ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | ||||||||||||||||||||
главная вернуться | ||||||||||||||||||||
Зядан Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғалым Шипагерлік Баян", наурыз 2015
ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ /басы өткен санда/ Кеуденің кішкентайлығы Әйел анарының әдемі болуы – оның сұлулығының бір бөлшегі. Ол тек әйел мен еркектің арасындағы айырмашылықты ажыратып қана қоймастан, сонымен бірге баланы емізу үшін да маңызды болып табылады. Әйтсе де анары өте кішкентай әйел өзінің тән сұлулығын толығымен аша алмайды. Сондықтан ондай әйелдерге мынадай дұға көмектеседі. Ұйықтар алдында әйел «Уәттаийни уәз зийтуни» (Қасиетті Құранның 95-Тин сүресінің 1-аяты) деп 100 рет оқып, кеудесіне үшкіріп, үндемей орнына жату керек. Мұны 90 күн бойы жасау керек. Бұл кеудені әдемі, шымыр етеді. Түсік тастау, мерзімінен бұрын босану, бала өлімі Әр түрлі себептермен ана құрсағындағы ұрықтың дұрыс дамымауы баланың түсіп қалуына, әйелдің уақытынан бұрын босануына немесе бала өліміне әкеледі. Бұның негізгі себебі – әйелдің ұрығының дамуына жауап беретін ми бөлігінің дұрыс жұмыс атқармауы. Ал ми жұмысының бұзылуына кейбір ауру түрлері немесе әйелдің жандүниесінің дұрыс болмауы себеп. Сондай-ақ күшті дәрілерді жиі және қажеттіліксіз қабылдау да, ащыға құмарлық, ауыр тұрмыс, қорқыныш пен үрей осы жағдайға душар етуі мүмкін. Бұндай жағдайды болдырмау үшін аяғы ауыр әйел жүйке жұқаруында жасалған емді қолдануы керек. Тұмарды жүктіліктің алғашқы айларынан бастап тағады. Әйел аман-есен босанғаннан кейін тұмарды баласының мойнына тағып қоюы керек. БАДАМША БЕЗДІҢ ҚАБЫНУЫ (ТОНЗИЛЛИТ), ШІРІНШЕ (ЗОЛОТУХА) 1.Оң қолыңыздың сұқ саусағының басына азғантай ақ күл салып, бір рет «Йа уәдуду» деп, саусағыңызға үшкіріңіз. Содан кейін науқастың мойнының ауыратын жеріне саусағыңызбен Х белгісінің суретін салыңыз. Егер денеде бірнеше жер зақымдалса, бұл шараны әр қайсысы үшін қайталау керек. 2.Әдетте, бұл ауруға кішкентай балалар ұшырайды. Кейде көмей мен тамақта бірдеңе түрғандай болып, ауаның өтуі нашарлайды. Бұл ауруды емдеу үшін Қасиетті Құранның 2-Бақара сүресінің 255-аятын «МанЗаллази Йашфаъу Индаху Илла Биизнихи» деп бір рет оқып, суға үшкіріңіз. Осы суды науқас баланың тамағына бірнеше рет құйып, су өткенше тамақты уқалаңыз. БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ Баланың оқуға талпынысын жақсарту Ұйықтап жатқан баланың бас жағына отырып бір ай бойы Құранның 54-Қамар сүресінің 22-аятын оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Есте сақтау қабілетін жақсарту Таңертеңгі Бамдат намазынан кейін 3 рет «Рабби Йасир уәлә туъассир» - деп оқып, су құйылған ыдысқа дем салып, осы суды 21 күн бойы ішіңіз. Жүйкенің тозуы Балалар жүйкесі тозуының белгілері: түнде шошыну, себепсіз айқайлау, жылау, қалтырау, өзін-өзі және басқаларды тырнап тастауға әрекеттену, еш себепсіз денесінің бір ысынып, бір суынуы, туа біткен әлсіздік немесе ауру, арықтық, зат алмасу үдерісінің (процесінің) бұзылуы, көз астының қарайып тұруы. Баланы осы аурудан сақтандыру үшін немесе емдеу үшін қағаздың бетіне қаламның сиясымен мынадай дұғаны жазыңыз: Содан кейін бұл қағазды целлофанға орап, аспан түстес көк матаның ішіне салып тігіп қойыңыз. Осы тұмарды баланың мойнына тағыңыз. Кереңдік және мылқаулық Кереңдік немесе мылқаулық туа бітсе де, жүре келе пайда болса да, діни ғұламалар оларды мынадай жолмен емдеуді ұсынады: Бала түнде ұйықтап жатқанда, оның оң жағына келіп «Кааааф хаа йаа аааайн саааад» – (Құран, 19 Мәриям сүресі, 1-аяты) деп оқыңыз. Әрбір дыбысты бөлек, дауыстап айту керек, бірақ бала оянып кетпесін. Бұл шара 6 айға созылады. Егер сіз бірнеше күнді жіберіп алсаңыз, онда 6 ай біткеннен кейін, сол күндерді есептей отырып, ем жасалған күннің орнын толтырасыз. Егер баланы анасы емдесе, онда ол бұл емді тіпті етеккірі кезінде де жасай беруіне болады. Көкжөтел Ақ қағазға қаламның сиясымен төмендегі дұға сөздерін жазыңыз. Дұғаны суы бар ыдысқа салып, сол суды ауру адамға 11 күн бойы таңертең және кешке ішкізіңіз.
Бисмиллахир рахманир рахим Кіші дәреттің тоқтамауы (Энурез) Кейбір балалар есейгенше төсекке дәрет етіп қоя береді. Бұл ауруды емдеу үшін түнде бала ұйықтап жатқанда, оның бас жағында тұрып Қасиетті Құраннан келтірілген төмендегі дұға сөздерін ( Әл-Бақара сүресі, 1-3-аяттары) дауыстап оқу керек. Бала оянып кетпесін. Бисмиллахир рахманир рахим Бұны 21 күн бойы жасау керек. Құлақ ауруы Балалардың құлақ ауруын емдеу үшін төмендегі шараны орындаңыз: Бисмиллахир рахманир рахим деп, Құранның 113-сүресі Фәләқты үш рет оқыңыз. Одан кейін қасықтағы сүтке немесе суға үшкіріп, балаға ішкізіңіз. Ауру қайтпаса, бұл шараны қайталаңыз. Құлақтан бұлақ ағу Бала құлағынан бұлақ аққанда мына аятты «Әл ләзи Халақа фәсәууә уәл ләзи қаддарә фә һада» – (Құран, 87-Ағла сүресі, 2-3-аяттары) оқып, кішкене мақтаға дем салып, оны ұйықтар алдында баланың ауыратын құлағына қою керек. Таңертең қайтадан дұға оқып, жаңа мақта салады. Бұны құлақтан бұлақ тыйылғанша жасау керек. Қыңыр, қиқарлық Бала қыңырлығын емдеп жазу үшін жүйке тозғанда қолданылған тәсілді пайдаланған жөн. Ақ қағазға мына дұғаны жазыңыз: Содан кейін бұл қағазды целлофанға орап, аспан түстес көк матаның ішіне салып тігіп қойыңыз. Осы тұмарды баланың мойнына тағыңыз. Өкпенің және өкпе қабының қабынуы Қағазға қаламның сиясымен мынадай дұғаны жазыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Жазуды сүтке салып, сүтті ауру адамға ішкізіңіз. Бұны 3 күн бойы күніне 3 рет жасау керек. Тәбеттің болмауы Балаға тамақ бермес бұрын, бір рет «Бисмиллахир рахманир рахим» -деп, одан кейін «Йа рахим» деп, 12 рет оқыңыз да тамаққа үшкіріңіз. Топырақ жеу әдеті Кейбір әйелдер мен балалардың топырақ жейтін әдеті болады. Бұл жаман әдет әртүрлі ауруларды тудырады. Сондықтан одан арылу үшін мынадай ем қолданылады. Сүт құйған ыдыстың үстінен қарап тұрып, Бисмиллахир рахманир рахим деп 3 рет оқыңыз. Содан кейін сүтке үшкіріп, оны балаға ішкізіңіз. 11 күн ішінде бала топырақ жеуін қояды. Егер баланың анасында да сондай әдет болса, оған да осы дұға көмектеседі, тек сүттің орнына суды қолдану керек. Бұл әдісті күніне 3 рет қайталау керек. Тіл, көзден сақтау Жас баланың денесінің қара қуатқа қарсы тұру кедергісінің күші өте әлсіз болғандықтан, ол сыртқы күштерге қарсылық ете алмайды. Сондықтан да тіл-көз сүйкімді, ақылды балаларға көп тиеді. Бір қызығы балаға өз ата-анасының, бауырларының да тілі, көзі тиюі жиі кездеседі. Көз тиген бала тынышсызданып, тамақ жемей қояды, кейде қызуы көтеріліп, бірте-бірте әлсірей бастайды. Бұл ауруды емдеп жазу үшін Құранның 108-Кәусар сүресін оқып, баланың бетіне үшкіру керек. Бисмиллахир рахманир рахим Тістің шығуы Қағазға мына дұға сөздерін жазып, Бисмиллахир рахманир рахим оны тұмар қылып, баланың мойнына тағып қойыңыз (Құранның Жүсіп сүресі–1). Құдайдың шапағатымен бала тіс шығуына байланысты туындайтын ауыртпалықтардан құтылады. Шошып ояну Ұзақ уақыт әр түрлі жағымсыз әрекеттер туралы ойлану адамның күш-қуатын әлсіретеді. Бұдан жүйке жүйесі жұлынының жұмысы нашарлап, адамның ми бөлігінің қызметі өзінің жұмысын дұрыс атқара алмайды. Соның салдарынан адамның ұйқысы бұзылады, түнде шошып оянуы жиілейді. Егер адам бір жақсылыққа көңіл аударып, ойы бөлінсе, түнде шошынуын қояды. Шошынудан арылу үшін «Ашшату Назифату» деп оқыңыз. Мүмкіндігінше бұны үнемі қайталап жүрсе, адамның бойындағы шошыну, үрейлену т.б. ыңғайсыздық жағдайлардан құтылатыны дәлелденген. Ішек құрты Ішек құртының қандай түрі болса да, одан арылу үшін Құранның Әл-Кәусар сүресінің 108 сүресін 3 рет оқыңыз да, жартылай су құйылған стақанға дем салып, суды балаға ішкізіңіз. Бисмиллахир рахманир рахим Сондай-ақ айтылған сүрені оқи отырып, аурудың ішіне таңертең, түсте және кешке үшкіріңіз. Ауру адам бұны өз бетінше де жасай алады. 11 күннің ішінде ауру толығымен айығып кетеді. БАЛАНЫҢ ТІЛАЗАРЛЫҒЫ Баланың ой-санасы жетiлуiнiң жартысына жуығы ата-анасына және үйдегі тәртіп-тағылымға байланысты болса, екінші жартысы өзін қоршаған қоғамға байланысты болады. Егер үйде тыныштық, ынтымақ болмаса, ата-аналары күнде ұрысып-керісіп жатса, балалары сол ата-ананың барлық жаман әдеттерін өздеріне сіңіріп алады. Бірте-бірте бұл әдеттер оның болмысында тұрақты орын алады. Алғашында балалар өз-өздерімен күрессе, кейін ата-аналарымен алыса бастайды. Ата-аналары қажетті тәлім алмайынша, өз балаларын түсіне алмайды да, олармен дұрыс қарым-қатынас орната алмайтын жағдайға келеді. Бұл балаларды дөрекілікке, тілазарлыққа алып келеді. Ал үйінде тыныштық, келісім орнаған немесе ең болмаса ата-аналары өздерінің ұрыс-керістерін көрсетпейтін ортада тәрбиеленген балалар тілалғыш болады, ата-аналарына үнемі көмектесіп жүреді. Балалар үшін оларды шектен тыс еркелету мен мәпелеу қандай зиян болса, шектен тыс қаталдық пен дөрекілік те соншалықты зияндығын тигізеді. Екеуінің де нәтижесі өкінішке әкеледі. Ата-ана өзінің жүріс-тұрысын, мінезін өзгертуден басқа, балалардың тілазарлығын мынадай дұғаның көмегімен дұрыстауға болатындығын дін саласының ғұламалары ұсынады. Бала түнде ұйықтап жатқан кезде оны оятып алмай, оның бас жағына тұрып, дауыстап мына дұғаны оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Бұны 11 күннен 21 күнге дейін жасау керек. /жалғасы бар/ Алматы қаласы
Зядан Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғалым Шипагерлік Баян", сәуір 2015 ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ /басы өткен санда/ БАС АУРУЫ Мақта орамалды алып оқыңыз да, орамалға үшкіріп, бір ұшын түйіңіз. Содан кейін осы орамалды науқастың басына түйіндісі самайына келетіндей етіп тартыңыз. Егер бас ауру созылмалы болса, онда орамалды таңертең тартып, ұйықтар алдында шешіп, сосын қайтадан тағып қойыңыз. Орамалды сондай-ақ жуынған кезде де шешіп қоюға болады. Осылайша бірнеше күн емдеу керек. БАСТЫҢ САҚИНАСЫ Анда-санда басын көтере алмай, басы қатты сығылып, ұйқысыздыққа душар болып, бірнеше сағатқа немесе күндерге қатты ауыратындар кездеседі. Ол үшін науқас адам күн батпастан бұрын жүзін шығысқа бұрып жүрелей отырсын, сіз оң қолыңызды оның басының ауыратын жеріне қойыңыз. Одан кейін 12 жастағы қыз бала немесе ұл бала мына дұғаны дауыстап оқысын да науқас адамға үшкірсін: Бисмиллахир рахманир рахим БАСТЫҚТЫҢ ЫҚЫЛАСЫНА ҚАЛАЙ БӨЛЕНУГЕ БОЛАДЫ? Көбінесе билік иелері тарабынан өз қарамағындағы қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне әділетсіз болатын жағдайлар кездесіп жатады. Тіпті кейбіреулері өзінің бағыныштыларының қылмысқа баруына әрекет жасауы мүмкін. Бұған адал, ұяты бар адамдар көне бермейді. Сондықтан оған мына емді қолданыңыз. Төменде келтірілген дұға сөздерін көгершіннің, тауыстың, тоқылдақтың қауырсынына немесе бұғы терісінің қиындысына жазыңыз. (Бастығыңыз бен оның анасының есімдері) Бұл тұмарды оң білегіңізге тағып жүру керек. Ескерту: егер бастығыңыздың анасының есімін білмесеңіз, тек бастығыңыздың атын ғана жазыңыз. БАУЫР АУРУЛАРЫ Бауыр ауруларынан айығу үшін төменде келтірілген Құранның 18-Әл-Кахф сүресі 109-аятының мәтінін жазып, оны тұмар ретінде әйел адам мойнына, ер адам білегіне тағып жүрсін. Осы жазуды шайған суды таңертең науқасқа ішкізіңіз. Бисмиллахир рахманир рахим Бауыр немесе бүйрек жұмысының бұзылуынан болған денедегі қабынуларды да осы жолмен емдеуге болады. БЕЛДІҢ ҰСТАП ҚАЛУЫ Кенеттен кейде адам жүйкелерінің кездейсоқ сығылысынан, тез қазғалыстан, бір аяққа салмақ түсуден және бел бұлшық еттерінің түйілуінен адамның белі ұстап қалып, ешқандай қозғала алмайтын жағдайға душар болады, тұруы мен жатуы қиындайды. Бұл аурудың негізгі себебі – бүйрек жұмысының бұзылуы. Бүйрек қабынып, онда тас жиналады. Ауруды емдеу үшін науқас адам су ішкісі келген сайын, суға қарап тұрып «Йа Шафи улабрар мукийман садида» деп дұғаны оқып, суға үшкіру керек. БЕРІЛГЕН СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРЕ АЛМАУ Адам ұзақ уақыт тынышсызданып, оны уайым жайласа, күдік, қорқыныш пайда болады да, ол қойылған сұрақтың жауабын біле тұра, ештеңе айта алмайтындай жағдайға ұшырайды. Кей жағдайларда бұған науқас адамның ұдайы басқа адамдардың ықпалында болуы да басты себеп болып табылады. Бұдан арылу үшін, таңертең ерте тұрып, дәрет алғаннан кейін бір рет «Йа уәдуду» деп оқып, қолыңызға аз ғана су алып, онымен мұрыныңызды шайыңыз. Бұны жеті рет жасаңыз да, содан кейін тағы бір рет «Йа уәдуду» деп оқыңыз. Ем ауру толығымен жазылғанша жүргізіледі. БОЙДЫ ӨСІРУ Егер бойы қысқа адам бойын ұзартқысы келсе, ақ фарфор тәрелкелердің бетіне сары түсті тағам мен раушан суынан дайындалған сиямен төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз. Бисмиллахир рахманир рахим Одан кейін тәрелкенің бірін сумен шайып, сол суды бойын ұзартқысы келген адамға таңертең бір рет, түсте бір рет және кешке ұйықтар алдында бір рет ішкізіңіз. Бұны 6 ай бойы жасау керек. БӨРТПЕ Аз ғана қантты немесе қойыртылған сүтті суға араластырып, 11 рет «Кун Файаакун» деп оқып, науқас адамға осы қоспаны күніне 3 рет беріңіз. Әдетте, науқас бір күнде жазылып кетеді, алайда аурудың ауыр түрлерінде ем 11 немесе 21 күнге созылуы мүмкін. БӨРТПЕ СҮЗЕК, БЕЗГЕК, ҚЫЗЫЛША Сары түсті тағамнан және судан дайындалған сиямен мына дұғаны жазыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Тәрелкені сумен шайып, 4 сағат сайын осы судан ауруға – балаларға бір шай қасықтан, ересектерге бір ас қасықтан беріп отырыңыз. Келесі күні дұғаны қайта жазып, емді жалғастыра беріңіз. Үшінші күні де осылайша жасап, тәрелкені шайған суды жоғарыда айтылғандай етіп ауруға беріңіз. Емнің алғашқы үш күнінде тамақ, дәрі қабылдауға болмайды. БҮЙРЕК АУРУЛАРЫ Бүйректің түрлі ауруларын емдеу үшін мынадай ем-шара қолдануға болады: төменде келтірілген дұға сөздерін майлы қағаздың бетіне жазыңыз. Содан кейін одан тұмар жасаңыз, оны науқас адамның мойнына немесе бүйрегінің тұсына тағу керек. Сонымен бірге осы дұға жазылған қағазды сумен жуып, сол суды науқас адамға ішкізу керек. Осы емнен кейін бүйректегі тас зәрмен бірге сыртқа шығады. БҮЙРЕК АУРУЫ (НЕФРИТ) Бүйрек ауруын емдеу мақсатында төменде келтірілген мәтінді қағазға жазып, одан тұмар жасаңыз да науқастың бүйрегінің тұсына байлап қойыңыз. Сонымен қатар фарфор тәрелкенің бетіне сол жазуды тағы да жазып, тәрелкені шайған суды науқас адамға беріңіз. Бұл емнен кейін бүйректегі тас зәрмен бірге сыртқа шығатыны анықталған. БҮКІРЛІК Адамның жотасындағы омыртқасы нәзік ұлпалардың беріктігі мен мықтылығын қамтамасыз етеді. Бұл мидан келетін қуат ағынының бүкіл денеге біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде кеуде және арқа бұлшық еттері күшті, серпімді болады. Егер қандай да бір себептермен бұл қуат ағыны зақымдалса, қабырға жасушалары әлсірейді де олар қисая бастайды. Бұның кең таралған түрі – бүкірлік. Бұл аурды емдеу үшін Құранның 88-Ғашия сүресінің 17-аятынан дұға сөздерін (иллал ибили кафа хуликат) айтыңыз. Бұл сөздерді мейлінше жиі қайталаған жөн. Сонымен бірге науқас адам су ішкісі келген сайын осы дұғаны оқып, суға үшкіру керек. Бұл емді бүкірлік толығымен жазылғанша жүргізеді. БІР ТУҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ Кейде ересектер мен кішкентай балалар жанжалдасқан кезде, үлкендері кішілерімен санаспайды, ал кішілері оларды үлкен деп есептемейді. Бұндай жағдайды түзеу үшін 100 рет «иннахум йакидуна кайда уә акиду кайда» (Құран, Тариқ сүресі, 15-16-аяттары) оқып, балалардың жастықтарына үшкіріңіз. Тек әр бала өзінің жастықтарына жатуы керек. Бұл шараны 40 күн бойы жасау керек. ГЕМОРРОЙ Геморройдың екі түрі бар: біріншісі нәзік ұлпалардың (ткандердің) ауыруы, екіншісі сол ұлпалардың көк тамырынан қан ағатын түрі. Бұл ауру іштің қатуынан, бір жерде тапжылмай бірнеше сағат отырғаннан, ыстық және ащы тамақ, алкоголдік және басқа зиянды заттар қолданғаннан пайда болады. Қансыз геморройды емдеу Ауру адам дәретханада болып, ішін босатқаннан кейін, сол қолының ортаңғы саусағы қабынған көтеншекке тиетіндей етіп жуыну керек. Жуынып отырған кезде «Фаълун Фаълун фиъал» деп оқыңыз. Қанды геморройды емдеу Ауру адам дәретханада болып, ішін босатқаннан кейін «Манию Камира» деп оқу керек. Одан кейін ауру адамның сол қолының ортаңғы саусағы қабынған көтеншекке тиетіндей етіп жуыну керек. Жуынып отырған кезде «Фаълун Фаълун фиъал» деп оқыңыз. Кейде көтеншек қатты ауыратыны соншалық, науқас адам шыдамсызданып кетеді. Сондықтан оны жеңілдету үшін ауру адам бір рет «Хуәллаху Аллази Лә Иллаха Илла Ху» (Құран, Әл-Қашр сүресі, 22-аят) оқып, оң қолының сұқ саусағына үшкіріп, оны суға салуы керек. Құдайдың рахымымен ауру лезде тоқтайтындығы анықталған. ДАУЫСТЫ ҚАЛАЙ ЖАҒЫМДЫ Адамның даусының ерекшелігін өте жағымды ету үшін төменде келтірілген дұға сөздерін қара түсті сиямен қағаз бетіне жазып, қағазды ішетін суға салу керек.
90 күн бойы күн сайын осы сөздерді жаңадан жазып, суды ауыстырып отырыңыз. Қалған суды таза жерге төгіңіз немесе онымен гүлді суарыңыз. ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕН, ТАМАҚТАН УЛАНУ Адамдар кейде күшті немесе сапасыз дәріден уланған кезде, денесі бөртіп, қалтырап-дірілдеп, оның арты талмаға ұласуы мүмкін. Қанның улануы улы жәндік шаққаннан да болады. Уланудың себептері қандай болса да, оны қайтару үшін Бисмиллахир рахманир рахим деп оқып, суға үшкіріңіз де, суды науқас адамға беріңіз. Сонымен бірге бір уыс топырақ алып, осы сөздерді айтып, топыраққа үшкіріңіз де, ара-арасында осы топырақты науқас адамға иіскетіп отырыңыз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «О, Алланың пенделері! Емделіңдер, өйткені Алла тағала кәріліктен басқа кеселдің бәріне де шипалы ем жаратқан», – деген (Хадис 549). /жалғасы бар/ Алматы қаласы
| ||||||||||||||||||||