төменге қарай құлағанды қалайды, алайда жоғарыға ұмтылатындар да бар, оларды «аспанда қалықтап жүреді» дейді. Олар көбінесе бір түрлі, қызық болып келеді. Егер олар айналасына кедергі келтірмесе, оларды есінен ауысқандар деп қарайды. Ал егер олар өзінің «мен»-ін көрсете бастаса, олар қауіп келтіреді.

Егер жан үйлесімді тепе-теңдік орталығында болса, онда бұл жанның төменге не жоғарыға ұмтылуын адамның өзі ойымен, миымен, дәлірек айтсақ эмоционалдық оң жарты шарымен немесе қисындық сол жарты шарымен шешеді.

Өз өлімімен өлмеген, біреу өлтірген немесе өз өмірін өзі қиған адамдардың жандары жерге ешқашан қайтып оралмайды. Бұндай жардар ұзақ уақыт бойы өлгендердің денесінің үстінде ұшып жүреді, тек денеден ештеңе қалмағанда ғана, ол кетеді.

Карманы анықтағанда мынадай тәсілді ұсынуға болады. Алдымен нақты адамның кармасын зерттеуге ойша бағдарлама беріп, «карманы қарау» керек. Карманы төртінші чакраның тұсынан қарайды. Егер осы орталықтың тұсында ешқандай көзге көрінетін өзгеріс болмаса, бұл адамның кармасы дұрыс деген сөз. Ал карма ауырлаған болса, онда екінші бағдарламаны да ойша қосу керек: «кармалық аурудың себебін іздеймін». Егер осыдан кейін миға қарай бағытталған із көрінсе, екі нұсқа пайда болады.  Бұрын өз жамандығынан болған карма және өз ақымақтығынан болған карма. Егер әлгі із мидың сол жарты шарына барып тірелсе, бұл – жаман ойлардан болған карма, ал егер із оң жақ жарты шарға тірелсе, карма адамның эмоционалдық әрекеттерінен пайда болған. Өз ақымақтығынан болатын кармада қара із жарты шарлардан немесе біреуінен белгілі бір бағытқа қарай созылады. Ол бір ғана сызық түрінде де, бұтақтанып та тұруы мүмкін. Бір ғана сызықтың соңында бір адамды, ал бұтақталған сызықтың соңында бірнеше адамды көруге болады. Бұл кармасы ауырлаған адам жаман істеріне араласқан адамдардың саны.

Егер карманың ізі кіндікке қарай немесе жүйкелердің шоғырланған жеріне қарай созылса, онда бұл анасы жағынан болатын генетикалық карма, егер жыныстық органдарына немесе алғашқы екі чакраның біріне не екеуіне қарай тартылса, онда әке жағынан келген карма.

Егер карма ізі адамның тәнінен тысқары шығып кетсе, онда карма оның бұрынғы өмірінде бұзылған.

Бұдан кейін толық кармалық талдау жасап, науқасты қарау басталады. Емделуге күнтізбелік күн және сағат белгілеп алған жөн. Егер талдауды диктофонға жазып алса, өте қолайлы болады, өйткені кейін одан науқасқа жазбаша анықтама беруге болады. Мысалы, науқастың жасы қырық екіде делік. Оны қырық екінші баспалдақта тұр деп елестетіп, өмірінің әр сатысын зерттейміз. Соңғы қырық екінші сатыдан кейін тағы да отыз сегіз саты бар деп есептесек, сырқаттың жалпы жасы сексен болады. Бірақ бізге оның осы уақытқа дейінгі жасы керек. Сондықтан сырқатпен бірге оның өмір баспалдағымен төменге түсу керек. Мысалы, жамандық немесе өз ақымақтығынан болған карма отыз жетінші сатыға дейін сақталады. Сонда отыз жетінші сатыны он екі бөлікке бөлеміз де карма пайда болған айды табамыз. Мысалы, карма бесінші бөлікте пайда болды делік, сонда сырқаттың кармасы оның отыз жеті жасында бесінші айда ауырлай бастағаны анықталады, осылайша тіпті күні, сағаты, минутына дейін анықтауға болады. Сөйтіп, науқастық өмір баспалдығымен оның өмірге келгеніне дейін төмен түсе отырып, қандай сәтте, күні, сағатта карманың жеңілдегенін немесе ауырлағанын білуге болады. Бұлар карманың «шыңдары» деп аталады. «Шыңдар» пайда болған кезде өзіне-өзі сұрақ қоя отырып, емші оқиғалар мен науқас ең болмағанда ойша жамандық жасаған адамдардың, жануарлардың сұлбасын көре бастайды.

Ақырында нөлінші сатыға келгенде, кеуде чакрасына жоғарыдан доға бойымен жанның келіп түскенін көруге болады. Бұдан әрі баланың генетикалық кармасы зерттеледі, анасының жүктілік кезі айлар, күндер және сағаттар бойынша зерттеледі. Сонымен бірге жүктіліктің мерзімін, бала қанша күнге ерте туғанын көре аламыз.

Жанның кармалық талдауын туған күннен бастап артқа қарай жүргізеді. Бұнда нақты адамдардың күнәларын, олардың өмірлері мен өлімдерін көруге болады. Бұл, әрине, адамның бұрынғы өміріндегі оқиғалар туралы айтылып отыр.

Диктофонға жазылған ақпаратты науқаспен бірге тыңдап, оған тиісті кеңестер мен ұсыныстар беріледі.

 

Алматы қаласы

 

 

 



вверх