дала жаһангері, ғалым-шипагер Өтейбойдақ бабаның даналық өсиеттері | ||
главная вернуться | ||
З.Қожалымов – Өтейбойдақтанушы-ғалым "Шипагерлік Баян", қазан 2014
Бүгінде қазақ халқының осы заманғы ғылыми медицинасынан ерекше орнын алған, ғылымда "Екінші Ибн Сина" атанған, XV ғ. ғұлама шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының артында қалдырған ғылыми мұралары мен адами өсиеттері осы заманғы біздерге және келешек ұрпақтарға да таптырмас өте құндылығымен ерекшеленеді. Адамды имандылыққа, инабаттылыққа, сақтыққа, бауырмалдыққа, отансүйгіштікке және ұлтын құрметтеуге шақырып, мұсылмандықтың шариғаттық шарттарын орындаудағы маңыздылығын айқындап береді. Сондықтан да бабаның даналық өсиетнамаларын оқырман қауымға ұсынуды жөн көрдік.
7 – ге тиіспеу
Бұл адамгершілікке, аяулық қасиетке, татулыққа, рухани тазалыққа баулитын ұлттың мәдени дәстүріне жататын сияқты. Мәселен, 1. Көктемде көктеп келе жатқан өскінге тиіспеу. 3. Көктемде көрінген қозғалыштарға тиіспеу. 4. Көктемде көз ашпаған шикілікке тиіспеу. 5. Қай- қашанда қонжатқа тиіспеу. 6. Қай-қашанда көршіге тиіспеу. 7. Қай-қашанда елшіге тиіспеу.
41 – ге жұғыспау
Бұл да ұлттық мәдени дәстүр, ол адалдыққа арнағандай әсер береді. 1. Ордалы суманға жұғыспау. 2. Қордалы қынамаға жұғыспау. 3. Жалғыз ағашқа жұғыспау. 4. Иендегі жалғызға жұғыспау. 5. Суық торғайға жұғыспау. 6. Алдан өткен абаданға жұғыспау. 7. Елден кеткен забажанға жұғыспау. 8. Пәлелі өртке жұғыспау. 9. Шығулы бетке жұғыспау. 10. Жаралы жыртқышқа жұғыспау. 11. Қаралы елге жұғыспау. 12. Ашынған долыға жұғыспау. 13. Ашыққан ұрыға жұғыспау. 14. Даралы жерге /киелі - З.Қ./ жұғыспау. 15. Дастарханға жұғыспау. 16. Жетімге жұғыспау. 17. Жесірге жұғыспау. 18. Кесірге жұғыспау. 19. Еңіреген ерге жұғыспау. 20. Өзің шығар төрге жұғыспау. 21. Арқаны сылбыр ерге жұғыспау. 22. Жатқа кетер қызға жұғыспау. 23. Көктемдегі мұзға жұғыспау. 24. Өте шығар сызға жұғыспау. 25. Асып қалған асқа жұғыспау. 26. Жарасы бар басқа жұғыспау. 27. Парақұмар ыласқа жұғыспау. 28. Басқа елдік қарашаға жұғыспау. 29. Балатқалы иге жұғыспау. 30. Төбелесте арашаға жұғыспау. 31. Тікені бар аласаға жұғыспау. 32. Құламағы құзға жұғыспау. 33. Дәм атасы тұзға жұғыспау. 34. Иесіз жатқан малға жұғыспау. 35. Киесі бар далға жұғыспау. 36. Обалы бар торшыға жұғыспау. 37. Залалсыз қоршыға жұғыспау. 38. Түтін ұшар шаңыраққа жұғыспау. 39. Ырыс келер босағаға жұғыспау. 40. Даладағы өлгенге жұғыспау. 41. Шыдап жерге көмгенге жұғыспау.
ОН ЕКІДЕН АЙЫРЫЛМАУ:
1. Жарғылыста жаныңнан айырылма /жағаласта – З.Қ./. 2. Ақылыңнан айырылма. 3. Ел бастаушы көсеміңнен айырылма /Еркесіз ел, серкесіз шел болмас/. 4. Шешеніңнен айырылма /тіл – кесілмес атқан оқ/. 5. Көппен көресің, еліңнен айырылма /Өзіңді зор - басқаны жер деме/. 6. Жаныңды алса да, сырыңнан айырылма. 7. Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма. 8. Ризғысыз пенде болмас, даяр асың – малдан айырылма. 9. Ағайын, туыс, дос-жарансыз кім бар? Болмашқа өкпелеп, досыңнан айырылма. 10. Қырық найза қарғы деп, қарқудай баспанаң қосыңнан айырылма. 11. Пенде қару санаты бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма. 12. Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайрылма.
Қырық бір ырыс
1. Жаратылыс – жан ырысы. 2. Тіршілік – хан ырысы. 3. Хан – тақ ырысы. 4. Тақ - бақ ырысы. 5. Әділдік – нақ ырысы. 6. Байлық – сан ырысы. 7. Сән – сәулет ырысы. 8. Сәулет – дәулет ырысы. 9. Сыйласым – татулық ырысы. 10. Тұлпар – батыр ырысы. 11. Ынтымақ – бірлік ырысы. 12. Қайтпас ер – найза ырысы. 13. Ерлік білегі – елдің ырысы. 14. Су молдығы – көлдің ырысы. 15. Еңбек – дән ырысы. 16. Жарасы – береке – бірлік ырысы. 17. Өнер – білім ырысы. 18. Білім – өнер ырысы. 19. Қос босаға – түтін ырысы. 20. Әділ би – бүтін ырысы. 21. Шілдехана – төр ырысы. 22. Кебін – көр ырысы. 23. Жаңбыр – жер ырысы. 24. Ірге – ай ырысы. 25. Жақсы сөз – жан ырысы. 26. Шежіре бәйіт – сөз ырысы. 27. Ақыл – көздің ырысы. 28. Инабат – ізеттілік ырысы. 29. Жақсы садақ – садақ ырысы. 30. Қалқан – арашасы ырысы. 31. Шөп – мал ырысы. 32. От – ел ырысы. 33. Су – мал-жан ырысы. 34. Ажал – жан алу ырысы. 35. Жас – бақыт ырысы. 36. Қан – құт ырысы. 37. Сыйластық – сенімнің ырысы. 38. Шыдамдылық – төзімнің ырысы. 39. Тайсалмау – талаптың ырысы. 40. Науқас – сырқаттың ырысы. 41. Шипагерлік емдеу – айығудың ырысы.
| ||