ЕМШІЛЕР БІРЛЕСТІГІ ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛДЫ? | ||
главная вернуться | ||
Зядан Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғалым «Шипагерлік баян», наурыз 2013ж.
КЕЛЕСІ КҮНГІ ГУ - ГУ Кешегі кешкі шеберлік сеансынан кейін бұрынғыға қарағанда көңіл күйім де көтерілгендей болды. Үйден шығып Халықаралық конгрестің екінші күнінің жиналысына келдік. Бізді көргендердің көбі танымаса да танысындай амандасып, болашағымыздың нәтижесі әлі алда екенін айтуда және сіздерді сапалы әрі мәдениетті шеберлік сеанстарыңызбен құттықтаймыз – деп құттықтап жатты. – Сіздер керемет сеанстарыңыз арқылы залда отырғандардың биоқуаттарын тазалап, нұр көздері(Чакра) қызметтерін бір қалыпқа түсірдіңіздер және денелеріндегі кері қуатты әсерлі күштерді айдап шықтыңыздар, – деді. Оны қалай білдіңіздер деп едік, олар біздің ортамызда телепаттар мен көріпкелдер бар. Солар сіздердің сеанс кезіндегі барлық құбылыстық өзгерістерді бақылап отырды. Олар бәрін көреді, сезеді, олардың дарындылықтары ғылыми және халықаралық дәрежеде дәлелденген деп сөздерін аяқтады. Біз бұлар не айтып кетті деген ойға келдік. Содан мен мына жағдайды баяндап тұрған ресейлік емшіге: "Сонда сіздің денеден кері қуатты күштер шықты дегенді қалай түсінуге болады?", – дедім. Ол: "Анығын айтсам, сіздердің сеанс кезінде қара ниетті дуақандар мен сиқыршылар және бақсылардың көмекшісі болған 19 (он тоғыз) диюлар мен 17 (он жеті) шайтандар қуылғанын көріпкелдер анық көрген. Бұндай ғаламатты біз де бірінші рет естіп таңғалдық. Сіздің бойыңыздағы құпияны білу мен ашу мүмкін емес сияқты. Сіз қазақтың әлі танылмаған емшілігі мен ғарыштық ғаламаттық қасиетін бір-ақ күнде оның ішінде жарты сағат уақытта-ақ, алпыстан аса елдің киелі дарындыларына таныта және мойындата білдіңіз, бұл ғаламат қой, ғаламат, – деді. Осы әңгімені естіп тұрғандар бізден көздерін бұрмай, бастарын изеп тұрғанынан басқа амалы қалмады. Көп емші бір-біріне кезек бермей сөйлеп жатты. Іштерінен біреуі өзбек бақсының: "Менің екі шайтанымды мына қазақ Қожалымов қуып жіберді, әттеген-ай, енді Алматыға келмеймін", – дегенін естідім деп қарқылдап кеп күлді. Енді бірі: «Кашпировский де, Джуна да, Руцкой де т.б. бәрінің қасиеттері бір ғана Қожалымовтарда екен, енді бұнда келмеспіз...» – деп жатыр дегенді айтып жатты. Бұның қайсысы шын, қайсысы өтірік немесе болжам ба онда ешкімнің анық айтары болмағаны белгілі болатын. Дегенмен, әншейінде өздерін ұлы әрі мықты санайтын келімсек емшісымақтардің маңдайынан ұмытылмастай бір-ақ ұрған қазақ емшісінің құдіретті қасиеті, осы халықаралық конгреске қатысқандарды таңғалдырып мойындатқаны нағыз шындық еді. Біз Халықаралық конгрестерде шеберлік емдік сеансы бойынша қазақ ұлтының атынан тұңғыш рет шыққан біздер Қожалымовтер едік.
Конгресс кезіндегі айтыстар Бізге конгресс өз бағдарламасы бойынша өтіп жатқандай көрінді. Кешегі кешкі сеанстан кейін маған таңғалғандар мен қасиетімді мойындағандар да көбейіп барады. Әр кімнің өз бағасы мен ойлары анық, айқын көріністе айтылуда. Дегенмен, қайсысына сенікі дұрыс немесе бұрыс деп айту сөгеттік болары айқын еді. Тек ғана басты изеп, "иә" дегеннен аса алмадым. "Сіздің бойыңыздағы өте күшті қайталанбас, құдіретті қасиеттер қайдан?", – деген сұрақтарды да бейтаныстардың көптеп қойғанына өзімде аң-таңмын. Менің бойымдағы тылсым күшті өлшейтін құралмен анықтап айтқандай, мыналардың сөздері мені ұзақ ойландырғаны әлі есімде. Ол кезде тәжірибем мен білімімнің аздығы маған ашық аренаға шығып толық түсіндіріп сөйлеуге аздық еткені де рас болатын. Тек ғана көңіл-күйдің көтеріңкілігі менің кемшіліктерімді білдірмей тұрған еді. Осы Конгреске арнайы қатысып өз көзімен көрген сол кезде «Алматы Ақшамы» газетінің бөлім бастығы(бүгінде ф.ғ.д. ҚазҰУ профессоры, Аударма кафедрасының меңгерушісі) Әнуар Сауатұлы аталған газетте шыққан мақаласында: «Алматы да өткен халықаралық конгреске халық емшілері, экстрасеанстар, жәдігерлер, аспан әлемімен тілдесушілер, су астында емдік әдістер қолданушылар т.б. жиналды. Емшілер қабілеттерін, бойдағы емдік қуаттарын көрсетті. Солардың ішінде алғашқылардың бірі болып Зиядан мен Түймекүл Қожалымовтардың шипалы еміне жұртшылық көп жиналды. Жақында ғана Мәскеуде арнайы оқуда болып, өздерінің емшілік қасиеттерін айқын танытып, «Халықаралық емші нұсқаушы» куәлігін алған ерлі-зайыпты Қожалымовтар аят оқу, пышақ, қамшы, т.б. нәрселерді қолданылатын қазақ емшілігінің сан қырлығын көпшілікке дәлелдеп берді...», – деп жазды. Біз конгрестен көп нәрсені білдік, үйрендік және өзіміздің теориялық пен тәжірибелік ілімімізды дамытуға жаңа жол ашқан едік. Конгреске қатысушылар қазақ елінен де әлемге әйгілі қазақ емшілерінің шыға бастағанына таңғалып, мойындап, бастарын шайқап Алматымен қоштасып, өз отандарына аттанған-ды.
Халық емшілері қауымдастығын құру комитеті Конгрестегі қазақ емшісінің емдік сеанстағы жетістігі бізді менсінбейтіндерге өте ауыр соққы болса, ал осы конгреске қатысқан қазақ емшілерінің рухын көтеріп, көңіл-күйлерін асқақтатқандай көрінді маған. Маған: "Емшілер сіз қауымдастық құрыңыз, біз қашанғы шашырап әлде біреулерге тәуелді боламыз, сіздің ұйымдастыру қабілетіңіз бен іліміңіз жетеді", – деп қолқа салушылар көбейді. Мен келістім. 30-қыркүйекте Ғылым академиясының жиналыс залына екі жүзден аса емшілер, ғалымдар және баспасөз өкілдері қатысқан жиналыс өтті. Өкілдердің дауыс беруімен Республикалық Халық емшілері қауымдастығын құру жөніндегі алғашқы ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді, алдағы өтетін Құрылтайға дайындық нақты белгілен-ді. Ұйымдастыру комитетінің төрағасына З.Қожалымов, төрағаның орынбасарына м.ғ.д., профессор Э.Заркешов сайланды. Осы жиналысқа қатысқандар зор қуанышпен бір-бірімен қимастай қоштасып, қазақ елінде де басқалардағыдай Халық емшілерінің Ассоциациясы құрылса екен деген армандарын айтып, емшілердің тұңғыш Құрылтайына толық қатысатын тілектерін білдіріп өз аймақтарына аттанған-ды.
Мәскеуге қайта оралу Қожалымовтар Зядан мен Түймекүлдің конгрестегі жетістіктерінен кейін өздерінің бойындағы киелі қасиеттеріне деген сенімдері артып, көңіл-күйлері ерекше көтерілді. Қазақ емшілерінің бұл жетістігі де ұлттық шипагерліктің өсу дәрежесін көрсеткендей болды. Осы қысқа уақытта Конгреске қатысудан басқа ойламаған жерден қазақ елінде де Ресейдегідей Халық емшілерінің Ассоциациясын құру идеясының да табысты болғаны бір Жаратушының жақсылығы еді. Алматыдан ұшқан ТУ-154 самолеті де төрт сағатқа жуық уақытта Маскеудің «Демодево» аэропортына келіп қонды. Біз Россия қонақ үйіне орналасып ары қарай Ресейдің бас почтасының үлкен залында орналасқан емшілік мектебінде оқуымызды жалғастырдық. Оқу да табысты нәтижелі өтуде. Екі жүзден аса тыңдаушылардың арасында ғылыми атағы барлар, дәрігерлер және әртүрлі қасиетке иелері де көп болды. Бізге бәрі өздерін мықты ретінде көрсетуге тырысып жатты. Кеудесін көтеріп: "Мен мына дүниеге кері әсер ете аламын, кез-келген затты немесе адамды да әртүрлі түрге айналдырамын", – деген Самарадан келген сиқыршы да сақалын сипап, кеудесін күжірейтіп оқып жатқандардың зәресін алғанымен, оның алдында қандай құдіретті киелі күш иесінің кездесуге күтіп тұрғанын ол сезбеген еді. Қазақтың қара домалағын шыңдаған, оның Жаратушылық қорғаушылары оны сиқыршымен сайысқа қосатынын өзі де сезбеген болатын.
Сиқыршым да алдымда сұлап жатты... Мына Самаралық сиқыршысын мақтан етті ме қайдам, көккөздер бізді менсінер емес. Қаракөзден біз ерлі-зайыпты екеуміз ғана едік. Ол кездегі Одақтың белді республикасы саналатын ҚазССР-дің Астанасы Алматыны да көбінің білмеуі менің намысыма әбден тиді. Мен оларға: "Үстіңдегі киіміңнің матасы да, жейтін наның мен етің де Алматыдан келеді, сендер қашан қазақ ұлтын толық танисыңдар?", – деп қатал және батылдықпен айтып салдым. Ішіме сыймаған ыза мен намыс отын мына көккөздерден қалай қайтарсам екен деген ой, арманымды алға жетелегендей болды. Құдіретті сиқырдың сырын арғы атасы осыдан ондаған ғасыр бұрын меңгерген, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан атағын әлем білетін сиқыршының мына Самаралық қырық жастан асқан ұрпағы мойнын күжірейтіп, сақалын бір сипап, отырғандарға одырая қарап алды да, ешқандай себепсіз сахнаға көмекші әйелі екеуі шығып, орындыққа жайғасып отырда да сөзін бастап кетті. Сиқыршы: "Сендер білесіңдерме, менің сиқыршы бабаларымның тарихы мың жылдан асады. Мен сендерге көресені көрсетемін дегені. Бөлмеде тыныштық орнады. Бөлме іші де үнсіз бір көрініске айналып барады. Менде үнсізбін, сиқыршыдан сескену емес, қайта одан алар өшім бардай тесіле қарап оның әр сөзі мен қимылын қатаң бақылаудамын. Ыңғайсыз жағдай да басталып кетті. Байқаймын әркім өзінің бас амандығын мына сиқыршыдан қалай қорғап қалуын ойластырып отырғандарын сезгендей болдым. Мен бірден жұбайымнан: "Сен оңтүстіктің тумасысың ғой, айтшы маған әлгі дуақан деген осы ма?", – деп сұрап едім, "менде толық білмеймін, байқа", – деді. Екі жауырынымның дәл ортасынан қысқан бір белгісіз күш мені орнымнан тік тұрғызды да, сахна төріне сиқыршы отырған үстелдің оң жағындағы трибунаға тұрғызғанын өзім де сезбей қалдым. Залдағының бәрі маған қарап қалған, іштерінен мынау не істемек деп отырғаны да шындық еді. Мына қазақ сиқыршының құрығына түссе ажалы жақын болады-ау деді ме, бәрінің қабақтары төмендеп, өңдері бұзылып тұрғандары байқалды. Атам жауынан қайтпаған мына сиқыршыдан не жығылайын не жеңейін деп нар тәуекелге келдім де бірден «Фатиха» сүресін оқып, сиқыршыға тура қарап тұрып «Сүф» деп демімді солай өте тез арада бағыттағанымда сиқыршым қазағымның көкпарындағы көк сергесіндей отырған орындығынан ауытқып барып сахна еденіне құлап түскенін өзі де сезбей қалды. Ал жанындағы көмекші әйел де шыңғырып барып, еденге сұлап түсті. Денем қызып, жаңа қуат алып үлкен жігерге ие болғандай болдым. Қысқасы, мына топты мен ғана билеп өзіме қаратып табындырып тұрғанымды көккөздер сезбейде қалған еді. Мен бірден тез залдағы екі жүзден аса оқып жатқандарға «Көздеріңді жұмыңдар» деп бұйырып, емдік сеансымды бастап кеттім. Аз ғана секундтар аралығында залдағылар ішінен шыңғырып барып құлағандары да, орнында селкілдегені де, «Слава Богу» деп жалынғаны да және басқа да әрекетке барғандары да аз болмады. Сол жағыма көз қырын салсам ана сиқыршым мен көмекші әйелі екеуі орындарында тұра алмай, өздеріне өздері келе алмай үйелеп жатқанын көргенде, "ей пәле, енді қазақтың қасиетін сен ғана емес, бүкіл Кеңес елінен жиналған барлық ұлттардың өкілдері мойындады- ау деп, мені қорғаған және күш берген Алла тағалаға риза болғанымды әлі күнге дейін ұмыта алмай келемін. Сеанс кезінде неше түрлі қайталанбас құбылыстық көріністердің болуын менен мына аудиториядағы курсант емші-көріпкелдер күтпеген болатын. Сиқыршы артына қарамай сол кеткеннен қайтып оралмады. "Күш атасын танымас" демекші, тылсым күштің кімде басым екенін тек Жаратушыға ғана тән екені осы жолы толық дәлелденгендей болды. Мен өзімнің сеансымнан кейін біздің ұлттық киелі тылсым қасиеттеріміз басым екенін бірақ, бірлік пен білімділіктің жоқтығын анық сездім. Осыдан еліме, Алматыма аман оралсам негізін құруға құжаттық шешімдерін дайындап кеткен емшілер қауымдастығын құрсам деген арманыма жетуді ойлаған едім. Осы жолғы айқас қазақ деген ұлттың ұрпақтарына Жаратушымыз керемет белгісіз құдіретті күш сыйлағанын анықтап бергендей еді. Мұғалім үзіліс жариялады. Біз де орнымыздан тұрып сыртқа шығуға ыңғайлағанымызда, бүкіл курсанттар тоқтап, бәрі бірден "сіздер шығыңыздар" деп ілтипат білдіргендерінде, менің бойымда ерекше қуаттық күш пайда болғанын сезе бастадым. Үзілістен кейін қайтадан сабақ аудиториясына кірерде де курсанттар бізді бірінші кіргізді. Бұл құрмет қысқа мерізімді курстық оқу біткенше жалғасқан еді. Мәскеуде жүргенде бірнеше ірі сеанстарды өткіздім. Нәтижесі өте жоғары болғаны соншалық сеанс кезінде қазақты онша білмейтін сонау қиыр шығыстан келген емшілер ішінен қазақша сыңсып ән айтқандары мен қолдарымен домбыраны бейнелеп күй тартқандары да болды. Мен өте намысшыл, батыл, ешнәрседен қорықпайтын және кез-келген қиын жағдайда жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылуға асығатынмын. Осы армандарым кезегімен орындала бастағанда тәубеме келгендей болғанымды жасыра алмаймын. Діни кітаптарда "әр адамның дүниеге келерден бұрын-ақ маңдайына жазылған тағдырнамасы болады" – дейді. Маған бұл менің тағдырымның бір бөлігінің жалғасы сияқты сезілген еді. Адам бойындағы неше алуан тылсым күш құпияларын жинақтап зерттейтін парапсихология ғылымы енді ғана ашылып, дамып келе жатқанына қарамастан, ол өзінің ғылымның болашағы бойынша көшбасшысына айнала бастағанын бүгінде әлемдік осы саланы зерттеуші ғалымдарда өздерінінің оң тұжырымдамалық ғылыми анықтамаларын бере бастады. Адам құпиясы ілімін зерттеуде әлі де әлем ғалымдары толық жетістікке жетпегенімен, оны ары қарай зерттеу мен анықтауды жағастыра бермек. Бұл саланы қазақ ғалымдары енді ғана зерттей бастағанын ескерсек, ұлттық сипаттағы ұлы киелі бабалардың бойларында болған тылсым сырлары да ғылыми айналымға енері анық. Емші өзін мәдениетті, білімді, рухани сауатты етіп ұстағанда өзінің жеке армандарына жетеріне күман келтіруге болмайды. Менің Самаралық сиқыршымен болған өте қауіпті және күрделі айқасымның биік нәтижелі жеңісі менің негізгі идеямды шындыққа айналдырып, қуаттап тұрғандай әсерге бөлейді... Мәскеудегі "шығыс медицинасы" фильмінде Мәскеудегі оқу аяқталарда кенеттен Максим Горький атындағы киностудиясынан арнайы режиссер адамдарымен келіп бізді фильмге түсіре бастады. Негізгі мақсаттары нендей екенін қайдам, олар қайткенде де аз ұлттардан келген емшілердің ерекшеліктері мен қасиеттерін бейнетаспаға түсіріп, өз архивтерінде сақтап зерттейді деп ойладым. Алғаш бас рөлге конкурс жариялап емшілерді тексеріп іріктей бастады. Мені таңдады да, "сіз бізбен бірге боласыз, шығыс медицинасының емшілілігі бойынша сюжетке түсіреміз" деп, өз жоспарларын бастап, нәтижелі аяқтады. Мендегі Алматы түсірілген видеофильмдерімнің екі дискісін да алып кетті. Режиссердың айтуынша бәрін жинақтап, бір сағаттан асатын фильм жасағанын, оны осы студияның «Алтын қорына» қалдыратындарын жеткізді. Кейін белгілі болғандай расында да, түсірілім аталған киностудияның архивіне өтіпті. Осылай емшілік киносына түсу де менің пешенеме бұйырған еді.
Мәскеудегі көңілді күй, Алматыда өкінішке айналды Мәскеуден Алматыға бағытталған әуе ұшағы Алматы аэропортына келіп қонғанша, Мәскеудегі жетістіктерімді саралап алдағы іс жоспарларымды да ойластырып отырғанмын. Елге оралысымен халық емшілерінің республикалық қауымдастығын тез арада құруды бастауды және ұйымдастыру комитетінің алдында қабылдаған шешімдерін қалдырған ғалыммен кездесіп, одан барлық құжаттарды алып емшілердің тұңғыш республикалық Құрылтайын өткізуге дайындықты бастауды сондай-ақ, қауымдастықтың болашақтағы басшылық құрамын анықтап тізімін жасауды басты міндетіме қояйын деп жоспарладым. Өкініштісі мен құжаттарды алайын деп сенімді ғалымға барғанымда ол бірден: "Ұйымдастыру комитетінің қауымдастықты құру жөніндегі барлық құжаттары жоғалды" – деп, маған шорт айтты да кері айналып кетті де қалды. Кімге өкпе айтарымды білмей қала бердім. Өз еліңде өкінішке тап болғаның қандай ауыр еді...
/жалғасы бар/
| ||