ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | ||
главная вернуться | ||
Зядан Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғалым Шипагерлік Баян", қантар 2016 /басы өткен санда/
ТАЛМАДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? 1.Адам санасы екі түрлі бағытта әрекет етеді. Оның бірі белсенді болғанда, екіншісі ұйықтап жатады. Осы әрекеттерді кезектестіретін жүйенің жұмысы бұзылса, адам күн батарда талып қала береді. Бұның емі – кешке қарай жарты сағат тынығу. Науқас адам төсекке жайланып жатып, талатын уақыты келгенге дейін «Йа хафизу» деп қайталап оқу керек. Егер науқас адамның ұйқысы келсе, онда ұйқтағаны абзал. Одан кейін әдетте талатын уақытынан бір сағат өткенше, төсектен тұрмауы керек. Ем уақыты – 40 күн. 2.Тәуліктің кез келген уақытында да адамның талып қалуы кездесіп отырады. Сондай жағдайларда суы бар ыдыстың үстінен қарап тұрып Құранның Әл-Бақара сүресінің 255-аятын «Латахузуху синатуу уәла наум» деп оқып, суға үшкіріңіз. Одан кейін ауру адамның аузына осы судан кішкене құйып, сосын бетіне бүркіңіз. ТЕҢГЕ ҚОТЫР, МЕРЕЗ, ТІСТІҢ ҚҰРТЫ Бұндай ауруларға қағазға (Архам рафику йа рахилум маниюн) деген дұға сөздерін жазғаннан кейін сумен шайып, сол суды науқас адамға ішкізіңіз. Сонымен бірге осы сөздерді үлкен қағаз бетіне жазып, осы қағазбен науқас адамның бар денесін күніне 3 рет жайлап ысқылаңыз. Бұл ем ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Ем кезінде тұз, ет, жұмыртқа, шалғам мен бұрышты кемінде 6 ай бойы пайдаланбаңыз. ТЕРІ АУРУЛАРЫ Терінің әртүрлі аурулары Қан құрамында зиянды заттардың жиналып қалуы көптеген ауруларды, соның ішінде тері ауруларын да туғызады. Бұл ауруды емдеу үшін төменде келтірілген дұға сөздерін қағазға сиямен жазу керек. Содан кейін тәрелкені сумен шайып, сол суды науқас адамға таңертең күніне 3 рет 90 күн бойына ішкізіңіз. Ескерту: тор көздердің бұрышында жазылған сандарды көшірудің қажеті жоқ. Терідегі ақтаңдақтар Қағазға
(Кул Хууал Муъин Йа Маруфул Маннан Уәл халийм) деп жазып, суға жуып сол суды науқас адамға ішкізіңіз. Бұны күніне 3 рет ақтаңдақтар кеткенше жасау керек.
Денедегі қара дақтар Ауру адам қатты ұйықтап жатқанда, отбасының кез келген адамы оның қасына келіп, одан 30 см аралықта тұрып Құранның 2 Бақара сүресінің 1-3-аяттарын науқасты оятып алмайтындай етіп дауыстап оқиды: Бисмиллахир рахманир рахим Ем бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Қотыр (Экзема) Қатты қағазға
деп жазып, терінің экземаға шалдыққан жерлерін осы қағазбен ысқылаңыз. Қағаз жыртылған соң, оны өртеп, басқа қағазға жазыңыз. Ысқылауды сағат тіліне қарсы бағытта 5-7 минуттай жасау керек. Емдеу курсы кезінде ауру адам тұздан, бұрыштан, дәмдеуіштерден және еттің барлық түрінен, балық пен жұмыртқадан бас тартуы тиіс. Іріңді жаралар, шиқан, бөртпе, қышыма, теңге қотыр (псориаз), т.б. тері аурулары Қағазға сиямен төменде көрсетілген сызбаны салыңыз. Тәрелкені сумен шайып, оны науқас адамға күніне 3 рет ішкізіңіз. ۷۸٦
Осы суретті ۷۸ белгілерінсіз үлкен қағазға салып, қағазды бір шелек суға салып жуыңыз, осы суға науқас жуынсын. Әдетте, аурудың 11 күнде беті бері қарайды, қанды тазартуға қатысты аурулар – 40 күнде, ауыр тері аурулары 4 айда жазылады. ТЕСІК ЖАРА 40 парақ қағаздың бетіне сиямен төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз. Бір қағазды сумен жуып, осы суды науқас адамға таңертең ашқарынға ішкізіңіз.
Ем кезінде науқас адамға қызыл бұрышты, етті, балықты және жұмыртқаны пайдалануға тыйым салынады. ТӨСЕКТЕГІ ТАРТЫМСЫЗДЫҚ Кей жағдайларда ерлер мен әйелдер өздерін көріксіз, тартымсыз санап, махаббаттық қатынас кезінде өздеріне сенімсіз болады немесе тіпті ондай қатынастардан мүлдем бас тартады. Бұдан айығу үшін қағазға
деп жазып, одан тұмар жасаңыз. Тұмарды әйел адамдар бас орамалының ішіне, ал ер адамдар білегіне тағып жүру керек. ТӨС ҚУЫСЫНДАҒЫ ЖҮЙКЕЛЕРДІҢ ТҰТАСУЫ Бұған ем жасау үшін екі құлып алыңыз да, екеуін бір-бірімен айқастырып құлыптаңыз. Содан кейін қағаз бетіне осы айқасқан құлыптардың суретін салыңыз
ТУБЕРКУЛЕЗ Қағазға төменде көрсетілген Құранның 12 Жүсіп сүресінің 1-2-аяттарының сөздерін жазыңыз. Қағазды сумен шайып, суды науқас адамға ішкізіңіз.
Бисмиллахир рахманир рахим Осылайша 90 күн бойы күніне 3 рет жасау керек. Туберкулез бен өкпе қабынуларының ауыр түрлеріне арнайы өңделген көк түсті маймен массаж жасау айығуына көмектеседі. ТҰЗ БАЙЛАНУ Сал ауруын емдеген әдіс қолданылады. ТҰРМЫСТЫ ЖӨНДЕУ, ӨРКЕНДЕУ Әдетте, қаржы жетіспеушілігі көптеген жағымсыз жағдайларды туындатады. Отбасының берекесі кетіп, ұрыс-керістер жиі болады. Ол бала тәрбиесіне де айтарлықтай әсер етеді. Отбасында дұрыс өнеге алмаған бала ата-анасын сыйламайды, теріс қылықтар көрсете бастайды. Тұрмысты түзеу, өркендеу үшін әрқашан Алланың «шектен тыс жауапсыздық пен ысырапшылдықты Жаратушы қаламайды» деген сөзін естен шығармау керек. Бизнестегі ісіңізді өркендету үшін мынадай ережені ұстаныңыз: қаржыны есеппен дұрыс жұмсау және дұрыс жоспарлы әрекет жасау. Осы қағидаларды ұстанып жүргеніңізге қарамастан, қаржы жағынан қиналсаңыз, жағдайыңызды түзеу үшін мынадай шара жүргізіңіз: қағазға төменде көрсетілген дұға сөздерін жазып, қағазды қабырғаға немесе есіктің жақтауына ұсақ шегелермен қағып қойыңыз.
Бұл тұмарды тақпас бұрын балаларға тәтті тағамдар үлестіріңіз. ТЫРТЫҚТАР, ЖЫРЫҚТАР, СЫЗАТТАР Адам денесінде туа бітетін әрі кейіннен пайда болатын денедегі тыртықтар, жырықтар, күйіктің іздерін кетіру үшін таңертең күн шықпай, кешке ұйықтар алдында бір рет «Йа Шафий», одан кейін «Бисмиллахир рахманир рахим» деп 100 рет қайталаңыз да екі қолыңызға дем салып, денедегі жарақаттардың бетін сипаңыз. Сондай-ақ «Йа Шафий» деп 11 рет қайталап, суға немесе кез келген сусынға үшкіріңіз, науқас адам су ішкісі келген кезде осы суды ішсін. ТЫРЫСҚАҚ Тырысқақ ауруына да Құран аяттарының тигізер емдік пайдасы зор. Ол үшін қағазға сиямен төменде келтірілген Құранның Рахман сүресінің 13-аятынан алынған дұға сөздерін жазыңыз
Содан кейін қағазды әкті сумен шайып, сол суды науқас адамға бірнеше рет ішкізіңіз. Әкті суды дайындау үшін әк кесегін суға еріту керек, сонда су қайнайды. Содан кейін ерітіндіні тұндырып, бетіндегі суын жайлап құйып алады. Осы суды әкті су деп атайды. Егер бір себептермен әкті суды дайындау мүмкін болмаса, оның орнына қызыл бұрыштың кепкен 4 дәнін алып, келтірілген дұғаны оқып, дәндерге үшкіру керек. Осы дәндерді науқас адам сумен ішуі тиіс. Бұл емді ауру толығымен жазылып кеткенше жасаған жөн. ТЫРЫСПА, СІРЕСПЕ Қағазға сиямен төменде көрсетілген сөздерді жазыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Тәрелкені сумен шайып, суды науқас адамға күніне 2 рет – таңертең және кешке 11 күн бойы ішкізіңіз. ТІК ІШЕКТІҢ АЙНАЛУЫ
Кейде ересектер сияқты кішкентай балалар да іш қатуынан зардап шегіп, геморроймен ауруының салдарынан тік ішегі айналып кетуі мүмкін. Бұл ауруды жазу аса қиын емес. Дәретке отырып, ішті босатқаннан кейін, сол қолдың ортаңғы саусағы көтеншекке тиетіндей етіп дәрет алу керек. Жуыну кезінде «Фаълун Фаълун Фиъал» деп оқыңыз. Бұны 2-3 рет қайталасаңыз жеткілікті. /жалғасы бар/ Алматы қаласы
| ||