БАЛШЫҚ ТА ТАБИҒИ ЕМ

 главная                                        вернуться 

 

З.Қожалымов – Өтейбойдақтанушы-ғалым

"Шипагерлік Баян", желтоқсан 2014

 

Балшықтың көмегімен

емделетін ауру түрлері

 

Әйелдер аурулары. Мастит, сүт бездерінің мастопатиясы, жатырдың түсуі, фибромиомалар, түймешіктер, сары сулар, етеккірдің жүйесіз келуі, вагинит, көптеген қабынулар – әйелдерге жағымсыз жағдайлар мен ауру туғызады. Олардың кейбірінен балшықтың көмегімен айығуға болады. Ол үшін кеудеге және іштің төменгі жағына балшық басу керек, бірнеше минуттардан кейін-ақ жеңілдік сезінесіз. Кейбір БАҚ басылымдарда кеуде мен ішке компрестер жасауға болмайды деген кеңестер айталады, себебі бұл шара ісінтіп және ауыртуы мүмкін. Бірақ мамандар бұл фактіні әзірге растамай отыр.

Түрлі қан кетулерде жұмыршақ пен балшық ұнтағының негізінде жасалған сусын жақсы нәтиже береді. Бұл өсімдік акушерлік тәжірбиеде бұрыннан пайдаланылады. Екі сағат ішінде бір стакан қайнаған суда құрғақ шөпті аздап салып тұндырады, содан кейін бір шай қасық балшық салып, күніне төрт рет бір ас қасықтан қабылдайды.

Көз аурулары. Еліміздің компьютерлендіру адамдардың көпшілігін көз ауруларына шалдықтырды: көздің қабынуы, көру қабілетінің төмендеуі, көзді шел басу. Бұлардың барлығын балшықтң көмегімен емдеу, әрине, мүмкін емес, бірақ жұмыстың аяғында көздің шаршағанын басуға әбден болады. Бар болғаны қабағыңызды балшық суымен сылап, көздің үстіне, маңдайға, самай мен желкеге балшық басу керек.

Егер балшық суына қытай лимоннигінің бірнеше тамшысын қоссаңыз, ол көру органдарының жарыққа төзімділігін арттырады, көздің қараңғыға және жарықтың күрт өзгеруіне үйренуін жеделдетеді. Көз қарығын (конъюнктивит) ауруына қарсы халық емі: балшық салынып бірнеше уақыт тұндырылған суды тамызғымен көзге тамызу керек. Бұл қабыну процестерін басып, сауығуды жеделдетуге көмектеседі.

Тыныс алу органдарының аурулары. Бронхит, өкпе қабынуы, өкпе қабының қабынуы, туберкулез, жай жөтел, қан құсқанда балшық суын ішіп, күніне екі рет кеудені үгілген сарымсақ қосылған сұйық балшықпен ысқылау керек. Жөтелген кезде кеуде мен тамаққа балшық басып, мезгіл-мезгіл кішкене балшық кесегін сору керек.

Мұрыннан су ағу, гайморит, синусит, мұрынның түймешіктері мен шөп таяқшасы қызбасында мұрынға, маңдайға және бетке балшық басу жақсы көмектеседі. Танауды балшық суымен шаю да артық емес, ал мұрыннан қан ағатын жағдайда балшық суына батырылған мақтаны танауға тығып қою керек.

Ас қорыту органдарының аурулары. Бұл аурулардың қатарына гастрит, қыжыл, асқазан жарасы, ішек түйілулері, энтероколит, іштің қатуы және т.б. жатады. Аталған аурулардың кез келгенінде балшық суын күніне екі рет тамақтың алдында қабылдаған дұрыс. Бұл жағдайда судың мөлшерін бірте-бірте көбейтіп отыру керек, ал түнде ішке балшық басу керек.

Асқазан-ішек жолдарына түскен балшықтың радиоактивті бөлшектері асқазан мен ішектің шырышты қабығының жұмысын жақсартып, олардың ас қорыту жұмысын белсенді етеді. Ал бұл өз кезегінде бүкіл ағзаның жұмысына әсер етеді. Сонымен бірге балшық асқазанды қалдықтардан тазартуға көмектеседі. Оның ішкі улардың барлық түрін сіңіру қабілеті бар. Оларды зарарсыздандырып сыртқа шығарады, тіпті барлық патогендік микробтарды өлтіреді. Ақ балшық – коалиннің пайдасы ерекше.

Балшықпен емді бастағаннан кейін ішіңіз қатып қалса, одан қорқудың қажеті жоқ. Іштің қатуы сізде шынымен де асқазан-ішек жолдарының аурулары бар екендігінің дәлелі, іштегі жиналған қалдықтардың бәрі бірдей шыға алмайды. Бұл кезеңде суды көп ішпеуге тырысыңыз, жұтымдап, бірте-бірте мөлшерін көбейтіп ішіңіз.

Жара болған жағдайда клизмалардың көмегімен емдейді. Алдымен асқазанды таза сумен, сосын бал қосып, содан кейін балшық қосып, аздап тұздап шаяды. Осы шаралармен қатар бір шай қасықтан бор қабылдау керек. Шектен тыс газ пайда болған жағдайда балшық суынан компресс жасау жақсы көмектеседі. Нәтижесі бірден көрінеді.

Егер балшық суын қабылдар алдында ең болмаса бірнеше күн ашықсаңыз, сауықтыру процестері тиімдірек өтеді. Асқазан-ішек жолдарының ауруларында емнің тиімділігі ашығу мен сұйық тамақ жеу жағдайларында артатындығы дәлелденген. Лимон қосылған балшық суын ғана пайдалануға кеңес беріледі.

Тіс, тіл және қызыл етке зақым келтіретін аурулар. Тіс ауруларының себебі ауыз қуысының  қабынуынан да, тістер мен олардың түптерінің сыртқы және ішкі зақымдалуынан да пайда балады.

Талай жылдар бойы біздің ата-бабаларымыз тіс ауруларында тіс пасталарын емес, балшықты пайдаланған. Онымен күніне екі рет тісті тазалап, балшық суымен ауызды шайып отырған. Қазірдің өзінде бұндай шаралар тістерді қатайтуға көмектеседі.

Балшық адамдарды қатты тіс ауруларында да құтқарып отырған. Балшықты ауру тіс пен осы тістің тұсынан бетке басып, осылай күні бойы жүрген. Қызыл ет қанағанда, балшықты суда езіп, оған матаны батырып, сосын қызыл етті сүртетін болған. Бұл шаралар тістің ауруын басып қана қоймай, сонымен бірге оны ағартатын да болған.

Ал тілдегі жарақаттар өздігінен кетіп қалады. Тамақ жеп отырғанда тістеп алу, ыстық тамақтан тілді күйдіру, кішкентай жаралар тез жазылады. Бірақ оны жеделдету үшін күніне бірнеше рет ауызды балшық суымен шайқауға болады. Тіл ауыра бастағаннан-ақ, кішкене жаралар пайда болысымен, балшық суына түймедағын немесе шалфей қосып, ауызды шайқау керек.

Бүйрек пен қуықтың аурулары. Несеп жолдары бітеліп қалған кезде несеп сыртқа шықпайды. Егер ауру адамға бірден көмек көрсетілмесе, ағза несеп қышқылымен улануы мүмкін, содан кейін адам өледі.

Несептің тұрмауы – бұл да ауру, балаларда ол ересектердің дұрыс қарамауынан, ішек құртының болуынан, сондай-ақ қорқынышты түстер көргенде, қарттарда несеп каналын жауып тұратын бұлшық еттің әлсізденуінен пайда болады.

Қуықтың қабынуы, несептің шықпауы немесе тұрмауы, несеп тасы ауруларының барлығын дәрігерге бармай-ақ, уақытылы шара қабылдап, емдеп-жазуға болады. Балшық суын күнделікті қабылдай отырып, сіз ағзаңызды қалдықтардан тазартасыз. Ішке балшық басу қуықтың жұмысын белсенді етеді, ал бүйрек тұсына балшық басу олардың жұмысын жақсартады. Балшықтың зарарсыздандыру және тазарту әсерлері бар. Балшық суын алғашқы қабылдағаннан кейін-ақ сіздің несебіңіз лайланады, бұл балшықтың уыттарды шығарып жатқанының белгісі. Егер балшық суын ішуді тоқтатпаса, біраздан кейін несеп мөлдірленеді де біраздан кейін иісі де болмайды.

Жұқпалы аурулар. Кез келген жұқпалы аурулар кезінде әр жарты сағат сайын бір шай қасық балшық суын ішу керек. Бұл су ағзаға қажетті заттарды жеткізуші болып табылады. Бұндай аурулардың алдын алу үшін балшықты әлсіз шарапта еріткен жақсы. Бұндай емнің ұзақтығы аурудың дәрежесімен анықталады және бірнеше аптадан бірнеше айларға дейін созылуы мүмкін. Алайда балшықты ұзақ қолданған жағдайда асқазан үйреніп кетпес үшін міндетті түрде үзіліс жасау керек.

Тері аурулары. Есекжем, теңге қотыр, қызыл жегі, іріңді жараларды халық емшілері әрқашан ауру жерлерге балшық басу, балшық суымен жуу көмегімен емдеген. Бір мезетте ауру жойылып кетеді деп күтпеу керек, жаралардың қара қотырланып жазыла бастауы тек ағзадағы уытты заттарды балшық өзіне сіңіріп алып, тазару процесі басталғанда ғана көрініс береді.

Егер сіз осындай аурулардың бірінен зардап шегіп жүрсеңіз, балшық қосылған ванна қабылдау керек және бірнеше күн тамақтанар алдында балшық суын ішу керек. Бұндай ванна теріні нәрлендіріп, қан айналысын жақсартады, тері тесіктерін тазалайды. Бұған әсіресе ақ және көк балшықтар жақсы.

Теңге қотырды емдеуде бірдей мөлшерде алынған балшық пен ірі тұз қоспасы тиімді. Көптеген дәрігерлер тері ауруларын емдеуде балшық ұнтағын себуге кеңес береді. Бұл әсіресе жаралар мен тері ыстығы кезінде өте жақсы әсер береді. Тек терінің ауру жерін алдын ала сулап, содан кейін ұнтақты себу керек.

Ақ ноғала (лейкома). Ақ ноғала деген тырнақтарда ақ дақтардың, жолақтардың пайда болуы немесе тырнақтардың сынуы. Аурудың себебі тырнақ түбіндегі қан тамырларының тарылуы, кальцийдің жетіспеушілігі және т.б. болып табылады. Қан тамырларын қалпына келтіру, кальцийдің орнын толтыруда сол балшық суы көмектеседі. Оны таңғы ас алдында және кешкі ас алдында ішу керек, біраз уақыт өткесін, тырнақтар толығымен қалпына келеді, қатайып, сынуын тоқтатады.

Ақ ноғаламен ауырғанда ең тиімді және қарапайым шара – тамаққа жемістер мен көкөністерден, әсіресе балдыркөк пен ақжелкеннен жасалған түрлі салаттарды құрғақ балшық ұнтағын қосып пайдалану. Бұл жағдайда сіздің тырнақтарыңыз әрқашанда сау болады, бұл бүкіл ағзаның да жұмысының саулығын білдіреді.

Қан аздық. Қан аздық, сондай-ақ лейкоздар кезінде балшық суын көбірек пайдаланған жөн. Ол күшті қалпына келтіріп, ағзаға жетіспейтін минералдық заттардың орнын толтыруға көмектеседі. Балшық суын бір апта пайдаланғаннан кейін ағзада қызыл қан түйіршіктері – лейкоциттердің санының көбейгені дәлелденген. Балшықпен емделу курсынан кейін қаны аз аурулардың өңі кіріп, бүйрек, бауыр және өттің жұмысы жақсарады. Сөйтіп бірте-бірте ауру қайтады.

Егер аурумен бірге науқас қалтырайтын болса, жылытқылармен жылытып, денесіне бірнеше рет балшық басу керек.

Мүйізгектер. Мүйізгектер – тері қабатының қалыңдауы. Әдетте мүйізгектер тар әрі ыңғайсыз аяқ киім кигеннен аяқта пайда болады. Қолда қолғапсыз жұмыс істегеннен болады.

Көбінесе мүйізгектер ауыратын болып келеді, олардың беті жарылып, солар арқылы ауру жұқтыратын микробтар түсуі мүмкін. Мүйізгектерден арылу үшін сары балшықтан жапсырма жасап немесе жай ғана балшық басу керек. Сонымен қатар мүйізгектерді шарап жемістерінің немесе сарымсақтың шырыны қосылған балшық суымен ысу жақсы көмектеседі.

Ерлер аурулары. Ерлердің аурулары әйелдердікінен аз емес. Бұл жыныстық органдардың қабынуы, простата аденомасы, ұрық бездеріндегі түйіндер, белсіздік және т.б. Бұл аурулардан болатын ауырсынуларды балшықтың көмегімен арылтуға болады. Анығырақ айтсақ, балшықты іштің төменгі жағына басу. Жай балшық суын ішу де пайдалы, оған кейбір дәрілік өсімдіктердің қайнатпалары мен тұнбаларын да қосуға болады.

Халық медицинасында ерлердің белсіздігі балшық ерітіндісіне төмендегі өсімдіктердің тұнбаларын қосып емдейді:

1. Алтын тамыр. Құрғақ тамырдың тұнбасын балшықты сумен араластырып, күніне үш ас қасықтан қабылдайды;

2. Заманиха. Бұл өсімдіктң тұнбасын балшық суында дайындап, күніне үш рет бір шай қасықтан асқа дейін 20-30 минут бұрын қабылдайды.

3. Аралия. Кептірілген тамырлардан алдыңғыдай тұнба дайындайды, бірақ ашқарынға ішеді.

4. Сафлора түріндегі левзея. Бұл тұнбаны күніне екі рет қабылдайды.

Жүйке аурулары. Түрлі жүйке аурулары: неврастения, күйзелістер, ұстамалы жүйке ауруы кезінде омыртқаны балшық суымен ысқылап, сондай-ақ ішу жақсы көмектеседі. Суды 20 күн бойы күніне үш рет ішу керек, сосын 10 күнге үзіліс жасайды. Бұндай үзіліс ағзаның балшыққа үйреніп кетпеуі үшін керек.

Бұл аурулардың түрлерінде балшық суына батырылған жаймамен орану да көмектеседі. Егер ауру адамды орап, сыртынан жылы көрпеше жауып, екі сағат жатқызып қойса, аурудың жағдайы жақсарады. Балшық терідегі ылғалды сақтайды, тері тесіктерін ашып, тазартады. Балшықтың әсерінен терінің беткі жағына қанның келуі күшейеді де, соның әсерінен іштегі ширығу мен ауру басылады. Бастысы – ауру адамға компресті көп ұстамау керек, уақытымен алып, денені ылғал шүберекпен сүртеді.

Ертеде жүйке ауруларын құйымшаққа балшық басу арқылы емдеген. Бұл емнің әсерін тездетіп, ауруды басады.

Күйіктер. Күйіктердің ауыр түрлерінде күйген адамды ауруханаға жеткізу керек. Болмашы күйіктерде терінің ашуын басу үшін күйген жерге балшық басу керек.

Тұз жиналу. Қазіргі кезде тұз жиналу аз қимылдайтын адамдардың екеуінің бірінде кездеседі, сол себепті де бұқаралық ақпарат құралдарында осы мәселе жиі көтеріліп жүр. Бұрындары ата-бабаларымыз буындардың ауруын балшықпен емдегеніне қарамастан, бұл ауруды балшықпен емдеу екінің бірінің ойына келмейді. Олар көк балшықты қолданған. Су құйып, балшықты қаймақ қоюлығына жеткенше араластырып, одан ауырған жерге компресс жасаған. Екі сағаттан кейін компресті алып, жаңасын салған, осылайша бірнеше рет жасағаннан кейін ауруды ұмытып кететін болған. Егер сіз осы әдісті қолдануды ойласаңыз, бірақ көк балшық таба алмасаңыз, оны күнге жақсылап қыздырылған және энергетикасы күшті жай балшықпен ауыстырып көріңіз.

Улану. Ерте заманнан бастап балшықты астан уланғандарға кеңінен қолданып келеді. Бұған кеміргіштер себеп болған. Адамдар тышқандарға у қойғанда, сол бөлмеде жұқалап қана жағылған балшық сылақ болса, кеміргіштерді улау мүмкін еместігін байқаған. Тышқандар уды жесе де уланбайтын болған. Кейіннен адамдар балшықтың бұл қасиетін өздеріне де пайдалана бастады. Осылайша орта ғасырларда уланудан қорыққан адамдар өздеріне ұсынылған сусынға немесе асқа бір кесек балшық тастап жіберетін болған немесе тамақтанар алдында балшық жеп алатын болған.

Қазіргі кезде тамақтан уланғанда ауру адамға бір стакан балшық суын ішіп, кесегін соруға кеңес беріледі. Ауыр жағдайларда асқазанды жуып, балшық суынан клизма жасау керек.

/жалғасы бар/

Алматы қаласы

 

 

 
 В начало