" ҒАРЫШТЫҚ ЖОҒАРҒЫ АҚЫЛ-ОЙ
| ||
главная вернуться | ||
Зядан Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғалым /басы өткен санда/
Әр иерархияның өзінің уақыты, өзінің ырғағы болады. Алайда уақыт ырғақ қана емес, онда ырғақты болдыратын сапалылық болмайды. Уақыт - өзінің табиғаты бойынша материалдық болып табылады, өйткені ол қуатты алушы және беруші ырғақ. Ырғақты асықтыруға да, тежеуге де болмайды – бұл ортамен қарым-қатынасты бұзады. Жұлдыз – ырғақтың жергілікті заңдылығы. Оның жарығы табиғатқа вектор бойымен жоғары немесе төмен жылжу мүмкіндігін береді. Көлеңкеде күш векторы шеңбер бойымен жүреді, ал жарықта вектор спираль бойымен дамуға ықпал етеді. Температура - ырғақтардың өзара байланысу күшін көрсетеді. Жарық - температура деңгейін көрсетеді. Ақыл-ойдың - көлеңкесі болмайды, сондықтан ол статикалық бола алмайды. Адам өзінің өмір ырғағын Күн бойынша, Күн Жұлдыздар әлемі бойынша өлшейді және т.б. Иерархия биік болған сайын оның ырғағы соғұрлым сирек болады, бірақ ырғақ күші үлкен болады. Табиғат неғұрлым төмен болса, оның ырғағы соғұрлым жиі, соғұрлым тығыз болады. Ырғақ ауысқан кезде сапалылық өзгереді. ҰҚА біртұтастығы ырғақтармен біріктірілген. Тарақтың жиілігі әртүрлі тістері сияқты ырғақтар бір-бірінің ішінен өтеді. Тығыз тосқауылдың арасынан көру осының арқасында сияқты. Өзін ойлармен шырмап, ақпаратты қабылдап-меңгеріп, адам өзінің негізгі ырғағын өзгертеді. Адамдағы басты ырғақты жүрек чакрасы жасайды. Жан күйзелістері ырғақты күрт өзгертеді, кейде тіпті жүректі тоқтатуы мүмкін. Шектен шыққан эмоцияларды ауру деп айтуға болады. Теріс эмоцияларды өз ішіңде басу зиян, оларды өз тәжірибеңе айналдыруың керек. Қамығу дегендер де болмауы тиіс. Биологиялық өмір Жерде 500 миллиард жыл бұрын пайда болған. Мумие – жердегі кремнийлік қарапайым өмірдің негізі, ол бұрындары дами бастады да, сосын оны судан шыққан көміртегі тіршілігі ығыстырып тастады. Кремнийлік өмір қазіргі дамудан кем емес даму нәтижесін берген болар еді. Мумие – күшті биологиялық стимулятор, ол адам бойынан оның барлық құрылымдық деңгейлерінен өтіп, оларды түзетеді. Мумие тіпті адамның генетикалық кодына да әсер етеді. Сүйектер – адамдағы ең тығыз дене, ал мумие оларға бәрінен күшті әсер етеді. Рак ауруларында мумие метастазаларды дамытуға қабілетті. Жердің кармалық каналдары Ғарышқа кетіп жатыр. ХХ ғасырда Жер екі әлем соғысының үрейін бастан кешіріп, биосферадағы дөрекі бұзылу фазасына түсті. Ғаламшардың астралы қатты ластанған кезде ғарыш иерархтары негізгі жер астралын құтқару үшін нақты шаралар жасайды. Біраз адамзат баласы өз ғаламшарының келбетін бұзып жатыр. Электрленген темір жолдар, телестанциялар мен радиостанциялар ғаламшардың энергетикалық каналдарын бітеп жатыр, сөйтіп жоғарғы желі мен төменгі желідың өзара байланысына кедергі келтіруде. Су өзінің кез келген күйінде өзіне қуатты, әсіресе, минустық қуатты сіңіреді. Жаңбыр да, әсіресе, күн күркіреп жауатын жаңбыр жер астралының ең төменгі қабатын минутстан тазартады. Жаңбырдың астында қалған адам осы минустың қандай да бір мөлшерін алады. Сондықтан жаңбырдан кейін шайынып немесе өзенде я теңізде шомылған дұрыс. Бұлай еткен жағдайда ағзадан артық минус шайылып кетеді. Орман – нәзік қуаттарды тамаша үйлестіруші. Жапырақты ағаштардан адамға бәрінен жақсы үйлесімділік әкелетіні – аққайың мен емен. Қылқан жапырақтылардан – самырсын, қарағай, шырша. Шырша, сонымен бірге, кармалық байланыстарды үзуге көмектеседі. Лавр ағашы тынығуға ықпал етеді. Жер астралы ғаламшар полюстарына қарай тығыздалады. Егер астралдың осындай тығыздығы экваторда болатын болса, онда ол жақта солтүстік шұғыласы болар еді. Астрал жер шарының физикалық желісінің оқиғаларына тез жауап береді: төменнен келетін ақпарат қандай да бір энергетикалық процестерді жібереді, олар өз кезегінде физикалық желіге әсер етеді. Осылайша, дауыл, борасын және құйындар – астралдағы нәзік қуаттар құйындарының нәтижесі.
«Шипагерлік баян», сәуір 2014ж. Алматы қаласы /жалғасы бар/
| ||