ҒАРЫШТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 главная                                        вернуться 

 

 

 

Зядан Қожалымов

профессор, мәдениеттанушы-ғалым

«Шипагерлік баян», сәуір 2013ж.

Медитация және дін

Қасиетті діни кітаптардың ілімдерін зерделей отырып, барлық кітаптардың бізге ойлану және ойлау керектігіне жол сілтейтінін аңғаруға болады, ал бұл өз кезегінде ақыл-ойды барынша бір бағытқа шоғырландырып, бізді қоршаған Жаратушы туралы ойлау керек екендігін білдіреді. Дұға оқу барлық дінде дерлік әрбір салт жораныың бөлінбес бөлігі болып табылады. Дұға оқу дегеніміз – табынушымызбен етене жақын болып, байланыс орнатуды білдіреді. Егер дұға оқушы адамда тілек сұрап отырған Жаратқанмен ешқандай өзара байланысы болмаса, ол адам қалай дұға оқи алады? Бұдан ұғатынымыз – әрбір дін бізге жаратушымен рухани жақындықты ойлану және ойлау арқылы сезінуді талап етеді. Осындай ықыласпен ойлану медитация болып табылады.

Медитацияны белігілі бір қалыппен немесе әдіспен байланыстыруға болмайды. Медитация – ішкі «мен» сезімімен байланысты ақыл-ой күйі. Діни ғұрыптар мен салт-жоралар тәннің де, рухтың да қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Бір жағынан, салт қандай да бір міндеттер жүктейді, екінші жағынан адамның ішкі күйін күшейтуге көмектеседі. Осы екі элемент те дұға қылу салтында қажет.

Табыну салттарының көмегімен жетуге болатын ішкі күйдің жоғарғы деңгейі медитация немесе «Мартаба-э-ихсан» (шаттық күйі) деп аталады.

Қасиетті Пайғамбар бұл туралы: «Сіздер дұға оқыған кезде өзіңізді Жаратушыға қарап тұрғандай елестетесіз немесе Алла Тағала сізді көріп тұрғандығын сезінуге тырысасыз».

Дұға оқу салты, медитация және ойлау адамды шаттық күйге жетуге немесе басқаша айтқанда, Жаратушыны тануға көмектеседі.

Дін міндетті түрде орындалатын діни ғұрыптардың жиынтығына айналды. Сопылар мен діни адамдар діннің ішкі көріністеріне үлкен мән беріп, белгілі бір ереже-қағидалар ойлап шығарды. Олар мәнсіз салт-дәстүрлерге діни мағына бере бастады. Іс жүзінде терең ойға бату медитация (муракаба) деп аталды, бұл «қандай да бір нәрсе туралы асқан ықыласпен ойлау» дегенді білдіреді.

Барлық қасиетті діни кітаптарда ойлану мен ойлауға үлкен мән беріледі. Қасиетті мәтіндердің түрлі үзінділерінде ойлану, терең ойлану және медитация жасауға кеңес беріледі. Бір мәтіндерде аспан әлемі мен жер туралы ойлауға бағыт берілсе, басқаларында біздің назарымызды жаңбырға, өсімдіктердің өсу қабілеттеріне көңіл бөлу керектігі айтылып, одан әрі тіршілік туралы, әсіресе адамзат баласы туралы ойлан дейді. Түрлі мәтіндердің бәрінде айтылатыны – бізді терең ойландыратын, ойға жетелейтін ойлау образын табу. Діни кітаптарда ойлану қабілеті тек аздаған адамдарға ғана бұйырғандығы айтылады.

Медитацияның рухани ұстаздары дінге сенуді сананың ажырамас бір бөлігі ете отырып, медитацияның адамға шындықты көруге көмектесетіндігін айтады, өйткені жүйелі түрде медитация жасау тәжірибесі бұл шындықтың жүрекке жетуіне жол ашады да, адам жанының жанары нақты бір пішінді көре бастайды.

Медитация барысын талдау бізге оның қызметі ақылдың ой тереңіне енуіне көмектесетінін көрсетеді, ақыл қиял мен ойдан асып түседі. «Муркаба» термині рухани ұстаздар мен сопылар медитация жасау техникасын жасап шығарғаннан кейін пайда болды, олар медитация жасауға қажетті ережелер мен әдістер ойлап шығарды.

Адамның ақыл-ойында барлық құбылыстың ішкі негізін көруге мүмкіндік беретін жарық болады, бұл қабілет бізге барлық жаратылысты түсініп қабылдауға көмектеседі. Басқаша айтқанда, біз заттардың ішкі жағын көре алатын болсақ, онда олар біз үшін құпия жұмбақ болмайды. Осылайша көзге көрінетін әлем құбылыстары адам ақылы үшін айқындалып, ненің қайдан шығатыны туралы түсіну мүмкіндігі туады.

Жаратушының пайғамбарлары құбылыстарды олардың ішкі жақтары арқылы танып-білді. Ақыл-ой заттардың ішкі жағын ойлауға әдеттенген кезде ол жарыққа бөленіп, жаратылыстың жасырын шынайылығын көруге мүмкіндік алады.

Ықыласпен ойлану жаратылыстану ғылымдарын оқығанда да, рухани ғылымдарды тануда да қажет. Білімнің қандай саласы болса да, біз ықылас бөліп, ынта, қызғушылық танытпасақ, оны оқып-білу мүмкін емес. Дәл сол сияқты жан туралы білімді зерттеп-білу үшін ақыл-ойды бір бағытқа ынталандыру қабілетін ұтымды пайдалануы керек.

Алла Тағала бізге өзінің белгілерін Қасиетті діни кітаптарда берді, бізге оларды ойлану және ықыластанып қарастыруға бағыт берілді. Белгі дегеніміз әлде бір нәрсенің қозғалысы арқылы берілетін сыртқы пішін болып табылады. Шындығында барлық жаратылыстану ғылымдары да, материалдық құбылыстар да рухани заңдылықтарға негізделген, бұл заңдар туралы тек назар аудару көмегімен ғана мүмкін болады.

Пайғамбарлар мен Алла Тағаланың елшілері адамзат баласын өздерін тану арқылы Жаратушыны тануды үйреткен. Медитация пайғамбарлар білімі мен Құдайды тану ғылымын игерген адамдар үшін маңызды рөл атқарады.

Медитация ақыл-ойдың әрекеті болып табылады. «Муракаба» сөзі арабтың «Ракиб» деген сөзінен шыққан, ол – Алла Тағаланың қасиетті есімдерінің бірі, «Әрқашан бақылаушы және сергек» дегенді білдіреді. Осылайша, медитация деген қажетсіз, төмен ойлардан арылғаннан кейін Жаратушыға, оның қасиеттеріне көңіл бөлу болып табылады. «Ракиб» сөзінің тағы бір мағынасы – мұқият, күтуші, жақын жүруші. Сондықтан медитация дегеніміз – адамның өзінің ішкі «мен»-іне назар аударатын ақыл-ойдың қызметі.

«Медитация» термині ақыл-ойдың ойлану, елестету күйі. Өз дәуірінің ұлы қасиетті адамы Уәлиулла шах медитацияға мынадай анықтама берген болатын: «Медитацияның шынайы мақсаты – қандай да бір нәрсені, мейлі ол Алла Тағаланың қасиеттері болсын, қабылдауға ынта-ықылас бөлу, жанның тәнді тастап кететін немесе осыған ұқсас күй. Бұлай ықылас сезімдер, ойлар және ақыл-ес оған бағынатындай мінсіз болуы тиіс және әдетте біздің сезімдеріміз қабылдай алмайтын нәрсе қабылданып қана қоймай, сонымен бірге танылуы да тиіс».

Адам зердесі мен санасынан тыс өмір сүретін ақпарат пен білім адам жанының бір мүшесі деген сөз және медитация техникасының көмегімен оларға қол жеткізуге болады. Қабылдау және сезіну шектерін бағындырғаннан кейін ғана ақпарат пен білімді бақылап шолуға болады.

Гус Әли шах медитация туралы мынадай пікір айтады: «Медитацияның бір күйінде медитация жасаушы үнемі өзінің жүрегіне көңіл бөліп отырады және ақыл-ойы мен жүрегінің өзгерген күйіне елітіп отырады. Басқа медитациялық күйде ол өзінің назарын Жаратушының атына аударады, Жаратушы есімінің мәні туралы ой толғайды немесе Қасиетті діни кітаптардағы сөздердің мағынасы туралы ойланады да, содан ол өзін қоршаған орта үшін және өзі үшін де жабық болады. «Медитация» деген сөздің жүрекпен сезінетін күйдің атауы болып табылатынын естен шығармау керек, сондықтан егер жүрек Алла Тағалаға бет бұрса, онда оның барлық дене мүшелері мен органдары да Оған бұрылады, өйткені жүрек бәрін өзіне бағындырады. Медитацияның ақырғы мақсаты Жалғыз табынушы туралы ойларға шырмалып, өзі туралы, өзінің қатысы туралы ұмыту болып табылады».

Ұлы сопы ақылгөйі Ибн-э-Мүбәрак өзінің досына «Алла Тағаланы көріп тұрмын  деген санамен өмір сүруге кеңес берген. Оны көре алмасаңдар, онда ең болмаса Оның сендерді көріп тұрғанын саналарыңмен сезініңдер». Осы сөздегі бірінші күй Бақылау деп аталады, ал екіншісі – Медитация.

Ғазали имам өзінің «Кима-и-Саадат» атты ұлы кітабында былай деп жазады: «О, менің досым, жанның шынайылығына апаратын жүрек есіктері сен өлмейінше ашылмайды деп ойлама, жоқ, бұл олай емес. Егер адам өзінің сергек кезінде және оңаша отырғанда Алла Тағалаға бас ұрса, онда ол өзін рухани масқарадан құтқарады. Осындай адам көздерін жұмып, өзінің тән сезімдерін тоқтатып, аузымен емес, жүрегімен Алла Тағаланың Қасиетті есімдерін мадақтап, Аллаға өз жүрегін ашса, егер ол осының айналадағылардың бәрін ұмытып жасаса, онда осы күйге жеткеннен кейін, оның жүрегінің есіктері тіпті ол сергек жүргенде де ашылады. Сөйтіп ол басқа адамдар тек түсінде ғана көре алатын жағдайды сергек, ояу жүргенде де кеше алатын болатын болады. Ол жер мен көктен періштелерді көреді, пайғамбарлар жандарының өзінің қасында жүргеніне рахаттана алады.

Көзге көрінбейтін өрістерді егжей-тегжейлі зерттеу үшін барлық қасиет иелері, ақылгөйлер, пайғамбарлар мен елшілер медитацияға жүгінген, өздерінің ықыластарын бағыттай алу қабілеттері туралы ойланған, сөйтіп олардың әрқайсысы өмірлерінің қандай да бір сатыларында медитацияға жасауға жаттығып бірнаше ай немесе жылдарын өткізген. Бұл пайғамбар мәртебесіне жату үшін ұмтылыс жеткілікті деген ойға жетелемеуі керек. Бұл айрықша шарапат және Жаратушының сыйы және тек Алла Тағала ғана өзінің пайғамбары етіп сайлай алады. Пайғамбарлардың келуі мәңгілікке аяқталды, енді ешқашан да бірде-бір пайғамбар жіберілмейтін болады, алайда түйсік, көріпкелдік және алдын божағыштық бұрынғысынша өмір сүре береді».

 

Медитацияның  пайдасы

 

Ойды жүгендеп, бақылауға алып, бағындыруға болады, бұл адам тәнінің дене шынықтыру жаттығуларының көмегімен өзгере алатындығы сияқты. Біз ойлар мен ақыл-ойымыздың бізге ұзақ әсер ететінін білеміз. Егер біздің ойымызға қандай бір қорқыныш, үрей кірсе, арқамыз мұздап, денеміз тітіркенетінін сезінеміз, жанымыз тәнімізді тастап кетеіндей көрінеді. Дәл осы сияқты қуанышты ойлар бізді шаттандырып, өкінішті ойлар мұңайтады. Абыржыған кез келген адамның ойы шашырап, бір шешімге келе алмайды. Ол ықыластана алмау себебінен өзінің мүмкіндігін пайдалана алмайды.

Әдетте демалыс дегенді көпшілік төсекте жатып, күш-қуатыңды жоғалтатындай  ештеңе істемеу деп түсінеді. Алайда демалысқа деген мұндай көзқарас дұыс емес. Көптеген адамдар іштей күйзелісте болса да, сырттай байыпты көрінеді. Олардың ақыл-ой түрлі ойларға беріле беретіндіктен қажыған, сондықтан қуаттары өте жылдам азайып қала береді. Бәріміз білетіндей, ықыластана білу салауатты өмір сүруге көмектеседі. Үнемі қамыға беру бізді өмір қуатымызды көбірек жұмсауымызға мәжбүр етеді. Егер бұл қуат шамадан тыс жұмсалатын болса, денеміздің иммундық жүйесі әлсірейді де біз түрлі ару-сырқаулардың тырнағына іліне беретін боламыз. Жүйке жүйесі тозған кезде ақыл-ой белсенділігі баяулайды, жүйке жұқарып, есте сақтау қабілеті де төмендейді. Шешім қабылдауға күші қалмаған адам өмірдегі ойлаған мақсаттарына жете алмайды. Тәжірибе жүзінде дәлелденгеніндей, ойлардың шырмалуы және ақыл-естің реттелмеуі тән ауруларын тудырады. Жүрек аурулары мен өтте және бүйректе тастың пайда болуы ақыл-естің ретсіздігіне тікелей байланысты. Үнемі ой шырмауында жүру жүйке жүйесіне залал тигізіп, оны әлсіретеді. Жағымсыз теріс ойлар асқазан жарасы, қышқылдылық және іштің қатуы сияқты аурулардың тууына себепкер болады.

Ойды тыныштандыру үшін адамдар сана белсенділігін уақытша әлсірететін шараларға жүгінеді. Мысалы, адамдар санасын мазалаған ойлардан, уайым-қайғыдан арылу үшін алкоголдік ішімдіктер, дәрілер қабылдайды. Бұл ойлау сипатын ешқандай өзгертпейді, бірақ бір мезеттік тыныштық, мазасыздықтан арылу сезімін сыйлайды. Бұндай шаралар денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймайды, жүйке жүйесін әлсіретіп, адам әдеттегідей тез қартаяды.

Медицинада транквилизаторларды екі топқа бөледі: күшті және әлсіз. Бұл транквилизаторлар психикалық ауытқуларды, мысалы, күйзелістерді, шизофренияны, манияның әр түрлерін емдеу үшін пайдаланылады.

Күйзеліс – ауру адам өмірді мәнсіз және мұңлы деп қабылдайтын психикалық ауру. Ол айналаны тек жағымсыз жағынан қабылдайтын болғандықтан, өмірдің тек теріс жақтарын көреді. Ол туған-туыстарынан, отбасынан алыстап, жабық бөлмеде болғанды қалайтын болады. Өзін қорғансыз сезініп, адамдармен араласудан қашып, өзінің бөлмесінің терезе-есіктерін жабық ұстайды. Бұндай адамдардың тіпті күн ыстық болып тұрғанда да қалың көрпені бүркеніп жамылып жатуға ыңғайланып тұратыны, тамаққа тәбеті болмайтыны байқалған, ал тамақпен берілетін қуаттың жеткіліксіздігінен, олардың қаңқасы ғана қалады.

Шизофрения кезінде – аурудың санасы үнемі қысымда жүреді, оның көз алдына елестер, көрінбейтін заттар елестейді. Кейде ол өзінің ізінен қалмай жүретін көлеңкелерді көреді. Кейде ол өз тәнінен азат болып, ұшып жүргендей күй кешеді. Бұндай сәттерде ол терезеден секіріп кету қаупі бар. Енді бірде ол адамдардың дауыстары мен қандай да бір дыбыстарды алыстан естіліп жатырғандай еститін болады. Ол өзі ойлап тапқан дүниесінде тұйықталады. Ол тамаша бақты, өзін соның ішіндегі биік бір жерде көптеген адамдардың күтіп тұрғанын көреді. Кей уақыттарда теріс көңіл-күй оның санасын жеңіп, ол қандай да бір жағымсыз көірінсті көріп жылай бастайды. Оның сезімдері шатасып, кейде ол ақылды болып көрінсе, тағы бірде мәнсіз-мағынасыз сөздер айта бастайды.

Мания дегеніміз бұл – ауру адам ақыл-ой ауруына шалдығып, күйзеліс пен естен адасудан зардап шегеді, бұл ми клеткаларының қабығын бұзатын ойлардың шектен тыс ағынының қысымының нәтижесі болып табылады. Кей уақыттарда ойлар ағыны толастайды да ауру адам өзін бос сезінеді. Қалыпты жағдайда бұл қорқынышты емес, бірақ ойлар ағыны біркелкі болмай, ми клеткасына қысым біркелкі түспейді де, ақырында бұл есте сақтау қабілетінің жоғалуына алып келеді, ауру өткен күннің оқиғаларын еске алуға тырысады, бірақ бұл оның қолынан келмейді. Ойлар ағыны кейде жоқ болып кетсе, кейде ақыл-ой қалыпты жұмыс істей алмайтындай қысым түсіреді.

/жалғасы бар/

Алматы қаласы

 

 



вверх