"Жас-Ай" медициналық орталығының жаңа ғимараты ашылды
| ||
главная вернуться | ||
Жасан Зекейұлы "Жас-Ай" медициналық орталығының Бас директоры, м.ғ.д., профессор
Аталған медициналық орталықтың бас директоры Жасан Зекейұлы м.ғ.д., профессор, академик, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Халықаралық "Сократ" атындағы орденнің иегері, "Нұр Отан" ХДП Әуезов аудандық филиалының саяси кеңесі бюросының мүшесі. 5000 жылдық тарихы бар шығыс медицинасын ұлтымыздың емшілік дәстүрімен ұштастырып, Қазақстанда қанат жаюына ықпал еткен м.ғ.д., академик Жасан Зекейұлы басқарып отырған "Жас-Ай" медициналық орталығының құрылғанына 10 жыл толды. "Жас-Ай" медицина орталығы 70 адамды сонымен қатар 3 зағипты емдік массажға үйретіп, жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Осы уақыт аралығында 40 мыңнан астам адамдарды емдеп, олардың ішінде 7000 адамға тегін ем көрсетілді. Сондай-ақ, 500-ге жуық отбасыға бала сүю бақытын сыйлап, ұлтымыздың демографиясына зор үлес қосып келеді. Ұлттық мәдени шаралардың өтуіне, спортшыларға және жағдайы төмен отбасыларға қаржылай демеушілік жасап келеді. "Нұр Отан" ХДП-ның ұйымдастыруымен өткен қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, әр жыл сайын "Мектепке барар жол" акциясы бойынша жүздеген балаларға қамқорлық жасауда. Он жылда жеткен бұл жетістік Елбасы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салихалы саясатының арқасы. Халықтың "Жас-Ай" медициналық орталығына деген сенімі артып, емделушілердің қатары күн сайын көбейе түсуде. Айталық, 2012 жылы құрылысы басталған, 5 қабатттан тұратын аурухана қолданылуға берілді. Орталықтың бұл жаңа нысаны алыстан келіп, ұзақ уақыт жатып емделетін науқастарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беріп отыр.
Төмендегі ауруларды анықтау және нәтижелі емдеу: – Жүйке жүйесінің аурулары: бас сүйек миының шайқалуы, жүйке ауырсынуы, жүйкенің қабынуы, жүйкенің тозуы, бас сақианасы, бас сүйек ішіндегі қысым, миға қан құйылу, құяң, нейроциркуляторлық дистония, омыртқа аралық дискінің жарығы, остеохондроз, кекештену, афазия, балалардың церебралды салдануы. – Жүрек-қан тамыр аурулары: миокардит, жүрек кемістігі, қан қысымының көтерілуі, жүректің ишемиялық ауруы, жүректің беріштенуі, жүрек ырғағының бұзылуы, қан тамыр кеңеюі, тромбофлебит, инфарктан кейінгі кардиосклероз. – Асқазан-ішек аурулары: асқазан қабынуы, асқазанның ауруы, асқазан-ұлтабар қабынуы, асқазан мен ұлтабар ойық жарасы, өт қабының қабынуы, өт ауруы, колит, геморрой, холецистит, панкреатит, өт шығару жолдарының дискинезиясы. – Несеп-жыныс жүйесінің аурулары: пиолонефрит, бүйректің төмен түсуі, түнде зәр тоқтамауы, простатит, белсіздік, сүндетке отырғызу (жаңа әдістер), қуықтың қабынуы. – Гинекологиялық аурулар: етеккірдің аз келуі, етеккірдің келуінің бұзылуы, аналық без жылаулығы, жатыр ет өспесі, бедеулік, мастопатия, аднексит. – Буын аурулары: буын қабынуы, буын шеміршегінің өзгеруі, буындарға тұз байлану, буындардың пішінінің өзгеруі. – Тыныс алу жүйесінің аурулары: бронх демікпесі, бронхтың қабынуы, аллергиялық мұрын қабығының қабынуы, гаймор қойнауының қабынуы, өкпе қабынуы, аллергиялық бронхит, созылмалы тонзиллит. – Тері аурулары: тибеттік ажарландыру, ақтаңдақ, теңге қотыр, безеу бөртпелері, тері қабынуы, терінің созылмалы аурулары, шаш түсу. – Эндокриндік аурулар: қантты диабет, зоб, семіздік, гормондық қалыпсыздық. – Көз аурулары: глаукома, катаракта, қабақтың қабынуы, миопия, көз көру қуатының әлсіреуі. – Сонымен қатар: темекі тарту, ішімдікке салыну, есту қабілетінің төмендеуі, операциядан кейінгі хирургиялық асқынулар. Мекен-жайы: Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшелерінің қиылысы, Витебскея көшесі №42 Байланыс телефондары: 390-19-19, 302-15-40, 8 777 232 1871, 8702 558 3339. Орталықтың электронды мекен-жайы: www.jasai.kz, zhasai_67@mail.ru
| ||