ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ
| ||
главная вернуться | ||
Зядан Қожалымов профессор, мәдениеттанушы-ғалым Шипагерлік Баян", қыркүйек 2016
ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ /басы өткен санда/ ӨЛІП ТІРІЛІП, ҚАЙТА ӨЛГЕНДЕР Сұрақ қатал. Сені тыңдамайды. Том-том жазылған жақсылық пен жамандығының осы дүниедегі күнделігі. Сот аяқталды. Маған бар деді. Мені алып келе жатқандар аяқ астынан жоқ болды. Жүріп келем. Жер асты кең дала. Бір уақытта бір жердің беті көтеріліп ашылып, аспан көрінді. Мен кебініме оранып сыртқа шықтым. Жерде жылаған, аққа оранған жас сәби жатыр екен. Оны мен көтеріп алып, бірнеше күн алып жүрдім. Кеше ол баланы ана жерге апарып тастадым. Ол ана жақта әке-шешесінен адасып қалып, сыртқа шығып қалған екен. Мен әке-шешесін білем. Сәбиді әке-шешесі алып кетті» - дейді Пернебек. Журналист: «мына үстіне жапқан тері тулағың не?» - дейді. Пернебек: «бұл теріні мен бір қойшынікінен ұрлап алдым. Жамылып жүрмін», - деп жауап береді. Журналист Пернебекке: «Жүр менімен бірге, не өзің үйіңе бар» дейді. Пернебек: «Бара алмаймын, мен қашып шыққанмын. Мені іздеп жүр. Елге барсам ұстап алып, мені алып кетеді» - дейді. Осы кезде марқұм Пернебек: «Айттым ғой, әне, келе жатыр, сен мені ұстап беретін болдың», – деп құлындағы даусы шығып, орманға қарай қашып ғайып болады. Содан кейін не болды, ешкім хабарсыз. Мүмкін марқұм Пернебек тозақ сотының түрмесінен қашты ма, әлде әдейі босатып, о дүниенің әңгір-мәңгүрлері өз құдіретін әруақ арқылы танытқысы келді ме, кім білсін, мұндай құбылыстың біздің елімізде де болып жатқаны бір жағы дұрыс та сияқты. Алла тағаланың кереметін бөгде біреулер арқылы, оларға тәуелді болып білуге талпынғанша, өз ортаңдағы өзгеріске не жетсін! Бұндай жағдайлар кейде нажағай мен электр тогы соғудан болғанына да куә жандар баршылық. Адамның басы Алланың добы сияқты. Қалай домалатса да өзі біледі. Біз Алланың ғаламдық кереметін білуге талпынайық. ӨЛГЕНДЕРДІ ТІРІЛТЕТІН ДІНДЕР Өлгендерді тірілтетін дін құдіреті жөнінде алғаш әлем ғалымдары сенімсіздік білдіргенімен, қазір діндердің ғалымдар үшін ғылым ордасы екеніне көздері жеткендей болды. Діннің ұлылық қасиетін алғаш дәлел-дегендер тибеттіктер болды. Өйткені алғашқы адамзатты дұрыс жолға баулуға Жаратушының жерге жіберген діні буддизм діні. Буддизм діні сондықтан да дүние жүзі халқына көп тарады. Христиан және ислам діні де, кейін дамығанына қарамастан, өзінің адамзатты мейірімділікке тартуы мен т.б. жақтарынан өркендеп келеді. Жер әлемдегі халықтардың эволю-циялық дамуы, оларды бір діннен екінші дінге ығыстыруы, осы эволюциялық заңдылықтың негізі. Десе де, алғашқы буд-дизм діні құдіреті арқылы тибеттіктер ашқан жаңалықтарды білмей тұрып, үнді-қытайдың да, батыстың да және өзіміздің де, ислам әлемі мен христиан әлемінің де, ислам мен христи-ан діні бойынша ашқан нақты ғаламаттарын білу киынға соғады. Егер Қасиетті Құран Кәрімнің: "Сендерді біз сол жерден жараттық, сол жерге қайтарамыз, керек болса одан біз сендерді алып та шығарамыз" (Та-һа сүресі, 55 аят) деген тұжырымнан Жаратушы Иеміздің құдіретті күшінің барлығын, оның шексіз әрі өлшеусіз екенін көрсетеді. Он сегіз мың ғаламның иесі де, билеушісі де Алла тағала болғандықтан көкте, жерде және тірі мақұлықтар мен жан-жануарлар, өсімдіктер т.б. бәрі де Алланың бақылауында өседі, дамиды, құриды, қайта жаралады және өзгеріс сатылары арқылы, алғашқы саналы рухани деңгейіне жетуге ұмтылады. Бұны Құранда: "Ол – Жаратушы, білгір" – деуі (Иа-син сүресі, 79-81 аят) нағыз шындықтың бұлтартпас шындығы да. Қай дін болса да (буддизм, христиан, ислам) ол Жара-тушы Алланың сөзі. Бұл діндердің құпиясы біз әлі көрмеген, бірақ діни кітапта аты жазылған "Лаухулмахфуз" атты Алланың кітабында жазылыпты (Каф сүресі, 2-4 аяттар). Енді діндер құдіретінің шынында да, өлгенді тірілтетін қасиетіне мән берейік. Қытайдың "Будда монахы" Ци Чи деген 1989 жылы Ти-бетке экспедицияға барады. Ол сонда мәңгілік өмірдің құпиясы сақталған ертедегі касиетті манускриптті кездестіреді. Сонымен Ци тозығы жетіп бұзылған Вайраян монастрінен құдіретті күш жөнінде жазылған мақала бар діни дұғалық кітапты табады. Өте көне манускрипт әбден ескірген екен. Оның тозғандығы соншалық, монах қолынан үгітіліп, шашылып кете жаздаған. Ол жазбаларды еппен біріктіріп, сақтап қалады. Қытайға өте сақтықпен жеткізеді. Сөйтіп, Ци бұл құдіретті жазбалар қолда тұрғанда, өлім мен өмірдің оның өз қолында екенін сезеді. Айлар бойы тынымсыз құпияны ашу үшін жүмыс істейді. Сөйтіп Қытайдың таулы ауылында тұратын монах қасиетті дұғаларды оқып, Тибет монастрінде иесіз қалған (уақыт белгісіз) 14 адамды тірілтеді. Бұл қандай керемет дуалық десеңізші? Бұның сыры Алланың "Лау-хулмахфузында" жазылған да шығар, бәрі де Аллаға аян. Әулие Ци қалай мұндай керемет иесі болды десек, ол ұзақ уақыт қасиетті дұғалықпен танысып, үйреніп, тәжірибеде азды-көпті дәлелдесе керек. Сонымен, ол белді бекем буып, 1990 жылдың көктемінен бастап V (бесінші) ғасыр деген бегісі бар манускрипті пайдаланып, дұға оқуға кіріседі. Цидің негізгі мақсаты ертеде көрші ауылда өмір сүрген будда священнигін (шырақшысын) тірілту болатын. Оны көрген Хуан деген жур¬налист: "Ци мәйіттің қасында тұрып төрт сағаттай дұға окыды да, оның денесін (шырақшының) манускрипте жазылған рецепт бойынша жасалған маймен ысқылады", – дейді. Ци дұғасын оқып біткенде өлген адам тіріліп, оның алдында түрегеліп түрды, ол шырақшы казір тірі, дені caп-cay деп қорытындылайды Хуан. Тағы "Цидің адам өмірінің әміршісі екенін, дұғасының күшін мен өз көзіммен кердім", – дейді Е. Хунгтин деген ауыл карты. Ци Хунгтиннің сүйікті қарындасы мен монастрде өкпе ауруынан өлген монахинья Мэйді өмірге қайта оралтады. Ол екеуінің тірілгеніне екі жыл болыпты. Хунгиннің айтуынша денсаулықтары бір қалыпты екен. Әрине, Циге көп адам өзінің әр түрлі сырқаттан өлген жақындарын тірілтіп беруге тілек білдіруі көбейгенімен, оған Ци толық шешімге келе алмайтын көрінеді. Уақыт жетпейтінін халық қайдан есептесін. Дегенмен Ци тек қана алғаш тірілтетін адамның тарихын біліп алады екен. Сондықтан да, «Ци будда дінін мойындайтын, халқына қадірлі адал адамдарды ғана тірілтеді», – дейді Хуанг қарт. Циге көне өліктен де, жаңа өлгендерді тірілту жеңіл көрінеді. Десе де, құдайдың бұйрығынсыз өлім мен өмірдің тағдырын жеке адам шешуі қауіпті болмақ. Бұған да ақыл парасаттылығы, білімділік пен ұстамдылық қажеттігін білген артықтық емес. Мұндай құдіретті кереметтер үнділердің "Ведалар", "Ажал" және тибеттердің "Марқұмдар" кітаптарында бізден 5000 жылдай бұрын және одан да ары ("Ведалар") жазылғанын ескерсек, бұл ғаламаттың шындыққа ұласаты-нына сенгенмен, оның шешімін табу мен тұжырымдауға немесе жалғандығын анықтауға ұзақ уақыт қажеттігі бұлтартпас шындық болмақ. "Бенинде өлген адамдарды тірілтіп алуға ұмтылыс әлі жалғасуда. Жерде қимылсыз бір адам жатты, мен тексердім. Толық өлгеніне сендім. Осыдан кейін бақсы өз сеансын бастады. Ал отырған жергілікті адамдар өлең айта бастады. Өлең екпіндетіле біртіндеп ырғақпен кетеріле бастады. Өлең жылдам-дығы үдей түсті. Кенет өлген адам колын козғалтып, денесін, кеудесін сипады. Одан кейін бір жамбасқа қарай аунамақ болды. Ал айналасын-дағы шуылдаған адамдар жерді таяқтарымен сабалай бастады. Ол өмірге қайта оралды", – дейді американдық дәрігер. Осы Бениндегі өлгенді тірілту мен Қытайдағы тәсілдің айырмашылығы өте көп сияқты. Қытайдың әулие монахы Ци таза дін жолымен адамды тірілтсе, ал бениндік үнділер болса шаманизмдік тәсілді пайдаланған. Шамандық (бақсылық) тәсілдер көбінесе сиқырлық тәсіл арқылы орында-латындықтан, олар көбінесе кері пропорциялы тепе-теңдікте әсер ететін дұғаларды пайдаланады. Бақсылардың керемет иесі болу сыры осында. Бақсылар пері, жын, шайтан, тіпті дию, албасты тағы басқалармен тікелей байланыста болғандықтан, өзінің құпия әрекеттері мен "әсерін" осылардың көмегімен іске асырып, оның басшысын сайлап, біреулерін өлтіруші, екіншісін тірілтуші етіп тағайындап, өз мақсаттарын ел алдында орындайды. Көбіне үнділік, тибеттік т.б. елдерде "Йогі" жаттығулары ұзақ жылдан пайдаланатындықтан, йогамен шұғылданатындар белгілі сағаттарға дейін өліп өз денесінен тысқары жанын шығара алады. Тірі жан жердегі денесін көреді. Ол дем алуын токтатады. Біртіндеп, ритымдық (үзілісті) сатымен иогі адамы өзін-өзі бұрынғы қалпына келтіреді. Бұл ұзақ мезгілдік жаттығу арқылы нәтиже береді. Ал Бениндегі бақсы ойынындағы оның адамдарының өлең ырғағы өлі денені (уақтылы) бұрынғы тіршілігіне келтіретін толқынды электр өрісін туғызады. Қысқасы, біз осы екі құбылыстан діннің таза жағы мен оның сиқырлы дұғаларынан да түсінік алғандай болдық. Испанияның Барселона қаласынан 32 шақырымдағы бір ауылға дүние жүзінен мыңдап келеді екен. Себебі, осы кішкене ауылдың дінбасы Микель Рамос әкей өліні тірілтеді. Ол жүрегі кенеттен токтап, қайтыс болған қала мэрі Гектор Торресті қайта өмірге әкелгенін 200-дей кісі көріпті. «Мэрдің табыты құдайға сыйынатын жерге қойылды. Одан кейін Ромас әкей тізесін бүгіп аят оқыды, қақпақтың бетін креспен шоқындырып, табыт бетін ашты. Осыдан кейін мэр түк болмағандай табыттан тұрды. Ол аман қалды», – деді оны көрген мейірбике. Дінбасы 152 адамды тірілткен көрінеді. Рамостың бұл қасиетін дәрігерлер де тексеріп, растапты. «Тіпті суға кетіп өлді санаған 6 жасар қыздың мәйітіне келіп әкей аят оқыды да, кресті маңдайына шоқындырған соң, қыз есін жиып тірілді»,—дейді дәрігер Луис Замора. Дегенмен әкей Рамосқа әлемнің түкпір-түкпірінен көмек сұрап, көп адам келгенімен, ол ашылып сырын айтпайтын адам екен. Бір ғажабы, ертеден-ақ Рамос адам өліміне қатты қайғырады екен. Мүмкін ел оны құдірет иесі дегенмен, бір құдіреттінің рухы оның тәніне енгізілген бе, кім білсін, бұл таза діни адамының өз құпиясы. Егер осындай құдірет біздің Қазақстандағы емшісымақ-тардың бастарына шала-шарпы қона қалса, жоғарғысы "құдаймын", ортадағысы "елшімін", ал төменгісі (Рамос әкей) – Исамын дер еді-ау. Онысыз да ешқандай ерекше қасиеті жоқтар кім болмай жатыр бұл өмірде. Десе де, біздің елімізде өлгенді тірілткендер шыға бастады. "Заман-Қазақстан" газетіндегі (№ 23, 29 мамыр, 1998 ж.) "Емші Зура" мақаласында жазылғандардың жоғарыдағы өлгенді тірілтумен ұқсастығы бар. Шын ба, өтірік пе (мақала авт. Ш.Сейхун), алматылық емші Бекбергенова Зура Сыздыққызы дұға оқып, Ақтөбеден келген, екі бүйрегі істен шыққан, Алматының бір ауруханасында қайтыс болған баланы тірілтіпті. Бала түнгі сағат екі шамасында ауруханада өледі. Баланың шешесі есіне Зура түсіп, ол келесі күні күндізгі сағат төртте ауруханаға барып, өзі аян алған аятын жеті рет оқығанда, бала көзін ашып кайта тіріліпті. Сонымен, шешесі қуана тірілген баласын поездбен Ақтөбеге алып кетіпті?! Міне ғажап, бірақ та бала кім, Ақтөбенің қай жерінен, ең болмаса шешесі кім, Алматыда қай ауруханада жатты, бәрі жұмбақ?! Егер бала ауруханада шын тірілсе, неге дәрігерлер хабарламады? Баланың анасы неге жүрек жарды сөзін баспа беттерінде, теледидарда айтпады? Бірақ, біз білетін Зура Сыздыққызы 1991 жылдан бастап өзі жөнінде республикалық басылымдарда түрлі мақалалар жаздырып келеді. Зура 1995 жылы "Әруақтар әлемі" атты өзіне арналған кітап шығартты. Осы емшінің үгіттеуші жеке тілшісі, кейін марқұм болған, жас журналист Баймақан Жақсыбекұлы еді. Қысқасы, Зура осы жылдарда өзін ғарыш пен жердің керемет адамы етіп көрсетуін жалғастыруда. XV ғасырдағы ғұлама ғалым, қара үзген шипагер Өтейбой- дақ Тілеуқабылұлының үсіп кетіп және суға кетіп, сондай-ақ, күйіп өлді дегендерді қарапайым әдіспен қайта тірілткенін еске алсақ, біздің бұрынғы ата-бабаларымызда ұлы қасиеттер болмады деп айта алмаймыз. Десе де, «жеті өлшеп бір рет кес» дегендей ұзақ зерттеп барып айтатын ғылыми дәлдік керек. Көптен бері баспа беттерінде өлген адамды тірілтушілер туралы әр түрлі пікір болып келеді. Осыны ескеріп, оқырманға өз жеке ойымызды жеткізуді мақсат еттім. Қытайдың әулие манахы ма, Бениндегі бақсылар ма, Австралиядағы сиқыршылар ма, Испаниядағы дін адамы Рамос әкей ме немесе алматылық емші Зура Сыздыққызы ма, бізге бәрібір, тек ғана олар шын құдірет иелері болса болғаны?! Қайтадан Құран аяттарына кезек берсек, Алланың жаратушылық құдіретіне шек жоқ. Өйткені, Алла өзі сүйген құлдарына жақсылығын аяған емес. Сондықтан, Құран қайта тірілудің негізін былай түсіндіреді: "Бәлкім, адам жаратуда әуел баста әлсіздік көрсеттік пе? Жоқ олай емес (әуелде әлсіздік жасалмаған соң, оларды тірілтуде де әлсіздік танытпай-мыз). Ал олар қайта жаратылатындарына күмәнмен қарайды" (Каф сүресі, 15 аят). Міне Алла тағала өз құдіретін осылай дәлелдеп, құлдарына ескертеді. Өлгенді тірілту де бір Алланың құдіреті, мұндай танымды ары қарай дамыту үшін тек қана дін жолын таңдау мен ғылыми еңбектерді пайдаланып зерттеу оң түсінік берері анық. /жалғасы бар
| ||