Халық емшілігінің бәйтерегі | ||
главная вернуться | ||
Зядан Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғалым Шипагерлік Баян", желтоқсан 2015 Халық емшілігінің бәйтерегі З.Қожалымов – Қауымдастық президенті, академик Халық емшілігінің өзіндік және жеке тарихы бар. Ол әр халықтың өзіндік емдік шипалық ерекшелігімен дараланады. Қазақ халқының халықтық шипагерлігі ерте заманнан бастау алып, даму үстінде. Археологиялық қазба жұмыстары жазбалары дәлелдегендей (академик Ә.Марғұлан) қазақ ұлтының кейбір шипагерлері ертеден-ақ инемен емдеу және ота жасаумен айналысқаны анық сипатталған. Халқымыздың қаныменен мәңгі жалғасып келе жатқан тектік қасиеттің бір түрі халық емшілігі де еліміздің тәуелсіздігінен кейін көктемде гүлдеген жас талдың шыбығындай гүлдеп, тамырын жайып бүгінде өзінің мәртебесін көтеруде. Жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған сауаттылығы әр түрлі және сезімталдықтары ерекше халық емшілері де бір салаға түсе бастады. Өткен жиырмасыншы ғасырдың сексенінші жылдарының ақырында қайта оянған халық емшілігі өзінің емдік, рухани сауықтыру және тәрбиелік жағынан өркендеп дамып келеді. Халық емшілеріне қарсы әрекеттер аз болмады. XIII ғасырда Өзбек хан тылсым дүние сырларын меңгерген бақсы, емші, болжампаз, көріпкел, құмалақшы, т.б. жандарды ауыр жазаға тартты. Кейбіреуін тірідей жерледі. Ал, Кеңес заманында тылсым дүние сырларының өкілдерімен бірге дін саласының өкілдерін де қатал есепке алып, жазалады және кейбіреулерін арнайы жүйке ауруханаларына жіберіп, оның жеті ұрпағына дейін қатал бақылауға алғаны бәрімізге мәлім. Кеңес одағы заманында солақай саясаттың қаталдығына қарамастан, ҚазССР Денсаулық министрі м.ғ.д., профессор Сағидолла Қарынбаев 1962 жылы Алматы қаласында Бүкілжүниежүзілік дәстүрлі емес халық медицинасының форумын өткізген. Содан кейін бүкіл әлем еліндегі дәстүрлі емес халық медицинасы осы форумда қабылданған шешім негізінде дамып келеді. Ал, профессор С. Қарынбаевты бүкіләлем елінің "Дәстүрлі халық медицинасының атасы" деп атайды. Біздің елде бұл мәлімет жойылған. Бұл қалай? Кеңес одағы заманында ұлттық емшілік жүйесінің жанашыры болған, м.ғ.д., профессор-жазушы Естөре Оразақов халықтық емдік жүйенің тәсілдерімен Отан соғысы кезінде жаралы солдаттарды емдеп, жазғаны туралы өзінің "Қазақ халық медицинасы" атты еңбегінде жазып, осы саланы кері саясаттың әсерінен ғылымға қоса алмағандығына өкініп кеткен (Алматы: Ғылым, 1989.-77 бб.). 90-жылдың басында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан Алматы қаласында "Республикалық халық медицинасы орталығы" ашылғанда халық та емшілерде қуанды. Бұл орталық халықтың да қамын және емшінің де құқын қорғай алмады. Орталықтың әр кездегі басышыларына емшілер құлдық пен күңдік қызмет етті. Емші табысын солар пайдаланды. Министрлік тарапынан ғылыми жұмысын дамыту жөнінде жасалған қаражаттық көмектер көкке ұшты. Бүгінде осы орталықтан тексеруден өткен жалған "кәсіби халық емшілерінің" бірде-бірі тарихқа енбеді. Далада қалды. Сонымен 2008 жылдары аяқ астынан оның басшысы (Ш. Шинтаев) орталықты жапқан. Ол Алматы қаласы, Бостандық аудандық салық комитетінің төлеуге міндеттеген (1997-1998 ж.) төлемеген 41 млн. (қырық бір миллион) теңге салығын қалай жапқаны белгісіз? Құжаттары бізде сақтаулы. Ш. Шинтаевке кімдер көмектесті екен? Судың да сұрауы бар дегендей, мұның да тексерілетін уақыты келеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты шенеуніктері мен Ш. Шинтаевтың осы қауымдастықты тарату жөніндегі және оның басшысын бұл дүниеде жоқ деген арам ойлары артта қалды. Оның есесіне Ш. Шинтаевтың өзінің орынбасары, Өзбекстан азаматы Әнуар Ниезов арқылы алдырған және өзі құжаттарын берген бандиттері оның тапсырмасын орындамағандығы үшін қауымдастықтың вице-президенттері Бодров Александрды өлтіргені (17.02.2011) бәрімізге әйгілі. Ал, Е. Мырзагелдиевті де жансерік еткен Ш. Шинтаев оны да орындаушылар арқылы ұзақ мерзімге қан қысымы көтерілу дәрежесіне жеткіздіріліп, ол да өмірден қоштасқанына екі жылға жуықтады. Осы жылдың 5-қарашасында Астана қаласына мені "Хабар" телеарнасы шақырды. Бағдарламасы "Жекпе-жек" қысқасы, ғылыми медицина мен халық емшілігінің байланысы және қажеттілігі жөнінде болды. Менің таңқалғаным, менімен айтысуға Денсаулық сақтау министрлігінен келген адам баласыздарға ұрпақ сыйлайтын биолог-ғалым болды. Сонда сонау алғаш құрылғанда қауымдастықтың екі рет қызметін тоқтаттырған, жиырма жылдан аса қауымдастыққа қарсы болған бұрынғы министрліктің емдеу басқармасының бастығы Мусин Ерік Мағзұмұлының және бүгінде "өзінше атағын" дүркіретіп тұрған Ш. Шинтаевтың немесе Денсаулық министрлігінің халық емшілік саласын бақылайтын бір басшысының болмауы бұл да емшілерге деген және мемлекетіміздің "Мәдени мұра" саласының бір бөлімі емшілікке деген көзқарастарының баяғыдай екендігін дәлелдесе керек. Қазақ халқының халық емшілігінің өркендеуіне XV ғасырдың ғұлама шипагері, ал бүгінде "Екінші ибн Сина" атанған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының медициналық-энциклопедиялық еңбегі "Шипагерлік баяны" емшілік жүйесінің ғылыми салаға қарай жақындауына, зерттелуіне жол ашты. Қазақ халық емшілігі қауымдастықтың ғалымдарының зерттеуі бойынша өз еліміз бен әлемде өз орнын тапты. Қауымдастықтың құрамындағы басшы ғалымдар мен емшілер арасында ғылыми салада еңбектенгендер саны көбеюде. Қауымдастықтың жеке "Шалкөде" баспасынан шыққан кітаптар мен тұрақты шығатын "Шипагерлік баян" газеті өз оқырмандарының ықыласына бөленуде. Жылдар жылжып өткен сайын, заман да өзгеруде. Бүгінде аты мен қызметі елімізден тысқары таныла бастаған РҚБ "Қазақстан халық емшілері қауымдастығының" құрылғанына осы жылдың 22 желтоқсанында 24 жыл толады. Қауымдастықтың мүшелері мен емшілері халықтың денсаулығын жақсартумен рухани сауықтыру тәрбиелік қызметінде жақсы нәтижелерге жетуде. Жыл сайын әр түрлі халықаралық және республикалық көлемде өткізілетін форумдар мен конференциялар емшілердің білімділігін арттырып, туысқандығын жақындатып және іс-тәжірибелерін байыта түсуде. Келер 2016 жылы қыркүйектің 30-жұлдызында Алматы қаласында қауымдастықтың құрылғанына ширек ғасыр – 25 жылдық мерекесі халықаралық деңгейде аталып өтпек. Қауымдастықтың торқалы мерекесін өзінің мүшелері мен жанашырлары жақсы қарсы алады деген ниеттемін. Қауымдастықтың Төралқасы өзінің мүшелері мен жанашырларын ұйымның құрылғанына 24 жыл толу мерекесімен құттықтайды! Төралқа мүшелері мен жанашырларының дендеріне саулық, отбастарына амандық және қызметтеріне табыс тілейді!
| ||