ЕМШІЛЕР  БІРЛЕСТІГІ ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛДЫ?

 главная                                        вернуться 

 

 

 

Зядан қажы Қожалымов

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,

«Албан шежіресі»  авторларының бірегейі

«Шипагерлік баян», шілде 2013ж.

 

/басы өткен сандарда/

 

Көретінің әлі алда екен

 

Қауымдастық тіркеуден өтісімен-ақ, оның Жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін ең алғаш емшілердің білімін жетілдіру мен көтеру мектебінің 120 (жүз жиырма) сағаттық  оқыту бағдарламасын қауымдастықтың Бас директоры Тұрсын  Бекенов екеуміз жасап, хабарлама беріп бастап кеттік. Отырған мекен-жайымызда мәз емес, орташа ғана бөлме болатын. Қауымдастық орналасқан Аңшылар қоғамының ғимаратындағы үлкен залын  сұрап алдық та, халық емшілерінің білімін көтеру мектебінің оқыту бағдарламасын бастадық. Жаңадан келуші емшілер бірінің артынан бірі келіп, көбейе бастады. Бұл жақсылық пен жаңалыққа қуанғандар мен қарсы болғандар пайда бола бастады.  Әсіресе ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі оның емдеу басқармасының бастығы Мусин Ерік Мағзымұлы  мен осы Министрлік  жанынан ашылған Республикалық халық медицинасы Орталығының Бас директоры Ерасыл Абылқасымов және оның  оның емшілері Әділхан Ерманов, Жақсыгүл Бейсенбаева т.б.  емшілерді оқытуға  қарсы болып бірден  өздерінің арампиғылды шабуылдарын  бастап кетті. Қауымдастық заңды тіркелсе де, қызметін заңсыз, басшысы сауатты емес, өмір сүруі бір жылдан аспайды деп, сандырақтарын жаудырып жатты. Біз мұндай өсек-аянға қарамастан қауымдастықтың Жарғылық қызмет тұрлерін жалғастыра бердік. Ақыры он жылдан асқанда қарсыластар сенбестей қауымдастық туралы менің және басқа да мамандардың том-том еңбектері жазылды. Халық емшілігі бойынша көп салалы ғылыми зерттеулеріміз оның ғылыми айналымға енуіне және әлемдік деңгейге көтерілуіне жол салды, қазақтың халықтық шипагерлігінің тарихы жазылған еді. Осы жетістік нәтижесінде қауымдастық өзінің жеке сайты арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әлемдік ғаламторда қазақтың халықтық шипагерлігін шартарапқа таратып та үлгерді. Қазақстан халық емшілері қауымдастығы өзінің халық медицинасындағы ғылыми жақтағы жетістігі үшін, БҰҰның жанындағы Денсаулық сақтау Департаментінің тұрақты тізіміне 2012 жылы тіркелді. Қауымдастық басшысы атына арнайы хаттарын да жіберді.  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қолдаған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» болса  кейінгі директоры Шәкен Шынтаевтың қулық айласы нәтижесінде 20 (жиырма) жылына да жете алмай ынтымақтың жоқтығынан барлық емшілерінен айырылып, тарап кетті. Бұл Орталық ұдайы бүлік салу, басқаны қорлап өсек тарататын  «нағыз қанды қол қарақшының» ордасына айналды. Қажет болса Ш.Шынтаевқа жақпағандарды бұл өмірден өзі тіркеген емшісі, өзбекстандық бандиттері арқылы атқызып та, улы заттар көмегімен де көздерін жойғызуда. Атап айтқанда, 2010 жылы мамыр айынан бастап қауымдастықтың вице-президенті А.Бодровты менің келісімімсіз өзіне алдап арбау арқылы Экс-кеңесші қызметіне  жұмысқа алған. Оған арнайы құпия тапсырма бергенін біз А.Бодровқа ескерттік, сен өзің өлесің дедім де.  Ақыры А.Бодровты  2011 жылдың 17 ақпанында Ш.Шынтаевтың емшісі болған өзбек бандиттері қолынан тірідей пышақталып, атып өлтірілді. А.Бодровтың кінәсі арнайы тапсырманы орындамағаны еді. Бұған мені кінәлі деп заң орнын бір айдан аса алдағанын мен екі күнде әшкереледім. Ш.Шынтаевтың сенімді орынбасары, Өзбекстан азаматы, барлау разветканың подполковнигі Анвар Незов алып келген өзбекстандық бандиттер екенін заң орны анықтады және ұстады. Бұл бандиттер кейін жазықсыз төрт адамды атып өлтірсе, оларды ұстау кезінде ІІМ  «Сұңқардың» он бір қызметкері әртүрлі жарақат алды. Екінші жағдай, бұдан кейін тағы да қауымдастықтың вице-президенті Ермек Мырзагелдиевті де Ш.Шынтаев торына түсірді. Ермек те аяқ астынан жұмбақ өлімге ұшырады. Сонда Ш.Шынтаевты жағалаған қауымдастықтың екі бірдей вице-президенті неге бірінің артынан бірі өле берді?  Құпия сол күйінде қалуы керек пе?! Бұл аз болғандай Е.Мырзагелдиев басқарып келген Қауымдастықтың заңды бөлімшесі "Әлмерек Абыз" атындағы рухани-сауықтыру Орталығын (Қауымдастықтың Төралқасы шешімі Протокол №01, 13.01.2003ж.) Ш.Шынтаев мырза иемденіп алған сияқты. Бұған біз де және заң да рұқсат ете алмайды.  Болашақ ұрпақ білсін, оқысын және халық емшілігіне оң таныммен қарасын деген ниетпен, басымыздан өткен ауыр күндердің тарихынан аз да болса біразын  хабардар еттік.  Қауымдастықтың қызметінің басталуына тоқталсақ: Қауымдастықтың тұңғыш рет облыстық бөлімшесін Оңтүстік Қазақстан облысында 1992 жылдың сәуір айында ашсақ, ол облыстық Әділет басқармасынан №0068 тіркеу куәлігін 1992 жылдың 18 маусымында алды. Оңтүстіктің телеарнасы мен "Оңтүстік Қазақстан" газеті басшылары қауымдастықтың жұмысын қолдап, күн ара хабарларын беріп тұрды. Мұнда да облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан, басқа да бақылаушылар  бізге тыныштық бермеді. Бізге қарсылық көрсеткендердің ішінде басқа ұлттардың өкілдері болмады, амал қанша өзіміздің қандастар бәрін ұйымдастырған еді.

Мамыр айының 7-9 жұлдызы аралығында мен Шымкент қаласында емшілердің I- Республикалық конференциясын өткіздік. Қарсыластар енді бізді дуақандар мен сиқыршылар арқылы (Шымкенттен, Түркістаннан, Тараздан  т.б.) тағдырымызды талқандамақ болды. Мұнысынан ештеңе шықпады, мені құлата да алмады, біз өз жұмысымызды аяқтап, енді Қызылордадан облыстық екінші бөлімшені ашуға аттандық. Қызылорда облыстық филиалы (№0067 тіркеу куәлігін 16.06.1992.), Жамбыл облыстық филиалы (№0040, 11.08.1992.),  Ақмола облыстық филиалы (№0038, 12.08.1992.), Торғай облыстық (Арқалық)  филиалы (№0051,  19. 08. 1992.), Талдықорған облыстық филиалы (№0033, 28.08.1992.), Жезқазған облыстық филиалы (№0023, 10.09.1992.), Қарағанды облыстық филиалы (№0050, 18.09.1992.), Алматы облыстық филиалы (№0044, 28.09.1992.), Атырау облыстық филиалы (№0038, 06.10.1992.), Батыс Қазақстан облыстық филиалы (№0083, 07.11.1992.), Семей облыстық филиалы (№0037, 28.11.1992.), Ақтөбе облыстық филиалы (№0027, 08.12.1992.), Көкшетау облыстық филиалы (№0045, 09.12.1992.),  Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы (№0036,10.12.1992.) және Алматы қалалық филиалы (№0057, 09.12.1992.) жергілікті Әділет басқармаларынан заңды тіркеуден өтіп іске кірісуі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі шенеуніктердің жүйесіне инедей қадалғаны соншалық, олардың басқаша әдіспен қауымдастықтың қызметін тоқтатудың айла-тәсілін ойлап тапты. Бұл жолы қарсыластар таныстары арқылы қауымдастықты заңды тіркеген ҚР Әділет министрлігінің қауымдастықтың қызметін 3 (үш) айға  тоқтату жөніндегі №10-22-264 санды (15.12.1992.) шешімін шығартты.  Мемлекеттік жеті министрлік пен комитет және банктерді Қауымдастықтың қызметін тоқтатуға қарсы қойды.  Заңдылығы мен заңсыздығына қарамай Қауымдастықтың қызметі мен басшысы және емшілерін  уақытқа қарамай тексеру басталды. Киелі қасиетті тылсым күштің иелері мен қауымдастық материалдық, моральдық және психологиялық ауыр соққыға душар болды. Мені күнде бақылау орындарында өтірік кінә тағып сұраққа алды. Мен де тергеушілерге сендер неге жалған жала жабасыңдар деп қаттырақ айтқанымда,  маған бір адал  жүректі ұлты орыс тергеуші әйел: «Сіз ренжімеңіз, сізді Одақ біледі, бірақ жоғарыдан келген тапсырманы орындаудамыз», – деген сөзі бүгінге дейін құлағыма естіліп тұрғандай сезінемін.

 

Жығылсаң да жылама - орында аманаты

 

Жоғарыдағы жағдайдан кейін қауымдастықтың барлық филиалдары өз қызметтерін тоқтатты. Бір жылда  үш рет Құрылтайын өткізген қауымдастық 1993 жылдың 19 наурызында  ҚР Әділет министрлігінен қайтадан екінші рет тіркеуден өтті де, филиалдарын қайтадан тіркетуді бастады. Қаражат жоқ, жағдай ауыр еді. Қарсыластар енді қауымдастықтың үні өшті деп тойлауын бастағанда, біз өз мақсатымызға жетіп қауымдастық қызметін қайта бастадық. Тағы да қарсыластардың жыны қозып, екінші рет қауымдастықтың қызметін тоқтаттыруға әрекет етті. Өміріміз айтыс пен тартысқа толы болды. Өзімізден адам болып, атақ-абыройға ие болған қауымдастықтың мүше-емшілері ішінен өз ұясына оқ атып, қарсыластар қатарына қосылған сатқындар да болды. Бүгінде бұл сатқындардың көбін іздесең де таппайсың. 1998 жылдың соңында біздің күндіз күлкіміз бен түнгі ұйқымызды бұзған негізгі ұйымдастырушы ҚР Денсаулық министрлігінің жанындағы «Республикалық халық медицинасы Орталығындағы» (Бас директоры Е.Абылқасымов кейінгісі Ш.Шынтаев) былықтың ашылуына ықпал еттік. Қауымдастық атына Алматы облысы мен Алматы қаласы бойынша ҚР ҰҚК-нен  Емшілер Орталығының былығын тексертуге тиісті орындарға нұсқау берілгендігі туралы 1998  жылдың 9-желтоқсанында №5.1534 санды хат келді. Е.Абылқасымов пен Ш.Шынтаевтың Орталығы 1997-1998 жылдары аралығында мемлекетке 26 495 000 мың (Жиырма алты миллион төрт жүз тоқсан бес мың теңге) салық төлемегенін (нақтысы қырық бір миллион теңге) Алматы қалалық салық Комитетінің Бостандық аудандық салық комитеті анықтап, төлеуге  бұйырды (Бостандық ауд. Салық комитетінің хаты № 081-6-2/10160, 31.12.1998. және №3-8/1796,22.02.1999. Алматы қаласының салық Комитетінің хаты №81-6-2/674, 28.01.1999. Мемлекеттік кіріс министрлігінің хаты ДНП-4-22 (1527), 29.03.1999. және Алматы қалалық Салық полициясының да 1999 жылдың 23-сәуіріндегі №3-3-2-9/4638  санды хатын да алдық.  Бұл салықты мемлекетке толық төлемеуі де мүмкін. Күмәніміз бар.  Халқымыздың: «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» – деген дана сөзінің шындығы  осылай аяқталған еді жанашыр ағайын! Иттер үрді, үрулерін жиырма жылға дейін жалғастырды. Аталған шонжарлар Орталығы 20 (жиырма) жылдығына екі -үш ай қалғанда  білдірмей қызметін тоқтатты. Неге? Бәрі құпия. Шындығы аталған  салықтан құтылу үшін ауыздары майланған кеңесшілері арқылы «Банкрот» жасаған шығар, бұл да алдағы уақытта тексерілері мүмкін. Осы Орталықтың 20 (жиырма) мыңдай атақтары жер жарған ҚР "Кәсіби халық емшілері"  күресінге қажетсіз тауардай лақтырылды. Қазір бұлардың бесеуінің де басын қоса алмайсың және таппайсың. ХV ғасырдың ғұлама ғалым-шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы: «Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады» дегеніндей бізді жүйесіз сыбағандардың жүйесіз қарғысы өздерін тапқанына бүгінде Алла Тағалаға  тәубе дейміз. Жаным қиналғанда:

            Арамдықпен түсірем деп торыңа,

            Тұзақ қойдың, тобырыңмен жолыма.

            Қалыңына сен табынсаң қалтаңның,                          

            Мен табындым Құдайдың ақ жолына! ...

 

деген арман зарым да бүгінде жақсылықпен орындалды ағайын! Бақыт – маған ұзақ жылғы шындықтың күресінің оң нәтижесі сияқты сезіледі. «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі де 22 (жиырма екі) жасқа толуға жақындады. Қауымдастықтың қызметі мен жетістігі де өзінің жеке сайтында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сайрап тұр. «Шипагерлік баян» газеті оқырмандарының рухани құралына айналды. 2012 жылы 10-шілде де Қазақстан Республикасының Заңымен (8-тармақтың 8-тармақшасы) ҚР Денсаулық  сақтау министрлігі тарапынан  емшілердің қызметін бақылауды алып тастады. Бұл Заң жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және Формацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасы Д.Есімов мырза да қауымдастықтың басшысына хабарлады (Хат №31- 347.  01.03.2013 ж.).  21 жылғы айтыс та аяқталды. Емшілер дәрігерлердің «құлдық» бақылауынан  құтылды.  Әділ Заңның әрбір емшіні басқалардың бодандығынан құтқарғанына тәубе дейік  менің замандастарым! Еліміздің тәуелсіздігімен құрдас «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы ұлттық шипагерлік дәстүрін ғылыми тұрғыда  әлемге таныту үшін және сырқат жандарға  шипалы емнің пайдалы қызметін көрсетуде    әлі де талай белестерден өтерін сезеді және жетістікке жете алады да.

 

/жалғасы бар/

 

Алматы қаласы

 

 

 



вверх