"

ҒАРЫШТЫҚ ЖОҒАРҒЫ АҚЫЛ-ОЙ

 

 

 главная                                        вернуться 

 

Зядан Қожалымов

профессор, мәдениеттанушы-ғалым

/басы өткен санда/

 

Тартылысты сақтау заңы

   Ұлы адамдар өмірдің анағұрлым биік желісіне үнемі шыға бермейді. Мысалы, Пушкин (бұрынғы тууында Моцарт) өзінің дамуының шарықтау биігінде нәзік желінің қуатын шашыратып алды. Данышпандардың өздеріне тән кармасы осындай. Есесіне ол көптеген жеке адамдардың дамуына септігін тигізді – бұл оның ақиқат жетістігі. Егер данышпандар ақыл-ойдың ғарыштық иерархиясы идеясына дендегенде, олар өздеріне тән карманы тез баяндап берер еді.

   Энергетикалық әлеуетті шынайы махаббат туралы естен шығармай, бар әлеммен үйлесімділікте аса ұқыптылықпен жинау керек. Йогамен айналысатын адамдар бұны барлық уақытта басшылыққа ала бермейді, сондықтан астралға толықпаған, былайша айтқанда жетілмеген ұрықтар түседі.

   Әрбір адам – өз-өзіне иерарх. Бұны терең түсінген сайын, өзіңнің табиғатыңдағы мақсатсыздықтан құтылу оңай. Өзіңе сүйіспеншілікпен, өзіңнің биологиялық айналма күшіңе деген жауапкершілікпен қарау керек.

   Өз бойынан жеке адам ашатын қасиет өз деңгейіне және тиісті орындарына жеткізілуі тиіс, бұл әрекетіңіздің даму заңдылықтарына қатысты мақсаттылығын анықтау үшін жасалады.

   Адамның тәні мен психикасы салыстырмалы симметрия ұстанымы бойынша құрылған. Ғарышта бәрі осылай құрылады, бәрі екі әлеуетке жинақталған: плюс және минус. Олардың арасында салыстырмалы тепе-теңдік болуы тиіс. Плюстің басымдылығы басылып тасталса және теріс карма жиналып қалатын болса, жеке адам немесе басқа материя жойылады.

   Адам өзінің білімсіздігін немесе шарасыздығынан шыдайды. Шыдам деген осы. Шыдамдылық – басқаша, бұл шарасыздық пен әлсіздікке сүйіспеншілік және аяушылық танытып, белгілі бір сезімдерді адамгершілікпен өзгерту ұғымы. Аяушылық білдіру де қолдан келуі керек. Өзіңе басқа біреудің кармасын алған кезде, оны өзіңнің күштеріңмен өзгертуің керек. Бұл дамуға кедергі келтірмейтіндей болуы керек. Бұндай жағдайда аяушылық жақсылық әкеледі. Көмектесе алатын мүмкіндігің болғанда ғана аяушылық білдіру керек. Олай болмаса шыдамдылық шыдамға айналады.

   Артта қалғандық – бұл ұғынылмаған сенім. Егер эмоцияға ерік берсе, онда жағдаймен күресі қиын.

   Өз-өзіне ие болу – кез келген сыртқы әсерлер кезінде өзіңді қажетті күйге келтіре білу.

   Ерік – ұстанымдарды қисынды бақылау.

   Үйлесімнің бәрі адамгершілікте. Қуаныш адамгершіліктен туады.

   Қатыгездік өзін-өзі қорғаудан пайда болды. Жазмыш – ақпаратты дұрыс пайдалана білмегендіктен өзіңнің ішіңде минустың шамадан тыс пайда болуы. Балалардың жазмышына ата-аналарының тәрбиесінің әсері бар.

   Ұрық – ақыл-ой қуатын тартып алады.

   Үнсіздік – келтеліктің ең жетілген түрі.

   Қисын – ойланудың көмегімен бір нәрсеге жетудің ең қысқа жолы.

   Шындық – жалпы үйлесімділік жүйесінде тұратын заңдылық. Уақытында айтылмаған даналықтың күші жоқ.

   Ойлауда турашылдықтың маңызы бар. Дұрыс ойлаудың эмоционалдық реңкі болмайды. Адамдардың көпшілігі әзірге саналы ойлауға қабілетсіз – сана сырттан алынған ақпаратты да, импульстік айналма күш жасаған ойды да бұрмалайды.

   Адам санасында түйілу және құрысу болады. Шизофрения – сананың тұрақты түрде түйілуі. Летаргия шизофрениямен негіздес.

   Елестер (галлюцинация) – жүйке жүйесіндегі сезімдер жайсыздығы.

   Психиканың ең үлкен кемтарлығы – даңғойлық.

   Жамандық – дамудың үйлесімді тізбесін әдейі бұзу.

   Ар – жауаптылық шамасы. Баладағы ұят арды қалыптастырады. Жеке адамның даму сатысы неғұрлым жоғары болса, оның имандылығы соғұрлым биік.

   Өзіңді жетілдіргенің – дүниені жетілдіргенің. Ұранбірлікті дамытудан жалпы дамуға.

   Әрбір ойланушының мақсаты – өзіне ұқсас адамдарды өз санасының деңгейіне дейін көтеру.

   Табыстарыңды айтып дандайсудың керегі жоқ – өзіңнің дамуыңа қарыздар болатын адам қашанда табылады.

   Қалай әрекет етуді біліңіз және білгеніңізше әрекет етіңіз, сонда еркін боласыз. Билік жауапкершілікпен бірдей қатынаста болуы тиіс.

   Адамзаттың кармасы шамамен 12,5 мың жыл бұрын «құдайлар соғысынан» кейін қалыптасқан, бұл соғыс барысында адамдардың энергетикалық желімен, дүниетаным ақпаратымен байланысын қамтамасыз ететін орташа иерархтар тізбегі жойылып бітті деуге болады. Адам ғылымның көмегімен өзі табиғат заңдылықтарын оқып-біле бастады. Бірақ дүниенің бүтін көрінісін жасай алмады, өйткені оқып-білу, негізінен, «қиратамыз - білеміз» ұстанымына құрылған.

   Білім алуға құштарлық, бұл білімдерді нақты жағдайларда пайдалану жеке адамның маңызын байытып, бүкіл адамзат баласын жоғарыға көтереді.

   Жеке адамның және оның маңызының жетілуіне орасан кедергі келтіретін нәрсе – бұл өлімнен қорқу. Егер өлім қорқынышынан арылса, барлық қорқыныштар да жоғалады. Өлім жоқ, тек басқа бір күйге, дамудың шексіз тізбегінің бір буынына өту бар. «Мен бармын» - алдымен өзіңді импульстік айналма күш, ғарыштық ақыл-ойдың бір бөлшегі деп, содан кейін барып адам ретінде сезіну керек. Сосын шамамен былайша ойлау керек: маған – ипульстік айналма күшке – ештеңе де болмайды, бірдеңе болса, ол анау биологиялық адаммен, анау бастапқы санамен болады. Осыдан кейін өмірдің қайғы-мұңдары сондай салмақты болып көрінбейді.

   Ақыл-ой оң карма жасау үшін қызмет етеді. Бұл жердегі ең бастысы – жеке адамның шығармашылық көрінісі.

   Қарапайым жеке адамдар үшін оң кармаға ие болу дамуға кедергі келтіретін құбылыстарды жою дегенді білдіреді. Минустық карманы өзінің зерделік, биологиялық және парасаттық деңгейін жетілдіруді қаламау жасайды. Даңғойлық, сатқындық, жамандық пен зорлыққа қарсы тұрмау, мүсәпірлік, ішкілікке салыну, өтірік айту және басқаларды қазіргі заманғы мораль даттайды.

   Өркениеттің шынайы өркендеуі даму процесінің шамасына қарай адамгершілігі басым болатын мораль өзгергенде ғана мүмкін болады. Уақыт өте келе мораль жеке адамның өзінің және қоғамның алдындағы жауаптылығымен ауысады, Бұл  жеке адамның мүмкіндігіне қарай ішкі және сыртқы үйлесімді құру жауапкершілігі болып табылады.

   Егер жеке адам өзін қоршаған адамдар үшін төзгісіз жағдайлар туғызатын болса, онда интеллектуалдық үйлесімсіздік тудырады немесе биосфераға залал тигізеді. Мұндай кездейсоқ болып жататын теріс қылықтар оған келесі қайта туылғанда күшті энергетикалық түрде қайтып келеді (мысалы, аурулар немесе ауыртпалықтар түрінде – объективті карма). Субъективті карма – бір мезеттік ұсақ, мән берілмеген ойлар мен әрекеттердің нәтижесі.

   Барлық әрекеттер кармаға бағынады. Мысалы, басшы адамның қандай да бір ағашты кесу туралы шешімі ойланып жасалған карма болады, ал ағашты кесетін жұмысшылар үшін бұл – ойлап жасалмаған карма. Ойланып жасалмаған карма қазіргі жеке адамдарда өте көп – орташа алғанда, кез келген жеке адамның ойланып жасалмаған кармасы 80%-ды құрайды.

   Жеке адам төмендейтін ең үлкен жағымсыз қылық – саналы түрде жасалған мүсәпірлік, бұл теріс карманы бірден арттырады. Мүсәпірлікке қара магтар (Жердің астралдық желісіндағы ұнамсыз тірлік иелері) итермелеуі мүмкін, олар даңғой және әлсіз адамдардың қуатын жұта отырып, олардың санасын ептеп қайта құрады, сөйтіп бүкіл адамзаттың кармасын күрделендіреді. Сонымен қатар жеке адамды астралдық үйлесімнен қоректену мүмкіндігіне айырады – ғарыштан Брама тесігіне баратын сәулені кесіп тастайды.

   Табиғат әйелдерді сапалылықты жинағыш етіп жаратты, сондықтан да астралдың қара күштері бірінші орында әйелдерді энергетикалық құлдыққа салуды қолға алады. Жоғары сапалылыққа, сондай-ақ биологиялық өріс күшіне ие әйел айналасын минуспен зарядтап, қара күштердің жайлы жағдайын бұзуы мүмкін.

    Ағзаның энергиялық статикасын куандалини басқарады. Ерлер өзінің жалпы плюсін арттыру үшін осы чакраны көтерсе болады, ал әйелдерге бұны істеудің қажеті жоқ.

Мінез – субъектінің өтелетін қисыны

   Мінез – субъектінің өтелетін қисыны. Объективті қисын – бұл санадан басқа болатын, ырғақты өзара қарым-қатынастар заңдылығы. Әр адамның өзінің диалектикасы, тұтас пен жекенің өзара байланысын сезіну шегі болады.

   Адам көбінесе өзінің қисынын дүние туралы ойлауға емес, бір мезеттік істерге бағыттайды, сол себепті оның ақыл-ойы санада жеке адамның дамуына жағдай жасайтын ақпаратты реттейтін күш түйіндерін жасай алмайды.

   Адамның мінездік сипаттары бір ақпаратты күшейтсе, екіншісін басып отырады. Импульстік айналма күшке осындай кездерде пайда болатын күштердің орынын толтыруға арналған қуатты жұмсауына тура келеді. Дұрысында сыртқы ақпараттың күштік әсері нақты импульстік айналма күштің қисынды мүмкіндіктеріне тепе-тең болуы тиіс.

   Жер өркениеті дамудың басты заңынан ауытқып кетті.  Әлемде барлығы өз орнында толық үйлесімділікте болуы тиіс. Әлем дегеніміз тек қана жер мен көк емес, ол қарсыәлем және қарсыжаратылыс та. Әлем мен қарсыәлем бірге дамиды, тек олар энергетикалық тосқауыл – Ұлы қима айналысымен (ҰҚА) шектеледі. ҰҚА тірі клетка сияқты, бөлініп екі тірлік иесіне көбейеді. Адамдардың түсінігі бойынша, өмір пайда болмайды, ҰҚА барда ол да бар. Абсолют – бұл ҰҚА-ның аса жоғарғы санасы.

   Адамдар ақыл-ойдың ең төменгі желісі бола отырып, өз ағзаларының иерархысымен ұқсастығы бойынша ғарыштық санада сүйектер деңгейінде болады.

   Энергетикалық тосқауыл қабық болып табылады. Фигурадағы кеспекке ұқсас екі дөңгелек басталуды білдіреді, ол ҰҚА-ның екіге бөлінгенін көрсетеді. Әлемдегі және қарсыәлемдегі найзағай үдемелік пен құлдырау символы. Белгінің ортасында – линзаға ұқсас көлденең сопақ қуаттың бір әлемнен екінші әлемге өтетін Ұлы көпірін бейнелейді. Осы көпір бойынша қарсы күштермен қарым-қатынас жасауға болады.

   Адам өрісі қарама-қарсы жаққа айналып тұратын екі айналма чакра – муладхара және сахахсрараның тудыратыны сияқты, абсолют өрісі де Әлем және қарсыәлем энергетикаларының көмегімен қалыптасады.

   Бұған қоса жарық жылдамдығы тіпті Жұлдыздар әлемінде де әртүрлі болады. ҰҚА жылдамдығы Абсолюттің таза өрісінде нейтрино өтетін жылдамдықпен өлшенеді. Нейтриноның жылдамдығы осы бөлшек өтетін ортаға байланысты. Күннен Жерге дейін нейтрино секундтың жеті мың бөлігінде, жарық 8 минут шамасында өтеді.

   ҰҚА-да ерекше дәліздер болады, олармен өтуге болады. Бұндағы жылдамдық Күн жүйесіндегі жарық жылдамдығынан үлкендігі жарық жылдамдығының трактор жылдамдығының үлкендігіндей.

   Жақында ғалымдар ашқан қара тесіктер Әлемнің басқа спиральдарына алып барады. Қарсыәлемнен келетін каналдар да бар, бірақ адамдар олар туралы білмейді. Осы каналдар арқылы Абсолюттің бақылауымен әлемдер өзара қарым-қатынас жасайды. Ақ тесіктер Жұлдыздар әлемінің акупунктуралық нүктелері болып табылады.

   Абсолют өзінің айналасына өзіне тең әлеует қалыптастырған кезде кетеді, осы уақытта ҰҚА-де ең үлкен энергетика болады. ҰҚА-ның физикалық желісі – жұлдыздар, ғаламшарлар... Жұлдыздар Абсолюттің күштік түйіндері, оның энергетикалық қаңқасы, ол адамның акупунктуралық нүктелеріне ұқсас болады.

Уақыт, қуат және сана

   Уақыт, қуат және сана – әлемнің материалдық дағдысын тудыратын үш құраушы. Ғарыштық сана – ақыл-ойдың шығармашылық бастауы, ол материяның даму бағдарламасынан тұрады және бұл бағдарламаны тәжірибенің жинақталуына қарай өзгертеді.

   Ғарыштық иерархия өзара астралдық негізде телепатемалармен қарым-қатынас жасайды, телепатемалар Жұлдыздар әлемінің бір шетінен екінші шетіне бір мезетте жетеді (адамнан мұндай сигнал жер уақытымен 7 секундта жетеді). Ғарышта бәрі де сенімділікке құрылған, өйткені онда толық сенімділік орнаған. Ғарышта бастықтар жоқ, лауазымдардың орнына ол жақта қандай да бір шамадағы жауапкершілік бар. Иерархиядағы орындар жеке адамның күші мен сапалылығына байланысты бөлінеді. Бұл орайда әркім өзіне қызмет аясын таңдап алады. Олар өмір сүру үшін ҰҚА-ның нөлдік қуатын пайдаланады. Адамдар үшін үйреншікті қалыпқа олар енді түсе алмайды. Жер Шамбаласы иерархтарының физикалық тәнге ене алатын мүмкіндіктері бар. Олардың деңгейлері әлі де жұлдыздар қуатын пайдаланатын деңгейде. Олар ғарыштық иерархтар сияқты нөлдік қуатты пайдаланбайды, оларға керегі – Күн қуаты. Оларда тамақ жеу, су ішу қажеттіліктері жоқ. Күн сәулесі олар үшін қорек болып табылады.

   Адамдар да азық-түлікті пайдалана отырып, Күн қуатын да қолданады. Бірақ ол бұзылған, қайта өңделген күйде болады. Күн қуаты өсімдіктерде – Жердің биологиялық желісіндағы қорек негізінде көп бұзылмаған (жүгері, қызанақтар – жер өсімдіктері емес).

   Ғарыштың биологиялық деңгейдегі өміріндегі тіршілік иелерінің бәрі адамға ұқсас келеді. Сыртқы жер өркениетінің басқа әлемдер өкілдерімен кездесуіне жақын қалды және ол көп сатылы болады.

 

«Шипагерлік баян», наурыз 2014ж.

Алматы қаласы  /жалғасы бар/

 



вверх