ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | ||
главная вернуться | ||
Зядан Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғалым Шипагерлік Баян", мамыр 2015 ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ /басы өткен санда/ ДЕМІКПЕ Ұлы Жаратушы Алла тағаланың заңдары бойынша адамның тәні жинақталған қуат көзі болып табылады. Адамның өмірі мен денсаулығы осы қуат күшіне тəуелді болғандықтан, көптеген аурулардың пайда болуы да қандай да бір қуаттың шамадан тыс көбеюі немесе жетіспеушілігінен туындайды. Әдетте, қуат пен жарықты бір түрге жатқызғанмен, қуаттың түрі өлшеусіз болып келеді. Олардың барлығының түр-түсін, атауын білу мүмкін емес. Демікпе мен тыныстың тарылуы осы қуаттың тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болады. Қан айналысына жауап беретін қуат тепе-теңдікте болмаса, қан арқылы шығатын зат алмасу қалдықтары толығымен шығарылмайды, қан айналып өкпеге қайтқан кезде осы зиянды заттар бірге келіп, өкпеде жиналып, оның жұмысын нашарлатып, соның нәтижесінде өкпені зақымдайтын вирустар пайда болады. Адамның тыныс алуы нашарлайды. Бұл ауруды демікпе (астма) деп атайды. Демікпеден емдеу үшін қағазға былай деп жазыңыз: Қағазды суға салып, суды науқас адамға күніне 3 рет ішкізіңіз. Науқас адам таза ауада болып, ауа райының шұғыл өзгеруінен сақтануы керек, қышқыл, суық тамақтарды пайдаланбаған жөн. ДЕНЕНІҢ АУРУЫ Ауыр науқасты, әлсіздікті, бүкіл дененің ауруын және ревматизм ауруларын емдеу үшін, ұйықтар алдында жартылай жылы су құйылған ыдыс алып, оның үстінен қарап тұрып 41 рет мына дұғаны оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Бұдан кейін суға үшкіріп, оны ауру адамға ішкізіңіз. Ауру адам ешкіммен сөйлеспей, ұйықтауға жатсын. Әдетте ем 3 күн жүргізіледі, алайда созылмалы ауруларда емді 11 күнге дейін созуға болады. ДЕНЕНІҢ ЖЕКЕ НЕМЕСЕ БІРНЕШЕ МҮШЕСІНІҢ ЖАНСЫЗДАНУЫ Қағазға мына жазуды жазыңыз: Қағазды сумен шайып сол суды ауруға таңертең ерте, түсте және кешке ішкізіңіз. Көлемі 22,5х22,5 см болатын қатты қағаз алып, соған алдында жазылған сөздерді жазыңыз да, сол қағазбен аурудың жансызданған жерін үйкеңіз. Үйкеу сағат тілі бағытымен жүргізілуі керек. Тұз және ас қорыту жұмысын нашарлататын, ревматизмді күшейтетін тағамдарды көп пайдаланбаған абзал. ДУА МЕН СИҚЫРДАН АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ Бұл емді тек науқастың сиқырға ұшырағанына сенімді болсаңыз ғана жүргізіңіз. Науқастың бойымен бірдей 11 көк жіп алып, оны 4-ке бүктеп, бүктелген жіптің бір ұшынан түйін түйіңіз. Фалақ сүресін бір рет түгелдей оқып, түйінге үшкіріңіз де, оны қаттырақ түйіңіз. Бисмиллахир рахманир рахим Осылайша 11 түйін түйіп, оны жанып жатқан көмірдің үстіне тастаңыз. Егер жіп жанған кезде иіс шығарса, бұл шараны иіс кеткенше қайталаңыз. ДҰШПАННЫҢ ҚАСКӨЙЛІГІНЕН ЖӘНЕ ІШТАРЛЫҚТАН ҚОРҒАНУ Бамдат намазынан кейін немесе ұйықтар алдында Құранның 61-Саф сүресінің 13-аятының төмендегі сөздерін оқып, 100 рет қайталаңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Одан кейін адамның үстіне үшкіріңіз. Бұны тек дұшпанның қастық ойлап жүргеніне сенімді болсаңыз ғана жасаңыз. Сонда дұшпандарыңыздың қастығы мен зұлымдықтарынан, қызғанышынан ада боласыз. Шынайы қажеттіліктерсіз бұл емді жасауға болмайды. ДІНИ СЕНІМДІ ЖОҒАЛТУ НЕМЕСЕ ОНЫ ТЕРІС ТҮСІНДІРУ Адам діни сенімнен айрылғанда немесе оны дұрыс түсінбегенде, ол Аллаһқа, Пайғамбарға және дінге деген теріс пиғылда болады және ол адам ауру адамдай дәрменсіз жағдайға ұшырайды. Науқас адамды бұндай азаптан құтқару үшін оған мақта матасынан ұзын жейде тігіңіз. Бұл жейде науқастың тізесін жауып тұратындай ұзын және адам денесін 9 рет орап алатындай кең болуы керек. Сондай-ақ жейденің жеңі де кең және әдеттегі жеңнен 9 есе ұзындықта болуы тиіс. Осы жейдені науқас адам қараңғы бөлмеде үстіне киіп, 15 минуттай сол бөлмеде ақырын жүріп, 1-Фатиха сүресінің 1-3-аяттарын оқуы керек. Бисмиллахир рахманир рахим 15 минуттан кейін жейдені шешіп, оны сол бөлмедегі қауіпсіз орынға қою керек. Бұны сенім қайта орнағанша жасаған жөн. ДІРІЛДЕУ, ҚАЛТЫРАУ Адам бойындағы дірілдеу мен қалтырау дене зақымдануынан, жүйкесінің тозуынан, қан айналысының бұзылуынан, қорқыныштан, үрейден пайда болуы мүмкін. Бұны емдеу жолын діни ғұламалар бірнеше парақ қағазға төмендегі Құранның 55-Рахман сүресінің 1-5-аяттарының сөздерін жазуды ұсынады. Бисмиллахир рахманир рахим Содан кейін қағаздарды бүктеп, олардан тұмар жасап, оны науқас адамға тағыңыз. Сондай-ақ таңертең күн шықпай тұрып ашқарынға науқасты жуындыратын судан ішкізіп тұрыңыз. ЕМТИХАНДЫ СӘТТІ ТАПСЫРУ «Алмаликулкуддусу Алмаликулкуддусу Алмаликулку ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҰРЫС-ЖАНЖАЛ Үнемі үйінде ұрыс-керіс салдарынан ерлі-зайыптылар арасында татулық, бірлік болмаса, одан отбасының берекесі бұзылады. Бұны көріп өскен балалар да тәрбиесіз болады. Сондықтан ерлі-зайыптылар бір-бірімен келіспей қалған кезде, оладың біреуі ұрысты өршітпей, сабырға жеңдіруге тырысу керек. Алайда бұл мүмкін болмаса, жұбайлардың біреуі су толы ыдысты алып Құранның Әли Ғымран сүресінің 134-аятын 100 рет қайталап, суға үшкіріп, сол суды ішу керек. Бұны намаз оқыған сайын, яғни күніне 5 рет жасау керек. Уәл казиминаАлгайза Уәл афийна Әниннаси ЕРІКСІЗ ҰРЫҚ БӨЛІНУ Кейбір ер адамдарда кейде бойынан еріксіз ұрық бөлу әрекеттері кездеседі. Бұл ауруды емдеу үшін су толы ыдысты алып, таңертең күн шықпас бұрын жүзіңізді солтүстік жаққа бұрып отырып, мына дұғаны оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Одан кейін суға үшкіріп, суды науқас адамға үш реттен ұрттатып ішкізіңіз. Ем кезінде науқас адам ауыр және талшықты тағамдарды пайдаланбасын. ЕСАЛАҢДЫҚ, ЖҮЙКЕНІҢ ТОЗУЫ, Әртүрлі экономикалық, әлеуметтік, рухани әлсіздік, жұмыссыздық, ортаның ынтымақсыздығы, жанұядағы тұрақсыздық, алдану мен арбалуға іліну адамды үнемі ойланып жүруге, ашулануға, сенімсіздікке, үрейленуге, жүйкесінің жұқаруына, шешім қабылдау қабілетінен айрылуына алып келеді. Бұдан айығу үшін бензоиннің (дәріханада сатылатын ағаш шайыры) кішкене сынықтарына қара сиямен 9 санын салып, оларды жанып жатқан көмірдің үстіне салыңыз да, бензоиннің хош иісін науқас адамға иіскетіңіз. Бұны кешке науқаспен оңаша жерде жасау керек. Бензоин иісі шығуын тоқтатқан кезде науқас адам 15-20 минуттай медитациялық әдіспен көзін жұмып, Аллаһтан тілек тілеп, бар көңілін осыған арнауы керек. Бұл науқас адамның жүрегіне қуат жиналуына көмектеседі. Ал ол қуат көзі адамның өз мәселелеріне оң қарап, оларды батыл шеше алатын нәтижелі жағдайға әкеледі. ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУ Көптеген адамдар жасының үлкен-кішілігіне қарамастан менің есте сақтау қабілетім нашарлауда деген жеке реніштерін білдіріп жатады. Осыған байланысты таңертең дәрет алмас бұрын немесе аузыңызды шая салысымен «Рабба Йассир Уала Туассир» деп 3 рет қайталаңыз. Ыдыстағы суға үшкіріп, осы суды ішіңіз. Бұл шараны 40 күн жасау керек, егер күндеріңізді қандай да бір себептермен жіберіп алсаңыз, кейін оларды өтегеніңіз жөн. ЖАЛҚАУЛЫҚ Жұмыс істеп, ақша табуға жалқауланып жүрген адамды емдеп-жазу үшін, ол Құтпан намазынан кейін бір рет Бисмиллахир рахманир рахим деп, одан кейін 100 рет Бихали уә кууати ла иллаһа иллал лаһу ал махамминул деп оқу керек. Бұны 21 күннен 40 күнге дейін жасайды. Егер қандай да бір себептермен бұл дұғаны орындай алмаса, оның орнына жұбайы немесе жақын туыстарының бірі жасауына болады. ЖАМАН ӘДЕТТЕРДЕН АРЫЛУ Адамды ұрлық жасау, құмар ойындарына құмарту, адамдарды мазақтау, күлкі ету, нашар ортаға үйір болу сияқты жаман әдеттерден арылту үшін науқас ұйықтап жатқан кезде, одан 0,9 м қашықтықта тұрып Ықылас сүресін 1 рет дауыстап оқыңыз. Бұны 21 күн бойына жасау керек. ЖАМАН ОЙЛАРДАН АРЫЛУ Ұйықтар алдында аурудың төсегіне келіп 11 рет Бисмиллахир рахманир рахим деп оқып, кеудесіне үшкіріңіз. 21 күн ем жасалады. Ем кезінде ауру адамға ыстық, қышқыл тағамдарды пайдалануға болмайды. ЖАРАҚАТ САЛДАРЫНАН БОЛАТЫН АУРУ Буын шыққанда немесе ісік пайда болғанда, ыдысқа су құйып Құранның Рахман сүресінің 29-аятын оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Одан кейін суға үшкіріп, оны науқас адамға ішкізіңіз. Осы сөздерді қағазға жазып, одан тұмар жасаңыз да, оны соғылған, көгерген немесе жарақат алған басқа жерлерге байлап. /жалғасы бар/ Алматы қаласы
Зядан Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғалым Шипагерлік Баян", маусым 2015 ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ /басы өткен санда/ ЖАР ТАҢДАУ Құранның әр дұғасының өзіндік ерекше құпиясы болады. Сондықтан оны жеке бастың пайдасы үшін қолданғанда тек жақсылық ниет үшін пайдаланған жөн. Сол себепті бұл дұғаны тек заңды және адал неке құру үшін ғана қолданады. Заңсыз некеге тұру үшін жасалған жағдайда қауіпті екенін ескертіледі. Қағаз бетіне жоғарыда көрсетілгендей отыз тор көз салып, оның үстіне деп жазыңыз. Сосын № 1-ден бастап барлық жазуды кестеде көрсетілген ретпен толтырыңыз. Одан кейін үйленгісі келген жігіттің (тұрмыс құрғысы келген қыздың) аты мен оның болашақ жарының атын жазыңыз. Тұмарды үйленгісі келген адамның жастығының астына салып қою керек. Тілегі орындалғаннан кейін тұмарды әрқайсысының салмағы 2-3 келі болатын екі тастың арасына салып қойыңыз. ЖЕҢІЛ ЖҮРІСТІ МАХАББАТ БАЙЛАНЫСЫН ТОҚТАТУ Кейде ер және әйел адамдар өздерінің заңды некелері бола тұра немесе некелілер некесіздермен өзара рұхсат етілмеген, адамдыққа жат жеңіл жүрістік махаббат байланысына ұрынады. Осының салдарынан отбасында бүліну, ұрпақ тазалығының бұзылуы, некесіз ұрпақтың дүниеге келуі сияқты әрекеттер өмірде кездесуде. Бұдан құтылудың жолын Қасиетті Құран аяттарынан іздегенді діни ғұламалар өз уағында тәжірибеден өткізіп, оң нәтижесіне баға беріп, адамзаттың ұрпақ тазалығы мен отбасы бүтіндігіне арнап, өздерінің тұжырымдық еңбектерін қалдырған. Ол үшін ыдысқа су құйыңыз. Дәрет алып болғаннан кейін Құранның 21-Әнбия сүресінің 87-аяты, 24-Нұр сүресінің 35-аятын және 2-Бақара сүресінің 255-аятын 3 реттен оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Су толы ыдысқа үшкіріп, осы суды жеңіл жүрісті адамға 40 күн бойы беріңіз. ЖОҒАЛҒАН АЛТЫНДЫ ТАБУ Қасиетті Құранның 2-Бақара сүресінің 156-аятын (Инна Лиллахи Уә Инна Илайхи Раджиун) қағазға жазып, оны ешкім тимейтін үлкен тастың астына тығып тастау керек. ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН БАЛАНЫ ҚАЛАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? Қатты қағазға, кенепке төмендегі дұғалық сөздерді жазып, сосын оны үлкен тастың астына көміп тастаңыз.
Одан кейін ең кемі 3 күн күтіңіз. Балаңыз табылған соң, бұл тұмарды тастың астынан алып, ағын суға ағызып жіберіңіз. Ризашылығыңыздың белгісі ретінде өз еліңіздің ақшасымен 5,25 шартты бірлік садақа беріңіз. ЖҰЛЫННЫҢ АУРУЫ Егер баланы сүзектен дұрыс емдемесе, ол кейін жұлынның ауруына душар болады. Бұл ауруды емдеу үшін шай қасықтың төрттен бір бөлігіндей қант, жіңішке ине, ақ мата қиындысы және таттанбайтын болаттан немесе күмістен жасалған ыдысқа құйылған су алыңыз. Бір рет «Йа уәдуду» деп, инеге үшкіріңіз. Иненің ұшын қантқа тигізіп, сосын суға салыңыз. Содан кейін инені матамен сүртіңіз. Бұл шараны 101 рет қайталаңыз. Қағазға қаламмен төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз: Содан кейін суға салып, сол суды науқас адамға таңертең бір рет, кешке бір рет және түнде бір рет ішкізіңіз. Жоғарыда келтірілген дұға сөздерін көлемі 9х9 см болатын жылтыр қатты қағазға алында дайындалған сиямен жазыңыз. Осы қағазбен дененің ауыратын жерін сағат тілінің бағытымен ысқылаңыз. Егер қағаз жыртылса, онда жаңа қағаз алыңыз. Ем ұзаққа созылуы мүмкін. Ем кезінде тұз бен ішке газ жинайтын тағамды пайдаланбау керек. Ескерту: денені ысқылауға арналған қағазға деген сөзді жазуға болмайды. ЖҰМЫСТАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУ, БИЗНЕСТІ ЖАҚСАРТУ Кейде ісіңіз оңға баспай, сіздің жұмысыңызға, өніміңізге деген сұраныс төмендеп, алынған тапсырыстарды орындай алмайтын жағдайлар туындауы мүмкін. Бұдан өзіңіздің тұтынушыларыңызды, клиенттеріңізді жоғалтасыз. Бұл жағдайды түзеу үшін таңертең ерте күн шыққанға дейін тұрып, жұмыс орныңызға келіңіз. 114-Нас сүресін оқып, есікке үшкіріңіз. Бисмиллахир рахманиар рахим Содан кейін есігіңізді ашып, артқа қарай 5 қадам шегініңіз де аяқ киіміңізді шешіп, табандарын бір-біріне ұрыңыз. Сосын аяқ киіміңізді киіп, ішке кіріңіз де бөлмені бензоин шайырының түтінімен аластаңыз. Бұны бір рет жасасаңыз жеткілікті болады. Тек аяқ киіміңіздің табаны былғары болуы шарт. ЖҰМЫС ТАБУ НЕМЕСЕ ӨЗ ІСІҢІЗДІ БАСТАУ Жұмыс табу әрекетіңіздің бәрі босқа кетіп, үміттеріңіз орындалмай жатса, төменде келтірілген дұға сөздерін қағаз бетіне жазып, тұмар дайындаңыз. Тұмарды мойныңызға немесе білегіңізге тағып жүріңіз. Ескерту: тор көздердің шетінде жазылған сандарды жазудың керегі жоқ. Сондай-ақ «йа хаю йа қаюм» деген сөздерді кез келген жерде үнемі қайталап жүрген дұрыс. ЖҮРЕ АЛМАУ Науқас адамның бойынан 7 есе ұзын аспан түстес мақта жіп алып, оны науқас мойнына тағып жүретіндей қылып бірнеше рет ораңыз. Содан кейін Құранның 55-Рахман сүресінің 12-аятын Бисмиллахир рахманир рахим деп 21 рет қайталап оқып, оралған жіпті бірдей арақашықтықта 21 рет түйіңіз де, оны науқастың мойнына тағыңыз. Ауру жазылғаннан кейін жіпті арыққа, өзенге немесе бұлаққа ағызып жіберіңіз. ЖҮРЕК ТАЛМАСЫ Жүрек талмасы жүректің әлсіздігінен, ағзаның жалпы әлсіреуінен, қан қысымының жоғарылауы немесе төмендеуінен, әсері күшті дәрілерді пайдаланудан немесе жүйке күйзелісінен пайда болуы мүмкін. Барлық жағдайда да емдеудің бір ғана тәсілі қолданылады. Аяқ астынан болған жүрек талмасы кезінде ыдысқа су құйып, төменде жазылған сөздерді 3 рет қайталап оқып, суға дем салып, ауруға ішкізу керек.
Бисмиллахир рахманир рахим Егер ауру жүрек талмасынан үнемі зардап шегіп жүрген болса, жоғарыда жазылған сөздерді қағазға жазып, оны табиғи бал салынған банкіге салып, осы балды ауруға күніне кемінде 3 реттен беріп отыру қажет. Егер жүрек талмасының себебі – қан қысымының жоғарылауы болса, онда таза суды емес, қант салынған суды пайдаланыңыз және оны ауруға таңертең ертемен ашқарынға ішкізіңіз. Егер ауру себебі – қан қысымының төмендеуінен болса, онда жоғарыда көрсетілген сөздерді оқып, тұз салынған банкіге дем салып, сол тұзды ауруға беріңіз. Егер жүрек талмасының себебін анықтау мүмкін болмаса, онда үлкен қағазға ﷲﺍ (Аллаһ) деген сөзді қара сиямен әдемілеп жазыңыз. Осы қағазды қатты тақтаға жапсырып қойыңыз. Ұйықтар алдында осы тақтаны төсектің қасына әкеліп қойыңыз, бұл кезде аурудың бөлмесінде ешкім болмауы керек. Ауру адам жазуға бір минуттай мұқият қарап, содан кейін көзін жұмып, өзінің денесінен Алланың нұр сәулелі жарығы өткенін елестетуі керек. Осы қалыпта 10-15 минуттай тұрады да, көзін ашып, ешкімге ештеңе айтпай, орнына барып жатқан жөн. Егер осыны бірнеше күн қайталаса, Аллаһтың қайырымымен жүрек талмасы жазылып кетуіне себепкер болады. ЗИЯНДЫ ӘСЕРДЕН АРЫЛТУ Егер науқас өзіне қойылған диагнозға күмәнданып, өзін теріс күштер жайлап алғандығына сенетін болса, сол адамды өзіңіздің алдыңызға қарама-қарсы отырғызыңыз. Өзіңіз бен науқас адамды Арш-и-Мулланың (Жоғарғы Билеушінің) панасында отырмыз деп елестете отырып, бәсең дауыспен 11 рет төменде берілген дұғаны оқып, науқасқа дем салыңыз. Бисмиллахир рахманир рахим Егер науқас адамды шынымен-ақ жын-пері жайлап алған болса, ол дем салғаннан кейін белгілі болады. Дуаланғанына көзіңізді жеткізгеннен кейін оның есін жидыру үшін бір рет «йа хафизу» деп, науқасты тағы да үшкіріңіз. Науқас есін жиған соң, оны емдей беруіңізге болады. ЗҰЛЫМ РУХТЫ КҮШТЕРДІҢ ӘРЕКЕТІНЕН Рухтар да ақ ниетті және зұлым ниетті болып бөлінеді. Зұлым ниетті рухтардың сау адамға әсерінен оларда ақыл-есінен ауысу жағдайы кездеседі. Ол үшін ұйықтардың алдында дәрет алып, екі мақта тампонын дайындаңыз да, бір рет Бақара сүресінің Аятул-Курси аятын оқыңыз: Бисмиллахир рахманиар рахим Содан кейін тампондарға үшкіріп, оларды құлағыңызға салыңыз. Таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін құлағыңыздан мақтаны алып, оны кішкене қорапшаға салып қойыңыз. Осы мақтаны пайдаланып, емді бірнеше апта жүргізіңіз. /жалғасы бар/ Алматы қаласы
| ||