Ғұлама шипагер Өтейбойдақ  бабаның жұлдызнамасы

 главная                                        вернуться 

 

 

 

Зядан қажы Қожалымов

Өтейбойдақтанушы ғалым

 

 /басы өткен сандарда/

 

    Шүйде жұлдыздылар ақ құбаша, қара сұр келмек. Көп сөзді жаны сүймейтін болмақ. Кейбірлері төтенше суырылған сөзуар, сөзшең келмек.

      Оң жұлдыздылар қара торы, уайымшыл, қорқақ, көзі үлкен, ойы жинақы, іске қунақы, өзіне-өзі мықты, бірақ қытықшыл болмақ.

Сол жұлдыздылар шикіл сары, тез арып, тез семіретін, қызылаш, тершең, көп жөтелгіш, тершең келмек.

Жексенбі, дүйсенбі күні туылған маңлай жұлдыздылар оңай-оспақ сырқатпен нау-қастанбақ емес, шалдықпақ та емесі айқындылық. Ыстық қандылық, кейбірлері сұйық қандылық, қасыр-қақтық науқасқа тап болмағы тез болмақ.

Сейсенбі, жұма күні туылғандар ата-анасына опалығы аз, жақсылығы мен қайыры кездейсоқтық ғана болмақ. Сырқаттанымы аз, дүниеқорлығы жоқ, әңгүдік, сырқатты елемейтін, науқастанудың не екенін білмеуі де мүмкін болмағы көз көргі.

Сенбі, сәрсенбі, бейсенбі күні туылғандар опалы, милы, толғамды, ұстамды болмақ, жанашырлы келмек. Көбінеки ұйықтамаға кіріптар болмақтылар көп көзгілік.

Оң маңлай жұлдыздылар сырқаттық науқастанудан қорқымы аз болмақ. Сырқат батымы түпкілігін ойлау қаперіне кіріп шықпайды. Тек шипа ем дарым-зәруатын дарымдамақтан қорықпақ, аздары әр екеуінен де қорықпақ тәуекелге бел байламы тез болмақ.

Сол маңлай аралық жұлдыздылар сырқаттан қорқып, науқастанса шошып, қарадай үрейі ұшып тұрмақ. Уайымдағыш, қарадай науқастанып қалғандай сезініп тұрмақ. Тамыр ұстатуға құштарланбақ. Шипа ем дарым-зәруатын дарымдатуды аңсап тұрмақ.

Сол иық аралық жұлдыздылар өте гүманқор. Науқас болса, тамырын ұстатқанымен, сыр-қатымды таба алды ма, таба алмады ма деп басқаға айтуға батынып, не батына алмай, қарадай сезіктеніп, шипашақтамалық нілнәрліні ішкісі келмей, "Жантық шәушіл аржақтағыш" дегендей, көрінген пендеге (ол білсын, білмесін) тамырын ұстатып, одан ішірткі ішіп, оны місе тұтып қанағаттанбай, білгірсіп, елден естігенін қанықтамай, оң-сол қарамай (келер-кетерді аңдамай), өзіне шипа ем дарым зәруатын өзі біліп, дарулап, "Әр асқар аңсаулық бұғы ішпек аш өлгі дегеннің кейпін киіп, өз соқтықпалығынан ажалынан бұрын көмілмеге бармақ. Әпербақан, алкеуде молдау болмақ.

– Оң иық аралық жұлдыздылар іске шөгіл, сырқаттық науқасқа біршама шыдамды, тез айыққыш келмек. Сөйлемемен тозбақ. Ауғаз шармаяғы көп болмақ. Сөз нілі нілсіз, дуасыз болмақ.

Жұлдыз, жұлдыздық байымдалғы беталымы көземі пенделік толғамдық түйіні болмақ.

Жұлдыз, жұлдыздық бай-ымдалғы көземі сырқаттық туылым қатері бар-жоқтығы айқындығы болмақ.

Адам пендесінің жарық көруі сөзсіз уақпен тіке байланысты, тікелей ұштаспалы. Бітістік, ризықтық несептік туылымы жағынан көктегі жұлдыз бен жердегі адам саналымы барабар болмақ.

Жұлдыздың нұрлы-нұрсыздығы, сәулелі-сәулесіздігі тұлғалық, мүшелік сырқаттық ұштасымдылық жұғымталдық таппағын, тапқандығын белгілеулік болмақ.

Жұлдыз бен адам пендесі бір-бірінен айрылыссыз болмағын Алла жаратқан. Саһап, Гүршік (Темірқазық) апат жұлдызы болмақ. Әгәр шаңқиып көтеріліп алса, өте-мөте көктемде ақсүйек жұт болмақ. Әгәр көбінесе нұрсызданса, жаз тез шығып, ел тез сергімек. Бұл екеуі тағы да күнбилік жұлдызы хисап саналымдалмақ. Бұл күнби пейілінің кеңдігін, тарлығын, әділеттілігін, әділетсіздігін де көздемек.

Қарашаның бағы-соры, сырқаттық таралым, науқастық бейнет, ажалдық Алла парызы шипа ем дарым зәруаты дарулығы және оның дарымдылық алғысты-алғыссыздығы әрбір пенденің жұлдызымен бейнелемелік салғастырым табуынан шықпақ. Жұлдыздық аңғақтық тамыр соғымдық торламасымен торланбақ. Бұл торланым шипагерлік аңғарымдық пен тұжырымдық дәлдігін нақтылауға тиімді болмақ.

 

Жұлдыздық өзек:

 

Қыбыла маңлай жұлдыздылар

Оңдық жұлдыздылар

Оң маңлай жұлдыздылар

Оң иық жұлдыздылар

 

«Шипагерлік баян», тамыз 2013ж.

/жалғасы бар/

 

Алматы қаласы

 

 

 



вверх