"

ҒАРЫШТЫҚ ЖОҒАРҒЫ АҚЫЛ-ОЙ

 

 

 главная                                        вернуться 

 

Зядан Қожалымов

профессор, мәдениеттанушы-ғалым

/басы өткен санда/

 

 

ақыл-ойдың өзіндік сипаттамасы

 

Адам жоғарғы желідағы қуатты жиі жоғалтып тұрады. Мысалы, ішімдік ішу – бірден орны толтырылмайтын күшті энергетикалық шығын.

Күнделікті тынығумен айналысатын адамдар өте аз, сол тынығу кезінде нәзік қуат жақсы сіңіріледі.

Жылы қанды жануарлардың етін пайдалану жеке адамның энергетикалық каналдарын бітеп тастайды, сөйтіп ұзақ уақытқа теріс қуат береді.

Тынышталып, денеңізді босаңсытып жатып, ашық түсті жарық толқынын ойша елестетуіңіз керек, ол қан тамыры соғысының ырғағымен 2 қан тамыры соғысы ішінде айналыс жасайды (толық бір айналым – сағат тілінің бағытымен оңнан солға қарай). Толқын үшінші көзде 15 рет айналып шыққаннан кейін, оны ойша тамақ чакрасына көшіру керек (8 айналыс, 16 қан тамырының соғысы), осылайша жыныстық чакраға дейін. Тамақ чакрасы дұрыс ырғақты талап етеді. Ол бұзылған кезде, адамдар тез арықтайды. Дәл осы чакра тәннен адамдарға ойлануға мүмкіндік беретін оң қуатты алып шығады. Жыныстық чакрада тоқтау керек (куандалиниға тимеу керек). Жыныстық чакрадағы 1 айналыстан кейін жарық толқыны тәніңізді сағат тілінің бойымен орап алып, спираль бойымен Брама тесігіне бағытталғанын елестету керек.

Бетіңізді оңтүстікке бұрып медитация жасаған дұрыс.

Жуынуды аяғыңыздан бастаңыз. Бетіңізді ешқашан қолыңыздан бұрын жумаңыз.

Адам ұйықтап бара жатқанда, оның астралдық сезімталдығы артады – бұған өзін-өзі қорғау түйсігі жауап береді (бұдан басқа маңызды түйсік - өзін-өзі көрсету түйсігі). Адам мен жан-жануарлар түсінде қоршаған ортаға өзінің өрісімен жауап береді, түс – сана түсініктерімен бірге оқылатын ақпарат. Түс көру – ой тыныштығы кезінде қосылатын сана мен жадының жинақтау қызметі. Аян түстер де бар, мұнда адамның өрісі кармалық каналмен келетін ақпаратты ұстап қалады да оны өзінше түсіндіреді.

Аян түс көру күндері жұлдызнамаға (гороскоп) бағынады.

 

Санадан тыс сезім

 

Санадан тыс сезім – адамның астралдылығын құраушылардың бірі, ол сананың айналасындағы (бастағы ми) ақпараттық өріс болып табылады. Онда айналадағы барлық ақпарат тіркеледі. Түйсік – санадан тыс сезім өрісінен оқылған ақпарат. Санадан тыс сезім өрісі адам қосымша түсініксіз шындық деп қабылдауы мүмкін ойды ұстайды.

Шындығында, егер үйлесімділік заңымен өмір сүріп, өз ырғағымызды бұзбайтын болсақ, онда адам өмірінің шегі – үш жүз жыл. Егер жеке адам өзінің тәнінде берілген барлық әлеует күшін жұмсай алатын болса, бұл шек 700-800 жылға шегінеді. Жағымсыз қылықтармен, ойлармен теріс кармаға тап болып, соның нәтижесінде өз ағзасы мен психикасын түрлі сынақтарға ұшырататын болса, адам өзінің өмірін күрт қысқартады.

Жердің ядросында, биосферасы мен астралында ақпарат пен биоэнергетиканың дөрекі бұзылуы және жетекшілердің санының аздығы салдарынан, жоғарғы және төменгі желілардың бір-бірімен қатынасуы айтарлықтай сиреді. Адамдар өмір сүрудің энергетикалық деңгейінің жетекшісін сезінбейді. Бірақ олар өздерінің қамқорлығындағыларға көмектеседі. Алайда Ғаламның ерік күші заңдылығына сәйкес жетекшілер адамдардың санасына тікелей әсер етуге хақылары жоқ.

Жер жетекшілерінің иерархиялық пирамидасы аса үлкен емесе: Шамбала, белгілер жетекшілері, штамптар жетекшілері. Төменіректе – адамзат, өмірдің биологиялық деңгейі. Жетекшілерден басқа жер Шамбаласының иерархтары адамзат баласының пайдасына жарайтын процестерді астралдық деңгейде сіңіреді. Жердің плюстік нәзік қуатты жинау қабілетінен әбден айрылмауы үшін, Шамбала ғаламшардың оң тезаурусын күшейтуге ұмтылады.

Адамдар өздерінің эволюциялық дамуына қарай екі санатқа бөлінеді: белгілер және штамптар. Белгі - өткен өмірі, бай жеке адам, оның импульстік айналма күші түрлі ақпараттар мен сапалылығы бар маңыздарды көп мөлшерде жинақтаған. Штампжер эволюциясында үлкен жол күтіп тұрған жеке адам, қайта туылу саны көп, оның шығармашылық түп негізі әлі үлкен емес. Жоғарғы және төменгі белгілер де болады – бұлар жеке қасиеті мен тәнінің үйлесімсіздігі себебінен жеке дамудың ұшар шыңында тұрып, одан асып өте алмағандар. Егер төменгі белгі үдеп, төменгі штамптың деңгейіне дейін төмендейтін болса, құлдырау сөзсіз.

Шамбала иерархтары үш әйгілі адамға, белгілердің орташа жетекшісі 10 адамға, штамптардың орташа жетекшісі 30 адамға қамқоршылық көрсеткен.

Жетекшілердің ең бір жауапты шараларының бірі – жүктіліктің үшінші айында адам ұрығына импульстік айналма күшті қосу. Жетекші мүмкіндігі болғанша елді, отбасын, әлеуметтік жағдайын таңдайды. Бұл осы ақыл-ойдың эволюция үшін барынша тиімді қызмет етуі үшін жасалады. Жетекші адам ұрығына импульстік айналма күшті қосқаннан кейін, жеке адам басқа күйге ауысады, бұл күй туудың биологиялық әрекетінен де маңызды – ақыл-ой өзегімен бірге әлі тумаған адам жеке адам болады, бастапқы санаға (өткен тәжірибесіндегі ақпараттық-энергетикалық нәтиже) ие болады. Қарапайым тұрғыдан алып қарағанда, ата-ана өз балаларын дүниеге алып келмейді.

Бала өзінің қашан туарын таңдамайды – бұл оған жоғарыдан бұйырылады. Бұның терең мағынасы да осында. Тән – қорғалуы керек сый.

Есуас болып туатын тіршілік иесіне жетекшілер ақыл-ой өзегін қоспаған, сондықтан ол санаулы айлар немесе жылдар ішінде жанып кетеді. Ақыл-ойды қоспау себебі – кейде (барлық уақытта емес) нәтижені алдын ала ескеруге болады. Мысалы, жаңа Гитлер өмірге келеді (Гитлердің бұрынғы қайта тууларының бірі – Кортес). Осындай жағдайларда да жетекші туылуы қалаусыз жеке адамның осы тууында іріуі тиіс деп шешеді. Бірақ бұл тек салмақты карма болған кезде ғана және қалаусыз жеке адамның импульстік айналма күшінің аз энергетикалық потенциясы болғанда ғана мүмкін. Адам өлгеннен кейін оның оң тәжірибесі сүзіп алынады да, терісі кармаға жіберіледі.

Иерархтар жер астралына адамның ақпараттық өрісін шығарады, ол нақты физикалық келбет, сана және импульстік айналма күш береді. Бұл оның жекелігін, ажалсыздығын сақтайды – биологиялық өлімнен кейін энергетикалық ұрық қалады.

Жеке адамның астралдық қабықшасы адам өлгесін үш күннен кейін тәннен әбден сыпырылып түседі (денені өртеуде қабыршақтар бірден ажыратылады, өлген адамның оны қоршаған айналамен кармалық байланысын бұзады, сөйтіп оны жермен байланысын үзеді). Қабықша сыпырылып түскеннен кейін импульстік айналма күш кармалық тартылыс каналы бойымен ақыл-ойдың ғарыштық көздеріне қарай ұмтылады. Олар жоғарғы желідың күшті энергиясының әсерінен ыдырап кетпеуі үшін, жетекші импульстік айналма күштің әлеуетіне қарай оны жер астралының белгілі бір қабатында тоқтатады. Содан кейін ол психологиялық сызбаны оның импульстік айналма күшіне салады, сөйтіп осы туылудың барлық ақпараты ақыл-ойда маңыз болып қайта өңделеді.

Жер астралы ғаламшардың тартылыс өрісінің шекараларына дейін таралады (7 шақырымға дейін төменгі, астралдың ең тығыз әрі ауыр деңгейі). Астралға жеке адам кіріп, ондағының бәрін көреді. Жеке адам жер желісінің кармалық каналдарының бөлінісі мен реттелуін биологиялық өлімнен кейін 9 күн ішінде бақылайды. Тоғызыншы күні жеке адам кармасы жұлдызнама белгісінен ажырайды да жеке адам Жер астралынан жоғарығы көтеріле алады. Астралда ол биологиялық өлімнен кейін 40 күн бойы бола алады. Бұл кезде маңыздың ақырғы қалыптасуы жүреді – ақыл-ой өзінің тірлігін биологиялық желіда қайта басынан өткізеді. 40-ыншы күні жаңа маңызға ие болған импульстік айналма күш жер астралын тастап кетеді. Көлік ретінде жетекші жүреді. Ол импульстік айналма күшті Айдағы «жер асты» қоймасына немесе Плутондағы астралдық қоймаға апарады.

Жеке адам Айда ең көп дегенде 3-6 ай бола алады, одан кейін ол жаңадан қайта тууға кете алады. Импульстік айналма күштің Плутонда ең ұзақ болу мерзімі – бір жарым мың жылға жуық. Энергетикалық ұрықтарды Плутон астралында олардың ақпараттылығына сәйкес таратады – Плутонның беткі жағына жақын болған сайын, зерде төмен болады.

Жер мен Айда Плутонға жіберілетін импульстік айналма күшті ұстап тұруға болмайды. Плутондағы магнит өрісінің қасиеттері ерекше – онда жоғарғы зерделі жеке адамдар бір-бірімен қарым-қатынаста болмайды. Айға немесе Плутонға жіберу жердегі жеке адамдардың астралдық әлемде қарым-қатынас жасауы дұрыс болмағандығы үшін қажет. Олар өздерін бұзып ашады. Олардың міндеті - өздерін Жердің физикалық желісінде ашу.

Өлген адамның артынан өткізілетін астар оған кармалық байланыстарды үзуге, тірліктің энергетикалық желісінда өмір сүрудің жаңа фазасын тезірек бастауға көмектесуі керек. Жақындарының қайғыруы, достарының өкініштері ол кетіп қалған әлемге оны байлап қояды. Өлгендер туралы көп қайғыра бермеу керек.

Бейіт немесе тіпті крематорийден алынған капсула – күшті төменгі энергетикалық шұңқыр. Сондықтан оларға туған-туыстарының, достарының жиі-жиі келуі импульстік айналма күштің астралда бейімделуіне кедергі келтіреді. Бұл әсіресе өлгеннен кейінгі алғашқы 40 күнде қатты байқалады. Туған-туыстарының қайғылану энергиясы минустың энергетикалық шұңқырға барады, сонысымен олардың тірлігін ғана емес, сонымен бірге өздерінің сүйікті адамдарының да өлімін қиындатады. Егер жерлеу діни жоралғылар сақталып өткізілсе, онда ол шұңқырды жауып тастағандай болады. Бірақ өлген адам қаншалықты менмен, ал діни қызметкер әлсіз болса, жоралғылардың тиімділігі де соншалықты аз болады.

Үйлесімділік заңдылықтарымен өмір сүруге тырысқан қасиетті және тылсым күш иелерінің бейіттері, керісінше, оң энергия шығарып тұрады. Келушілер де өздерінің энергетикалық қаңқасын түзеу үшін сол жаққа баруға тартылып тұрады.

Қазір жер астралының жоғарғы қабаты минустық тірлік иелерінен тазарған кезде, биологиялық энергетикалық вампиризмнен басқа тек бір ғана қуатпен қамтамасыз ететін жол қалды. Сондықтан бейіттерге сирек бару керек.

Жер физикасы қуат деңгейлері туралы аз біледі, қарапайым бөлшектерден әрі зерттеген жоқ. Дүниедегі қуаттың басты түрі – нөлдік қуат, ол энергтикалық түйірлер құрып, дүниетанымның кішкентай кірпіштеріне айналады.

 

Карма заңы

 

Карма заңы, қуатты сақтау заңы, күшпен кері әсер ету заңыбүкіл әлемнің негізі. Карманың Ньютон заңы былай құрылған: қозғалыстың күші қарсы қозғалыстың күшіне тең.  Механика ғылымының жетістігі болған Карма заңы жер ғылымына кірді, бірақ бірде бір адам бұл заңды материяның энергетикалық деңгейіне, мысалы, психологияға қолдануға әрекет жасамады.

Ғарыштағының бәрінің энергетикалық табиғаты бар. Сондықтан кез келген әрекеттің, сөздің, ойдың кері күші, кері әсері болады. Карма заңы, кері әсер ету заңы бәрін қамтиды. Оны дамуға түрткі болатындай, шынайы өмірді жақсартатындай етіп пайдалану керек. Сөйтіп өзің үшін, отбасы, достарың үшін, ауылың, елің, Жер, Жұлдыздар әлемі үшін жағымды ұстаным жасауың керек.

Кез келген әрекеттің қуаты, сөз, ой түрлене өзгеріп жеке адамға сол мезетте немесе бір жылдан кейін қайта оралады.

Ойы биік, айналасына сүйіспеншілікпен қарайтын адам кеңстікті оң етіп құрады және өзін шындық ақпаратпен қамтамасыз етіп отырса, тез дамиды.

Адамның кармалық каналдары күші бойынша иерархиялық болады. Туған-туыстардан каналдар жүрек чакрасына, достық қарым-қатынастар күн чакрасына, іскерлік байланыстар тамақ чакрасына, дұшпандық байланыстар жүрек және күн чакраларына бағытталады.

Өзіндік жеке карма куандалиниге, сегізкөз аумағына бекиді. Төменгі штамптарда карма генетикалық аппаратқа әсер етеді. Карма барлығына да қатысады. Карма (өзінше энергетикалық қарыз) кристалда да, тірлік иесінде де, отбасы, ел, өркениет, Жұлдыздар әлемінде де бар.

Кармалық каналдар тартылыс қуатынан тұрады, оның екі желісі бар –энергетикалық және парасат желісі. Парасат плюстің рөлін, тартылыс минустың рөлін атқарады. Парасаттың күші неғұрлым көп болса, оның тартылыс өрісі мен дамушы рөлі соғұрлым үлкен болады. Жеке адам үлкен күш парасатына жетіп, оны жүзеге асырған кезде ол өзінің тіршілік желісінің тартылыс күштерін жеңіп, өмірдің келесі деңгейіне шығады.

 

Тартылысты

сақтау заңы

 

Тартылысты сақтау заңы – бұл дамуды сақтау, үйле-сімділікті сақтау заңы. Иман, психика, іс-әрекеттер, ойлар мен тән энергетикасы үйлесімді болған жағдайда ғана оң жеке тәжірибе тез жинақталады. Сондықтан туу кезеңдерінің саны белгісіз: ең аз дегенде 1 кезең.

Егер жеке адамдар жердегі өмірдегі ең бастысы адамдарға қуаныш сыйлау, тыныштық пен қуаныш барлық тіршілік иелерінде болуы тиіс екендігіне оң көзбен қараса, онда жер астралындағы жетекшілердің саны тез-ақ толығар еді.

 

«Шипагерлік баян», ақпан 2014ж.

Алматы қаласы  /жалғасы бар/

 

 



вверх