" ҒҰМЫРЫ ҒИБРАТТЫ ШИПАГЕР
| ||
главная вернуться | ||
Зядан Қожалымов Өтейбойдақтанушы ғалым.
XV ғасырда өмір сүрген ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1483) қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданы (бұрынғы Нарынқол) Шәлкөде аймағының Айғайтасында дүниеге келген. Өзінің баяндауы бойынша : Атым-Өтейбойдақ Тілеуқабылұлымын. Ата тегім - Ұлы жүз, Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім - Жетісу, Шәлкөде - Айғайтас... Жәнібек ханның қарашасымын. Жылым - Иіртек, сексен беске келдім- дейді. Сегіз жасынан бастап емші әкесі Тілеуқабылдан емдеу тәсілдерін үйреніп, көргендерін, білгендерін, оқығандарын жинақтап сол кездегі алғашқы қазақ халқының хандығын қалаған (Жамбыл облысы, Шу аймағындағы, Қозыбасыда) хан Әз Жәнібектің Жарылығы бойынша 1466-1473 жылдары аралығында хан ордасында жеті томдық "Шипагерлік Баян" еңбегін жазған. Ханға оқытуға апарарадан бір күн бұрын хан ордасын оның қарсыластары шауып ханды о дүниелік еткендіктен, түнделетіп атпен өзінің туған, өскен жері Шәлкөдесіне келеді. Қысқасы, 95-97 жыл ғұмыр кешкен ғұлама. Ғұламаның еңбегінде халықтық және осы замандық ғылыми медицинаның негізімен қатар еңбекте тіл, діни тәрбие, мәдениет, тарихи шежіре, этнография, эстетика, философия, психология, астрономия, метролология, әскери ғылым, математика, анатомия мен физиология, дәрі-дәрмек жасау технологиясы мен оны пайдалу сияқты тағы да басқа ғылымдарды топтастыра білді және осы ғылымдарға толық қажетті мәліметтер береді.Шипагер қазақтың Омбы, Жезқазған, Есіл, Нұра, Торғай, Сырбойы, Шәлкөде т.б. көптеген аймағында болып халыққа өзінің шипалық емін жасаған. Шипагердің ханға ұсынысы бойынша жеті атаға толмай үйленбеу, тікелей сүйіспеу, экологиялық тазалық пен әдептілік т.б. мәселелелр бойынша Хан Әз Жәнібек арнайы алғашқы қазақтың "Жеті Жарғысының" негізін қалайтын Жарлығын шығарған. Шипагер 1050 түрлі дәрі-дәрмегін 858 дәрілік өсімдіктен 318 түрлі жан-жануардың мүшелері мен 70-ке жуық металл-металлиодтың қоспасынан жасаған. 13 мыңнан аса рецептік ұсыныс пен 430-дан аса адам мүшесінің анатомиялық атауларының тізбесін жасаған. Шипагер еңбегі қилы заманда ел ауғанада (1928-1932) көрші Қытай еліне оның мұрагері апарған. Еңбекті 1969 жылы Қытай бандитттері өртегеннен қалғанын жинағанда бір энциклопедиялық кітап көлемінде араб әрпінде (1994. Үрімжі) шықса, ал Қазақстанда 1996 жылы (Алматы. Жалын) баспасынан шықты. Баба еңбегі 1997 жылы Қытай Мемлекеттік сыйлығын алған. Қазір Қытайда "Өтейбойдақ емдеу орталықтары" жұмыс істейді. Қазақ елінде осы мақаланың авторы ұйымдастыруы мен және шипагер еңбегін ғылыми айналымға енгізу туралы зерттеулері бойынша "Шипагерлік дәстүрі және философиясы" атты еңбегі негізінде (авт. З.Қ.) Тараз қаласында (23-25. 07. 2009) ғұлама ғалым туралы Халықаралық конференция өтті. Көп салалы ғалымдардың аталған монографияның негізінде XV ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын "екінші Ибн Сина" деп толық ғылымға енгізуді ұсынды. Шипагер шешек ауруына қарсы егетін вакцинаны ағылшын шипагреі Эдуар Женнерден 360 жыл бұрын, Ивановтың суық сумен емдеу тәсілін 500 жыл бұрын т.б. ғылым салаларында да жаңалық ашқандығы анықталды. Ғұлама өзінің еңбектерін әл Фараби мен Жүсіп Баласағұни еңбектерімен салыстыра келіп, мақсатымыз бір: "Шопан үсті бозторғай ұяламдықтап жұмыртқаламақ", - деп тұжырымдайды өз еңбегінде. Ғұлама халала мен харамға анықтама беріп, адамды имандылық пен адамгершілікке баулу жөнінде "Жетіге тиіспеу" "Қырық бірге жұғыспау", "Қырық бір ырыс", "Он екіден айырылмау" және емдік әдіс-тәсілдері сияқты даналық философиялық ойларын қалдырған. Шипагер үйленбеген, бала сүймеген өзінің "Мені өшірмес "Шипалық Баян" қалды, Бұлда менің ұрпағым жөнбілгенге" деген арманы бүгінде шындыққа айналды.
«Шипагерлік баян», сәуір 2014ж. Алматы қаласы /жалғасы бар/
| ||