ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ

 

 главная                                        вернуться 



Зядан Қожалымов

профессор, мәдениеттанушы-ғалым

Шипагерлік Баян", наурыз 2016

 

ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ

 

ЖАН ТІРШІЛІК ИЕСІ

Өлім мен өмірдің арасын жалғастырып тұратын тіршілік иесі жан екеніне күмән жоқ. Ғалымдар жан жөнінде әр түрлі көзқараста ғылыми тұжырымдар беруде. Десе де, түрлі танымдық шешім-нің бір жақындығы бары анықталып келеді. Сондықтан да адам қайтыс боларда арнайы сезімдік өлшемі жоғары таразыда өлшенгенде толық биологиялық өлімнен соң адамның салмағы тірі кезіндегіден 2,5-нан 6,5 грамға дейін азаятынын байқаған.

Бұл жоқ салмақты (2,5-6,5 г) жан деп тұжырымдауға келісілген. Осы тәжірибені жүзеге асырған ленинградтық дәрігерлер: "Жан дегеніміз адам денесінен қайтыс болған сәтте бөлінетін жұмыртқа пішіндес нәрсе екен", – деп арнаулы бақылау құралымен кадағалағандарын айтады.

Ал, клиникалық өлім, қайтадан тірілген адамдардың айтуынша, "жан орналасқан дене негізгі дене емес" - деп жазады американдық ғалым Раймонд А. Муди. Ол: "Жан аяқ-қол, басқа ұқсас мүшелері бар, доп тәріздес болып келген дөңгелек пішінді дене", – деп қорытындылайды.

Дегенмен осы пішінді (жанды дене) адамдарды көргенімен әрі даусын естігенімен, олармен қарым-қатынасқа бара алмау себебін Раймонд А. Муди – бұл жанның дененің салмақ, қозғалыс және кеңістікте орналасу тепе-теңдігінен айырылуынан деп түсіндіреді.

Жаны рухани денеге енген адам рухы өзі көргісі келетін адамдарды көре алады және сөздерін естиді. Ал, адамдар оны көрмейді. Былайша айтқанда жан кедергісіз қалаған жеріне өте алады. Олар әртүрлі физикалық обьектілерден кедергісіз өтеді және кеңістікте бір орыннан екінші орынға орын ауысатыны өте тез әрі жеңіл өтіп жатады. Мүмкін бұл жанның мәңгілік өмірдегі орны шығар, ал бұл әлі шешілмеген жұмбақ.

Қара жерді еркін басып жүрген Алланың пенделері, өлім жөнінде еске алмағанымен де, соңында бір өлім барын сезетіні рас. Сондықтан да:

"Дүние ойлап тұрсаң шолақ екен,

Адамзат бұл өмірге қонақ екен",

– деген сөздері "шолақ өмірге", "қонақ" болып келгеніне, жақсылық жолында болсақ жанымыздың кейін о дүниеде еркіндікте болатынына сену болып табылады. Дін ұғымы бойынша жан мәңгі жаратылыс деп есептеледі. Ақырғы ақтық демі жақындаған адамдардың айтуынша кісі өлген кезде маңайында және көрші үйлерде не болып жатқанын көре алады екен. Біраз уақыт өткен соң өлген адамның жаны белгілі бір түтікшеге ұмтылып, өте жоғары жылдамдықпен ұшып шығады екен. Жан денеден бөлінуінің толық уақыты 70-72 сағатқа созылып, денеден жеке бөлініп шығып ұшуға дайындалғанда (көтерілуге) "екі қарауыл" күтіп тұрып, жанды басқа әлемге енуге дайындайды екен. Ажалсыз адам жоқ. Ажал айтып келмейді.

Жаратушы Иеміз әр адамға жекелей "Тағдырлық жұлдызнамасын" белгілеген. Осы жұлдызнамада не жазылса, өмір сүру кезеңі аяқталғанша ол өзінің сатылық секіру уақытына қарай толық орындалады. Ақырғы демнің аяқталуы адамның тіршілік кезеңінің тоқтауы болмақ. Бұл Алла тағала маңдайыңа не жазса сол болады немесе "Маңдайдағы үш әріп" деген құпиясы Алланың жеке адамға бекіткен ғарыштық бақылау жүйесінің коды деп қабылдауымыз керек.

Біз осы "Маңдайдағы үш әріп" заңы бойынша бұл дүниеде өмір сүріп, тірлік етіп, өсіп-өніп, ұрпақ таратып тіршіліктің эволюциялық, даму ке-зеңін басымыздан өткізудеміз. Көбіміз көбінесе жақсы түстер көргенде әлемді шарлап, аспанда қалықтап, таулардан еркін асып, қыраттар мен жыра, көл-дариялардан т.б. бөгеттерден аттап өтіп ояна кеткенімізде түсіміз екеніне қуанып, жақсылыққа жорып жататынымыз сондықтан да болар.

Діни және ғылыми анықтамалар бойынша адамның тұлғалы денесін оның жаны мен тәні құрайды. Таза жан мен таза тән сапалы болса, саналы ұжданға ие. Ұждан жеке адамның адамгершілік өлшемі әрі ары да. "Жаным – арымның садағасы" деген ұлы сөз, ата-бабаларымыздың "Жанды", оның ерекше касиетін жоғары бағалағандығы дейміз. Өйткені жан ол Жаратушының жеке иелігіндегі нәзік тұлға болса, тән жеке адамдық тұлғаның меншігі. Адам қайтыс болғанда біз оның жанын көрмейміз де, тек қана тәніне ие болып, арулап жерлеп, жақсылығын еске алып, рухына құрмет етеміз. Мұсылман дінінің заңына сай, өмірден өткендердің қарасын, үшін, жетісін, қырқын, жылын атап өтіп, аруағына дұға оқытып, мәңгілік сапарға кеткендерге құрмет етеміз. Бұл салт-дәстүр "Құдай ұрған оңалады, аруақ ұрған оңалмас" – деген халықтық философиялық даналық сөзінің негізі демекпіз.

Кайтыс болған адамға мұндай құрмет жасаудың өзіндік құпия сыры бар.

ҚАРАСЫ (Қонағасы) – адам кеудесінен жаны шықкан күн. Бұл медицинада адамның жүрегі тоқтап, 5-6 минуттан соң миының толық тоқтауы дейді.

ҮШІ – денеден бөлінген шыбын жан тәнді қимай, сол дене айналасында аялдап жүреді екен. Қайтыс болған адам өзі сөйлей, қозғала алмағанымен денедегі биологиялық қозғалыс өзгерісі үздіксіз жүргендіктен, өлі дене бәрін сезіп жатады. Бұл кезде сақал, мұрт және тырнақ өсіп жатады. Өлген адамды денесін жуып, жаназасын шығаруға алып шыққанда, молда жаназа дұғасын оқып, "Жаназа" деп айта бастағанда жан-тәнмен байланысын үзіп, тән сезімталдығынан толық айрылады екен.

ЖЕТІСІ – шыбын жанның о дүние есігін алғаш ашып, ахиреттік тозақ оты алдында жауап беру кезеңі. Ғылымда бұл өлі денедегі қанның ұйып, ал ұйымағаны денеден әр түрлі жолдармен сыртқа бөліну кезеңі.

Жан бұл уақытта кеңістікке еркін көтеріліп, алыстай алмай жүреді. Жан мен тән егіз. Сондықтан да болар, жан кейде тәнді қимай, сен мені қабылда дейтін де кезеңі болады. Кейде жан мен тән келіскенде, жерленген адамдар тіріліп кетуі осылай жүзеге асады. Әрине, мұндай жағдай өте сирек болғанымен, өмірде жерленгендердің тіріліп дыбыс бергенін, кейбіреуінің жанашырына түсінде аян бергенін, өздерінің Алланың құдіретімен бейіттен шығып үйіне келгендерін және жүкті болып, босану уақыты жақындап өлгендердің де ішінара бейіт ішінде босанып, қайта ана өмірге аттанғанын бұған дейін де баспа беттерінен оқыдық. Кейбір жағдайлардың өз елімізде болғанын да білеміз. Бұл қалай? Ешкім де әлі жауап таба алған жоқ, мұндай құбылыстар көбінесе жетісі кезінде болуы да таң қаларлық.

ҚЫРҚЫ – шыбын жанның (рухтың) о дүние сотына қаза жауабын беруінің басталуы. Медицинада бұл уақытта тән сөгіледі, ериді, ағады немесе толық бұзыла бастайды деп есептейді.

Қырқына дейін өлген адамның жаны (рухы) 6-8 шақырым биіктікте, кеңістікте (ғарышта) қалқып жүреді. Ал рухы нашар дегеннің жаны өлген соң биікке, ғарыш алаңына қарай көтеріле алмай қиналады. Өте жаманшылық еткен, кісі өлтірген, қатал қарғыс алған дуашылар мен сиқыршы-лардың кейбіреулері осылай жағдайға душар болады.

Кейде, операция кезінде қайтыс болып, мүшесі кесіліп алынғандардың жаны да көтеріле алмай, өзінің бөлшегі алынған орынға аянмен келіп тұрады. Немесе, сол операция жасаған орынға кейін түнеген, тіпті күндіз ұйықтағандарды да мазалап, қылғындырып, кейде әр түрлі жиіліктегі дыбыс шығарған кездері де болады. Әрине, өзің көріп, өзіңе кеңес беріп, ауыр жағдайды қалпына келтіргенге не жетсін. Соның бір куәсі – мен 1994 жылы шілде айында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының орталығы Асада болғанда, ауылдық ішкі істер мекемесінің күзет қызметкерлері демалатын бөлмеде осындай жағдай ұдайы қайталанатынын айтты. Бөлме пайдаланылмайды. Өте қорқынышты. Зерттей, сұрастыра келгенде, бұл орын бұрын емхана болғаны, ал келесі бөлмеде ауруларға операция жасалғаны анықталды.

Себебі табылды, шешімі қойылды. Шариғат жолымен шарттар орындалды. Тыныштық орнады. Бұны жазу себебім, көбінесе бұндай құбылыстар жөнінде қаламгерлеріміз, бөгде біреулердің, ұлттардың, тіпті, өзі көрмеген шетел баспа бетіндегі материалдарды пайдаланатыны. Бұл олардың қолында арнайы құпиялық мәліметі жоқтығынан болса керек. Құдайға шүкір, енді өз еліміздегі, оның ішіндегі өз ұлтымыздың ерекше құпиясын жария ету басты мақсат болмақ.

ЖЫЛЫ – бұл уақытқа дейін рух (жан) толық ахирет соты тергеуінен өтеді. Алғаш тозақта сұралады. Жан тазаланады. Жан бірнеше сатылық тазалау сүзгісінен өтеді. Ал, медицина болса, бұны тәннің биологиялық өзгерісі аяқталып, тәндегі ет пен сүйек бір-бірінен толық ажырауы деп есептейді. Жылы аталып, рух құрметіне дұға оқылғанға дейін жан өз үйіне ақырғы сапарымен келеді. Үй айналасын шарықтап, қалқып ұшады. Тіпті, дастархан жанында да болады, адамдарды көреді (біз көрмейміз). Қуанады. Рахметін айтады. Дұға оқып, аруақ атын атап, бата бере бастағанда, тіпті дұға оқығанда төбеңнен ып-ыстық нұр төгіліп, ол төбеңнен кіріп, денеңе тарайды. Бар денеңді аймалағандай сипай өтіп, нұр мен жылу белгісін шашады. Кім білсін, бұл аруағымыздың арттағы ұрпағымен, оның ішінде Құдай сүйген құлымен ақырғы қоштасуы ма? Әйтеуір бір тылсым күш иесі бары шындық демекпін.

Жылын (Асын) таратып, батадан кейін жақындар аруақты еске алып, дауыс шығарғанда рух (жан), біртіндеп жерден алыстай барып, өз жылдамдығын тездетіп, ахирет сотының үкіміне сай, өзінің барып орналасатын орнына (тозақ не пейіш) қарай, ғарыштык кеңістікке жетуге асығады. Жан тәнмен мәңгі қоштасады. Жан тазарған астралды жеңіл тұлғаға енеді. Бұл құбылыс жерден жоғары орналасқан ай қабатында жүзеге асады. Сондықтан да айды астралды қабаттың астанасы деп атайды. Деседе, тозақ та және пейіш те жеке ғаламшар, әрі көп сатылы, әрі белгісіз көп қабатты екенін білген жөн. Бұлай болуы пенденің жер бетінде жасаған жақсылығы мен жаманшылығы бойынша ахирет соты шешіміне қарай, рухтың орналасу жөні болмақ.

Өлімнің ақ және қара өлім болуы да жазмыштың тағдырлық бұйырымы.

Жасы жетіп қартайып немесе ауырмай кенеттен жан тәсілім болғандар мен ораза мен құрбан айт кезінде қайтыс болғандарды жасына қарамай-ақ ақ өлім дейді. Ал апаттардан, зорлықпен, қасақаналықтан, өз-өзіне қол жұмсаудан, азғындық жолынан т.б. өлгендерді қара өлім дейді. Іншалла, Алла тағала өзі сүйген құлдарына ақ өлім берсін демекпіз.

Алла тағала өзіне кім қажет болса, жасына, жынысына, дәрежесіне т.б. қасиеттеріне қарамай сол пендесін шейт етеді. Кейде катты қайғырып, көп жылап, көп ойлап аруаққа маза бермеу Алланың құдіретіне қарсылық болады. Әрі аруағымыздың (жанның), о дүниеде еркіндігіне қатты әсері болады. Неғүрлым Алланың құдіретіне тәубе еткен сайын, дұғаларымыздың тілегін Алла тағала қабыл етіп, аруағымыздың "жаны жәннәтқа, орны пейішке" карай тез жетуіне зор көмек болады. Бұны білген жөн. Бәріміздің де о дүниелік екенімізді ұмытпайық. Жер бетіндегі пенденің (тірі) өзіне-өзінің және басқаға, қоғамға және ұлтына т.б. көрсеткен жақсылығын сыртқы жоғарғы бақылаушы, көрінбейтін күш бағалап, қадағалап, есептеп отырады. Пенденің тағдырлық кітапшасына жазылады. Теріс қылықтары да қатталады. Таразыға өлшеніп, о дүниедегі ата-бабасы рухына да жетеді. Қысқасы, о дүниедегі тағдырлық көрсеткіш тақтасынан рухтар өзінің жер бетіндегі тірі ұрпағының жақсылығын әрі жамандығын біліп отырады. Жер бетіндегі ұрпақтың пайдалы ісі көрсеткішіне қарай, пенденің о дүниедегі ата-бабалары рухының (жанның) ғарыш кеңістігінде орналасуының сатылық қабаттық орны белгіленеді. "Құдай ұрған оңалар, аруақ ұрған оңалмас" – деген,  нақыл сөзін аруаққа зор парыздық, ұрпақтық құрметті ұмытпауға үйрету, бағыт беру деп түсінген жөн. Сондықтан да өз ата-баба және жақындарымыздың аруақтарының  назасынан сақтанайық.

"Клиникалық өлім" кезінің 19-27 минуттық аралығында, осы жағдайға душар болғандардың баяндауынша, жан (рух) денені тастап (тәнді) қайта оралғаны, тіпті өлді деп жерлеуге апара жатқанда тіріліп кеткені өмірде болған жағдай. Бұл қалай болды? Адамның денесі оң және теріс электр зарядтарынан тұрады. Мүмкін денеде зарядтардың кездейсоқ тұйықталу кезі болып, денедегі жарық өмір көзі уақытша сөне ме немесе екі зарядтың аралық байланыс жүйесі қатты ауытқып зақымдалады да, әйтеуір денеде бір күшті биологиялық қатты тербеліс болатыны рас. Денедегі зарядтық жүйені реттейтін бос электрондар бір ауыр күш қысымына душар болуы ғажап емес. Қысқасы, бұл клиникалық өлімді жай ғана, жел болғанда көшедегі  бағананың жалаңаш  екі электр сымының (ашық) өзара айқасып тұйықталып, ал жел басылған соң өздігінен ажырап кетіп, қайта іске қосылғаны сияқты ма деп те ойлауға болады.

Заряд демекші, адамның биоқуаты болғандықтан кейде, қол ұшынан немесе денесінің бір бөлігінен ұшқын шығады, тіпті киімнің сыртынанда көк жасыл толқынды (аура) байқауға да болады. Бұл ұшқын денені құрайтын жан мен тәннің үлесіне жатады. Ендеше бір тірі дене ғана электр зарядын бөліп қоймай, тән де және жан да ұсақ бөлшекті электрондардан тұратын-дыктан, олар да жарық шығарады. Кейде бейіттер ішінде пілтелі шамның жарығының жарығындай, одан да әлсіз сәуле көрінуі тәннің өз құрамынан электр зарядтарын шығаруы болуы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне бола бермегенмен, халқы өте әулие санаған киелі аруақты бабалардың мазарат-тарында көптеп қайталанады. Бұл да Алланың өзі сүйген жақсы құлдарының рухын (жанын) жарқыратып, өз құдіретін құлдарына жеткізудің бір жолы болар. Киелі жерлер де болады. Ондай жерлерде де шам жарығы түнде жанып, жарқырап тұрған кезі болған. Мысалы, Павлодар қаласы маңында "Мойылды" демалыс үйі шипалы көл жағасына орналасқан. Осы көлдің төрт бұрышында, елуінші жылдарға дейін түнде төрт шам жанып тұратын дейді, сол жердің көзі тірі қариялары. Мүмкін, бұл да касиетті көлдің иесі, құдіретті рухтардың жарығы ма әлі шешімін таппаған жұмбақ құбылыстар екенін шындық деуге толық негіз де бар.

/жалғасы бар

 Алматы қаласы

 

 

 
 
В начало