Ғылымды, қайырымды қауымдастық

 главная                                        вернуться 

 

 

Ғылымды, қайырымды қауымдастық

З.Қожалымов – Қауымдастық президенті

«Шипагерлік баян», желтоқсан 2012ж.

 

 

Қазақстан халық емшілері қауымдастығының өз қызметінде қилы да және қиын да кезеңдерге тап болған кездері артта қалды. Әсіресе, Денсаулық сақтау министрлігі мен оның жандайшаптары жағынан қауымдастықтың мүше-емшілеріне жасаған қысымдары да аз болған жоқ. Құдайға шүкір, қауымдастық алғаш құрылғанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі шенеу-ніктер екі айда жұмыс істетпейміз деген армандарына жете алмады. 2011 жылы қауымдастық өзінің құрылғанына жиырма жылдығын (20) атап өтті. Жеткен жетістіктері мен әлі де орындалмаған бағдарламаларының болашақта орындалатынына нақты сеніммен қабылдады. Қауымдастық ал-ғаш құрылғанда оны құлатуға және жоюға әрекет еткен көреалмастармен бірге, өзінің шыққан ұясына қарсы шыққан мүшелері де аз болмады, бүгінде де баршылық. Мұндай арам ниеттілерді жыл сайын ортамыздан шығарып тазалап келеміз.

Қауымдастық мүшелері мәде-ниеттілігі, рухани өсуі мен діни сауаттылығы және білімділігі жағынан жақсы көрсеткіштерге жетуде. Қауымдастықтың жанындағы халық емшілігі, рухани емшілік, биоэнергетика, космоэнергетика, хилер емшілігі және уқалау т.б. салалардағы білім көтеру мектебінен білім алушылар да өздерінің ризашылығын білдіруде. Қазақтың халық медици-насы мен осы заманғы ғылыми медицинаның негізін қалаған XV ғасырдағы ға-лым, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегін философиялық және психологиялық танымда зерттеп, ғылыми айналымға енгізуде қауымдастықтың басшысы мен ғалым-мүшелерінің еңбектерінің нәтижесінде Өтейбойдақ баба «Екінші – ибн Сина» атанды. Қараүзген шипагердің еңбегін оқу орындары мен оқырман қауымға таныстырумен оның құндылығын үгіттеуде қауымдастықтың «Шалкөде» баспасынан шы-ққан оннан аса ғылыми монографиялық еңбектер мен «Шипагерлік баян» газеті арқылы жүзеге асырылуда. Осының нәтижесінде кейбіреулердің еліміздің тәуелсіздігіне дейін «қазақтың халықтық шипагерлік өнері болмады» – деген жалған әрекеттеріне ұлы шипагердің «Шипагерлік баяны» жүректеріне оқтай қадалып, жүйкелерің қоздырып, көздеріне топырақ шашқандай болды.  

Емшілердің рухани және шипагерлік салалардағы білім-дерінің дамуына ғалым шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі күшіне күш, қуаттарына қуат толтырып, олардың ғылыми көзқарасын айқындап берді. Ұлы баба: «Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады» – деген даналық тұжырымдамасы қауымдастықты көреалмайтын күңдестердің қар-ғысынан Алла Тағала қорғап келеді.

Бүгінде халықтық шипа-герліктің өркендеуіне және оның ғылыми жүйеге енуіне ұдайы көмектерін аямаған философ.ғ.д., профессор Молдабеков Жақан, м.ғ.д., профессорлар Керімбектің Ермаханы, Жақанов Амангелді, Жасан Зекей, Бекен Тұрсын(марқұм), пс.ғ.д., профессор Жарықбаев Құбығұл, профессорлар Мекемтас Мырзахмет, Құрбанқожа Сан-сызбай, Құлсариева Айтолқын т.б. отандық ғалымдардың көмектеріне шексіз ризалығымызды білдіреміз. Қиын кезеңде өзінің киелі шаңырағының ордасына түкірген, қауымдастықты таратуға кіріскен топқа  қосылған, киелі орданың «Сатқын» мүшелері мен емшілері де  аз болмады.  Мәдениеттілік пен адамгершіліктен және имандылықтан  жұрдай емші-сымақтар ұятты қойып, өздерін «Сары, ақ, көк, қара, тақиялы  әулиелер», «Алып апа, ана, әулие ана» және «Жаратушы мен пайғамбарлар», «Пархат ата», «Ақ ана», «Аққулар», «Ата жолы», «Ордалар» т.б. жалған атаққұмарларды  бүгінде арнайы сыйлық жариялап іздесең де таппайсың. Бұлар жөніндегі өз уағында баспасөзде де әртүрлі тақырыпта құнды мақалалар да қауымдастық басшылары тарапынан жазылды. «Жүздің жүйрігі мен мыңның тұлпары» – деген халықтық қанатты сөздің айқындалуы емшілердің сапалық құрамының ерікті түрде өздігінен іріктелуіне әкелді. Қауымдастықтың филиалдар-ындағы өрескел кемшіліктерін бірнеше рет қайталап, оны түземеген Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстық және Шалқар, Талдықорған, Есік, Балқаш, Көкшетау қалалық филиалдары өз қызметтерін қауымдастықтың Құрылтайының шешімімен тоқтатты. Төрт жылдан бері Ақтөбе қалалық филиалының директоры болған Шакимова Артық әлі күнге дейін өзін-өзі жасыруда.

Ашық демократиялық принциппен өз қызметін жалғастырып келе жатқан қауымдастық алғашқы ұйымдастыру және оқыту қызметін кейінгі кезде ғылыми зерттеулермен жалғастыруда. Оның да нәтижесі баршылық. Қауымдастықтың жеке интернет сайты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оның қызметінен ғаламшарға хабарларын таратуда. «Шипагерлік баян» газеті емшілердің ғана емес жалпы халықтық оқырмандық газетке айналды.     

Қауымдастықтың басшылар мен мүшелері қауымдастықтың  Жарғылық мақсаттар мен міндеттерін атқаруда жақсы нәтижелерге жетіп, сырқат жандарға рухани сауықтыру саласындағы қызметтерін қайыр-ымдылық пен адамгершілік саласы бойынша нәтижелі атқара бермек.

Қауымдастықтың Төралқасы өзінің мүшелерін ұйымның 21 жылдық мерекесімен құттықтайды. Дендеріне саулық, қызметтеріне табыс тілейді! 

 

 

 

 



вверх