ЕМШІЛЕР  БІРЛЕСТІГІ ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛДЫ?

 главная                                        вернуться 

 

 

 

Зядан Қожалымов

профессор, мәдениеттанушы-ғалым

«Шипагерлік баян», ақпан 2013ж.

 

Шымылдықтың артындағы  қарсыластар

Жарылқаушым жар бола гөр деп ішімнен тілеуімді де тілеудемін.  Міне күтпеген жерден қызықтың көкесі басталды да кетті. Сахна шымылдығының артында маған бес әйел тікелей қарсы шығып, сен бірінші болып бастамайсың, біз саған мүмкіндік бермейміз. Бізді әлем елі біледі. Сені кім біледі, қазақ елінен басқа. Біздің аты-жөніміз форумның бағдарламасында енген, сен жоқсың! Біз кезегімізді бермейміз. Тоқтат пиғылыңды деп, өздері білетін дұғаларын оқып және басқадай бір нәрселер жасап маған қарай бесеуі бірдей бір нәрселерін бағыттап жатыр. Нағыз жұдырықсыз соғыста басталып кетті. Мен алғаш ыңғайсыздана барып, есімді тез жидым. Олардың  мені адами түрімнен сиқырлау арқылы  басқа түрге айналдырамыз дегені жаныма қатты батты.  Сахнаның бір шетіне барып Аллаға жалбарынып, Райымбек ата қорғашы мына жалғызыңды дегенімде көзімнен жас та ыршып кетті. Есімді жидым, бір қуатты күш бойыма енгендей болды. Мен қайтадан ана бес әйелдің жанына келіп, мен де сендерге көрсетемін. Егер сендер мені надан етсеңдер, менде сендердің  ауыздарыңды бір жаққа ал, басқаңды аузыңа әкеліп қоямын деп қалай айтқанымды да сезбей қалдым. Ресей т.б. республикадан келген атақтары дардай, аттары мықтылар қатарындағы  бес әйел өз әрекеттерін жалғастыруда. Мен білетін мына Алматылық Флора Кимге не керек, ол маған неге қарсы деп те іштей ойладым. Бірақ, мына бес қатын да өліспей беріспейтіндері анық еді.  Санаулы уақыттан соң шеберлік сеансына шығуым керек. Мына залды келімсектер жалдап алғаны болмаса, өзіміздің медициналық институттікі екеніне қарамастан мына бес келімсек жекелендіріп алғандай, сахнаның музыкалық аспаптарын да менің пайдалануыма бергізбеді. Мына музыка аппараттарына жауапты қазақ елі азаматы көккөз қазақ елінінің байлығымен өмір сүріп, ауасымен дем алып, суына шөлін қандырып, жерін басып тайраңдағаны кең пейіл  қазақ халқының арқасы екенін ұмытып, музыкалық  аспапты да өшіріп тастады. Ана бес емші енді сен сеансыңды  музыкасыз жүргізе алмайсың деп мені келекете күліп тұр. Иә, мен музыка құралының көмегінсіз-ақ ем жүргіземін, менің тұла бойыма енген музыкалық үннің санына сендер өмір бойы жете алмайсыңдар дедім. Мыналар менің қуатымды әлсіретіп, ойымды бөлуге тағы да әрекеттерін бастап кетті. Тәуекел аталарым жауынан қайтпағанда, мен мына бес көбелектен сескенгенім ұлт намысы екенін басты міндетім деп санадым да, өзімнің кішкентай магнитофоныма музыкалық дискелерді қосуды көмекші інім Әбдір Темірғалы ұлына айттым. Әбдір қосқан алғашқы дискі  ғарыштық музыка еді. Бірден Ф.Ким  мына музыка менікі, сен қоспайсың деп шорт айтты. Бұл да үлкен психологиялық  соққы болды. Менде бірден менің музыкамның саны мың бір, маған қалған мыңы да жетеді деп нық айттым. Ол үнсіз қалды. Сахна шымылдығының зал жағынан сеансқа  қазақ елінің емшілері Қожалымовтер  Зядан мен Түймекүл шығады деп, басқарушы да хабарлап жіберді. Сахна шымылдығы біртіндеп ашыла бастады...

 

диюлар  мен шайтандар қуылған сеанс

Бұл менің халықаралық дәрежедегі тұңғыш сеансым болатын. Сондықтан да оның қазақ емшілері алдындағы абыройы мен жауапкершілігі де жоғары еді.

Халық емшілері Қожалымовтер Зиядан мен Түймекүлде сахна төрінен көрінгенде залда отырған екі жарым мыңнан артық адамның ішіндегі бір жарым мыңдайы әр елден келген емші, көріпкел, болжаушы, жұлдызшы, сиқыршылар мен дуақандардың бізге көңілдері толмағаны айқын байқалып тұрды. Аттары әлі әйгілі болмаған мына екеуі нендей ерекшеліктерімен бізді таңғалдырмақ, керек болса бұл екенуін енді сахнаға шықпастай етіп қайтарамыз дегендерде болғаны анық еді. Сабырлықпен сахна мәдениетін сақтап, ұлт ерекшеліктері мен батыр бабалардың биік батылдығын көз алдыма елестетіп қасиетті Құран аяттарын оқып  шеберлік емдік сеансымды да бастап жібердім. «Көздеріңізді жұмыңыздар, денелеріңізді бос ұстазыңыздар...» – деген менің даусымды залдағылар естіген сәтте отырғандар арасынан трансқа түсіп дыбыс шығарғандар және денелерін қозғалысқа келтіргендер, қолдарын ербеңдетіп қатты айғайға басқандар да көбейіп кетті. Барлық өзгерістік құбылыстар да көз алдымнан жіпке тізілген ақ моншақтардай болып, теңіз толқынындай  тербеліс берді. Қолымдағы сағатыма да қарап қоямын. Өйткені уақыт өлшеулі еді. Құран аятынан кейін жоғары тонды, ерекше жиілікті ғарыштық жүйенің байланысына шығуды мақсат етіп, өз дауысыммен  ғарыштық ән толқынына қосылғанымда залдағы құбылыстар әртүрлі көріністер бере бастады.  Осы кезде мен өзімді толық билеп және мына залдағыларды өзіме қаратқанымды да анық сезгендей сезімде болдым. Менің денемнен алғашқы сескену мен сезіктену кетіп, денеме күш жинала бастағаны айқын басымдылық танытты. Көмекшім Әбдір ініме де ана қазақтың күйлерін қос деп ақырын белгі де беріп үлгердім. Тағы да залдағы биоқуаттық өзгерістер күшейе түсті. Залда орындарынан тұрып, залдағы орындықтардың ортасындағы баспалдақтар мен алдыңғы жағындағы алаңға жиналғандар саны өсе бастады. Бақылаушылар не ойлағанын кім білсін, өзімнің көңіл-күйім көтеріліп келеді. Залдың сол қанатының артқы орындығында отырған ол кездегі Целиноградтық (бүгінгі Ақмолалық) жасы егде, кез-келген жанды менсіне бермейтін, өзін өзге емшілерден жоғары қоятын сары әйел трансқа түсіп, баспалдақпен тәлтіректеп маған қарай төмен түсіп келе екен. Мен де тышқан аңдыған мысықтай оның әр қадамын аңдып бақылауда болдым. Өте меңмеңшіл өркөкіректігі басым әйелдің, менің торыма ілінгенін біле ме әлде білмей ме ол өзіне ғана аян болғанымен, бірақ та ол өзін-өзі басқару қабілетінен айырылған болатын. Мен ем кезінде пайдаланып тұрған пышақты ұстаған оң қолымды екі рет толық айналдырып, қолымда ана әйелге қарай бағыттағаным сол еді ана әйелді магнитше тарта-тарта алдыма әкелдім. Ол әлі өзін басқара алмай тұр. Сол орында тұрғанда қолымды айналдырғанда ол да айнала берді. Залда басқа да ғаламаттық құбылыстық көріністер өте көбеюде. Мен көмекшіме қазақтың күйлерін қос дегенім сол еді, күмбірлеген күй естілгенде залда отырғандар ішінен әртүрлі көріністер байқала бастады. Бұл алдыңғы көріністерден де өзгеше болды. Қысқасы осы залдағы отырғандардың биоқуаттарын реттеп басқару мен денелеріндегі лас қуаттарын толық тазалауда еркін басымдылықты қолыма алғанымды анық сездім.    Берілген уақытта жақындағанда музыканы өшіртіп сеанысымды тоқтатып, Құран аятын оқып, батамды жасап көрермендермен  қоштастым да,   залдың пердесінің артына келіп тұрдым. Сеанс қандай болды екен, мыналар маған күлмеді ме деген ойларда санамнан кетпей тұрғанда, бас ұйымдастырушы келіп қолымды алып тұрып: «Жолдас Қожалымов Сіз өте сапалы, жоғары дәрежеде шеберлік сеансін жасадыңыз. Сеансыңыз ғаламат болды. Қазақ халқының емшілік жүйесінің тылсым сырлары құпиясын халықаралық дәрежеде алғаш рет таныстырдыңыз. Сізге табыс тілеймін» – деп, сөзін қысқа қайырды да, келесі емге шығатын емшіні хабарлауға асығыс кетіп қалды. Менің көңіл күйім қатты көтеріліп, жан-жағыма қарасам баяғы қарсы болған бес әйел емші-көріпкелдерде келіп менің қолымды алып тұрып: «Сізден кешірім сұраймыз, сіздің қасиетіңіз бізді бір орыннан қозғалтпады, көзіміз ештеңені көре де алмады. Біз шымылдықтың артында тентек малдай айналдықта жүрдік, қасиетіңізге бас иеміз, сіз  өте мықты адамсыз...» – дегенде ішімнен Аллаға тәубе дедім. Бұл менің Халықаралық дәрежедегі тұңғыш өткізген шипалық сеансым еді.

/жалғасы бар/

 



вверх