ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ

 

 главная                                        вернуться 



Зядан Қожалымов

профессор, мәдениеттанушы-ғалым

Шипагерлік Баян", маусым 2016

 

ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ

 

/басы өткен санда/

 

ӨЛГЕНДЕРДІҢ РУХЫ БАСҚАҒА ҚОНА МА?

 

Жер бетін басып, тірі жүрген соң өмірде, қоғамда және жеке баста, кейде әлемдегі болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға елең етеміз.

Өлім мен өмір ортасындағы болатын кейбір құбылыстарды естігенде мына жалған дүниеде жеке адамдардың денесіндегі жаны басқаға, тіпті басқа құрылықтағы адамдар "Мен пәленше дегенмін, мен анандай жерде туғанмын, жанұям болған, бала-шағам, мал-мүлік, саяжай, көліктерім фабрика-зауытым, байлығым т.б." - деп сәби кезінен-ақ, өздері туралы айтатын болып жүр. Тіпті анасына: "Сен мені туған жоқсың", - деушілер де бар. Осындай жазылған мақалаларды оқыған кейбір емшісымақтар да осы сөздерді қайталап жүргенін білеміз. Алматы облысы, Ұйғыр ауданының тұрғыны Пархат деген алдампаз "Мен анама сенен туған жоқпын, - деп айтатын едім" деп газет тілшісін алдап арбап, өзін "Жер бетіндегі жаратушымын" деп жариялатты ("Түркістан", № 3, 1998 ж.). Шын құдай – "Пархат" екен. Ол осыдан елу миллион жыл бұрын Құдайға, пері, жын-шайтандарға жерін алғызып қойыпты-мыс. Ол әйелі Нина екеуі бүкіл адамзатты тозаңнан жаратыпты. Қысқасы Құдай тірі екен, оның рухы Пархатқа қоныпты-мыс. Пархатқа еліккендердің ішінде атақты қаламгерлер де, журналистер де аз болмады. Ұяттан жұрдай болған Пархат өзінің Тәңір деген ешқайда тіркелмеген ұйымын заңсыз жария етіп, талай мықтыларды торына түсірді. Пархат бұл аз дегендей жазғытұрым Алматының бір базасында қасиетті Құранды өртетті. Қой дейтін қожа болмай, оның теріс әрекетін тоқтататын заң орны мен ҚР  Денсаулық сақтау комитеті тарапынан жұмыс жүргізілмеді. Десе де халық әділ бағасын беріп жатты. Өзін "Құдай" санаған Пархаттың өтірігі алысқа бармады. Ол "Жалған Құдай" еді. Бүгінде «Жасанды құдай» ортамызда жоқ. О дүниеге кеткеніне үш жылдай болды. Егер ол Құдай болса  өлмес еді ғой?.

Дегенмен дүние жүзі елдерінің баспасөз беттерінде бойдағы жанның ауысатыны жөнінде жазып келеді. Ол біздің елдің де баспа беттерінен анда-санда көрі-ніп қалып жүр. Осы шын ба, әлде өтірік пе, оны ғылым дәлелдей жатар.

Біздің ойымыз осындай құбылыстан оқырманға түсінік беру ғана. Мысалы, "Эхо планеты" атты журналда үнділік Титу есімді ұл бала жайлы мынадай ғажайып оқиға жарияланды. Титу ауырмай-сырқамай, ақыл-есі бүтін күйінде бірде: "Менің есімім – Суреш Варма, Аградағы дүкеннің қожасымын, Ума атты әйелім мен екі балам бар болатын" - деп айтып салады. Бұны естіген әке-шешесі тез Аграға жетеді. Шынында баласының айтқанының бәрі дәл келеді. Варма атты саудагердің болғаны, ол басынан оқ тиіп өлгені анықталады. Бір қызығы Титудың басының дәл сол жерінде үлкен мең бар екен. Бұдан кейін бала Титуды Аграғa апарады. Ол бірден сұрамай-ақ, өз үйін тауып "өзінің әйелін" бірден таныған. Ал балаларын өз аттарымен атаған.

Сондай-ақ тағы бір оқиғада он жасар ағылшын қызы бір сағат ішінде испан тілінде сөйлеп кеткен. Өз ана тілін түсінбей, әке-шеше, бауырларын танымастай халге жеткен. Ол бір нәрседен қорқатынын нұсқап айта берген. Ал дәрігерлер қыздың дені сау деп тапқан. Испан тілін білетін тілмаш қызбен сөйлескенде ол есінен танады. Қыз: "Мен Испаниядағы Толедо қаласында өмір сүргем. Менің көршім қызғаныш үстінде маған пышақ сілтеп, содан алған жарақаттан қайтыс болғам", - дейді. Сонымен бұл жас қыз да Толедо көшесіндегі үй-жайын, тіпті қылмыс болған жерді де есіне сақтап қалған.

Кейін полиция дерек бойынша тексергенде, бәрі расталады. Полиция болса, осы мекен жайда тұратын қарт ата-ананың елді сұлулығымен таңқалдырған 22 жасар қыздарын біреулер өлтіріп кеткенін, ал ол әлі ашылмағанын айтады. Қарттарға көрші тұратын әйелді тұтқынға алғанда, ол бұрынғы көрші қызға жасаған күнәсін мойындаған. Міне, қызық. Біздің еліміздегі емшілер ішінде де басқа тілде бірден сөйлеп кететіндері бар екені анықталды. 1990 жылдан бастап шымкенттік емші, өнер адамы Урайым Ергешова бірнеше тілде сөйлеп, халыққа емдік сеанстар беруде. Халық Урайымды өте жақсы біледі. Сондай-ақ Урайымның жерлесі Талғат Анарбаев болса, Шымкенттегі нағашысының үйіне қыдырып келіп қайтыс болған дін ілімі бар нағашы апасының Құранын ашысымен-ақ басқа тілде сөйлеп намаз оқып кеткен. Талғат әлі солай. Рухани емдік сеанстар жүргізеді. Бүгінде  Қазақстан халық емшілері қауымдастығының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалын көп жылдан бері басқарып, директоры қызметін  абыроймен атқаруда.

Осы шымкенттік Омарова Ұмсын болса өзіне қонған қасиетінен тез айырылды. Ал, қызылордалық орта жастағы мейірбике Аралбаева Санайым болса, ұзақ жыл ғарыштық түсініксіз тілдердің торында болып, дәрігерлердің сенімсіздігіне ұшырады. 1992 жылдың 7 маусымында ол белгісіз сөздердің сырын алматылық емші Түймекүл Құлмақанқызының көмегімен біле алды.

Санайым бір түсініксіз тілде сөйлей берген. Кейін көріпкел – емші Түймекүлмен кездесіп, оның бағы ашылды. Ғарыш кезбелерінің қара торынан құтылып, ақ жолының хабарын ала бастады. Бірде ол маған: «Ибн-Сина ата сізге айт деп жатыр. Менің еңбегімді ұрлауда. Қосымша хабар берем деді баба», – деп айтты. Кейін бұны естіген өзінің емшісымақ жерлес жігіті Санайымнан Ибн-Сина хабарын маған бер деп қоқан-лоққы жасапты. Көп ұзамай Санайым да басқа тілде сөйлеу қабілетін жоғалтайын деді. Ал осы Санайымның жиені Достыбаева Мереке деген қыз да (Қызылорда) дәл Санайымдай түсініксіз тілмен хабар ала бастады. Бірақ жас қыз ұстамсыз болды ма, ол да ұстап тұра алмады.

Ең қызық жағдай 1991 жылдың қысында менің үйімде болды. Кезекті емде отырғандар ішінен Жезқазғаннан келген (Шет ауданы), бұрын Жезқазғанда шахтада жауапты жұмыс істеген Қасимова Гүлбадан айғайлап дауыстап алдымен "Аллаһу акпар" деп азан шақырды. Артынан белгісіз бір тілде сөйлеп кетті. Содан бері сол тілде кейде сөйлейді. Қазір Қарағандыда тұрады. Бұндай құбылыстардың торына іліккендердің тізімі болғандықтан оларды бақылаудамыз.

Әлемде талай қызық бар дегендей, бұл құпия қызық па, жол әлде біреудің сорына келген кері құбылыс па, бұл жағы әлі шешілмей тұр.

Сондай-ақ Ресейде болған бір оқиғада Саша Федоренко атты алты жасар бала туралы былай баяндалады. Сашаның дені сау. Оның айыбы үйінде аз уақытқа да қалудан қорқады.

Алғаш бұның себебі неден екені белгісіз болды. Дәрігерлер Сашаның денсаулығы бір қалыптылығын қуаттайды. Бір қызығы Саша жас кезінде (екі жас) әр түрлі аңдар бейнесін келтіріп, әр түрлі жан-жануар қимылын және даусын дәл салған екен. Қала баласының жан-жануарды көрмесе де оның бейнесін калай келтіргені түсініксіз. Саша үш жасында өзіне таныс емес тоғайға әке-шешесімен барғанда да орман ішіндегі жол бағыттарын өзі айтып отырған. Тағы да бірде Сашаның ыстығы көтерілген. Ол шешесі Натальяға: "Сен менің шешем емессің, ол мүлде басқа адам болатын" - дейді. Онысы дене ыстығының әсері болар дегенмен Саша қалпына келгенде де бұрынғы сөзін қайталай берген. Бұл неліктен?

Сашадан неге қорқасың деп сұрағанда, ол мен бұдан бұрын бір рет өртенген болатынмын. Үйіміз өртеніп кеткен болатын. Мен үйдегі шкаф ішінде қалып, үймен бірге жанып кеткем деп жауап берген. Сондай-ақ Саша өзінің бұрынғы аты да Саша екенін растайды. Дәрігерлер мен парапсихологтар Сашаның феноменін (ерекше қабілет) түсіндіруге бо-латынын айтады. Адамның миы негізгі ойлау (логикалық) мен түйсіктік (интуитивтік) екі жарты шардан тұратынын білеміз. Ал үлкендерде көбінесе мидың ойлау бөлігі көп жұмыс істейді де, түйсіктік бөлігі ұйықтап немесе жартылай жұмыста болады. Ал жас балаларда керісінше екен. Сондықтан да, кейбір кішкентайлар өткен өмірін тез ойына келтіре алады екен. Баланың өткенді еске сақтауы жоғары болады.

Саша сияқты болмаса да, жай әр түрлі жастағы адамдарды да өткен өмірінде не болды, кім болды, қайда, қай ұлт, жанұясы т.б. туралы еске түсіртіп олардың әр қайсысына әр түрлі жастағы өмірлерін елестеттіріп, өз тарапымнан да адамдарды тексеріп келем. Бірде, 1993 жылы 11 сәуірде Атырауда мынандай жағдай болды. Көп адамды қатар отырғызып, әр қайсысына әр жылдағы өмірін елестет деп трансқа (ғарыштық байланысқа) шығарып бақыладым. Маған құрбылас бір әйел жылап, тоқтамайды. Оған он жеті жасыңды елестет дегенмін. Жылауын әрең қойғыздым. Транстан кейін сұрасам, «бір терек түбінде мектептегі ғашық жігітім екеуміз құшақтасып тұрмыз. Ол мені жібермейді" - деп тағы жылайды. Бұл оның отыз жылдай бұрынғы өмірі еді. Ал басқалары да әрі түрлі болжамдық жауаптар берді.

Осыған байланысты адамның бойындағы жанның біреуге ауысуы және оның бұрынғы өмірі жөнінде бірлі-жарым мысалға тоқталып отыру себебіз де бұл құпияның әлі де ғылымда анықталмағандығы. Дегенмен, бір шын-дық осы сырдың тегін табу бәрімізді әуреге салары анық. Мүмкін адамның миы тек қана 8-12 пайызы ғана (биологтардың анықтауы бойынша) жұмыс істеп қалған бөлігі мәңгілікке тыныш жатқаны шын болса сыртқы басқару ортадан белгісіз күш өз энергиясын жіберіп, сол тыныш жатқан ми клеткаларын оятып, ол клеткадағы тканьдарына ағып өтетін қуаттың толқын жиілігін арттырып, бұрынғы істеп түрған клетка тканіндегі толқынды баяулатып немесе уақтылы жұмысын тоқтатуы да мүмкін демеске лаж жоқ.

Енді өзіміздің Алматыдағы мына бір тосын қайғылы жағдайдың аяғы адам таңқаларлық нәрсеге айналғанына тоқталайық.

1988 жылы 22 қыркүйекте алматылык Венера деген оқушы кыз мектептегі дене шынықтыру сабағында кенеттен қайтыс болады. Өлімнің себебі дәрігерлерге де және басқаларға да жұмбақ болып қалады. Бір жылдан кейін, 1989 жылдың наурызында Башқұртстанның Бақалы деген ауылында Венера есімді қыз дүниеге келеді. Бұл мұғалім болып істейтін ерлі-зайыпты Асадуллиндердің төртінші перзенті екен. Венера 6 жасқа толар-толмастан оқшау мінездер танытып, ата-анасына үш ұйықтаса ойға келмейтін создер айта бастайды. Сонымен, бір күні Венера: "Сендер менің әке-шешем емессіңдер, менің папам мен мамам Алматыда. Пәтеріміз 5 қабат үйдің екінші әлде үшінші қабатында", - дейді. Оған қоса папасының қызыл "Москвичі" барын, ауруханада операция жасалған шешесіне екеуі сонымен барғанын, көрші подъездегі қызды көз алдында машина қағып кеткеніне дейін айтады.

"Менің атым Байрам" деп те айтып жүреді. Мұндай тосын құбылысқа алғаш қорқынышпен қараған анасы, кейін ойланып илана бастайды. Анасы Алматыға "Вечерняя Алма-Ата" газетіне жағдайды айтып, хат жазады. Газет оқиғаны бірден жариялайды. Көп ұзамай қайтыс болған Венераның Алматыдағы әкесі Мұса мен анасы Халида Абдрахмановтардан хабар алады. Олар "Біздің Венера атты қызымыз болған. Ол бір жыл бұрын қайтыс болған. Оны еркелетіп Байрам деуші едік" - деп хат жазады. Марқұм қызының шашы қара болғанын да, көрші қызды машина қаққанын да жазады. Қысқасы, жас Венераның айтқандары толық расталады. Екі жақ та телефон арқылы сөйлескенде, естерінен танады.

Сәби Венерадан "Алматыдағы мамаңның аты кім?" - дегенде, мамасының сіңлісін айтқан. Себебі, Венераны мамасының сіңлісі баққан екен. Ал апасының атын нақты айта алмағанымен, бірге оқыған жақын қыздың түр-тұлғасын нақ айтқан. 1996 жылы алматылық Абдрахмановтар Башқұртстанға барады. Ер жеткен Венера "папа, мама" деп құшақ жая ұмтылуы жанға аянышты құбылыс болады. Венера екінші ата-анасын тапқалы жаны тынышталыпты. Хабарласып тұрады екен. Бұл не? Ғарыштық тылсым күштің әсері ме? Шынымен жан басқа денеге ауысты ма? Мүмкін бе? Қасиетті Құранға жүгінсек, күнәсіз сәбилермен атақты ақ ниетті ғалым, дін тағы баска халыққа қажеттілерді тозақ сотында сұраған соң астралды денені әбден сүзгіден өткізіп, тазалап, онда тоқтатпастан бірден жердегі адамның тәніне енуге жібереді екен. Бұндай жағдайлар "Ақ өліммен" қайтыс болғандарда қайталанатын сияқты. Ал, алматылық Венера өлімі "Ақ өлім". Ол – сәби. Жан алатын періште де қателесіп, әлде басқаның орнына Венераның жанын алған да шығар. Әйтеуір, Алланың бір кайырымдылығы болғаны анық. Алланың жоспарынсыз ешқандай іс жүзеге аспайтынын білсек, өмірдегі егіздік деген атаудың да, шындығы ма, кім білсін, о дүниеге қайтқан Венера мен өмірге келген Венераның егіздік ұқсастығы бар ма деген танымдық ой әркімді мазалайтыны тағы ойланарлық.

Өзіміз екі айналып келетін өмірімізді көрмегенмен, оның тіршілікте аян беруі, Алланың өзінің шын керемет құдірет иесі екенін тағы да дәлелдегені болар демеске шара жоқ.  

/жалғасы бар

 Алматы қаласы

 

 

 
 
В начало