КӨз. Маңлай тұрлау – адамзаты жаралысы | ||
главная вернуться | ||
З.Қожалымов – Өтейбойдақтанушы-ғалым "Шипагерлік Баян", қараша, желтоқсан 2014
Дала жаһангері, ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқалыұлының "Шипагерлік баян" атты медициналық-энциклопедиялық еңбегін оқырман назарына ұсынамыз
КӨз. Маңлай тұрлау – адамзаты жаралысы
Алла тағала он сегіз мың ғаламды алты-ақ күнде жаратқан, ол күн аттары: Бақтал – сенбі, Баттал – жексенбі, Сақтал – дүйсенбі, Жақтал – сейсенбі, Аттал – сәрсенбі, Ғаттал – бейсенбі, Мереке – жұма. Жұма – он сегіз мың ғаламның жаралып біту мереке күні. "Бір Алла алдыменен нұр жаратқан, Нұр дәрияның түбінде мың жыл жатқан" деген өлең бар. Бұл бәйіттің түпкілікті тегі оңай-оспақ шыққан сылдыр сөз емес. Мұның мәнісі: Алла он сегіз мың ғаламды жаратқанда алдымен жарық, нұр иесі Күн мен Айды жаратқан. Сонымен қоса әлемнің кіндігі Жер де жаралып, Күн мен Ай су ішінде мың жыл жатып, дүниені қараңғылық басқан. Кейін келе Алла құдіретті әмірімен Күн мен Айды көкке шығарып, жарық дүниені бізге берген дегендік. Алланың сол кездегі жаратқан жылы, "Миғраждағы" айтылғанындай, тамып келе жатқан судың екі тамшысының бірі жерге тамуға таяп, ендігі бірі ілме қайнарманың не дәрет алынбаның құйылтөгілінен жаңа тамуға бет алған аралығындай қысқа уақ па? Әлде осы күнгі 360 ұйқаштық жылдай ма, оны жаратқан Алла өзі біледі. Он сегіз мың ғаламның бәрін алты-ақ күнде жаратып, жетінші күнін мереке күн қуанышына белгілегеніне қарағанда, "Миғраждағыдай" болуы Алла құдіретінің шүбәсіздігі. Алла алты күнде жаратқан күллі әлемнің жаны да, тағдыры да Алланың ғана қолында. басқасы адамзат мінсіз бітісі мен мінді бітістілігі және оның несібелік, несіптік ризығында. Соның үшін бұл – шипагерліктің өзегі. Бұл өзек тұғыр жинамасы алты, сондықтан алты тұғыр делінбегі шарт. Бұл жайлы өзегі тұғырларда айқын ұғыныс баяндалымы сөйлемелік жарақ шарты. Алла адамды топырақтан жаратқан. Алдымен илеген балшықтан адамзат бейнесін келтіріп, ішін қуыстап, онан соң тоңазытқан. Сырты ортасына дейін қатып, іші жібу тұрғанда Күн нұрын түсіріп, Алла оған жан енгізген кезде, тоңы жібіп жұмсап, суы шып-шып шығып, бірте-бірте кепкен. Сырты теріге айналғанда, тамғанда созылғандары түкке айналып, сырты он екі мүшені құраған. Жібімеген ортасындағы тоңы қозғалған сайын сынып, бөлініп-бөлініп сүйекке, бөлінді аралығы буынға, терімен сүйек арасы етке, тарамыс, сыңыр, шандыр, желке, май тақылеттілерге айналған. Ішкі жағындағы жібу қуысы іріп-іріп бөлініп бөлшектеніп, салақтап бір-біріне ілініп, белгілі бейне сақтап, ішкі он екі мүшені қалыптастырған. Жаратақан Алла өзі адамды көріп тұру үшін, сол кезде Айды жаратқан. Сондықтан тумақ Айдың әр айда толысып, он бесіне толған күні адамзат ата-анасы Хауа ата мен Хауа ананы жаратып, жан енгізген мерейлі түн болып саналымдық бермек. Алла Хауа ата мен Хауа ананың тоңып мұздамауы үшін, жазды; оларға үнемі өз құдіретін көрсетіп тұрмағы үшін, қымпақты қысты; қысқы азапты тартар бейнеттің көп еместігін көрсетпек үшін көктемді; қыс қысуға келе жатыр, есіңді жиярсың деген ескертпемен күзді жаратқан және оларға ілерлік ылпа, әужал болатын сан алуан жеміс-жидек, мақұлұхат жан-жануарларды, кеткісін келтірмейтін хош иіс пен мүңкке тие сала қашып құтылғанша асық болатын сасық иісті және иіссіз тәтті-дәмділерді жаратқан. Хауа ата мен Хауа ана олардан әужал алған. Олар өсіп-өніп, ұрпағы адамзаты аталған. Адам баласы, адам пендесі пенде деп те аталмақ парыз болған. Адам баласы Алланың әміріне көне берген, дүниенің қалай болып жатқанын білмеген. Соның үшін Алла тағала өзі жаратқан адам баласына шынайы ықылас разылығын білдірмек үшін, адамзатына күллі әлемнен өзінен кейінгі барлық ақыл-парасат пен орасан ұлы қасиетті бағышлаған. Адамзаты осындай ерекше ақылы болғандығынан күнәға бататын болған. Соның бірі өзіммін. Алла адамзатын үш қатар орналастырып жаратқан. Гүршікте үстіңгі адамдар бар, олардың белгісі бунаманы кеңірдегінен буынады. Біз ортадағы адамдармыз, бунаманы ортадан буынамыз. Төменгі адамдар Саһапқа мекендеген, олар бунаманы балтырынан буынады. Дүние күңдес қатын тақылетті. Алла адамзатының ақыл-парасатының шынайы не шынайы еместігін сынамақ үшін, пендемен қоса қатар адам іспетті дию, ергежейлі, жезтырнақтарды жаратқан. Дию – ұлы байтақтағы өлшеусіз алып адам, олардың бойы биік, ең саялы қарағай зіңгітінен де биік, жуандығы сондай қарағайдың бұтағының сыртынан ылпалап қойғандай тұлғалық бітісті. Бірақ ақылы аз, күші мығым, құлқыны зор, жауыз болған. Тек қарнын қампайту үшін жыртқыштықпен көзіне көрінген мақұлықтарды жей бергенімен қоймай, ата-бабаларымызды да быжылдатып ұстап алып, аузына сала-ақ екі таусап, жұта салатын жалмауыз екен. Сөйтіп, сан мыңдаған ата-бабаларымыздың сан мыңы соларға жем болған. Не тәтті? Жан тәтті. Не мерей? Бала мерей. Не ләззат? Құдай қосқан қосақ ләззат. Сондықтан тәтті жаны үшін, балдай балалары үшін, сүйген жары үшін біздің ата-бабаларымыз Алла берген ақыл-парасаттық қажымас, мойымас төзімділігі мен ішкілігіне у қосып, жегілігіне у сіңіріп жүріп, диюларды жеңіп, түп-тұқиянын қалдырмай тып-типыл қылған. Елуі бірлесе үрлеген қарынға шамасы жетпейтін ұсақ адам – ергежейлілер де адамзатына қынамаша қаптап жеп, маза бермеген. Оларды өртеу мен ұрып-соғу арқаулаған, басқа да алуан әдіспен адамзаты өзінің ақыл-парасаты арқасында тұқымын тұздай құртқан. Айлалы да күшті, жыртқыш та қаныпезер, адам етін жейтін жезтырнақтармен де таласа, сайыса жүріп, тармаса, алыса жүріп, диюлар мен ергежейлілер тақылетті оларды да жойған. Көпке дейін алғызбаған жезтырнақтың ең соңғы бір алып жалмауызын Сұр мерген Арық мергенді құрбандыққа шалып, құнына жауызды өлтіріп, ада-күде құтылған екен. Бұларды кейбіреулер өтірік дейді. Бұл – кем ойлап, келте пішкендік. Олайы, ойлағаны кем. Салғастырмалы түйіндемеде келте, үмітсіз шайтан тақылетті. "Желсізде ағаш басы қимылсыз" сөйлемелік олардың есіңде жоқ. "Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге кетеді, соңғылыққа сан құбылып, аңыз болып жетеді" деген ел түйнемесі-ақ осыған куә, дәлелімдік болар. Бәрін бір Алла ғана, жаратушы өзі біледі. Олайы басы-қасында жоқпыз. Көріп тұрған ешкім жоқ. Бірақ рас болуы сөзсіз. "Тықырсыз дыбыс жоқ" сөйлемелігі аян. Адамзатының топырақтан жаралғанына сипат: бала туыла сала сол жердің, туған мекеннің тыныстығымен тыныс алады. Анасының сүтін емеді. Сол баланың тұлғалық бітістік құрандысы /құрамы/ сол жердің топырақ құрандысымен тең болмағы шарт. Әрқандай байтақтың /мекен/ топырақ құрандысы, топырағының түсі ұқсас болмайды. Топырақтағы құрандылық кемістік адамзатына жан шошырлық түршікпелі кемістікті ала келеді. Айталық, алқым ұрысы /бұғақ/ ерекше үлкейетін адамдар бар. Олар онысын мақтан көреді, басқалардан ерекшеміз деп санайды. Алқым ұрысы үлкендер көз құлақ /үш/ адым аралықты көре алмайды, кезіккен елден сұрайды. Бұл топыраққа, өте-мөте топырақ құрандысына қатысты ма, әлде Алланың жазуы ма? Оны жасаған Алланың өзі біледі. Бірақ мұндай пенделер белгілі өңірде ғана бар, жалпылық адам пендесінің бәрінде емес. Және сол орынның адамы басқа жерге мекендесе, үлкендерінің алқым ұрысы кішірейсе, балаларында болмайды екен. Бұған қарағанда, топырақ құрандысына адамға пайдалы бір нәрсенің жеткіліксіздігі бар екені айдан айқын ұғыныс болмақ. Ол не нәрсе, ол белгісіз. Бұл тек жаратушыдан басқаға аян емес. Топырақ пенделік тұлғалық бітіс өңіне де тікелей ықпал жасамағы шарт. Олайы кейбір жерлердің адамы орта бойлы, шопан көзді, өң-әлпеті сары, қараторы, қоңырқай, қара түкті; кейбір жерлердің адамдары бойы сұңғақ, өң-әлпеті аппақ, қызыл шырайлы, көзі шегір, көк көзді, сары жирен түкті тақылеттілер /пенделер/. Естуімше, кейбір жерлерде жанбалақтықтай /өңі/ қара адамдар да бар екен. Алла тағала адамзатқа ақыл-парасат бағышлағаннан кейін ол сан алуан сырқаттардың адамды науқас атандыратынын, оның өздеріне зиян салып, азап шектіріп, бейнет тартқызатынын бірте-бірте біліп, айқын ұғыныс табуға жеткен. Мұны бір Аллаға хабарлаған. Алла: "Сақтансаң сақтаймын", – деп, "Құран Кәрімді" түсіріп, өз елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға беріп, сахабалардың және күллі мүһміндердің бітістік мінсіздігін сақтауды тапсырған. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар Алланың айтқаны бойынша орындады. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар бұл пәниден көшкеннен кейін сансыз ізденгіш ардагер ғұламалар "Сақтансаң сақтаймын" деген Алла тағылымы хақ бұйрығын көземелі көмбелік /бұйырымды мезгілдік/ жасалғы түс ете отырып, шипагерлік ізденісте әлемге әйгілі болған не ғаламаттарды жарыққа шығарған. Солардың бірі шипагерліктің теңдессіз қараүзген алыбы және пірі Лұхман хакім болмағы көзелгі /анық/. Біз "Бисмилла" деп тамыр ұстар алдында: "Менің қолым емес, Лұхман хакімнің қолы", – деуіміз, әне, сондықтан. Алланың адамзатын жаратқандағы берген ең зор бағы, бақыты, дәулеті – тек ғана мінсіз бітістік. Міне, бұл – тұлғалық, мүшелік мінсіздік. Мінсіздікте, тұлғалық тоғалық /бітістік/ ніл – қан. Мінсіздікте, тұлғалық тоғалық ширама – арқау. Міне, бұлар – бұлар тұлғалық бітістік мінсіздік толықтық. Олайы, тұлғалық бітісте кемістік болмаса, әрқандай мүшелерінде сырқаттық зақым қалтырған зардап болмаса, науқастық бейнет тартпаса, одан артық бақ қайдан болмақ. Соның үшін бұрынғылар: Ауыз (бірінші) дәулет – мінсіз бітіс. Көз (екінші) дәулет – жұптылық бітіс. Көз мұрын (үшінші) дәулет – малдық толыс, – деп, ғақылиялық тұжырыммен түйіндеген. Тек Алланың, Алланың ғана адамзатына жаратушылық борышы үшін берген еншісі – пенделік мінсіз бітістік жарақтылығы. Адам баласының мінсіз бітісті тұлғасында болсын, сырқаттық науқастық, зақымдық науқастық сыпатында болсын, бәріңде ыстықтық, ыстық кезектік, суықтық және суық кезектік ішкі-сыртқы мәндеме /белгісі/ болмақ. Түйіндік қиуасы /негізі/ ыстықтық, ыстық кезектік тұлғалық жетілімдік, суық, суық кезектік ширама арқаулық нәрлілік тоғалығы тоғалықты; ыстық, суық қос босаға теңгермелі, мінсіз бітістік бақ теңдемесі айқындалмалық көз көргі. Ызғымалық қақпайлылық /суық әсер/ – арқауды /дене/ босатып, тұлғалық қызым жалғасымын әлсіретіп, бітістік жаралыстық шешілмелі толымдылықты төмендетіп, мүшелік ара тіл алысымдық толықтамаға кедергілік жасаушы. Қызымдық соқпайлылық /қызудың көтерілуі/ – арқауды ширықтырып, тұлғалық бітістік жаралыстық қызым жалғасымын шалқытып, бітістік жаралыстық шешілмелі толымдылықтағы ніл – қанды іркіп, тұлғалық қызым тоғалығының теңдігінен қызуды өрлетіп арттырушы. Мінсіздік тұлғалық тоғалық ніл /сөл/ – қан ыстықтық, ыстық кезектікке өзекке тән әрі ызғыма қақпайлылық оның түпкілігі. Мінсіздік тұлғалық тоғалық ширама – арқау суықтық, суық кезектік болып, қызымдық соқпайлылық оның құндыздығы /көзі/. Тағы да мінсіздік тоғалық тұлғалық ыстықтық, ыстық кезектік ніл толымсыздығы. Туылмалы шешілмелі несібеде толықпаулық, толықтырмалы несібеде жетіспестік қамдалым жарағы. Мінсіз суықтық, суық кезектік ширама арқаудың тоғалық ырықсыздығы күші басым сырқат себепкерлері туылмалы шешілмелі толысым тоғалық ширама арқаудан асып кетіп, басып түсімі болмақ.
/жалғасы бар/
| ||