ҒАРЫШТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 главная                                        вернуться 

 

 

 

Зядан Қожалымов

профессор, мәдениеттанушы-ғалым

«Шипагерлік баян», мамыр 2013ж.

/басы өткен сандарда/

Ми клеткаларындағы ағын ретсіз болып, оның таралуы біркелкі болмайды да, ауру адам қарама-қайшы сөздер айтады. Ол бірде аспан туралы, бірде жер туралы әңгімелер айтады. Енді бірде ол өзін патшамын десе, тағы бірде патшалықтан бас тартып шыға келеді. Аса ауыр жағдайларда ауру шешінгісі келіп тұрады, ас ішу туралы ойламайды, үлкен қашықтықтарға жаяу жүре береді. Ол шаршауды сезінбей, тез-тез жүреді. Ол айналадағыларға көңіл бөлмейді, оның көзі бос кеңістікке тесірейеді. Оның өмірінде қандай бір тәртіп, бірізділік деген болмайды. Мезгіл-мезгіл аурудың дене қуатының артатыны соншалық, оны байлап тастауға тура келеді. Сөздері байланыссыз.

Бұндай ауру адамның көздері ерекше жарқырап тұрады. Ол көздерін өте сирек жыпылықтатады.

Психикалық және ақыл-ес ауруларын емдеу үшін берілетін  мұндай күшті және әлсіз дәрі-дәрмектердің мынадай теріс әсерлері болады: ауыздың құрғауы, көрудің әлсіреу, қан қысымының төмендеуі, қандағы қанттың артуы, өттің көбеюі, температура, діріл, абыржыңқылық, қорқыныш-үрейлер, ақыл-ой аурулары, тәбеттің жоғалуы және есін жия алмау жағдайына алып келетін басқа да құбылыстар.

Әлсіз транквилизаторлар ауру адамның тынышталуы үшін қолданылады.

Бұл дәрі-дәрмектердің ең бір теріс әсері ауру адамдардың оларға үйреніп кетуі болып табылады. Ұзақ ем қолданған кезде препараттың белгіленген мөлшері әрекет етпейтін болады.

Белгілі бір уақыт өткеннен кейін оның мөлшерін көбейту керек болады. Дәріні аяқ астынан тоқтату ұстамалы аурудың ұстауына, ұйқысыздық, қалтырау, құсу, дененің ауруына және ойды жинақтай алмауына алып келуі мүмкін.

Бұған қарағанда, тәжірибелі терапевт өткізетін медитация ой-  сананы тыныштандыратын әсер беріп қана қоймайды, сонымен бірге ойды тазартып, ой ағыны бір қалыпты болып реттеледі.

Медитация  жан  мен  естік ара қатынасының қалыпты болуына мүмкіндік береді де, ауру адам өзінің жанынан жаңа қуат алады.

Ұйқы кезінде және сергек жүргендегі ақыл-ес жағдайы әртүрлі болатындықтан, мидың зақымдалған клеткалары мен зарар келген  жүйкелердің емделу мүмкіндігі артады.

Адам денесінде бір-біріне тәуелсіз екі жүйе әрекет етеді, олар: симпатикалық және парасимпатикалық жүйелер. Симпатикалық жүйе жүрек соғысы жылдамдығының артуына, қан айналысының    күшейюіне, көздің сыртқы мөлдір қабығының кеңеюіне жауап береді, ал екінші жүйе жүрек соғысының және қан айналысының баяулауына, көздің сыртқы қабығының тарылуына, дененің түрлі бөліктерінің қозғалуына жауап береді. Жүйе еріксіз жұмыс істейді, мысалы, біз өзіміздің тыныс алуымызды бақылай алмаймыз.

Демімізді алмай отыруды ойласақ та ол ұзаққа созылмайды, яғни аздаған уақыттан кейін біз қайтадан демалуымыз керек болады.

Сол сияқты біз жүрегіміздің соғысын да бақылай алмаймыз. Медицина қызметкерлері мен психологтар адамдарды көптеген дауасыз дерттерден қорғау үшін парасимпатикалық жүйенің қызметін әсер ету тәсілдерін іздестіруде. Осы бағыттың шеңберінде ғалымдар «Биокері байланыс» әдісін әзірлегеп шығарған болатын, сондай-ақ басқа да зерттеулер жүргізілуде.

Медитация көмегімен парасимпатикалық жүйеге оң әсер етуге болады. Медитация тыныштық күйіне тереңдеуге көмектеседі, бұған күнделікті тірлікте қол жеткізе алмаймыз, өйткені біздің ақыл-ойымыз бір орында ұзақ тұрмайды. Бір жерден екінші жерге тыным таппай, көшіп жүреді. Медитация ерік күшін дамытып қана қоймайды, сонымен бірге адамның жан саулығы мен тән саулығына пайдалы болып табылады.

Тәжірибелер мен бақылаулар медитацияның төмендегідей физикалық және психикалық артықшылықтар бар екенін дәлелдеді:

– қан қысымын бақылау;

– тіршілік күшінің артуы;

– көру қабілетінің жақсаруы;

– шығармашылық қабілеттердің дамуы;

– жүрек жұмысының жақсаруы;

– есту қабілетінің жақсаруы;

– иммунитеттің күшеюі;

– эмоционалдық қозу, күйзелістерді жеңі мүмкіндігі;

– жай таппай мазасызданудан арылу;

– қызыл қан түйіршіктерінің көбеюі;

– ерік күшін және ұтымды шешімдер қабылдау қабілеттерін дамыту;

– ұйқысыздықты емдеу және ұйқыны жақсарту;

– батылдық пен ержүректілікті дамыту;

– қызғаншақтық сияқты теріс эмоциялардан арылу;

– медитация жасауда жетістіктерге жеткен кезде жын – шайтандардың, сиқыршы-көз байлаушылардың зиянды әсері бейтараптандырылады.

 

Нәзік сезімдер

Медитациямен жүйелі түрде айналысатын адам жарық пен толқындарды жинай бастайды және бұл оған тартылыс күшін жеңуге мүмкіндік береді. Осы жарыққа ие бола отырып, шәкірттер ауырлық күші әрекет етпейтін күйлерді бастарынан кешеді.

Яғни медитация кезінде немесе басқа жағдайларда, жүріп келе жатырып, отырып не тұрып олар салмақсыздық күйін кешеді.

Кейде шәкірт өзін жарықтан жаралғандай сезінеді де медитация кезінде салмақсыздық жағдайында өзін ауада ілініп тұрғандай сезінеді. Ол түрлі жарықты көзін ашып та жұмысп та тұрып сезіне береді.

Адам өз миында жарық жарқылын көреді. Ол ток ағынының денесінен өткенін сезінеді. Кейде жарық ағыны шектен тыс көп болған кезде, денеде жоғарғы әсер болады. Тыныштық және рахат сезімі тереңдей түседі. Қабілеттер еселеніп, күшейе түседі, тұрақсыз ойлар реттеледі. Медитация жасаушылар сезінетін осы және осыған ұқсас күйлер адамның рухани күшінің артуын және адамға әсер ететін жарық жүйесінің күшеюін дәлелдейді.

 

Медитация және ұйқы

Медитация мен ұйқыны біріктіруге болмайды, сізді ұйқы жеңіп бара жатқанын сезсеңіз, медитация жасаудың керегі жоқ.

Егер сіз жаныңызбен де, тәніңізбен де шаршауды сезінсеңіз, медитация жасауға кіріспес бұрын біраз уақыт демалып алғаныңыз жөн. Шаршаңқы күйден арылу үшін, бірнеше рет терең, бірақ жай тыныс алыңыз, медитация басталғанға дейін денеңізді бос ұстаңыз. Терең демалып, қуат толқынының сіздің денеңізге кіріп жатқанын ойда ұстап отырыңыз. Осының бәрін бірнеше минут ішінде жасап шығып, сіз өзіңізді анағұрлым жақсы сезінесіз.

Медитация аяқталғаннан кейін тағы да біраз уақыт отыра тұрыңыз. Медитациядан шыққан кезде сіздің көңіліңіз ішкі дүниеден сыртқы дүниеге ауысады. Оянғаннан кейін ұйқының қалдығы мен сергектікті кезек-кезек сезінесіз. Осылайша, медитация позасында отырып, оны аяқтағаннан кейін медитация күйін сіз бірте-бірте сергектік күйіне тән жағдайға ауыстырасыз.

Медитация біткеннен кейін біраз уақыт отырған күйіңізді сақтай отырып, тұрыңыз да бөлме ішінде жай және асықпай бірнеше қадам басып жүріңіз. Егер сізге сөйлесу керек болса, онда асықпай сөйлеңіз. Бұл шаралар медиатция күйінен сергектік күйіне ауысуға көмектеседі. Спиритуализм ілімінде өте ұзақ ұйқы жақсы жағынан қарастырылмайды, себебі ұзақ ұйықтау ақыл-ойдың әрекетсіздігіне алып келеді. Сондықтан да ұйқының шамадан тыс болмағаны жөн. Аз ұйықтау әдеті адамның рухани әлеуетін белсенді етуге өте қатты әсер етеді. Алайда қарапайым адамдарға, әсіресе медитация жасауды үйреніп жүргендерге ұйқыны бірден қысқартуға кеңес берілмейді. Ұйқының орташа ұзақтығы алты сағаттан аспауы керек. Кейбір адамдар көркем әдебиеттер мен журналдар оқуды әдетке айналдырған. Бұның нәтижелерінің бірі – ақыл-ой ұйықтар алдында оқыған кітаптан әсерлер қабылдап, бұл әсер ұйқы кезінде қайтарылады. Бұл ақыл-ой әдетінен пайда алуға болады. Ұйықтар алдында медитация жасасаңыз, оның әсері ойыңызда айналыс жасап жүреді. Бұдан бұрын айтылғандай, медитация мен ұйқыны араластыруға болмайды, яғни медитация кезінде әдейі ұйқыға кетуге болмайды, дұрысы бірнеше минут медитация жасаңыз да сондан кейін ұйқыға жатыңыз.

 

Энергия қоры

Біз әрқашан ғарыштық ақыл-оймен байланыста боламыз, әсіресе, бұл медитацияны жүйелі түрде жасағанда көрінеді. Бізде белгілі бір деңгейде ғарыштық-ой қуаты жинақтала бастайды. Бұл қуатты сақтап, оны тиісінше және қажетті мақсаттарға пайдалану үшін қуатты жоғалтуға әкелетін қандай да бір әрекеттерден аулақ болу керек. Бұл қуат медитация кезінде көбейіп қана қоймайды, сонымен бірге рухани әлемге жол ашатын сезімдерді белсенді етеді. Егер біз өзіміздің ақыл-ойымызды бақылай алмасақ, бұл қуат бізді қуаттандыратын жоғарғы жаққа бағыттаудың орнына төменге бағыттап, төменгі мақсаттарды орындауға бастауы мүмкін. Сондықтан ақыл-ойыңызды бір бағытта ұстап, бақылап отыру керек. Басында кейбір адамдар шыдамсыздық танытып, зерігіп кетеді, бірақ бірте-бірте бәрі қалыпқа түседі.

Кез келген уақытты күйзелістер мен уайымға берілмей, тыныштық сақтауға үйреніңіздер. Ерік күшінің көмегімен ақыл- ой әділ әрі беліглі бір мақсаттарға бағытталған болады. Бұл біздің күнделікті мазасыздықтарымыз бен қиыншылықтарымыз ақыл- ойымызға әсер етпеуіне көмектеседі. Кейбір жаңалықтар бізге қуаныш пен ризалық сезімдер сыйласа, басқалары көңілімізді түсіреді. Бұл екі жағдайда да өзіміздің көңіл-күйімізді бақылай алуымыз керек. Жүйке қуатын жоғалтуға әкелетіндердің бәрін азайту керек. Мысалы, қатты дауыстар, мазасыздық, ашу, долдану, қажетсіз күмән, және т.б. Бұл жағдайлардың бәрінде де ақыл-ой қызметін бақылауда ұстау үшін қанағатшылдық ұстанымдарын алға қою керек. Түрлі қимыл-қозғалыстарымыз бен ақыл-ой қызметін бақылауға ала отырып, біз өз ақылымызды ерік күшімізге бағындыра алатын боламыз.

Тіпті біз медитацияға бой алдырып, соның әсерін сезініп жатсақ та, ақыл-ойдың сергектігі санамызда әрекет етіп, бізге күшті әсер ете береді. Қоршаған ортаның әсерін бақылау тек белгілі бір шектерде ғана мүмкін, бірақ ойлану образын ішкі тыныштық пен ықыластану күйі бұзылмайтындай етіп өзгертуге болады. Шыдамдылық, ризашылдық, сенімділік, көнбістік және шынайылық күмандар мен сенімсіздіктен арылып, ақыл-ойдың жоғарғы дәрежеге көтерілуіне көмектесетін ізгі қасеттер болып табылады. Ерік күшінің көмегімен ақыл-ойды бұзылған әрі төмен ойлардан аулақ ұстау керек. Ақыл-ойы мазасыз адам өзі қайғырып қана қоймайды, сонымен қатар айналасындағылардыңда мазасын алады.

Ақыл-ой әрекетсіз қалып, адаспауы үшін өміріңізде болып жатқан оқиғаларды ырғақты кезегімен қабылдау керек. Бос уақыттарыңызда қандай да бір пайдалы, салауатты істермен айналысу керек. Бұл ақыл-ой мен физикалық қуаттың босқа жұмсалуын болдырмайды. Әуестік ретінде кітап оқу, әңгімелер жазу, сурет салу немесе басқа да шығармашылық істі таңдап алуыңызға болады. Ойындар мен басқа да лайықты шынығу жаттығулары ақыл-ой мен дененің саулығын ұстап тұруға көмектеседі. Бос әңгімелерден аулақ болу қуатты сақтап қана қоймайды, сонымен бірге біліміңізді арттыруға да көмектеседі.

 

Тыныс алу

Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Ол жүйке жүйесінің жұмысы мен адамның көңіл-күйінде маңызды орынға ие. Тыныс алудың ырғақтылығы мен жиілігі түрлі көңіл-күй кезінде өзгеріп отырады. Естен танған кезде тыныс алу қиындайды. Ашуланған және долданған кезде тыныс жиілейді. Тыныштық кезінде тыныс алу қалыпты болып, баяулайды. Егер біз қандай да бір толқуды басымыздан кешірсек «тынысым тарылып кетті» деп жатамыз. Бұдан шығатын қорытынды – рухани күштер мен тыныс алу бір-бірімен тікелей байланысты. Рухани ғылымдардың талаптарына сәйкес тыныс алу екі тұрғыдан қарастырылады: жоғарғы және төменгі. Демді ішке тарту – жоғарғы тыныс, демді шығару – төменгі. Тыныс алудыңжоғарғы тұрғысы өзінің табиғи күйі бойынша бізді руханилыққажақындатады, ал төменгі тұрғы төменге, гравитациялық тартылыс орталығына тартады. Біз демімізді ішке қаншалықты тартып тұра алсақ, соншалықты рухани күйде бола аламыз.Егер адам тыныс алуын тоқтатса, оның физикалық денемен байланысы үзіледі. Сондықтан саналы ақыл-ойда тұрып, санадан тыс сезімдерді пайдалану үшін өзіңіздің тыныс алуыңызды тоқтатудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше тыныс алу жылдамдығын азайтсаңыз, сол жеткілікті болады. Терең ұйқы жағдайында тыныс алу мәнері мен жиілігі айтарлықтай өзгереді. Тыныс алу жылдамдығы азайып, демді ішке тарту ұзақтығы артады, ал демді шығару жылдамдығы азаяды. Бұл бізде ішкі сезімдер басым болған кезде тыныс алу жылдамдығы баяулап, ал ұзақтығы артатынын дәлелдейді.

Егер адам алдына мақсат қойып, тыныс алудың осы тәсіліне жаттығатын болса, санадан тыс күйге ол санасымен ұзақ уақытқа және өңінде де қол жеткізе алатын болады.

1-жаттығу. Сізге ыңғайлы кез келген қалыпта отырыңыз, басыңыз бен арқаңызды тік ұстаңыз, бірақ денеңіздің бір де бір мүшесіне күш түсірмеңіз, мұрыныңыздан деміңізді шығарып, өкпеңізді босатыңыз. Содан кейін мұрыныңызбен жай дем алыңыз, өкпеңіз ауаға толғанша өте баяу дем алғаныңыз аса маңызды. Деміңізді тартпай, ерніңізді ысқырған кездегідей ұстап, дем шығара бастаңыз. Демді алу мен шығару бір кезең болып табылады. Дем алу және шығарудың он бір кезеңін жасаңыз, кезеңдер саны бірте- бірте жиырма бірге дейін көбейтілуі тиіс. Бұл жаттығу адамға көкетінің қозғалысын бақылауға және демді ішке тарту ұзақтығын арттыруға көмектеседі.

Медитацияны орындау кезінде тыныс алу жиілігін әдейі төмендетпеген жөн, бұл сіздің ойыңызды тек тыныс алумен әлек болып, медитацияның мақсатын бұзуға алып келуі мүмкін. Сондықтан тыныс алуды медитация алдында баяулатқан дұрыс: біраз уақыт демді баяу ішке тартып, баяу сыртқа шығарыңыз, тек содан кейін ғана медитацияға кірісуіңізге болады. Тыныс алу өзінен-өзі баяулайды.

/жалғасы бар/

Алматы қаласы

 

 



вверх