Әуендік терапияның болашағы

 

 главная                                        вернуться 

 

 

 

Зядан қажы Қожалымов

профессор, мәдениеттанушы-ғылым

«Шипагерлік баян», шілде 2013ж.

 

/басы өткен сандарда/

 

Әуенмен емдеу – денсаулыққа пайдалы.

Адам денсаулығының сырқатын емдеудің әдіс-тәсілдері әртүрлі болады. Соның бірегейі әуен терапиясының жаңа технологиясы.

Бұл емдеу әдісі жан мен тәнді дәрі-дәрмексіз емдеуде емшілікте басты бағытқа айналуда, бұл бағыт адамға дәстүрлі халық медицинасының ең озық үлгілерін үгіттеуге мүмкіндік бере алады.

Ағза өмірлік күшінің генетикалық қорын табиғи түрде жұмсап бітірген кезде, денсаулығы мықты әрі бақытты болуға тырысатын адамдардың бәрі бірдей қартайғанға дейін жақсы көңіл-күйін сақтағанымен, содан кейін жеңіл әрі тыныш жеке өмір жолын аяқтай алмайды.

Мұндай жағдай көбінесе өзін-өзі танып-білмеуден, өзінің табиғатын, ағзасының ерекшеліктерін, психикасын және солардың арасындағы байланысты түсінбеуден туындайды.

Жан және тән үндестігі тек сирек жағдайда ғана берілетін табиғаттың жомарт сыйы. Бірақ әуенмен емдеу құпияларын ашу

- әркім үшін мықты денсаулыққа және өмір жасының ұзақтығына апаратын шынайы жол. Адам неғұрлым жас кезінде өзін-өзі, өз ағзасын танып-білсе, өзінің психикасының ерекшеліктерін соғұрлым ерте түсіне бастайды да, оның кейінгі өмірі салауатты және бақытты болады.

Әуенмен емдеу жолы адамдарды жылдар бойы азаптап келе жатқан созылмалы аурулардан арылтады, жедел өтетін ауруларды, жүйке күйзелістері мен невроз сияқты ауруларды емдеп-жазуға көмектесе алады.

Әуенмен емдеу кезінде жазылатын ауруларды үш топқа бөлуге болады.

1. Психикалық аурулар:

• ұзаққа созылған күйзеліс жағдайына негізделген иммундық жүйе жұмысының бұзылуы;

• терінің аллергиялық аурулары (қышитын бөртпелер, безеулер, экзема, нейродермиттер мен токсикодермиттер);

• тыныс алу жолдарының аллергиялық реакциялары (кеңірдектің тарылуы, мұрыннан су ағу);

• буындардағы аллергиялық аурулар;

• жүрек қызметі мен қан айналу жүйесінің бұзылуы (гипертензия, яғни артериялық қан қысымының тұрақты жоғарылауы, жүрек неврозы, есту қабілетінің күрт төмендеуі және қан айналысының бұзылуына негізделген қозғалыстың бұзылуы, бас сақинасы);

• асқазанның, ұлтабардың жара аурулары, гастрит;

• бұлшық ет қуатының кемуі (бұлшық ет аурулары, белдің

шаншып ауруы (люмбаго), мойын бұлшық етінің қатып қалуы,

бұлшық еттің қысылып қалуына негізделген арқадағы ауру, бас аурулары);

• жеңе алмайтын құмарлық (енді басталған алкогольге тәуелділік, балалар наркоманиясы мен токсикоманиясы, темекі шегу, қантты қабылдауға тәуелділік және асқа тәуелділіктің түрлері).

2. Гармоналдық тепе-теңдіктің бұзылуы:

• ткандік гармондар тепе-теңдігінің бұзылуы (жүректің қан тамырларының аурулары, қан қысымының гармоналдық негіздегі бұзылуы, асқазан мен ұлтабардың жарасы, іштің қатуы, жүйесіз етеккір циклі);

• жыныстық гармондар тепе-теңдігінің бұзылуы (етеккір циклінің бұзылуының түрлері, ішінара семіру, әйелдердегі «галифе» семіздігі);

• әйелдер мен ерлердегі климакстың асқынуы.

3. Жүйке аурулары, невроздар және неврозға ұқсас күйлер.

4. Жыныстық ақаулар (белсіздік, аноргазмия, жыныстық салқындық, жыныстық құштарлықтың төмендеуі).

5. Созылмалы қажу синдромы, психосоматикалық тынығу қабілетінің жоғалуы.

Жоғарыда аталғандардан басқа әуенмен емдеу жүктілік кезінде тиімді көмек көрсетеді. Арнайы бағдарламаны тыңдауға өзінің уақытын бөле отырып, болашақ ана жеңіл, ауырмай босануға, нәрестеге емшегін емізіуге дайындалады. «Балаларға арналған әуен» терапевтік бағдарламасы өте зор.

Ол балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеп-оқытуда маңызды оң фактор қызметін атқарады.

Бұған қосымша жеке адамның өзін-өзі жетілдіруге арналған «Астрологиялық әуен» бағдарламасы бар. Бұл әуен медитация жасауға арналған, ол жеке адам қабілеттерінің күшті жақтарын, оның қоршаған ортамен және ғарышпен энергиялық-ақпараттық байланыстарын дамытады. Адам тек өзін Ғаламмен, адамзатпен, туған елі мен туған ғаламшарының тарихымен және мәдениетімен байланыстырып тұрған рухани кіндікті саналы түрде нығайтқан кезде ғана толық дені сау бола алады,бұл орайда әуен осы жақсы істе бағасыз көмекші болады.

 

Хош иісті әуен неге арналған?

 

Бұл тарауда кез келген экологиялық жағдайда денсаулықты нығайтып, сақтауға мүмкіндік беретін әуенмен емдеудің емдеу- сақтандыру бағдарламасы туралы айтылады. Бұл бағдарлама адамдарға тұрақты психосоматикалық тепе-теңдік табуға көмектеседі. Бұл тепе-теңдік ағзаның жұмысындағы жайсыз экологиялық жағдайлардың салдарынан болатын бұзылуларды болдырмайды. Ол сондай-ақ демалыстары ұзақ болмайтын және табиғат аясында жүйелі түрде демала алмайтын адамдар үшін өте қажет.

Бұдан басқа бұл емдеу-сақтандыру бағдарламасы иммундық жүйе жұмысының бұзылу салдарынан, ағзаның қорғаныш күшінің әлсіреуінен болатын психосоматикалық аурулар мен созылмалы ауруларды дәрі-дәрмексіз емдеудің тиімді әдісі екендігі дәлелденуде.

Ол әсіресе әйел адамдарда әйел физиологиясы мен психикалық- эмоционалдық аясының ерекшеліктеріне байланысты туындайтын көптеген қиындықтарды жеңуде орасан зор пайда әкеледі.

Әуенмен емдеудегі барлық бағдарламалар әйел денсаулығын нығайтуға және ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасын жақсартуға қосымша бағыт береді.

Хош иісті әуенмен емдеу – өсімдік хош иістерінің дыбыстық бейнелерінен (дыбыстық голограммалар) тұратын, басқа бағдарламаларға ұқсамайтын емдеу-сақтандыру бағдарламасы. Бұл бағдарламаның негізін әлемнің түрлі халықтарының медицинасындағы хош иістермен емдеу дәстүрін ұзақ уақыт зерттеу және емдік дыбыстардың әсері мен өсімдіктер хош иістерінің өзара байланысын талдау нәтижесінде құрылған жаңа технологиядан тұрады.

 

Хош иістермен емдеу (аромотерапия )

 

Хош иістермен емдеу (жағымды иістермен емдеу) бағзы замандардан бері қарай қолданылып келе жатыр. Ол Ежелгі Мысыр, Үндістан, Қытай, Иран, антикалық Греция мен Римде кеңінен таралған. Өсімдік хош иістері түйілу мен құрысуды, бас және бұлшық ет ауруларынан арылуға, жүрек соғысының күші мен ырғағын өзгертуге, эмоционалдық күйді жақсартуға, сергектікті қалпына келтіруге немесе ұйқысыздықты жоюға көмек береді. Кейбір иістер жұқпалы аурулардың дамуын тоқтатады, індет аурулар ошағының жайылуын тоқтата алады.

Өсімдіктердің табиғи эфир майлары күйзеліс кезінде қажетті көмек бере алады. бірақ өсімдіктердің «жанымен» сауықтырумен айналысу оқып-білмеген адам үшін қауіпті, өйткені хош иістермен емдеу кең көлемді білімді талап етеді. Өсімдіктердің табиғи эфир майларымен өзін-өзі емдеу күткен нәтиже бермеуі мүмкін, ойыңыздан шықпай немесе ең жаманы аллергиялық реакция беруі ықтимал. Өсімдіктердің табиғи эфир майларының көптеген түрлері бар. Олардың әрқайсысы түрлі адамдарға бірдей әсер етпейді, өйткені оның құрамына кіретін жеке заттарды кейбір адамдардың көтере алмауы мүмкін. Сонымен бірге майды жеке іріктеу де өте маңызды, себебі мөлшері өте аз болса, емдеу-сауықтыру әсері болмауы мүмкін, оны алу үшін шамадан тыс мөлшердің де керегі жоқ. Ерлер мен әйелдерге, кәрілер мен жастарға хош иістер түрліше әсер етеді. Хош иістермен емдеу кезінде ескерілуі тиісті басқа да факторлар да бар. Тек тәжірибелі хош иістермен емдеуші ғана осы күрделі өнерді меңгереді, ал ондай мамандар көп емес.

Хош иісті әуенмен емдеу – денсаулықты қалпына келтіру және нығайтуғ арналған қызықты бағдарлама. Ол адам ағзасы мен табиғат арасындағы тығыз байланыстардың құпия әлемін ашады. Хош иісті әуенді үй жағдайында жүйелі түрде тыңдау кез келген адамға өркениеттің «жетістіктері» тұншықтарған өзін-өзі емдеу қабілетін қалпына келтіруге және нығайтуға көмектеседі.

 

Емдік өсімдіктердің

әуендік әсері

 

Хош иісті әуенмен емдеу бағдарламасы жеті негізгі табиғи хош иістер – раушан, түймедағы, жалбыз, герань, жусан, шалфей, лаванда иістерінің емдік әсеріне сәйкес келеді. Ол миға дыбыстық әсер ету ұстанымына құрылған. Бұл психосоматикалық ауруларды ауру бейнесі тек қалыптаса бастаған ерте кезінде де, анық патологиялық симптомдар көрініс беретін сатыда да жеткілікті болады.

Ағзаның жұмысындағы аурулардың алдын алу үшін хош иісті әуен қыс мезгілінде таптырмайтын ем. Хош иісті әуенмен емдеу созылмалы аурулармен ауыратын науқастардың асқынуымен байланысты күз және ерте көктем айларында да пайдалы. Экологиялық жайсыз аудандар мен ірі өндірістік орталықтардың тұрғындарына ағза мен психиканың қалыпты жұмыс істеуі үшін жыл бойына хош иісті әуен бағдарламасын тыңдауға кеңес беріледі. Сақтандыру курсын бұл жағдайда бір ай бойы өткізіп, үш апталық үзілістен кейін тағы жалғастыру керек.

Өсімдіктердің табиғи эфир майлары – күрделі органикалық табиғи қосылыстар және табиғи хош иістердің емдік әсерлері олардың жекелеген құрауыштарымен емес, өсімдіктердің табиғи эфир майларының құрамына кіретін заттардың өзара күшейткіш әсеріне негізделген.

Хош иіс иіскеу кезі барысында өзара байланысты үш «нотаны» құрады – жоғарғы, орта және төменгі. Жоғарғы «нота» – тез ұшып кететін, тұрақтылығы нашар хош иіс, ол дереу эмоционалдық реакция береді. Орта «нота» тұрақтырақ. Ол тыныс алудың тереңдігіне және жиілігіне, жүрек жұмысының күші мен ырғағына әсер етеді.

Төменгі «нота» – иістің анағұрлым тұрақты құрауышы, оның негізі. Емдік хош иістің төменгі «нотасы» ішкі органдардың тегіс бұлшық еті мен қан тамырларына әсер етеді. Ол мұрын қуысы, мұрын-кеңірдек және кеңірдек тарамдары ткандерінің инервациясына қатысатын кезбе жүйкеге әсер етуге қкбілетті.

Кезбе жүйкенің рекциясы тұншығу ұстамасын (кеңірдектің тарылуы) тудырады, ұстама кезінде көптеген науқастар демді ішке тарқан кезде жағымсыз немесе өте күшті иістер пайда болады.

Өсімдіктердің табиғи эфир майларының биоактивті энергетикалық-ақпараттық әсерін әуезді өңдеу - өтте күрделі өнер. Ол түрлі аспаптардан шығатын дыбыстардың, құстар мен жануарлардың дауыстарының, жабырдың, желдің, теңіз толқынының шуының, көктемгі тамшылардың, бұлақтың ағысының, балалар күлкісі мен сәбидің былдырының адам ағзасына тигізетін емдік әсері де зерттеліп, пайдалануаға енгізілуде.

Хош иістермен емдеу симфониясын жасау барысында ежелгі және ерте Ортағасырдағы үнділік медицина мамандарының трактаттарында көрініс тапқан психосоматикалық реттеудің кең тәжірибесі пайдаланылды. Көптеген білім адам ағзасында болып жататын энергетикалық-ақпараттық процестер туралы тәжірибелік ілім – йога жүйесінен алынды.

Үнді йогтары мен дәрігерлері ұстанған энергетикалық «анатомия» мен «физиология» туралы ілім негізгі жеті энергетикалық орталықтың бар екенін көрсетеді. Олар:

 

Раушан эфир майының әуені

 

Орталықтардың ішіндегі, біріншісі, төменгісі (Муладхара деп аталады) сегізкөз бен шап деңгейінде болады. Оған белсегізкөз жүйкелік аймағы сәйкес келеді. Бұл орталықта Жерден алынатын қуат жинақталады. Бұдан басқа бұнда белгілі бір табиғи энергетикалық қор жасырылған, бұл йогиналарға (йога әдістерін жүзеге асырып жүргендер) паранормалдық қабілеттерге ие болуға мүмкіндік береді, мысалы, жүрек жұмысының жиілігі мен күшін оны уақытша тоқтатуға дейін саналы түрде реттейді.

Муладхара ағзаның физикалық түрде тіршілік етуіне, адамда өлімге әкелетін қиын сәттерде пайда болатын өмірлік ерік-жігерге жауапты.

Егер бұл орталықтың қуаты әлсіз болса, адам тіршілік етуге әлсіздеу болады. Бұндай адамдар қайғылы жағдайларда өзіне қол жұмсау туралы ойларға бейім тұрады, олар басқаларға қарағанда апаттарда және жол-көлік апаттарында жиі қайтыс болады. Өйткені, оларда тіршілік ету бағдарламасын бір мезетте қалыптастыру үшін қуаты да жетпейді.

Муладхара күшті болған жағдайда адам өмірге деген төзімділігі үлкен, тәні шыдамды болады, ол дене еңбегінен рахат ала алады және салауатты өмір салтын ұстануға бейім келеді.

Хош иісті әуенмен емдеу бағдарламасында бірінші энергетикалық орталықтың жұмысын жетілдіру үшін «Раушан эфир майының әуені» қарастырылған, себебі Муладхараның бұзылуына байланысты аурулар раушанның хош иісімен емдеуге көнеді. Бұл емдік әуен милық және респираторлық типтегі адамдардың эмоционалдық қобалжуын басады. Және сүйек-бұлшық ет типті адамдар үшін олардың өзін-өзі бағалауға және психологиялық жеңілденуге қабілетін қамтамасыз ететін қажетті ынталандыру қызметін атқарады.

«Раушан эфир майының әуені» психосоматикалық негізде пайда болатын асқазан-ішек жолдарының гастрит, асқазан және ұлтабар жарасы, іштің қатуы сияқты ауруларында қолданылады.

 

/жалғасы бар/

 

Алматы қаласы

 

 

 



вверх