ҒАРЫШТЫҚ ЖОҒАРҒЫ АҚЫЛ-ОЙ
| ||
главная вернуться | ||
Зядан қажы Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғылым
/басы өткен санда/
ақыл-ойдың өзіндік сипаттамасы
Жоғарғы ақыл-ойдың ағартушылық дәрістердің ақпараты азғантай ғана адамдардың түйсігіне жете алады. Ол адамдар ойды пайымдап, сөз немесе сурет түрінде бере алатын қабілетке ие. Ақпараттық қатынас екі жақты болады: ғарышқа «қосылған» адам сұрақ қойып, оған жауап ала алады немесе егер қойған сұрағы дұрыс емес болса не оған берілетін жауап жағымсыз салдарларға алып келетін болса, жауап орнына үнсіздік болуы мүмкін. ...Адам ағзасы оның биологиялық тәніне қарағанда үлкен көлемде болады. Мысалы, адамның энергетикалық осі омыртқадан 10-15 см артқа қарай орналасады. Бұл ось ғылымға белгісіз нәзік қуаттардан тұрады. ...Кеңсірік қуыстары адамға нәзік қуаттарды (бұл қуаттар йогада прандар деп аталады) жинау үшін қызмет етеді. Ауаның өндірістік қалдықтармен ластануы адамдарды толыққанды праннан айырады. ...Жер ғылымы көптен мән беріп, зерттеп жүрген тектік (гендік) инженерия болашақта түзетілуі қиын бұзылуларды жасап шығарып жатыр. ...М әрпінің шынайы мағынасы – риясыздық, Н әрпінің мағынасы – аяқтау, Я әрпі – карма (оң немесе әлдеқайда жиі кездесетіні – минустық теріс күш). ...Дүниетанымның негізгі заңдары онға дейінгі сандармен беріледі. Мысалы, 0 – бастпақы және соңғы, салыстырмалық белгісі, 7 – үйлесімділік, сүйіспеншілік заңын бейнелейді. ...Көркем нәрсенің бәріне математикалық анықтама беруге болады. ...Үйлесімділіктің нольдік нүктесі – бұл өлшенбейтін қуат. Ол барлық жерде бірдей.
Дөрекі қабылдау шегінде қуаттың пайда болу заңдылықтары ғылымға әлі де белгісіз. Қабылдаудан тыс тұратындардың барлығын адамдар бекерге таңғажайып деп танып жүр. Шынайы өмірде ешқандай да ғажайып заттар немесе сезімдер болмайды. Бұл дүниеде бәрі қуаттан жасалған және бәрі материалдық болып табылады. Ол тек плюс немесе минус деген бар. Плюс даму мүмкіндігін береді, ал минус бермейді. Адамның өзін Ғарыштың бір бөлшегі деп сезінуіне екінші чакра – ағзаның «биокүштік», астралдық бөлігіндегі нәзік қуаттың құйыны мүмкіндік береді. Бұл қуат тәннен тыс таралады. Бізге келетін сезімдерді түсінуге басқа чакралар көмектеседі. Медитация жасау кезінде, қоршаған айналадан оқшуаланған адам шексіздікке жанасатын сияқты, мәңгі шындыққа жол іздейді. Адамның бастапқы міндеті - өмірдің биологиялық деңгейінен энергетикалық деңгейіне ауысатын буын қызметін атқару. Ақыл-ой – (әзірге ғылымға белгісіз нәзік қуаттардан тұратын импульстік ерекше айналма күш) ақпаратты тез әрі айқын қабылдап-қорытуға, оларды нақты бір ойларға айналдыруға мүмкіндік береді. Адамдардың жер биосферасының басқа организмдерінің айырмашылығы да осында. Тек адамда ғана сана бір өмір ағынында өзгеріске ұшырауы мүмкін, оның күші де осында. Импульстік айналма күш тек сыртқы жағдайларға қатысты ғана емес, сонымен бірге жеке адамның бұйрығы бойынша ой процестерін өзгертуге көмектеседі. Бұл туу процесінің кезектілігі сияқты, адамды биосфераның басқа тіршілік иелерінен өзгешелендіріп тұрады. Нақты бір нәрсе туралы шама-шарқынша жан-жануарлар да ойлай алады, олардың энергетикалық түрдегі ойлау образы адамдардікі сияқты төртінші өлшемге кіреді. Ақпарат, ой – минустық немесе плюстық бола алатын күш. Адам өзінің ой образдарын санасынан тыс төртінші өлшемге жіберіп, онда не болып жатқаны, оның осы күштерінің әсері қандай екені туралы мәліметтер алмайды. Сондықтан да өзіміздің ойларымызды мейірімді және жоғары етіп ұстауымыз керек. Жеке адамда төртінші өлшеммен кибернетикалық кері байланыс пайда болған кезде, ол, мысалы, Марсты көре алады, тіпті сол ғаламшарда болатын сезімдерді сезіне алуы да мүмкін. Төртінші өлшем өзінде бар тіршіліктің мәнін игеріп, оны сақтайды. Импульстік айналма күш – ақыл-ой – жан – мыңжылдық лотос – іс жүзінде бұлардың барлығы бір нәрсе. Импульстік айналма күш жеке адамның барлық өмірге келу жағдайларында жинақталған ақпараттан тұрады. Импульстік айналма күштің өзегін (ақыл-ой өзегін) тірліктің энергетикалық жайғасымында тұратын Йерархтар тудырады, олар даму бойынша тығыз жайғасымның билогиялық денесіне қайта айнала алмайтындай биікте тұрады. Атом ядросының айналасындағы электрондар сияқты ақыл-ой өзегінің айналасында түрлі орбита бойымен жеке адамның физикалық дүниеде қандай да бір қайта туған кезіндегі оң тәжірибесінің (теріс тәжірибе сегізсөз айналасында бекиді) ой тезінен өткен ақпараттық-энергетикалық маңызы айналып жүреді. Ақыл-ой өзегі де, маңыздар да және олардың өзара байланысы да – бәрі бірігіп импульстік айналма күшті құрайды. Адамның импульстік айналма күші тәнінен тыс, жеке адамның басының үстінде болады және ол өлгеннен кейін де сақталады. Адамның барлық биологиялық бөлшегі импульстік айналма күшке қызмет ету үшін қажет болады. Жер жағдайларында ақыл-ой тек адамның биологиялық тәнімен ғана сананы құруға қабілетті. Тәнде пайда болатын өріс дөрекі табиғат пен импульстік айналма күштің нәзік қуаттарының арасында энергетикалық көпір қызметін атқарады. Сана – жеке адам құратын энергетикалық желі. Ми мен жүйке жүйесі – сананың негізгі бөлшектері. Жеке адамның қаны онда ақпаратпен және оның кармасының мәнімен құрылымдалады. Қан нәзік желідегі қуатты тасымалдау қабіле-тіне ие, ал жүйкелер өткізгіш ролін атқарады. Ми компьютер сияқты: тек импульстік айналма күште өңделген ақпарат қана саналы түрде меңгерілген ой бола алады. Мида жинақталған ақпарат импульстік айналма күшке түседі. Одан ол санаға (адам миына) құрылған ой болып қайтып оралады. Биологиялық айналма күш (адамның тәні) өзінің компьютері (ми) мен ақыл-ойына қызмет көрсетеді. Биологиялық айналма күштің сапасына, оның күйіне көп нәрсе қатысты болады. Иерархия бойынша Күнді айнала жүретін ғаламшарлар орбитасы ақыл-ой өзегін айнала орналасады. Ми беретін ақпарат белгілі бір орбитаға барады. Импульстік айналма күшіндегі ойлар сфералық түрде де көрінеді. Қасиетті ойлар жалпақ ойлардан әлдеқайда жоғары және күрделі болады әрі оларды барлық маңыздар жасап шығарады. Биологиялық айналма күште пайда болатын төменгі желідағы жалпақ ойлар импульстік айналма күштің тек төменгі жағына ғана түседі. Осыдан барып оның әлеуеті әлсіреп, егер жеке адам тек төменгі желідағы ойларды ғана ойлайтын болса, онда оның жоғарғы маңыздары жоғалып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда Жердің энергетикалық желісінің иерархы (жетекшісі) өз жауапкершілігіне алып, біреудің жоғалтқан маңызын сәтті дамыған басқа жеке адамға қосады. 18 мың жыл бұрын «құдайлар соғысына» дейін адам қажетті энергетикалық, ақпараттық және сапалық әлеуетін бір туғанда жинақтап, тіршіліктің келесі энергетикалық желісіне көшетін болған. Адам өмірінің ұзақтығы жүздеген жылдарды құрайтын. Осы уақыт ішінде жеке адамның түйсігі оған Жердің энергетикалық деңгейінде жетекшілік ететін иерархтан жүйелі түрде ақпарат алып отырды. Сөйтіп адам дүниетанымның негізгі заңдылықтарын, кеңістік пен уақыт қасиеттерін, астралдық өрістердің құрылымын меңгере отырып, өзінің психикасын, биологиялық және энергетикалық тәнін жетілдірді. Бұл келесі даму сатысы – тіршіліктің энергетикалық желіларының ішіндегі ең төменгісіне көшу үшін жеке адамда үйлесімділік орнатты, Сапалы әлеует пен қажетті күштер берді (адам өз бойында күшті астралдық қуатты) жинақталды. Жер астралының көптеген жетекшілері – иерархтар «құдайлар соғысында» өлді, сөйтіп Жер өркениеті Жоғарғы ақыл-оймен байланысын үзді. Өзі би, өзі қожа болған адамдар, басқа да себептерге байланысты дұрыс даму жолынан ауытқып кетті. Сол кезде жоғарғы шенді ғарыштық иерархтар сансара шеңбері деп аталатын тізбекті енгізді. Бұл Жер Ғаламның санасы мен ақыл-ойының дамуына қандай да бір үлесін қоса алуы үшін жеке адам жүзеге асыратын ойлардың тізбегі болатын, онда адам ақыл-ойдың бастапқы, төменгі желісі ретінде көрінеді. Қайта туу тізбегінде жеке адам ер және әйел болуы мүмкін (мысалы, Коперник өзінің қазіргі туылуында - әйел). Тіршіліктің биологиялық желісінда әйелдің бастау көзі қасиеттерді, сапалылықты жинақтауға арналған, ал ер адамның бастау көзі тәртіп, иерархиялық орнатуға арналған. Сондықтан да ер адамдар минуспен кездесіп қалғанда, әдетте олар шамалары жеткенше оған қарсы тұруға тырысады. Өткен өмірлері туралы ақпарат адамда жабық болуы тиіс: өткенді білу – ішінара сол өмірді сүрумен бірдей, нәтижесінде бір мезеттік әсерлерге тиісінше жауап бере алмау жағдайлары белең алады. Болашақты білу – ішінара сол болашақта өмір сүру, демек, бүгінгі болып жатырған оқиғаларға көңіл бөлмеу. Өткен мен болашақтың жүгін кез келген психика көтере алмайды. Қарапайым тілмен айтсақ, адамның энергетикалық сұлбасы келесі блоктардан тұрады: ақыл-ой мен маңыздар өзегі бар импульстық айналма күш, сана (ми мен жүйке жүйесі), биологиялық айналма күш (тән), жеке тіршілік иесінің жалпы өрісі, энергетикалық қаңқа. Йога терминдерінде адам жаратылысы үш желіға бөлінеді: физикалық (тән), астралдық (психика), оттық (ақыл-ой). Йога адамда физикалық және энергетикалық екі желідың қосылуының барабар механикасы болып табылады. Өмірде бәрі де, соның ішінде адамның әрбір бөлшегі ақпаратпен беруге жатады. Мысалы, бүйректің сигналдары басқа ішкі органдардың сигналдарымен араласпауы үшін олар ақпараттылықты жабық ұстайтын жүйе жұмыс істейтін тәннің ерекше энергетикалық-ақпараттық каналдары арқылы беріледі. Энергетикалық қаңқа – терідегі ине шаншитын нүктелер деп аталатын құрылымды түзетін да осындай каналдар желісі. Бұл желі құрылымдар күш түйіндері – астралдық нәзік қуатты жеке адам тәнінің ішінде ауыстырып-қосқыш болып табылады. Энергетикалық каналдар құлақ жарғағынан, табандардан және көздің шатырша қабығынан барлық ішкі органдарға тарайды. Векторлар ауыстырып-қосқыштары мен каналдар плюстік қуат ағыны (құлақ жарғағындағы ауыстырып-қосқыштар) минустық қуат ағынынан (табандағы ауыстырып-қосқыштар) асып тұруына немесе ең болмағанда екеуінің бірдей болуына жауапты. Ағзаның жалпы плюсі еңбекте (Брама тесігі), минусы табанда болады. Сондықтан шектен тыс жаяу жүруге болмайды. Алайда толық адамдарда жаяу жүру зат алмасу процестерін жақсартуы мүмкін – минустық жермен жанасу ағзадағы қуат алмасуын жылдамдатады, ал ол өз кезегінде зат алмасу процестерін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Адамның астралдық бөлігінде қан айналысы жүйесіне ұқсас үлкен және кіші қан тамырлары сияқты энергетикалық каналдар болады. Минустық канал да бар, ол ағып жатқан қуаттың ақпараттық бөлігін өзіне сіңіріп, ағзаға таратады, яғни ас қорыту жүйесіне ұқсас қызмет атқарады. Адамның нәзік қуатының жалпы ұстанымы жоғарғы және төменгі екі спиральға негізделген. Олардың тармақтары қиылысқан жерде чакралар жұмыс істейді. Чакралар – бұл нәзік қуаттың 7 тармақты орталықтары, олар тәннің ішіндегі негізгі энергетикалық процестерді теңдестіріп реттейді. Чакралардан басқа адамда тағы да екі күшті энергетикалық құйын болуы тиіс. Бірақ табанның үстіндегі бір ғана реттелмеген құйын бар. Екінші құйын үшінші көз аймағында орналасуы тиіс. Бұл құйын сана мен жады өрісінен бұғауды алып тастауға қабілетті. Осы екі құйынды бір кезеңге жатқызып, олардың имплуьстық айналма күшінің қуатын күшейте отырып, адамның астралдық қабығы дүниені көріп, естіп, кеңістікте қоғалыста болады. Көз – жеке адам жаратылысының физикалық желісінда ақпараттық код болып табылады. Сонымен бірге көз басқа дүниеге өтетін үңір жолдың да қызметін атқара алады. Көздің қарашығы арқылы нәзік қуат екі бағытта жүреді. Көзқарастың күші астралдық санатқа жатады. Көзқарас күші ойлау күшіне тең, көзбен қатты ойланған кезде көп нәрсені істеуге болады. Адам өзін айнадан көріп, өзінің өрісінен қорғануы тиіс, айнаның қуатты жұтатындай қасиеті бар. Адамның көлеңкесі минус рөлін атқарады және басқа ағзамен энергетикалық жағынан байланысады. Көлеңке – төменгі желілерден қуатты сіңіру. Адамның сезім мүшелері ультрадыбыстарды, инфрады-быстарды және Күннің ультракүлгін сәулелерін қабылдамайды. Солай дегенмен де «биологиялық өріс» – астралдық энергия, ол кейбір нақты сезімдерді тудыра алады. Оның дыбыстық, түстік, тартылыстық, электромагниттік және басқа құрамдас бөліктері мен өзінің ырғағы – тербеліс жиілігі бар. Бұл өрістің мәні – біздің ортаны ақпараттық жағынан бәсеңдету. Оның күшін чакралар бақылап отырады. Жеке адам өрісінің шекарасы – осындай күштің әрекет ету аясы. Жеке адамның жалпы өрісінің негізін екі чакра береді, олардың энергетикалық құйындары түрлі жақтарға қарай айналып, өзара белгілі бір күштің өрісі – сегізкөз бен еңбек аймағындағы чакраларды туғызады. Әр органның да өз өрісі бар. Ғарыштық қуаттан нәр алып, адам өзінің өрісін жақсартады. Орныңыздан тұрып, бетіңізді Күнге немесе оңтүстікке бұрып, шынтағыңызды алақаныңыз иық тұсына келетіндей етіп бүгіп, алақаныңызды Күнге қаратыңыз. Саусақтарыңызды қатты күштемей, сәл араларын ашып тұрыңыз. Саусақтарыңыздың үстінен тербелістегі ауаны көруге болады. Прана ағыны деген осы. Өздігіңізден емделу үшін келетін қуатты жинақтап, сол жерден ауырған органыңызға жіберу керек.
«Шипагерлік баян», қаңтар 2014ж.
Алматы қаласы /жалғасы бар/
| ||