Күн астында "күнбағыс" сияқты күн көрген "ұры" емшілер | ||
главная вернуться | ||
«Шипагерлік баян», наурыз 2013ж.
Бас редактор бағанасы
Бүгінде халық емшілерінің арасында медициналық білім алмаса да "дәрігер" және "ғылым кандидаты" атақтарын иеленіп жүргендер баршылық. Кейінгі кезде мұндай емшілер өздерін ашықтан-ашық "жоғары білімді медицина саласының дәрігерімін" және "ғылым кандидатымын" деген хабарламаларды да таратудан жалығар емес. Солардың шортандары мен серкелерінің теріс әрекетін көрсету адал ниетті, ақ халатты дәрігерлер мен иман жүзді емшілердің заң алдындағы адалдығы деп білеміз. 1. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан 1990 жылы құрылған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» жанынан ҚР «кәсіби халық емшілері ассоциациясы» 1992 жылдың маусым айында құрылып, оған Әділхан Ерманов деген емшіні президент етіп сайлаған-ды. Бұл қауымдастықты да 18 жылдан кейін Ә.Ерманов жауып тастады. Жоғарыдағы аталған Орталық пен Ассоциация басшыларының мақсаты халық емшілерін бір ортаға жию және осы саладағы құрылған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» РҚБ жою болатын. Осы аталған екі ұйымға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан материалдық және моральдық көмек көрсетілсе де халық емшілері үшін ешқандай ғылыми зерттеулер жүргізілмеді және емшілік саласы бойынша кітаптар мен газет шығару болмады, ақыры өздерін өздері жапты (2010 ж.). Не үшін? Белгісіз. Әділхан Ерманов мырза 1946 жылы туған. Мамандығы мәдениет қызметкері. Жамбыл облысындағы бұрынғы мәдениет техникумын бітірген. Бір қызығы өзі оқымаған Ақтөбедегі медициналық академиясының (институт) дәрігерлік дипломын алғаны жөнінде өз үйінде 2002 жылдың қыркүйек айында маған, Республикалық халық медицинасы Орталығы Бас директоры Шинтаев Шакенге және көптеген емшілерге көрсетіп мақтанды. Емшілер көрімдігін де беріп жатты. Ә.Ерманов Ш.Шинтаевқа бағынышты болғандықтан мен Ш.Шинтаевқа: "Естіген дәрігерлер мен емшілерден ұят болады, біз масқара боламыз, айтыңыз, Ә.Ермановтың медициналық дипломын жойыңыз", – дедім. Талап орындалмады. Содан бері 10 (он) жылдан асты. Ә.Ерманов болса Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтау қызметінің үздігі» деген атақты да алып үлгерді. Оның Ақтөбе ??????????? қаласындағы жарнамасында былай жазылған: «Приглашаем Вас 11.02.2004 года к 10 часам в офис Директора Актюбинского филиала на встречу с Президентом Ассоциации профессиональных народных цели-телей Республики Казахстан гос-подином Ермановым А. Для справки: Ассоциации професиональных народных целителей Республики казахстан в этом году исполняется 12 лет с момента её создания и всё это время её бессменным Президентом является господин Ерманов А., врач по образованию, Отличник здоравоохранения РК, 27 лет практикующий больных. Господин Ерманов А. Прибыл с целью проведения обучающих курсов будущих целителей, обладающих уникальным «божьим даром», с целью их дальнейшей опробации в клиниках области. Адрес офиса: улица Киселева 24, кабинет биоэнерготерапевта «БАПАН» Директор Актюбинского филиала АПНЦ Альмухамбетова К.Б» (Хабарлама сақтаулы). Ә.Ерманов мырза бұрынғы «кәсіби халық емшілері ассоциациясын» жапқаннан кейін, енді 2012 жылдың 21-желтоқсанында «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бір-лестігінің филиалы «Халық емшілері – Народных целителей» Ассоциациясын құрған. Ат-алған «Халық емшілері Ассо-циацияның» Республикалық I-конференциясын 2013 жылдың 12-13 наурызында Түркістан қаласында өткізбек. Бұған дейін құрылғанына 21 жылдан асқан «Қазақстан халық емшілері Қауымдастығы» РҚБ Ассоциацияның атын жамылып бұлардың өмірді қайта бастағаны заң талабына сай келе ме? Ә.Ерманов мырза бірнеше мыңдаған емшілерді бұған дейін ойыншық етіп, өздерінің тірі тауарына айналдырғандары аз болғандай, енді «жалған дәрігер» не тындырмақ? Ол өзіне көмектескен Е.Әбілқасымов пен Ш.Шинтаевке де сатқындық жасағанын білеміз. «Жалған дәрігер» Ә.Ермановтың бастығы «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Садыкова Айжан ханым, өзі басқаратын РҚБ «Ұлттық Медициналық Ассоциациясының» Жарғысына оның құрамында филиалы «Халық емшілері Ассоциациясын» құру жөнінде ҚР Әділет министрлігінен өзгеріс ендіріп тіркеткені заңдастырылған ба, бұл жағы түсініксіз. Дегенмен, А.Садыкова ханым өзінің басқаратын Ассоциациясының құрамында ашқан филиалы «Халық емшілері Ассоциациясымен» аттас заңды тұлға 21 жылдан астам уақыт қызметін жалғастырып келе жатқан «Қазақстан халық емшілері Ассоциациясы» РҚБ барын неге ескермеген? Бұл біздің құқымызды таптау. Қысқасы А.Садыкова ханым "жалған дәрігер" Ә.Ермановтың алдауына түскен. Қауымдастықтың Төралқасы Әділхан Ермановтың заңсыз алған Ақтөбе медициналық академиясының (институты) дәрігерлік дипломының күшін жойғызуды, «ҚР Денсаулық сақтау қызметінің үздігі» атағынан айыруды және «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» РҚБ филиалы «Халық емшілері Ассоциациясының» бұған дейінгі құрылған «Қазақстан халық емшілері Ассоциациясының» РҚБ атын келісімінсіз алуының заңдылығын тексертуді заң орындары мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен талап етуде. 2. Халық емшілері арасында ешқандай жоғары білімі туралы дипломы жоқ, бірақ жоғары білімді дәрігерлік дипломды және «медицина ғылымдарының кандидаты» атағын сатып алған Алматылық бұрынғы РХМО (директоры Ш.Шинтаев) Тохтахунов Абдрахман (1956 жылы туған, білімі орта, мамандығы жүргізуші, мекен жайы: Ақан сері к-і, 147 үй. ) деген халық емшісі 2003 жылдың ақпан айынан бері "медицина ғылымдарының кандидатымын" деп өзін баспасөз беттерінде, теледидарларда және жарнамаларда тұрақты хабарлап келеді. Бұл азаматтың жат қылығын медицинаның заңын таптау екендігін ескертіп сол кездегі бастығы Ш.Шинтаевке ескерткенмін. Бәрі өзгеріссіз қалды. Ал, мен А.Тохтахуновты өзіме шақырып ескерткенімде: «Ақшаң болса бәрін сатып аласың», – деді. Бұдан кейін А.Тохтахуновтың 1987 жылы 25 шілдеде АН № 654982 дипломы берілгені рас па деп сол кездегі ҚазақҰМУ ректоры Т.А.Муминовке хат жаздық. А.Т.Муминов мырзадан: "А.Тохтахуновтың КазҰМУ оқымағандығы және АН № 654982 дипломы берілмегендігі жөнінде (ФБ 19 №17-1-13)" хат келді. Және «медицина ғылымдарының кандидаты» атағын алғаны жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары аттес-тациялық комитетінің Төрағасы А.Құсайыновқа хат жаздық. А.Құсайыновтан азамат А.Тохтахуновқа «медицина ғылымдарының кандидаты» атағы берілген жоқ деген жауап келді (12.02.04. №В-61-59/13-0070). Емшілік мәдениетін көтеріп, білімін арттырып және оларды адалдық пен имандылықтың жолына тәрбиелеу қажет. Бірақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің халық емшілігі саласына жауапты шенеуніктерінің ширек ғасырға жуық аралықта емшілерге бірде бір жақсылықтың нәтижесін көрсетпеуі, күн астындағы "күнбағыс" сияқты "ұры" емшілердің қатарының көбеюіне себеп болып, ұлттық емшіліктің абыройын айрандай төгуде. Киелі тектік қасиет – ол емшіге Алланың берген сыйы және ешкім де оны жоя алмайды. З.Қожалымов – Қауымдастық президенті
| ||