ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | ||||||||||||||||
главная вернуться | ||||||||||||||||
Зядан Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғалым Шипагерлік Баян", шілде 2015 /басы өткен санда/ ИМЕК ПІШІНДІ ЖӘНЕ ДӨҢГЕЛЕК ІШЕК ҚҰРТТАРЫ Адамдар күнделікті тамақ ішкенде, олардағы пайдалы заттарды ішек құрттары өздеріне сіңіріп алатындықтан, адамның ағзасы әлсіреп, іші ісініп кетеді. Ұйықтап жатып науқас адам тісін шықырлатады және оның аузынан сілекей ағады. Төменде келтірілген дұға сөздерін қара сиямен жазыңыз да оны бүктеп, тұмар жасаңыз. Бұл тұмарды науқас адам тағып жүруі керек. Содан кейін сиямен осы дұғаны жазып, сол суды таңертең бір рет, түсте бір рет және кешке ұйықтар алдында бір рет ішкізіңіз. Юзаббаһуна абанакум уаяастаһун ниса акум уәфи заликум балаум мин раббикум ъазийм Бұны 3 күннен 11 күнге дейін жасауға болады. ИТ ҚАУЫП АЛҒАНДА Құранның 5-Мәида сүресінің 4-аятын 11 рет оқып, бір стақан суға үшкіру керек. Аюасалунака маза ухилла лаһум Содан кейін суды науқас адамға 3 күн бойы 3 реттен ішкізу қажет. КЕНЕТТЕН БОЛАТЫН АУРУ Дененің кез келген жері кенеттен және қатты ауырғанда науқас адам естімейтіндей дауыспен сыбырлап Құранның 99-Зілзал сүресінің 1-2-аяттарын оқыңыз. иза зулзилатил арду зилзалаһа Содан кейін таңертең бір рет, кешке бір рет науқастың оң құлағына дем салыңыз. КЕРЕҢДІКТІ ЕМДЕУ Есту қабілетіне құлақ қалқанындағы түктер жауап береді. Егер қандай да бір аурудың нәтижесінде осы түктер жуандаса, онда олардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті нашарлайды да, соның нәтижесінде құлақ естімей қалады немесе нашар еститін болады. Бұл аурудан жазылу үшін «Расус сама алмарам» деп оқып, ауру адамның оң қолының шынашағына үшкіріңіз, сол саусағымен ауру адам құлағын шұқысын. Келтірілген сөздерді қағазға жазып, одан тұмар жасаңыз. Оны әйелдер мойнына, ер адамдар білегіне тағып жүрсін. КЕРІ РУХТЫ КҮШТЕРДЕН АДАМДЫ ЕМДЕУ Адамның өзін жын-шайтандар жайлап алды деп уайым шегуі – сана өзгерісінің кеселі. Мұндай жағдайға адам көбінесе қан құрамындағы қантқа қарағанда тұздың деңгейі артқанда душар болады. Құрамында тұзы көп қан айналу жүйесі бойынша миға келіп жеткенде, сананың сезімталдығын бақылайтын екі миллионға жуық жасуша қызметі нашарлайды. Бұл адамның иығын бір нәрсе басып тұрғандай сезімге бөлеп, оны сол мезетте кенеттен адам түсініксіз елестер мен байланыссыз әр түрлі заттарды көре бастайды. Адам санасы трансмиссиялық өзгеріске ұшырап, кейде ол ер адамның немесе әйелдің белгісіз көлеңкесін немесе сұлбасын көргендей елес алып, денесінде қорқыныш пайда болып, өзінің санасынан тыс әрекеттер жасай бастайды. Бұндай күйзелістің күшті болатындығы соншалық, адамның санасы жоғалады да, оның сезімі санадан тыс күштердің билігіне тәуелді болып қалады. Мұндай адамның сөздері көбіне байланыссыз болып келеді де оны санасыздық жайлап, кейде ол себепсізден-себепсіз күліп немесе жылауға да барады. Сондықтан да қанның құрамында тұзы көп адамдардың санасын жын-шайтандар билеп, ақыл-есінің дұрыс болмауына ықпал етеді. Уақыт өткен сайын ол өз құрбанына еркін билік жасап, оның санасын баурап алады. Олар адамның алдына елес ретінде келіп, оның санасын қараңғылық жүйеде ұстайды. Бұл ауруды емдеу үшін қағазға мынадай сөздерді жазу керек: ﻋﺰﺮﺍﺋﻴﻞ ﺠﺒﺮﺍ ﺋﻴﻞ ﺍﺳﺮﺍﻔﻴﻞ ﻣﻴﮐﺎﺋﻴﻞ Науқас адам ұйықтар алдында сөз жазылған қағазды (төрт періштенің аты) бүктеп, оны кішкене мақтаға орап, одан кейін оны зәйтүн немесе зығыр майына салып, отқа өртеңіз. Бұдан шыққан түтінді ауру адамға иіскету керек. Таңертең күн шыққанға дейін Қасиетті Құранның 113 сүресі Фалақты дауыстап оқып, ыдыстағы суға дем салып, ауруға ашқарынға ішкізу керек. Ауру адам кемінде екі апта бойы тұзды пайдаланбауы шарт. Осы емдеу курсы біткенге дейін тұзды аз қабылдаған жөн. Күніне табиғи балдан 3 рет бір ас қасық қабылдап тұруы қажет. Кері рухты күштерден сақтайтын тұмар Осы тараудың бас жағында кері күштердің теріс әсерінен арылу туралы айтылған болатын. Енді осы ауруға шалдыққан адамға тағылатын тұмарды дайындау туралы айтып кетпекпіз. Тұмар дайындау үшін төменде келтірілген дұға сөздерін қағаз бетіне көшіріп жазыңыз. Сосын қағазды бүктеп, оны целлофанға ораңыз. Науқас адам осы тұмарды мойынына тағып жүруі керек. КЕКЕШТЕНУ, САҚАУЛАНУ Кешке ұйықтар алдында айнаның алдында тұрып, өзіңіздің еріндеріңіздің қимылына қарап тұрып, төменде келтірілген дұға сөздерін 11 рет оқыңыз. Уәхлул укдатам миллисани Әрбір сөзді анық, бөліп-бөліп айтыңыз. Осы сөздерді айтып тұрып қолыңызға үшкіріп, бетіңізді 3 рет сипаңыз. Содан кейін бірден орныңызға барып жатыңыз. Бұны 90 күн бойына үзіліссіз жасау керек. Егер қандай да бір себептермен күндеріңізді жіберіп алсаңыз, оны міндетті түрде кейін өтеу шарт. КӨЗ АУРУЛАРЫ Көптеген көз аурулары асқазан ауруларынан, тұмаудың асқынуынан немесе шаң-тозаң, түтін немесе басқа да зиянды заттардан және аурудың сыртқы қоздырғыштарының әсерінен болады. Ақшам соқыр Бұл аурумен ауыратын адам түнде немесе қараңғыда көре алмайды. Аурудан айығу үшін 3300 рет деп оқып, 250 г. пияз дәндеріне дем салу керек. Ауру осы дәннен күніне екі рет – таңертең және кешке қасықтың төрттен бір бөлігіне дейін қабылдап, артынан таза су ішіп тұрсын. Көз жанарының әлсіреуі Күн шығар алдында 3 рет деп оқып, суы бар ыдысқа үшкіріңіз. Осы ыдыстан бір шыны су ішіңіз. Оң қолыңызбен ыдыстағы судан алып, сол көзіңізді сол суға батырыңыз. Су жылығанша, көзіңізді жыпылықтатыңыз. Бұл суды сосын гүлге немесе шөпке құйыңыз. Осылайша оң көзіңізді де емдеңіз. 90 күн емделуге кеңес беріледі. Алланың мейірімімен көзіңіздің жанары қалпына келеді. Көз қантамырларының қабынуы Бұл ауру ми талшықтарының қабынуы салдарынан пайда болады. Әрқайсысы 60 г түйір бұрыш пен қант алыңыз. Екеуін бірге ұнтап, біркелкі ұнтақ жасаңыз. Осы ұнтақтың 6 г-ын күн сайын кемінде 20 күн бір қасық сумен қосып беріңіз. Бұдан басқа сиямен қағазға деп жазып, суға салыңыз. Ауру адам сол суды ішуі керек. Бұны күн шығардан бұрын бір рет, түсте бір рет және ұйықтар алдында бір рет жасау керек. Ішпес бұрын 11 рет «Йа Хафиизу» деп оқып, суға үшкіріңіз, сосын 11 рет «Йа Шафии» деп оқып, тағы да суға үшкіріп, содан кейін 11 рет «Йа Кафии» деп оқып, суға үшкіру керек. Енді қағазға (Арразаат ама нәбіл) деп жазыңыз. Суға салып ішіңіз. Көздің қылилығы Көздің қылилығын емдеу үшін ауру адам көзін жұмып, көздерін тура, бір-біріне параллель қалыпта тұратындай етіп ұстау керек. Қыли көзін матамен бостау байлаңыз. Көзді таңу немесе таңғышты ауыстыру қараңғыда жүргізілгені дұрыс. Көзді таңу барысында қыли көздің алмасы ортада тұратындай болуы керек. Бұл ауру 21 күн ішінде толығымен жазылып кетеді. Көздің өзекті жарасы Көздің сілекейлі қабығындағы іріңді жара өзекті жара деп аталады. Емделу үшін 0,5 г бұршақ (бір немесе екі дән) алыңыз да, оны су қоса отырып, пастаға айналғанша жұмыр таспен ұнтақтаңыз. Бұршақты таспен ұнтақтамас бұрын бір рет «Аллаху нуруссамауати уалард» деп оқып, суға, тасқа және бұршаққа үшкіріңіз. Осы пастаны қорғасын қалақшамен ауру көзге жағыңыз. Бұны бірнеше күн бойы күніне екі рет жасау керек.
Көздің шаршауы Көзіңіз жұмыс бабында шаршағанда су дайындаңыз. Дәрет алып, ағаш орындыққа жүзіңізді құбылаға беріп отырыңыз. Құранның 52-Тұр сүресінің 31-аятын дауыстап 100 рет оқыңыз: Бисмиллахир рахманиар рахим Содан кейін суға үшкіріңіз. Сол суды науқас адамның әр көзіне тамызғышпен 3 тамшыдан тамызыңыз. Ем кезінде тамаққа қызыл бұрыш қолданбаңыз.
Көз шелі Бұл ауруда көзді шел басып, көру нашарлайды. Аурудың негізгі себебі – алдымен миға, сосын көзге әсер ететін газдың бір түрінің әсерінен болады. Осы газдың салдарынан көзді жауып тұратын қабық пайда болады. Аурудан жазылу үшін таттанбайтын құрыштан жасалған ыдыс және жаңа пышақ алыңыз. Ыдысқа 284 мл тазартылған немесе қайнаған су құйыңыз. Қолыңызды жуып, аузыңызды шайыңыз. 3 рет деп оқыңыз. Суға бір рет, пышаққа бір рет дем салыңыз. Бір минуттың ішінде суға пышақпен Х белгісінің суретін салыңыз, басқаша айтқанда, пышақпен «Х» әрпін салыңыз. Жоғарыда жазылған сөздерді тағы да қайталаңыз, суға және пышаққа үшкіріңіз де бір минуттың ішінде пышақпен Х белгісінің суретін салыңыз. Бұны үшінші рет қайталаңыз. Содан кейін ауруға күн батқаннан бастап осы суды 57 мл-ден әр төрт сағат сайын беру керек. Бұны ауру толық жазылып кеткенге дейін ішкізу керек. Көзді шел басу (Катаракта) және глаукома 11 рет деп айтып, бас бармақтан басқа сегіз саусақтың ұштарын түйістіріп, көз үстімен мұрыннан құлаққа қарай жүргізіңіз. Бұны әр намаздан кейін, яғни күніне 5 рет жасау керек.
Теріскен Бір рет «Лә тудрикуһу алабсару уәһуа юдрикулабсара» деп оқып, оң қолыңыздың сұқ саусағына үшкіріңіз, сосын оны түкірігіңізбен сулап, көзіңіздегі жараның үстінен сипаңыз. Бұны бірнеше күн бойы бірнеше рет жасау керек. /жалғасы бар/ Алматы қаласы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «О, Алланың пенделері! Емделіңдер, өйткені Алла тағала кәріліктен басқа кеселдің бәріне де шипалы ем жаратқан», – деген (Хадис 549).
Зядан Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғалым Шипагерлік Баян", қыркүйек 2015 /басы өткен санда/ Құран аяттарының шипагерлік маңыздылығы Зядан қажы Қожалымов – Дінтанушы-ғалым Жаратушы иеміздің шапағатты нұры өзінің сүйікті пендесі – адамзатқа ерекше болғандықтан, іс жүзінде адамзат баласы бір Алла тағаланың көмегімен жоғарғы, ортаңғы және төменгі ғаламда да өзінің ақыл-ой санасының парасаттылығы арқасында небір ғаламаттық жаңалықтарды және өзгерістерді жасауда. Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарын пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) ерекше қасиеттері бойынша бөліп атамаған. Алланың құдіреттi кітабы тұтасымен насихатталған. Сондықтан да пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «О, Алланың пенделері! Емделіңдер, өйткені Алла тағала кәріліктен басқа кеселдің бәріне де шипалы ем жаратқан» деген (Хадис 549). Құран аяттарының өзіндік пайдалы жақтарының ішінен оның бәрі де емдік қасиетке ие екенін ұлы ғұламалар өз уақытында дәлелдеген. Бұған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)ешқандай күмән келтірмей, қайта қуаттап, оның халықтың денсаулығын жақсартуға пайдалануына кең жол ашқан. Діни ғұламалар мен емдік жүйесімен шұғылданатын ғалым-емшілердің көп ғасырлық емдік-сауықтыру тәжірибесі Құран аяттарының дұғалары арқылы өте қауіпті кері қуатпен әсер ететін сиқыр мен дуаны жойып, ақылынан адасқандарды, әртүрлі сырқатқа ұшырағандарды, көз-тіл тигендерді және толып жатқан басқа да ағзалық сырқаттар ауруын емдеуге болатынын толық анықтаған. Осыған байланысты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «Науқасты емдеу – Алла тағаланың әмірі. Емнің шипалы болуы – Алланың шапағатынан» деген (Хадис 445). Ұлы ғұламалар Ықылас сүресінің 73 түрлі, Фәләқ сүресінің 59 түрлі, Нәс сүресінің 62 түрлі, Ясин сүресінің 83 түрлі т.б. сүрелердің қорғаныстық, қуаттық, сырқаттан жазылу, сәттілік сапар, жын-шайтаннан қорғану, жолы болу, қайғы-қасіреттен құтылу, парасаттылыққа, білімділікке қол жеткізу, сиқыр, дуадан және көз-тілден сақтану, табысын жақсарту т.б. толып жатқан қасиеттерін анықтап, оның пайдалы жақтарын іс-тәжірибесінде дәлелдеп, өздерінің жеке тұжырымдамаларын қалдырды. Ол тұжырымдамалар бүгінде шын ықыласымен Алла тағала мен пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с), Алланың кітаптарына, періштелеріне және құдіретіне иман келтірген мұсылман жамағатына өз пайдасын тигізуде. Осының дәлелі пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өз хадисінде «Алладан әрқашан кешірім мен тән саулығын сұраңдар, өйткені имандылықтан кейінгі ең қымбат нәрсе – денсаулық» деген (Хадис 482). Бүгінде экологиялық жақтағы қауіпті өзгерістер мен психологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы адамдардың денсаулығына тигiзетiн зияндылықтар түрін көбейтуде. Жасанды дәрі-дәрмектердің химиялық құрамының сапасыздығынан сырқат жандар сырқатына сырқат қосуда. Адамдардың арасында табиғаттың табиғи емін, асыл тастардың емін, балшықтардың емдік қасиетін, жан-жануардың өнімдерінің емдік қасиетін пайдалану, әр түрлі қимылдық жаттығу жасау, медитациялық әдістерді пайдалану, саз-әуен терапиясын, күн сәулесі терапиясын, орман-тоғайдың емдік терапиясын т.б. емдік әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жеке денсаулықтарын күтiп әрі түзеп жатқандар да баршылық. Бүгінде көптеген ұлы ғұламалар пайдаланған Алла тағаланың сөзі жазылған қасиетті емдік аяттар дұғаларының сырын білу әрбір емшіге де, оқырманға да қажеттiлгi айқындалуда. Біртіндеп рухани сананың мәдениеті мен білімділігі артқан сайын Құран аяттарына деген ықыластың көбейетіні анық. Бұрынғы уақыттағы әрбір ересек адамның рухани танымын және діни ұғымын бүгінгі мен салыстыруға болмайды. Өйткені халқымыздың егемендігінен кейін бірден өзгеріс алған рухани байлығымыздың өсу дәрежесі тез қарқынмен дамуда. Алла тағаланың шексіз құдіретінің кереметіне жақындап, оған сене бастаған сайын әрбір азаматтың жаны мен тәні тазарып, дүниеге жаңа келген сәбидей пәктікке бөленетіні жөнінде жамағаттар тарапынан көптеп айтылуда. «Бисмиллаһтан» бастап Құранның 114-сүресінің құпия сырларын, емдік, қорғаныстық тағы басқа қасиеттерін дәлелдеген ұлы ғұламалар мен сахабалар «енді осы дәлеліміз сізге көмек етпесе, мен ақирет күні өз күнәма жауап беремін», - деп ашық өсиетнамаларын қалдыруынан-ақ Құран аяттарының құдыретін мойындауға және оны терең зерттеп парасаттылығымыздың жақсаруына және денсаулығымыздың қорғалуына пайдалану негізгі мақсатымыз болмақ. Бірнеше жылдан бері Құран дұғаларының емдік шипалары жөнінде "Рухани емшілік ғаламаты" (авт. З.Қ. Алматы, 2006) атты кітабынан "Алтын босаға" газеті мен "Алтын босаға" журналы (ОҚО, Шымкент) Құран дұғаларының емдік сипаты жөнінде ұдайы оқырманға таныстыруда. Қауымдастықтың "Шипагерлік баян" төл газеті арқылы осы еңбекте жазылған үш жүзден аса аурудың емдік дұғаларын ұдайы оқырманға таныстырылуда. Бұдан былайда тұрақты түрде халықтың денсаулығына пайдалы қасиетті Құран дұғаларын төл газетіміз арқылы жария етуді жалғастыра беру біздің басты мақсатымыз. Халықтың діни сауаттылығы дамыған сайын сана мен түйсіктің өсу деңгейі жоғарылап, сезімдік танымымыздың да өрісі кеңейе бермек.
ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Оқырмандардың сұраулары бойынша мәдениеттанушы ғалым З.Қожалымовтың "Рухани емшілік ғаламаты" атты кітабынан Құран аяттарының әр түрлі ауруларға емдік тізбесін тұрақты түрде сырқаттарыңызға шипа болсын деген ниетпен ұсынамыз. КӨЗ ТИЮ
Ерте заманнан тіл-көздің барлығына ешкім шәк келтіре алмайды. Ол адамдарға, кішкентай балаларға, тіпті малға тиіп, әр түрлі жағымсыз жағдайлар туғызады. Мысалы, егер қыз балаға көз тисе, ол ешқашан күйеуге шықпай қалуы мүмкін. Ал ер адамға тиген көз оның жұмыстарына кедергі болады. Ал малдың сүті тартылып немесе сүтінің құнарлылығы кемуі мүмкін. Тіл-көздің әсерінен қыз күйеуге шыға алмаса, сол қыз немесе оның анасы бір стақан су дайындап, Фатиха сүресінің 4-аятын 11 рет, содан кейін қалған аяттарын оқып, сосын суға үшкіру керек. Бисмиллахир рахманир рахим Осылайша бұл сүрені 11 рет оқып, 11 рет суға үшкіреді. Осы суды қызға үш жұтымнан ішкізіңіз. Бұны 40 күн бойы жасау керек. Егер тіл-көздің әсерінен басқа қиындықтар туындаса, төменде келтірілген дұға сөздерін жазып, оны науқас адамның басына бірнеше минут қойып, содан кейін қағазды отқа жағып жіберіңіз. Егер дұға бірден әсер ете қоймаса, онда оны 3 рет қайталап жасау керек. Малға тиген көзді қайтару үшін хош иісті жабайы өсетін ағаш кесіндісіне жоғарыда келтірілген дұға сөздерін жазып, оны малдың мойнына тағып қою керек. КӨКБАУЫР АУРУЛАРЫ
(Фаххина Каттарин Алкалам) деп қағаз бетіне жазып, одан тұмар жасаңыз. Оны мойынға, ішке немесе көкбауырдың тұсына тағып жүру керек. Оң қолыңыздың сұқ саусағының басына азғантай күл салып, бір рет «Йа уәдуду» деп, саусағыңызға үшкіріңіз. Содан кейін науқас адамның ішіне, көкбауырдың тұсына саусағыңызбен Х белгісінің суретін салыңыз. КҮН ӨТУ Ақ қағазға Құранның 59-Қашр сүресінің 24-аятының сөздерін жазыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Содан кейін қағазды бүктеп, оны ақ матаға орап, науқас адамға тұмар етіп тағыңыз. Жазылғаннан кейін тұмарды өртеп жіберу керек. Сонымен қатар осы дұғаны оқып, қант ерітілген суға үшкіріп, оны күн өтуден сақтау үшін ішу керек. ҚАБЫРҒА АСТЫ, КЕУДЕ, АРҚА, Т.Б. АУРУЛАРЫ Ауру қандай қатты болса да, дәрет алып болғаннан кейін оң қолыңыздың сұқ саусағымен денеңіздің ауырып тұрған жеріне 7 рет (Йа Аллах) деп жазып, бұл емді ауру жазылғанша күніне 7 рет қайталау керек. ҚАМАУДАҒЫ АДАМДЫ БОСАТУ Төменде келтірілген дұға сөздерін қағаз бетіне жазып, қағазды бүктеп целлофанға салыңыз да, оны матаға орап тұмар жасаңыз. Бұл тұмарды қамаудағы адам мойнына тағып жүруі тиіс. ҚАНЫ АЗДЫҚ (АНЕМИЯ) Қаны аздық адамның көңіл-күйінің төмендеуі мен күш-қуатының әлсіреуіне және жүйкесінің жұқаруына душар етеді. Діни сауықтыру жолдары бойынша бір рет «Бисмиллахир рахманир рахим» деп, 3 рет «Йа Хаю Кабла Кулле шайин Йа Хаю Бәъда Кулли Шайин» деп қайталап оқып, науқас адам ішетін сусынға – шайға, суға, сүтке немесе шырынға үшкіріңіз. Бұл шараны ауру толық жазылып кеткенше жасау керек. ҚАН КЕТУ Адамнан кейде кездейсоқ немесе жарақаттанғанда және ауруының әсерінен оның мұрнынан, тамырынан, ішкі құрылысынан қан кетіп, өзі әлсірей бастаса, шұғыл түрде қанды тоқтатуға күш салу керек. Қағазға 18 Әл-Кахф сүресінің 109-аятының сөздерін «КаналБахру Мидадан яликалимати Раббии» деп жазып, суға салып, сол суды ара-арасында науқас адамға ішкізіп отырыңыз. Егер зардап шеккен адам есінен танып, талып қалса, суды сол адамның үстіне немесе қасықпен аузына құю керек. ҚАН ҚЫСЫМЫ, ЖҮЙКЕНІҢ ЖӘНЕ АҚЫЛ-ЕСТІҢ БҰЗЫЛУЫ Қағаз бетіне төменде келтірілген жазбаны жазып, сосын қағазды бүктеп, мақтаға орап білте жасаңыз.
Қан қысымы көтерілгенде жасыл сиямен, ал төмендегенде қызыл сиямен жазыңыз. Жүйке жұмысының бұзылуында сары түсті, ал ақыл-естің ауытқу ауруларына көк түсті сияны пайдаланыңыз. Егер жасыл, қызыл немесе көк түсті сияңыз болмаса, олардың орнына сары сияны қолданыңыз. Науқастың төсегінің қасына келіп, білтені зығыр майына салып алып отқа жағыңыз. Бұл әдісті науқас жазылып кеткенге дейін қолданады, бірақ ем 40 күннен аспауы керек. ҚАН ҚҰСУ Кей жағдайда тамақта, тістің қызыл иегінде немесе өкпеде болатын инфекцияның әсерінен, күндіз немесе түнде ұйықтап жатқанда аузына қан ұйып қалып, науқас адам оны құса бастайды. Кейде бұндай қан құсу өте қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан бұл ауруды асқындырмай дер кезінде емдеген дұрыс. Құранның 87-Ағла сүресінің 1-5-аяттарын бір рет оқыңыз: Бисмиллахир рахманиар рахим Содан кейін алдын ала дайындап қойған мақталарға үшкіріп, оны науқастың құлағына ұйықтар алдында салып қойыңыз. Әр кеш сайын мақтаны ауыстырып отырыңыз. Бұны 7 күн бойы жасау керек. Пайдаланылған мақтаны ағын суға ағызып жіберген жөн. ҚАНТЫШҚАҚ (ДИЗЕНТЕРИЯ) Бұл аурудың себебі ішек инфекциясынан болады. Ауырып жүрген кезде жер астында өсетін көкөністер, дәмдеуіштер мен етті пайдалануға болмайды. Созылмалы қантышқақты ұзақ уақыт бойы дұрыс режім сақтай отырып емдеуге болады. Қантышқақпен ауырған кезде уақытымен тамақтану керек. Қуаттылығы аз тағамдарды пайдаланып, тұз бен бұрышты азайтқан жөн. Сұйық тамақ, бұршақ және дәнді дақылдарды көбірек қолдану керек. Жылымық су құйылған ыдысты алып, бір рет Бисмиллахир рахманир рахим деп оқыңыз, содан кейін суға үшкіріп, сол суды науқас адамға күн сайын бір ай бойы күн шықпай тұрып ішкізу керек. Суды ішкеннен кейін жарты сағат ештеңе жеуге болмайды. ҚАРТАЙҒАНДА ЕСТУДІҢ НАШАРЛАУЫ Құтпан намазынан кейін 41 рет мына дұғаны (Құран, Бақара сүресі, 29-аяты және Хадид сүресі, 4-аяты) оқыңыз: Фасаууәхуна сабъа Сәмәуәти Уәларди Одан кейін аурудың екі қолына үшкіріңіз, ол қолымен 3 рет бетін сипасын. Бұны күн сайын 41 күн бойы жасау керек. ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРЫП АЛУ 1.Төменде келтірілген мәтінді қағаз бетіне жазыңыз да, оны төрт бүктеп, ешкім тимейтін жерге екі тастың арасына салып қойыңыз. Тастардың әрқайсысының салмағы 2 келіден артық болуы керек және қағазды толығымен жауып тұру үшін бір жағы жазық болғаны жақсы. Дұға әсерлі болу үшін мәтіндегі сызықтың астына сізден қарыз алған адам мен оның анасының аттарын жазыңыз. 2.Құтпан намазынан кейін 41 рет Аяту-л-Курси аятын оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Содан кейін екі қолыңызға үшкіріп, 3 рет бетіңізді сипап, Аллаһтан қарызыңыздың қайтарылуын сұраңыз. Бұны 90 күн бойы жасау керек. Әйелдер жіберіп алған күндерін кейін қосуы шарт. ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУ Ұйықтар алдында бір рет «Бисмиллахир рахманир рахим» деп, одан кейін Дарудты оқып, 1000 рет «Йа фаттаһу» деп қайталап оқыңыз да Дарудты тағы қайталаңыз. Сосын Аллаһтан өз қарызыңызды аман-есен төлеуіңізді сұраңыз да үндемей орныңызға барып жатыңыз. Бұны 90 күн бойы жасау қажет. ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ШЕШУГЕ КӨМЕК Өзекті мәселелерді шешуде Аллаһтың құдіретіне жүгіну–Қасиетті Пайғамбарымыздың әдеттерінің бірі. 21 рет «Ифтах Ифтах Йа Бадиъу алъажаиби Бил хайри Йа Бадиъу» деп оқымас бұрын және оқып болған соң Даруд Шериф «Саллалаху Таала Ала Хабибихи Мухаммадин уасаллам» оқыңыз. Ұйықтар алдында оң алақаныңызды оң бетіңіздің астына салып жатыңыз. Құдайға қояр сұрағыңыз туралы ойланыңыз. 3 күннен кешікпей түсіңізде немесе өңіңізде сіздің проблемаңызды қалай шешу керек екендігінің жауабын аласыз. ҚОЛТЫҚ АСТЫ МЕН АЯҚТЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ИСІ Кейде адам терлегенде немесе аяқ киімін шешкенде, денесінен немесе аяғынан жағымсыз иіс шығады. Бұдан арылу үшін 400 г таза бал алып, Құранның Бақара сүресінің 173-аятын 1100 рет қайталап оқыңыз. Бисмиллахир рахманиар рахим Содан кейін балға үшкіріп, оны науқас адамға күніне 3 реттен бір шай қасықпен беріңіз. Ем кезінде тұзды шектеген дұрыс. ҚОЛТЫҚАСТЫ ІСІКТЕРІ Ыдысқа су толтырып, мына дұғаны (Құран, Жүсіп сүресі, 1-2-аяттары) 100 рет оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Одан кейін суға үшкіріп, ауруға таңертең күн шыққанға дейін және кешке күн батқанша ішкізіңіз. Бұл шараны ауру толығымен жазылып кеткенше жасау керек. Ем кезінде тамаққа бұрыш пайдаланбаған жөн. /жалғасы бар/ Алматы қаласы
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «О, Алланың пенделері! Емделіңдер, өйткені Алла тағала кәріліктен басқа кеселдің бәріне де шипалы ем жаратқан», – деген (Хадис 549).
| ||||||||||||||||