ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 главная                                        вернуться 



Зядан Қожалымов

профессор, мәдениеттанушы-ғалым

Шипагерлік Баян", желтоқсан 2015

/басы өткен санда/

САРЫ АУРУ

Сары ауру бауыр жұмысының бұзылуынан пайда болады. Құран дұғаларымен емдеушілердің бақылауынша, бұл ауруды емдеуде дұғаларды пайдалана отырып ем жүргізу әлдеқайда әсерлі болып табылады.

12-1

Жоғарыда келтірілген дұғадан тұмар етіп дайындап, оны науқас адамның мойнына тағып қою керек.

САРЫШАЯН МЕН ЖЫЛАННЫҢ УЫНАН ЕМДЕЛУ

Егер адамды улы жәндік шағып алса немесе қандай да бір дәрі ағзаны уласа, қағазға сиямен мына сөздерді жазыңыз:

 12-2

 

Одан кейін сумен шайып, ауру адамға ішкізіңіз. Бұл шараны науқас толығымен айығып кеткенше жасаған жөн.

САРЫУАЙЫМШЫЛДЫҚ

Адам баласы ана құрсағына тамшы боп енгеннен бастап жер бесігіне кеткенге дейін, Жаратушының тағдырлық сынағында болады. Сондықтан да тіршілікте бақыт сезіміне бөлену немесе қайғырып жүру жеке өміріміздің тағдыры. Алайда кейде ауыртпалықтар ұзаққа созылып кеткенде, ол адамды жегідей жеп, ақырында бітпес сары уайымға салып қояды. Сондықтан оның санасын уайымнан тазарту үшін төменде келтірілген дұғалық сөздерін қағаз бетіне жазыңыз да, оны науқас адамның білегіне тұмар ретінде кигізіңіз.

 12-3

 

Бұл дұғаны жазбас бұрын екі рет

Бисмиллахи Алуасъи Жалла Жаллаху
Йа бадиъу алъажаиби БилХайри Йа бадиъу

деп оқыңыз.

Содан соң дұға жазылып болғаннан кейін тағы бір рет оқыңыз. Бұл сөздерді айтқан сайын қағазға үшкіріңіз.

Науқас пен дұғаны жазып жатқан адам Аллаһтың көмегі болады деген іштей таза сезімге бөленген жөн.

СӘТСІЗДІКТЕР МЕН БАҚЫТСЫЗДЫҚТАР

Құтпан намазынан кейін төмендегі дұға сөздерін (Құран, 2, 112, 78, 3-сүре, 1-3-аяттары) 101 рет оқып қайталаңыз. Қолыңызға үшкіріп, үш рет бетіңізді сипаңыз.

Бисмиллахир рахманир рахим
Йа уәдуду Йә уәдуду Йа уәдуду
Аллаху ли иллаха илла ху уәл хайюл Қайюм
Лә иллаха илла Анта Субханака Инни Кунту
Миназзалимин
Кул Ху Уәллаху Әһад
Юхиббунахум Кахубиилахи Уәллазина Аману Ашадду
Хуббан Лиллахи

Жағдайдың күрделі-жеңілдігіне қарай емді 21, 40 немесе 90 күн бойы жүргізу керек.

СЕМІЗДІК ПЕН ІШТІҢ КЕБУІНЕН ЕМДЕУ

Үлкен қағазға мына сызбаны жазыңыз:

 

۱۲

۱۲

۱۲

۱۲

۱۲

۱۲

۱۲

۱۲

۱۲

۱۲

۱۲

۱۲

۱۲

۱۲

۱۲

۱۲

 

 

Осы қағазбен науқас адамның ішін ұйықтар алдында бір рет, таңертең ұйқыдан тұрғасын сағат тіліне қарсы бағытта 5-10 минуттай сипаңыз. Іштің көлеміне назар аударып отырыңыз. Науқастың іші алғашқы күннен бастап-ақ кішірейе бастайды. Іш өзінің қалыпты көлеміне түскенше емді жүргізе беріңіз. Егер қағаз ем кезінде жыртылып қалса, оны өртеп жіберіп, орнына жаңасын жазу керек.

СИҚЫРЛЫҚҚА, ДУАҒА ҚАРСЫ ТҰРУ

Бүгінде сырқат адамдар арасында жеке бастарының, отбасыларының, кейде жақындарының да жолдары болмай жабылуда, әртүрлі ауруларға душар болудамыз, бір кері елес күштері әсері сезіледі, бизнесіміз тоқтады, дүние-мал мүлкімізден де себепсіз айырылудамыз, отбасы тыныштығы кетті, жанұялар себепсіз ажырасуда, мен оны жақсы көремін т.б. себеп-сылтауларды айтушылар саны көбеюде. Мұның себеп-салдарын нақты таба алмайтын сауатсыз емшілер олардың жағдайын одан әрі күрделендіруде. Осыған байланысты ауыр жағдайдан шығуда Құран сүрелері мен аяттарының  зор көмегі тимек. Көп жағдайларда сиқыр және дуа дегендерді жай сөз, адамның бос қиялы деп көңіл бөлмегенімізбен, кейде ол шынайы көрініс тауып жатады. Қасиетті Құранда сиқыр мен дуаның барлығына шек келтірілмейді, тек оның өзіне тән белгілерін танып, шынымен сиқыр немесе дуа жасалғандығына көз жеткізу керек. Егер осы істің маманы қандай да бір адамды сиқырлап, дуаланған деп табатын болса, онда оған мынадай шара қолдану қажет.

Дуаланған адам таңертең күн шықпай тұрып, Бамдат намазын оқып болғаннан кейін, Қасиетті Құранның  113-Фәләқ сүресін оқып бұлақты немесе кішігірім өзенді кешіп өтуі керек.

Бисмиллахир рахманир рахим
Қул ә”узу би раббил фәләқи мин шарри ма халақа, уә мин шарри  ғасиқин изә уақаба, уә мин шаррин нәффәсәти фил “уқади, уә мин шарри хасидин изә хасад.

Арықты, бұлақты немесе өзенді кешіп өткеннен кейін науқас адам жүзін шығысқа беріп, жүрелеп отырсын да оң қолының сұқ саусағымен жерге

 12-4

(Хаман – Харут – Марут) деп жазып, қайта өшірсін. Бұны күн шыққанға дейін жасау керек. Егер жақын маңда арық, бұлақ немесе өзен жоқ болса, теңізге, ол болмаса, қаланың шетіндегі бұлаққа барсын. Судағы өзінің бейнесіне қарап, жоғарыда айтқандай жазып, сосын өшірсін. Егер бір рет жүргізген осындай шара жеткіліксіз болса, оны 3 рет қайталауға болады.

СИЫРДЫҢ СҮТІНІҢ АЗАЮЫ
НЕМЕСЕ СУАЛУЫ

Ағаштың таза кесіндісін алып, оған мынадай мәтінді жазыңыз:

 12-5

Бисмиллахир рахманир рахим
Мин Самаратин Резкан

Содан кейін әлгі ағашты тесіп, тесіктен жіп өткізіп, ағашты сиырдың мойнына тұмар етіп тағып қойыңыз.

 

СОҚЫР ІШЕК

Кейде ас қорыту жүйесінің немесе асқазан жұмысының бұзылуы тоқ ішектегі құрт тәрізді өскін – аппендикстің қабынуына әкеледі. Бұл қабыну аппендикстің ішінде газдың пайда болуынан туады. Көптеген жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, құрт тәрізді өскін алынып тасталады.

Бұл ауруды Құранмен емдеу жолы мынадай: қағазға 21 рет

12-6

  

деп жазыңыз. Содан кейін қағазды суық сумен шайып, сол суды ауыратын жерге құю керек. Бұны бір тәулік ішінде 3 рет қайталайды.

СУСАМЫР (ДИАБЕТ)

Адамдағы бұл аурудың негізгі белгілері – қан мен зәрде қант мөлшері көбейеді, адам үнемі шөлдеп жүреді, шектен тыс көп зәр шығара бастайды.  Бұл ауруды емдеу үшін мынадай әдісті пайдалануға болады.

Қағазға сиямен төменде көрсетілген кестені салыңыз.

12-7

 

Тамақтанардан 10-20 минут бұрын сумен шайып, суды науқас адамға ішкізіңіз. Қантты азайтқан дұрыс, оның орнына осы ауру үшін өте пайдалы қара бидай ұнынан пісірілген нан жеген жөн.

СҮЙЕК АУРУЛАРЫ

Бұл ауруға туберкулезге қолданған емді жүргізеді.

СҮЙЕКТЕРДІҢ АЖЫРАУЫ

Бір немесе бірнеше сүйектің ажырап кетуін мынадай жолмен емдеуге болады. Кешке ұйықтар алдында төменде келтірілген Құранның Әл-Аср сүресінің 1-аятынан алынған дұға сөздерін 100 рет оқыңыз:

Бисмиллахир рахманир рахим
иннал инсана лафи хусрин

Содан кейін суға үшкіріп, оны науқас адамға 90 күн бойына ішкізіңіз.

СҮЙКІМДІ, ЕЛІКТІРГІШ ТҮРГЕ ИЕ БОЛУ

Кейбір адамдардың психологиясына байланысты түрлерінде кемістіктер болмаса да, сүйкімсіз болып көрінеді. Бұл адамдар өздерін өзгелерден төмен санап, елеусіз қалғандықтан өмірден торығуы да мүмкін. Сондықтан бұл жағдайды жақсарту үшін сурет дәптерінің бір бетіне төменде келтірілген мәтінді қара сиямен анық етіп жазып, оны рамкаға салып қою керек. Күн сайын ұйықтар алдында осы мәтінге
0,3 м аралықта тұрып 10-15 минуттай  қарау қажет.

12-8

 

Одан кейін «Кала Йабушра Хаза Гуламув Уә ассаруху Бида Атан»  (Құран, 12 Жүсіп сүресі, 19-аят) деп 100 рет қайталап оқыңыз. Сосын алдын ала дайындап қойған кең ыдыстағы суға үшкіріңіз. Осы сумен науқас адам ұйықтар алдында бетін жусын, бірақ сүртінбесін. Қалған суды таза жерге төксін. Бұл шараны 40 күннен 90 күнге дейін жасау керек. Әйелдер етеккірі кезінде жіберіп алған күндерін кейін өтеуі қажет.

ТАБЫСҚА ЖЕТУ

Дұшпандарыңыздың қаскөйлігінен қорғанғыңыз келсе, құзырлы адамдардың қолдауына ие болғыңыз келсе, атақ-даңққа бөленгіңіз келсе, жарыңыздың наразылығы мен ашуын басқыңыз келсе, Құранмен емдеу жолының мына әдісіне назар аударыңыз.

Дәрет алып болғасын, ұйықтар алдында ойлаған адамыңызды елестете отырып, 100 рет «Бисмиллахи Алуасиъи Жалла Жалалуху» деп қайталаңыз да елесіңіздегі адамға үшкіріңіз. Содан кейін Аллаһқа құлшылық етіп ұйықтауға жатыңыз. Бұны 40 күннен 90 күнге дейін қайталаңыз. Өткізіп алған күндеріңізді кейін өтеңіз.

Қатал бастығыңыздың ықыласына бөленгіңіз келсе,

 

 

былайша оқыңыз: (каф) айтып, оң қолыңыздың шынашағын бүгіңіз, ٰ  (хаа) айтып, аты жоқ саусағыңызды бүгіңіз, ٰ (йаа) айтып, ортаң қолыңызды бүгіңіз, ع(айн) айтып, сұқ саусағыңызды бүгіңіз, ص (сад) айтып, оң қолыңыздың бас бармағын сұқ саусағыңыздың соңғы буынына қойып, жұдырығыңызды жұмыңыз.

Ықыласына бөленгіңіз келген адамды көрген кезіңізде алақаныңызды ашыңыз.

 /жалғасы бар/

Алматы қаласы

 

 

 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «О, Алланың пенделері! Емделіңдер, өйткені Алла тағала кәріліктен басқа кеселдің бәріне де шипалы ем жаратқан», – деген (Хадис 549).

 

 

 

 

 

 

 

 
 
В начало