ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | |||||||||
главная вернуться | |||||||||
Зядан Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғалым Шипагерлік Баян", қаңтар 2015
ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқырмандардың сұраулары бойынша мәдениеттанушы ғалым З.Қожалымовтың "Рухани емшілік ғаламаты" атты кітабынан Құран аяттарының әр түрлі ауруларға емдік тізбесін тұрақты түрде сырқаттарыңызға шипа болсын деген ниетпен ұсынамыз.
АДАМДАРДЫҢ ӨҢІНІҢ ӨЗГЕРМЕУІ Ми жасушаларының жұмысы қандай да бір себептермен бұзылатын болса, онда адамның бойы мен денесінің өсу ересек үдерісінде тартқанда да оның түрі бала күйінде қала береді. Бұл аурудан айығу үшін таңертең күн шықпай тұрып, кешке ұйықтар алдында мына сөздерді бір рет Бисмиллахир рахманир рахим – (Мейірімді де рахымды есімімен Алланың (бастаймын)) деп, одан кейін «Йа Шафиу» деп 1000 рет қайталап, екі қолыңызға үшкіріп, науқас адамның бетін сипаңыз. Бұны 3 айдан 6 айға дейін жасау керек. АЛЛАДАН ЖӘРДЕМ СҰРАУ Бұл дұғаны қаржыңызды жақсартуға ешқандай мүмкіндігіңіз болмаған жағдайда ғана айтуға болады. Сағат түнгі бірден кейін дәрет алыңыз. Жайнамазға отырып, 300 рет Бисмиллахир рахманир рахим Йа ил Йа ийлийах Йа Аллаһу Йа Фаттаһу Йа Фаттаһу Йа Фаттаһу Йа Жәбрәйілу Йа Микаиллу Йа Саманаиллу Йа Махлаиллу деп оқыңыз. Бұдан кейін жағдайыңызды жақсартуын сұрап Аллаға жалбарынып, ешкімге ештеңе айтпай төсегіңізге жатыңыз. 21 күннен кешікпей Қайырымды Аллаһ қалаған кез келген жолмен өзінің шапағатымен сіздің тілегіңіз орындалады. АЛЛЕРГИЯ Түстері әртүрлі шағын жеті түрлі мата қиындысын алыңыз. Оларды аурудың алдына жайып тастап, ішінен біреуін таңдатыңыз. Осы мата қиындысына қара жіппен ﻋﺰﺮﺍﺋﻴﻞ ﺠﺒﺮﺍ ﺋﻴﻞ ﺍﺳﺮﺍﻔﻴﻞ ﻣﻴﮐﺎﺋﻴﻞ деп жазу керек. Осы қиындымен аурудың мойнын орап немесе оны білегіне байлап қою керек. Егер ауру матаны мойнына да, қолына да салып жүргісі келмесе, онда матаны оның жастығының ішіне салып қою қажет. Онда бұл жастықты аурудан басқа адам пайдаланбауы тиіс. Бұл әдіспен аллергияның кез келген түрін емдеуге болады. Аллергия пайда болуының өзіне тән себептері анықталмаған. Шаң-тозаңның, дәрі-дәрмектің, жағымсыз иістің, ауаның ластануынан аллергия пайда болуы мүмкін. Бұл әдіс қандай жолмен пайда болғанына қарамастан барлық аллергияны емдей алады. АҚЫЛ-ЕСТІҢ АДАСУЫ Адамның ақыл-есінен адасуы өте қайғылы. Оның пайда болу себебі ауыр ойлардан, уайымнан, өмірдің жағымсыз жақтарынан немесе қан құрамында қанттың көбейіп кетуінен, қан қысымының көтерілу немесе төмендеуінен, қатты дене жарақатынан, теріс оқудан (сиқыр, дуа), дәріге уланудан, жалғыздықтан т.б. болады. Сырқаттың себебі қандай болса да, бір рет «Бисмиллахир рахманир рахим» деп оқып, суға үшкіріңіз де, сол судан науқас адамға бір жұтым ішкізіңіз. Тағы бір әдісі – науқас адам аузына бір жұтым су алып тұрып «Бисмиллахир рахманир рахим» деп ішінен оқып, суды жұтуы керек. Егер науқас адамның бұны жасауға шамасы келмесе, онда тағам құрамындағы тұз көлемін 4 есе азайтқан жөн. АЛАСҰРУ, ЕСІРУ Кейбір адамдар жүйке қызметінің әлсіреуінен өзін-өзі басқару қабілетінен өте аз уақытқа айрылып, қайта есін жиғанда өзінің не істегенін сезбей де қалады. Бұл ауруға табаға аз ғана қант салып, ол қоңыр түске айналғанша күйдіріңіз де оған жарты стақан су құйыңыз. Сосын қағаз бетіне төменде келтірілген мәтінді жазып, содан кейін қағазды қант ерітіндісімен шайыңыз. Науқас әйелге осы дәрі-дәрмекті 11 күн бойы күн сайын ішкізу керек. Ем кезінде науқастың тұзды пайдалануын азайтып, оның орнына ақ минералды тұзды үгіп қолданған жөн. Ауру асқынған жағдайда осы дұғаны қағазға жазып, оны мақтаға орап білте жасау керек. Содан кейін білтені зәйтүн немесе мақта майына батырып алып, жағып, науқас әйелге түтінін иіскетесіз. АНЫҚТАЛМАҒАН АУРУЛАР Қағазға деп жазып, науқас адамның мойнына тұмар етіп байлап қойыңыз. Ауру қайталанған жағдайда осы сөздерді тәрелкенің бетіне жазып, оны сумен шайыңыз да, суды науқас адамға ішкізіңіз. АСҚАЗАН ЖӘНЕ ІШЕК АУРУЛАРЫ 1. Асқазан ауруының түрлерi Көбінесе ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылуы, іштің қатуы және асқазан сөлінің құрғауы салдары асқазанның көптеген ауруларын туғызады. Бұл аурудың тағы бір себебі – іштің кебуі. Ас қорыту жолында пайда болған газ төменге түсудің орнына жоғары көтеріледі де, адамның тынышын кетіреді. Егер жиналған газдың қысымы жүрекке түссе, адамның жүрегі қысылып, тынысы тарылады, газ басқа қарай бағытталса, онда бас ауырады, қолға қарай жүрсе, буындар ауырып, қол қалтырайды. Ал егер газ өңеште қалса, ол жүректі сыздатып, мұрыннан су ағып, адам түшкіре береді. Газ ұлтабар мен ішекте жиналып қалса, бұл бауыр мен ішек жұмысының ауруларына алып келеді. Іштің кебуі, шаншу, құрысу, соқыр ішек, іш өту, ішек жұмысының нашарлауы сияқты ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеу үшін сары түсті шыны бөтелке немесе сары целлофанға оралған бөтелке алып, оның ¾ бөлігін сумен толтырып тығындаңыз да, түстен кейін 3-4 сағатқа күннің астына тастаңыз. Кешке осы бөтелкеден бір қасық су алып, онда сары түсті тағамды ерітіңіз де, алынған сиямен үш фарфор тәрелкеге төмендегі мәтінді жазыңыз: Бір тәрелкені күннен қуат алған сумен жуып, оны науқас адамға түскі астан жарты сағат бұрын ішкізіңіз. Екінші тәрелкені жуып, оның суын таңғы астан жарты сағат бұрын, үшінші тәрелкені жуған суды бұдан кешірек түскі асқа дейін беріңіз. Бұл емді ауру толық жазылып кеткенше қайталаңыз. 2. Асқазан жарасы Төмендегі сөздерді үш ақ фарфор тәрелкеге немесе ақ қағазға қалам сиясымен жазыңыз. Ауру тәрелкені сумен шайып, осы суды 40 күн бойы таңертең, кешке және ұйықтар алдында ішуі керек. Дәрігер көрсеткен диетаны сақтау қажет. 3. Астың нашар қорытылуы Құтпан намазынан кейін 101 рет Таббат йадаа абби Лахабин Ва табба Маа Агнаа ъАнху Ма Луху вама Касаба Саяасла наран зата Лахабин Ва амраатуху деп оқыңыз да, келесі Құтпан намазын оқуға жетерліктей суға үшкіріңіз. Ауру адам тек осы суды ішуі керек. Ем 21 күнге созылады. Ауру адам емдік судан басқа су ішпеуі тиіс. 4. Ішек туберкулезі Ішек ауруының бұл түрін емдеу үшін Құранның 12-Юсыф сүресінің 1-аятын дауыстап оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Алиф лам ра Тилка Айатулкитабил мубин Аррахим Аррахим Аррахим Содан кейін 11 рет ыдыстағы суға үшкіріп, сосын суды науқас адамға ішкізіңіз. Бұны күн сайын күн батар алдында 90 күн бойы жасау керек. АСЦИТТЕР Бұл ауру жазылмайтын дерттердің бірі болып есептеледі. Аллопатиялық медицинада құрсақ қуысында жиналып қалатын зиянды заттарды клизма көмегімен алып тастайды. Алайда олардың кейбіреуі уақыт өте келе қайта пайда болады да, оны қайтадан алып тастауға тура келеді. Бұл әдіс тек уақытша ғана жеңілдік әкеледі, ауруды толығымен жазбайды. Ал Аллаһтың көмегімен емделген аурулар өз кеселдерінен толығымен жазылып кеткенін, арнайы діни рухани емшілер дәлелдеген. Қағазға Қасиетті Құранның 2-Бақара сүресінің 219-аятындағы дұға сөздерін қағаз бетіне жазыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Ва исмухума акбару мин нафъийхима Дұға жазылған қағазды шиыршықтап ораңыз да, сосын отқа жағыңыз, бірақ бірден жанып кетпесін. Шала жанып, түтіннің мейлінше көбірек шыққаны жақсы. Осы түтінді ауруға иіскетіңіз. Бұны күніне бір рет, дұрысы ұйықтар алдында жасаған жөн. Бұдан басқа тағы бір шара жасау керек. Ауру адам еденге немесе жерге жатып, екі қолын басына салып, көзін жұмсын. Жоғарыда араб тілінде жазылған сөздерді дауыстап оқып, ауру адамның асқазанында жиналып қалған зиянды заттар жарық сәулеге айналып, аурудың аяғынан шығып, жерге төгіліп жатқанын медитациялық әдіспен елестетіңіз. Бұл емді ауру толығымен жазылып кеткенге дейін жүргізіңіз. АШУЛАНШАҚТЫҚ Жүйкесі әлсіз адамдар өте ашуланшақ болып келеді. Олардың кейбіреулері өз өміріне, тұрмысына риза болмай қытымырланса, енді біреулері жұмыста тыныш, ал үйде адам төзгісіз ашушаң болады. Бұндай адамдар өзгелерді өз уысында ұстап, оларды басқарғысы келіп, өз айтқаны мен ойлағанына көндіруге тырысады. Осындай мінезден құтылғысы келген адам бір стақан су алып, бір рет «Йа уәдуду» деп, суға үшкіруі керек. Одан кейін осы суды үшке бөліп ішеді. Ал егер оны емші емдесе, онда ол емделушінің суды бірінші рет таңертең күн шығар алдында ішуін қадағалау керек. Ем 40 күннен артық жүргізілмеуі шарт. АУРУ ДИАГНОСТИКАСЫ Аурудың себебін білу үшін Фаджр (азан) намазынан кейін бірден Бисмиллахир рахманир рахим деп 100 рет қайталаңыз да көзіңізді жұмып, науқас адамды көз алдыңызға елестетуге тырысыңыз. Бұны науқас адамның өзі де жасауына болады. Аурудың анық диагнозы белгілі болғаннан кейін, одан айығудың жолын іздесеңіз, ұйықтар алдында жүзіңізді солтүстік жаққа бұрып, дұғаны тағы да 100 рет қайталап, ешкімге ештеңе айтпай, ұйықтауға жатыңыз. Тиісті ем түсіңізде немесе өңіңізде айтылады. Бұны сізге дәрі белгілі болғанша жасай беру керек.
Алматы қаласы
Зядан Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғалым Шипагерлік Баян", ақпан 2015
ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ /басы өткен санда/ АУЫЗДАН ЖАҒЫМСЫЗ ИІС ШЫҒУ 1. Ауыздан шығатын жағымсыз иіс тіс пен қызыл иекте қалып қоятын тағам қалдықтарының шіруінен, сондай-ақ асқазан жұмысының бұзылуынан пайда болады. Әдетте, аузынан осындай иістің шығатынын адамның өзі байқамайды, тек айналадағыларға жағымсыз әсер беріп, олар онымен сөйлесуден қашқақтайды. Бұл жағымсыз жағдайдан арылу үшін, алдымен, тамақтанудың қатаң режимін ұстану керек, яғни тек белгілі мерзімде ғана тамақ ішкен дұрыс. Ашытылған, бұзылған тағамдарды жеуге тыйым салынады. Тамақ жеңіл қорытылатын болуы керек. Бұны емдеу үшін «Маркуна рукуни» деп 3 рет оқып, суға үшкіріп, оны науқас адамға ішкізіңіз. Сонымен бірге 7 рет «Маркуна рукуни» деп оқып, жарты келі таза балға үшкіріңіз. Науқас адам күніне 3 рет 1 шай қасық балдан қабылдауы керек. Тісті уақытымен тазалап отырған жөн. 2. Егер адам ішіп отырған тамағының дәмін сезбесе немесе аузынан нашар иіс шығатын болса, онда күн шықпас бұрын тамақтанар алдында 5-Маид сүресінің 6-аятын «Алсинни БалСинни» оқып, суға үшкіріңіз де, науқасты шығысқа қаратып қойып, судың үш жұтымын ішкізіңіз. АУЫРТПАЛЫҚТАР МЕН АПАТТАРДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ? Әрбір пенде Алла тағаланың жақсылық пен жаманшылық заңдарын біле тұра, оның ұстанымдарын бұзса, ол адам мен Жаратушы арасындағы өзара сенімдік заңдарының бұзылуына әсер етеді. Сенімнің азаюы адасушылыққа әкеледі де, адамдар ырымшыл бола бастайды. Ал ырымшылдық сенімсіздікке, күмәншілдікке, ашкөздік пен сараңдыққа әкелетін көптеген жаман ниеттерді туғызады. Ол адамдарды Жаратушыдан гөрі жасанды материалдық игіліктерге тәуелді етеді. Ашкөздік пен сараңдықтың адамды жеңгені соншалық, оның өмірі енді Жаратушы Шапағатына емес, дүние қызығына байланысты болады. Осы сатыда ұлттың құлдырауы мен азғындауы басталады. Табиғат заңдылықтарының бұзылуы оның халықты қолдауын, қорғауын төмендетіп, халықтың ауыртпалықтар мен апаттарға ұшырауына әсер ете бастайды. Сенімсіздікті ауыздықтау үшін және ауыртпалықтар мен апаттардан сақтану үшін көлемі 22,5х30 см болатын ақ қағазға қара сиямен әдемілеп мына сөзді деп жазып, бөлмеңіздің қабырғасына іліп қою керек. Егер Алланың қаһарынан індет (эпидемия) тарайтын болса, онда бұл сөздерді қаламның сиясымен қағазға жазу керек. Тәрелкені қайнаған сумен әбден жуып, отбасыңызға осы тәрелкені жуған судан беріңіз. Індет кезінде тәрелке жуылған суды күніне үш рет – таңертең, түсте және кешке ішу қажет. Қайнаған суды тек тәрелкені жуу үшін ғана емес, ішу үшін де пайдаланыңыз. АУРУДАН КЕЙІНГІ ӘЛСІЗДІК Үш фарфор тәрелкеге сиямен (Құран, Тин сүресі, 5-аят) деген сөздерді жазыңыз. Таңертең бір тәрелкені, түсте екіншісін, кешке ұйықтар алдында үшіншісін сумен шайып, суын ауру адамға ішкізіңіз. Бірнеше күннен кейін бұл науқас әлденіп, күш жинай бастайды. АЯҚ НЕМЕСЕ БАЛТЫР БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІНІҢ ӘЛСІЗДЕНУІ Жарты келі қара күнжіттің майын алып, 11000 рет «Куллу шаи ин йаарджиъу илла аслихи» деп оқыңыз да майға үшкіріңіз. Егер сіз бұл дұғаны бірден осынша айтуға қиналсаңыз, бөліп-бөліп оқуға болады, бірақ 1000 реттен кем болмауы керек. 11000 рет оқылып болғаннан кейін ғана майға үшкіріңіз. Науқас адам осы майдың 3-5 мл нанға жағып жесін. Және күн сайын науқас 3-5 г маймен балтыры мен тізесін майлап уқаласын. ӘЙЕЛДЕРДІҢ АУРУЛАРЫ Ана сүтінің аздығы Кейде әйел жаңа босанғанда немесе кейіннен ананың сүті жетіспейтін жағдай болады. Бұндай жағдайда ақ фарфор тәрелкенің бетіне сары сиямен төмендегі мәтінді жазыңыз:
Тәрелкені сумен шайып, суды әйелге таңертең бір рет, түсте бір рет және кешке бір рет сүт көбейгенше ішкізіңіз. Бедеулік Бедеуліктің себептері көп. Кейде ол әйелдің ішкі органдарының зақымдануынан болса, кейде ер адамның ұрығының жоқтығынан немесе оның тапшылығынан болады. Егер ерлі-зайыптылардың денсаулығы жақсы бола тұрса да, олар балалы бола алмай жүрсе, төменде келтірілген Құранның Жүсіп сүресінің 1-аяты және 96-Ғалақ сүресінің 1-2-аяттары көмектеседі: Бисмиллахир рахманир рахим икра бисми раббикаллази халака халакал инсана мин алаки хамим әлиф ләм ра тилка айтулкитабил мубин Құтпан намазынан кейін әйел бұл дұғаларды 100 рет оқып, бір стақан суға үшкіру керек. Осы судың жартысын әйелі, жартысын күйеуі ішуі тиіс. Бұны 90 күн бойы жасау қажет. Әйелдің жіберіп алған күндерін кейін қосқан жөн. Бет пен денеде түктің өсуі Қасиетті Құранда: «Әр затты өзіне тән қасиеттерімен жараттық» деп жазылған. Осындай айырмашылықтар әйел мен еркекте де бар. Қанның бір қызметі – ауадан, жарық пен ғарыштық сәулелерден ағзада жиналып қалатын зиянды заттарды тер арқылы және денедегі түктер көмегімен сыртқа шығарады. Сондықтан да адам денесіндегі қан қысымының өзгеруі төмен бөлігінде түктер өсе бастайды. Ер адамдарда сақал-мұрт өседі, ал әйелдерде мұндай өскіндер болмағандықтан олардың бойындағы зиянды заттар етеккір арқылы шығарылады. Алайда қандай да бір себептермен етеккір циклі бұзылатын болса, әйелдердің бетіне де түк шыға бастайды. Сондықтан, алдымен, етеккір циклін қатаң бақылап, оны жөнге келтіру керек. Ол үшін Қасиетті Құран аяттарының көмегіне жүгінеміз. 250 г пияз дәндерін алып, оны таза суға жуып, күн көзіне кептіріңіз. Дәндер кепкеннен кейін оларды көк түсті шыны бөтелкеге салыңыз. Құтпан намазынан кейін «фии ситтате аяямин суммастауа алаларши» (Құран, 7-Ағраф сүресінің 54-аяты) деп 100 рет қайталап оқып, бөтелкедегі дәндерге үшкіріңіз де қақпағын жауып қойыңыз. Бұны 21 күн бойы жасап, 22-күні таңертең науқас адам ашқарынға қасықтың төрттен біріндей дәнді сумен бірге жұтсын. Одан кейін жарты сағат ештеңе жемеуі тиіс. Бұны дәндер таусылғанша жасау керек. Босанғаннан кейінгі іштің үлкейіп кетуі Егер уақытында тиісті шаралар жасамаса, әйел босанғаннан кейін оның ішінің бұлшық еттері босаңсып, іш үлкейіп кетеді. (тастийррин шаилхарс) деген сөздерді қаламның сиясымен қағазға жазып, оны сумен шайып, сол суды таңертең ашқарынға науқасқа ішкізіңіз. Бұны іш қалпына түскенше күніне 3 рет қайталап отыру керек. Босанғаннан кейін болатын аурулар Кейбір әйелдер босанғаннан кейін аурушаң болып қалады. Бұл жас босанған әйелдің де, нәрестенің де өміріне қауіпті болғандықтан дер кезінде тиісті шаралар жасау керек. Сондықтан төменде келтірілген мәтінді қаламның сиясымен қағазға жазып, оны көк мақта жіптен өріліп жасалған баумен байлаңыз. Бұл бауды жасау үшін ұзындығы әйелдің бойына сәйкес келетін 11 көк түсті жіп алыңыз да, барлық жіпті мойынға тағатындай етіп 2-3 рет ораңыз. Содан кейін Йа рахиму Йа Аллаһу Йа Мурийду деп 3 рет қайталап, жіпті түйіңіз. Тағы дұға оқып, жіпті екінші рет түйіңіз. Осылайша жіпті бірдей аралықта 11 рет түйіп, оған үшкіріңіз. Босанғаннан кейін 40 күн өткесін, әйел шомылып, содан кейін тұмарды шешіп, жерге көміп тастасын.. Босануды жеңілдету Әйелдің босануын жеңілдету үшін төменде келтірілген мәтінді майлы қағазға жазып, оны босанатын әйелдің оң санына байлап қою керек. Сонда Аллаһтың шапағатымен бала дүниеге жеңіл келеді. Бұл тұмарды толғақ басталмайынша тақпаңыз. Етеккірдің бұзылуы Етеккірдің тұрақсыз келуі әйел ағзасына көптеген ауруларды туғызады: іштің көлемі ұлғаяды, етеккір келердің алдында іштің төменгі тұсы қатты ауырады, етеккір әдеттегіден аз мөлшерде келетін болса, әйелдің бетіне шамадан тыс түктер шығады. Аурудың созылмалы түрінде жатырдың жұмысы бұзылады да, бала туу қабілеті жоғалады. Сонымен қатар әйелдің сыртқы түрі бұзылып, денесі ісінеді, қанның ағысы баяулап, арқасы, бүкіл денесі ауырады. Егер етеккір циклі қысқарса немесе мезгілінен бұрын тоқтап қалса, әйел адамның түрі еркектің түріне ұқсап кетеді. Етеккір әйел ағзасы үшін өте маңызды, өйткені ол арқылы әйелдің денесінен зиянды заттар сыртқа шығарылып, қан айналу жүйесінің қызметі жақсарады. Бұдан айығу үшін төмендегі дұғаны тұмар ретінде пайдалану керек. Бұл тұмарға «Бисмилла» деп жазуға болмайды. Етеккір келген уақытта іштің төменгі тұсы ауырса, осы тұмарды кіндікке жететіндей, ал арқа ауырғанда құйымшаққа тиіп тұратындай етіп тағу керек. Тұмарды қызыл күрең түсті жіпке тағу қажет. Матаны пайдаланбаңыз, өйткені бұл тұмарды жуынған кезде шешпеген жөн. Сондықтан тұмарды целлофанға орап, ылғалдан, судан қорғау керек. Етеккірдің көп келуі Егер етеккір шамадан тыс көп келетін болса, төменде келтірілген мәтінді қаламның сиясымен жазып науқас әйелдің мойнына тұмар қылып тағыңыз. Егер ауру күштірек болса, онда осы мәтінді фарфор тәрелкенің бетіне немесе майлы қағазға жазып, оны сумен шайып, сол суды таңертең ашқарынға науқас адамға ішкізіңіз. Бұны 3 реттен артық жасауға болмайды. Бисмиллахир рахманир рахим Йа Әджаибаал Хафа уә йа уәраалхалах Жатыр аурулары Жатырдың кез келген ауруында, соның ішінде ісікті ауруларында да төменде келтірілген мәтінді жазып, науқас әйелге тұмар қылып беріңіз. Аурудың ауыр түрлерінде осы мәтінді қағазға жазып, оны сумен шайып, сол суды таңертең ашқарынға 40 күн бойы науқасқа ішкізіңіз. Хууал амру хаю ама нәуийл бихакки йа хаю йа каюм йа бариулмусаууарул архам Емшек бездерінің қабынуы, іріңді жара немесе ісік Егер ауруды дер кезінде емдемесе, оның арты ракқа ұласуы мүмкін. Сондықтан ем қабылдауды кешіктірмеу керек. Ол үшін кеңдеу ыдысқа жылы су құйып, 3 рет «Ма фи калби гараллахи» деп, суға үшкіріңіз. Науқас әйел осы суды ішіп, қалғанын ауырған жеріне құйсын. Мұны ауру толық жазылғанша күніне үш рет жасау керек. /жалғасы бар/ Алматы қаласы
| |||||||||