Әуендік терапияның болашағы

 

 

 главная                                        вернуться 

 

басы өткен санда/

 

 

Бес стихия энергиясы

 

Бес стихияның энергиялары адам ағзасын қоректендіреді, өйткені адам қабылдайдтын тамақтың бәрінде осы энергиялар бар. Тамақ өнімдерінің әрқайсысы өзінің энергетикалық табиғатына қарай қандай да бір стихияғс сәйкес келеді. Адам тәнінің органдары да стихияға сәйкес келеді және ағза тұтастай қоршаған ортамен өзара әрекетте болып, бес аспекті бойынша үлесімділік тепе-теңдігін құрады.

Адам ағзасының ғаламмен тепе-теңдіктегі өміршеңдігінің осындай сипаты ұқсас құбылыстар бойынша құрылған. Мысалы, ағаш – (өсімдік ретінде) жылдың жылы маусымдарында өсу қасиетіне ие, жасыл түсі басым (бұталары, жапырақтары), соған байланысты өсу мен жасыл түс беретіндердің бәрі ағаш алғашқы элементіне жатқызылды. Оттың – күйдіріп-жандыру қасиеті бар, қызыл түстер басым және осы қасиеттерге ие құбылыстардың бәрі от алғашқы элементіне жатқызылады. Жер – өсімдіктерге қорек береді, оған жеміс беру, дәннің өскінге, өскіннің сабаққа айналу қасиеті бар. Осылайша өзгеру және жеміс беруге қабілеттілердің бәрі жер стихисына жатады. Металл – суды сіңірмейді (құрғақ), өңдеу нәтижесінде дәл, айқын көріністерге ие болады (сымбаттылық), бұзылады (сынғыш). Осындай қасиеті барлардың барлығы металл стихиясына жатқызылады. Су – табиғаты салқын (суық қасиеті бар), ағады, төмен қарай жылжуға қабілетті, тірі және өлі нысандардағы осы қасиеттер олардың су стихиясымен байланысын білдіреді.

Барлық бес стихия бір-бірімен тығыз байланысты. Барлық құбылыстар мен осы бес стихияның арасындағы ұқсастықтар негізінде ежелгі Қытай дәрігерлері адам ағзасының қоршаған орта мен ағзадағы өмір сүру процестерінің арасындағы өзара байланысының толық сипатын жасап шығарды. Осының арқасында олар қандай жыл мезгілі қандай ауруларды емдеуге қолайлы, адамның аурумен күресте қандай түстерге қарауы керек, емдік диетада қандай дәм басым болу керек, қандай әуен аспаптары қандай ауруларды емдеуге жақсы екендігін анықтады.

Қандай ауру болмасын, олардың барлығы ағзаның қоршаған ортамен өзара байланысындағы тепе-теңдіктің бұзылуы, яғни инь мен янның бес стихиядағы тепе-теңдігінің бұзылуы ретінде қарастырылды.

Қытайдың дәстүрлі медицинасының түсіндіруіне сәйкес адамның өмірлік күші тыныс алудың арқасында ағзаға түсетін ци энергиясымен байланысты. Сыртқы ци демді ішке тартқан кезде жиі ішкі ци-ға айналып отырады, ал демді сыртқа шығарғанда осыған кері процесс болады. Сондықтан ағзаның жалпы энергетикалық күйі тыныс алу жүйесінің саулығымен анықталады.

Ағзада ци энергиясы ерекше каналдар – меридиандар арқылы таралады, солардың бойымен өтіп, ағзаның ішкі органдары мен жүйелерін қоректендіреді. Меридиандардың анатомиялық сипаты жоқ, сондықтан да өлік денесін сойғанда немесе хириургиялық ота кезінде олар көзге көрінбейді. Алайда қытай дәрігерлері анықтаған меридиандар жүйесі теріге акупунктуралық әсер етумен емдеуге бастама болды. Мәселен: инемен емдеу, күйдіру, белгілі бір нүктелерді сылау. Бұл әдістер көптеген ауруларды дәрі-дәрмектер мен отаға жүгінбей-ақ емдеп жазуға көмектеседі. Меридиандарды акупунктура нүктелерін білгілі бірізділікпен қосатын сызықтар ретінде елестетуге болады.

 

Өмір нүктелері

Ежелгі замандарда-ақ Қытай емшілері денедегі бір жерлерді басқанда ауру адамда ауырсыну болатынын, ал басуды әрі қарай жалғастырғанда аурудың басылатынын байқаған. Бұл жерлер өмір нүктелері деп аталды. Емшілер теріні осы нүктелердегі тесу аурудың сыртқа шығып, күйдіргенде оны өлтіреді деп болжаған.

Өмір нүктелерін зерттеу олардың орналасу тәртібі мен бес стихияның ішкі «бітеу» органдар – жүрек, өкпе, көк бауыр, бүйрек, бауыр және бес «қуыс» органдар – асқазан, тоқ ішек, ащы ішек, өт қабымен байланысын табуға мүмкіндік берді. «Бітеу» органдар инь энергиясының басымдылығымен, «қуыс» органдар ян энергиясының басымдылығымен сипатталады.

Кейіннен тағы да екі меридиан анықталды – перикарда меридианы шартты түрде инь органдарына жатқызылады, қан айналысын, тыныс алу мен жыныстық органдардың жұмысын реттеуге қатысады. Ал, «үш жылытқыш» меридианы ян жүйесіне жатқызылады, бес «бітеу» және бес «қуыс» органдардың тәннің жоғарғы, орта және төменгі бөліктерінде біріктіріп, солардың жұмысын жақсартуға қатысады.

Он екі жұп меридиан ци өмір энергиясының өту процестеріне байланысты болады.

 

 

Адам өміршеңдігінің физиологиялық

және психологиялық аспектілері

 

Қытайдың дәстүрлі дәрігерлері бұл ұғымға тиісті меридиан мен органдардың жұмысын қосады. Соған сәйкес қытайдың дәстүрлі медицинасында ішкі органдардың анықтамасы академиялық медицинадағы анықтамасынан өзгеше. Қытайдың дәстүрлі медицинасында органдар физиологиялық тұрғыдан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да қарастырылады.

Жүректің жұмысына қан айдау жүйесін басқару, тердің бөлінуі, өмір күшін, сана мен ойлауды реттеу кіреді. Жүрек қалыпты жұмыс істеген кезде сана айқын, ойлар нақты, психологиялық күй тұрақты болады.

«Өкпе» ұғымына қытай емшілері өкпемен қатар жоғарғы тыныс алу жолдарын, кеңірдек тарамдарын, денедегі тері мен түк жабындарын (тері мен түк те «тыныс алады») жатқызады. Өкпе тыныс алу жұмысын, өмір күшінің және ағзадағы сұйықтықтың реттелуін бақылайды. Өкпе жұмысы бұзылғанда демігу, жөтелу, терінің құрғауы, ісіну және зәр шығарудың бұзылуы байқалады.

«Көк бауыр» ағзаның физикалық күштерін анықтайды, жады күшін демеп, сананы қорғайды. Көк бауыр жұмысы бұзылғанда бұлшық еттер босап, тез шаршайды, тәбет жоғалады, иммунитет жоғалады, гематомалар пайда болады, ал әйелдерде етеккір өте көп келетін болады.

«Бүйрекке» бүйректен басқа зәр шығару жүйесі, бел, сүйек, құлақ, сондай-ақ бастағы шаштар жатады. Сондықтан да бүйрек жұмысына бала туу қабілетін, сұйықтықтардың қалыпты айналуын қамтамасыз ету, қан айналу процесіне қатысу, ағзаға түсетін сыртқы ци энергиясының сіңірілуі, жілік майының және бас миы ткандерінің дамуы, жілік майы мен бастағы шаш, есту қабілетінің күйін басқару кіреді.

Оң жақ бүйректі қытай емшілері жыныстық қабілетпен байланыстырады: ерлерде бұл шәуҺеттер мен өміршең спермотозоидтардың жасалуы, әйелдерде жүйелі етеккір және жүкті болған жағдайда ұрықты ұстап тұру. Сол жақ бүйрекпен тұқым қуалаушылық энергиясын, сондай-ақ әйелдердің гинекологиялық денсаулығын байланыстырады.

«Бүйрек» денсаулыққа және жеке тұлғалық белсенділікке деген ерік-жігер көзі ретінде қарастырылады. Бүйрек жұмысы бұзылғанда сегізкөз ауырады, бас айналады, ақпаратты есте сақтау қабілеті бұзылады, ойлау шапшаңдығы төмендейді, тістер мен шаштың түсуі, ал әйелдерде гинекологиялық аурулар пайда болады.

«Бауыр» – анатомиялық бауыр, дененің бүйір беттері. «Бауыр» барлық органдар арасында өмір энергиясының таралуын реттеуді басқарады. Әрі ағза үшін зиянды және улы заттарды зарарсыздандырады, өттің бөлінуін реттейді, байланыс аппаратын (сіңірлер мен фасциялар) басқарады, жүйке жүйесін тұрақтандырады, көру қызметін және түсті қабылдауды бақылайды. Бауыр жұмысының бұзылуынан психикада өзгерістер туындайды, әйелдердің етеккір цикліне әсер етеді, күйзеліс, ашушаңдық, ызақорлық жағдайын тудырады, қайғылы көңіл-күйде болу, ұйқысыздық, бас айналу, аяқтың тартылып қалуы, қанның ұюының өзгеруі, көздің көру қабілетінің бұзылуы, ас қорыту жұмысының бұзылуы пайда болады.

«Асқазан» – қызметтерімен жиынтықта қарастырылатын тиісті анатомиялық орган. Асқазан жұмысының бұзылуында жүрек айну, құсу, тәбеттің болмауы, қыжыл және басқа ауырсыну жағдайлары байқалады.

«Ащы ішек» – ащы ішектің өзі мен оның қызметтерін қамтиды. Қызметтері – асқазанда қорытылған тамақтан сұйықтықтар мен коректік заттарды сору, сұйықтықтарды көк бауыр жұмысын қамтамасыз етуге арналған «таза» және тоқ ішекке жіберілетін «бұлдыр» сұйықтықтарға бөлу, сонымен бірге жүректі қалдықтармен (зат айналу өмінмдері) уланудан қорғау.

Ащы ішек жұмысы бұзылғанда ас қорыту процесі бұзылады, зәрдің мөлшерін төмендететін сұйықтықтардың сіңірілмеуі пайда болады.

«Тоқ ішек» – бұл тоқ ішек пен оның қызметтері: суды сору, нәжісті қалыптастыру, ағзадан нәжісті шығару. Тоқ ішек жұмысы бұзылғанда іштің қатуы немесе іштің өтуі байқалады.

«Өт қабы» – анатомиялық орган және оның қызметтері: өтті жинау және оны өт шығару органдары рақылы ас қорыту жүйесіне жіберу, сондай-ақ психика жұмысының белгілі бір аспектілерін басқару. Өт қабының жұмысы бұзылғанда көз бен тері сарғайып, ауызға ащы дәм келіп қана қоймайды, сонымен бірге ұйқысыздық, негізсіз үрей пайда болады.

«Қуық» – анатомиялық орган және оның қызметтері: зәрдің жиналып-сыртқа шығарылуы. Зәр шығару жұмысын бақылау қабілетінің жойылуы немесе зәрдің шықпауы қуық жұмысының бұзылуынан болады.

Қалыпты жағдайда меридиандар ағзаны энергиямен қамтамасыз ету жолдарының қызметін атқарады, ал ауру кезінде ауру кіретін және сауыққан кезде оның сыртқа шығатын каналдары болып табылады. Терең меридиандар ішкі органдарға жарамды, ал дененің беткі жағына жақындары тері мен бұлшық еттерден өтеді.

 

Әуенмен жұмыс

істеуге көмек

Егер сіз айналаңыздағы адамдарды – әріптестеріңізді, жақындарыңыз бен туғандарыңызды терең түсінгіңіз келсе, сіз оларды түйсігіңізбен түсініп, олардың өмірлік мақсаттарын анықтайтын стихиясына енуіңіз керек. Ол үшін «басқа белгіге кету» әдісін пайдалануға болады.

Одан басқа сіз сол белгіге тиісті әуенді тыңдай отырып, өзіңізде сол стихияға тән адамдардың қасиеттерін дамыта аласыз. Бұл өмірде жаңа жол ашу үшін аса маңызды болады.

Алайда бұл процесс тікелей қарым-қатынас болуын талап етеді, ал оның бар қыр-сырын кітапта айтып түсіндіру мүмкін емес. Әуенмен емдеу – ұстаздың бақылауымен үйренетін өнер. Сеанстарды өткізу үшін, мысалы, П.И. Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» («Времена года») шығармаларын немесе А.Вивальдидің «Жыл мезгілдерін» және қызықты ән мен күйлерін таңдау керек. Сіздің туған уақытыңызға сәйкес келетін шығармаларға ерекше назар аудару керек. Бірақ ағымдағы жыл маусымына сәйкес келетін әуендерді де тыңдауға кеңес беріледі, өйткені бұндай шығармаларда көктем, жаз, күз, қыс энергиялары бар.

Көктем энергиясы психолгиялық тұрғыда тазару, ұстамдылық және жұмсақтық береді, өйткені бұл ян маусымы. Жаз энергиясы тән мен жан мүмкіндіктерінің кемелденуі – ян энергиясының белсенділігінен туындайды. Күз энергиясы инь адамға тыныштық, сенімділік береді. Қыс энергиясы де иньдік болып табылады, ол адамның өмір күшін үнемді жұмсауға, жан мен тән денсаулығын көктем келгенше сақтауға көмектеседі. Бұдан былай бұл әдісті пайдаланудың үлкен маңыздылығын білген жөн.

 

БАЛДЫҢ ЕМДІК  ҚАСИЕТТЕРІ

БАЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Бал ...

Бұл ғажайып сөзді асықпай, әндетіп айтып көріңізші. Ауыз қуысында тәтті дәм мен денедегі жеңілдікті сезесіз бе? Иә, солай! Балдың адам ағзасына тигізер әсерін ешкім де жоққа шығара алмайды. Адамның денсаулығы үшін Жер-Анамен жаратылған бұл өнімнің сиқырлы күшін біз ерте жастан-ақ таныдық.

Нан мен бал адамның ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі тағамы. Ибн Сина нанды ең жұғымды зат, ал балды түтікшелердің аузын ашуға жәрдемдесетін және сору әрекетіне ие емдік дәрі деп есептеген.

Емдік-профилактикалық дауа ретінде бал бауыр ауруларында, жүрек-қантамыр жүйесі, бүйрек абсцесінде, бронхоэктатикалық ауруында, өкпе ауруында, үйреншікті алиментарлық ілмекте, трофикалық типтегі жарада, жаралардың ауыр емделуінде және т.б. ауруларда кеңінен қолданылады. Балдың құрамында фруктоза көп болғандықтан, оның геронтогендік әсері өте аз.

Қысқаша айтқанда, өсімдіктердің шірінінен бал тасымалдаушы арамен өндірілетін тәтті шәрбәт тәріздес зат. Араның азығы, адамның құнды тамақтану өнімі. Гүлді балдың құрамында 13-20 % су, 75-80 % көмірсу (глюкоза, фруктоза және т.б.), органикалық қышқылдар, ферменттер, минералдық және хош иістік заттар бар.

Араның балы – тағам өндірісі мен бірқатар дәрі-дәрмектерді дайындауда пайдаланылатын құнды диеталық тағам. Адам ағзасындағы қызылшалы, қамыс қанты гидролизге ұшырайтыны белгілі, яғни глюкоза мен левулозаға ыдырайды, сондан соң бүйрекке барып түседі. Ал табиғи ара балының құрамына енетін глюкоза ешбір өзгерусіз асқазаннан қанға түседі. Мұндай жағдайда бүйрек «демалады» деуге болады. Балдың мұндай қасиетін білетін дәрігерлер көптеген ауруларда табиғи ара балының глюкозасын қанның өзіне енгізеді.

Ауыл шаруашылық өндірісінде ара өсіру мал шаруашылығының саласы ретінде ерекше рөлге ие. Осы салада қандай бағыттар бар екен? Соны қарастырып көрелік. Ара балын, ара балауызын, прополис, ара уын, төлдегіш сүтті өндіру, ара тозаңдануы, жатырлар мен ара жанұяларын өсіру.

«Шипагерлік баян», қраша 2013ж.

/жалғасы бар/

Алматы қаласы

 



вверх