ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ

 

  главная                                        вернуться  



БІЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН БЕЙНЕЛЕР

Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым

 

/басы өткен санда/

 

 

Алматы маңындағы жаңадан үй салып жатқандардың Бұрылдай жағындағы ауылынан үй алайын деп барып едім, – дейді Қарақалпақстаннан келген жаңа танысым. Ерекше әсем салынған екі қабат үй сатылады әрі арзан деген соң көруге бардым. Үйде мін жоқ. Мұсылманның үйі. Салынғанына екі жылдай болған. Неге екенін белгісіз осы уақытқа дейін бірнеше адам бір-бірінен сатып ала берген. Мен де кейінгі үй қожасымен келісіп, сатып алуға уәделестім. Абырой болғанда менің бағыма біздің елден көшіп келіп, сол үй маңынан үй сатып алған дін адамы кездесті. Оған жақсылығымды қуана жеткіздім. Ол тыңдап болып, мен алатын үй тарихын маған баяндады. Сөйтсем, бірінші иесі үйді бітірген соң, аяқ астынан, үйге кірген күні ертесінде ауырмай қайтыс болған. Үй үрейлі. Тез сатылады. Әр сатып алған қожайын жоғарыдағыдай қайтыс бола береді. Міне ашық шындық. Бұл қалай? Ол үй орны құрылыс болмаған. Мүмкін ертерек дүниеден өткен бір әулие, батыр иә діни адамның сүйегі сол жерде жатыр ма, әлде киелі жер ме, бұл да шешусіз қалуда.

Бірде маған шымкенттік бір жас жігіт "Көке, Алматыда Рысқүлов көшесі бойында (Ковалев көшесі бұрышы) бір бос үй түр. Жері мол. Екі қабат. Иесі ертеде өз отанына көшіп кеткен. Жай емес, бұл үйде қайғылы адам өлімі көп бопты. Үйдің әйнектері өздігінен быт-шыт болып сынып кете берген. Ақырғы қожайын да ауыр қаражаттық шығынға ұшырап, өзімен өзі кеткен, - дей келе маған қорықпасаң сол үйге кіріп ал деді заң адамдары. Бірақ, жүрек дірілдегендей! Сіз соны көресіз бе?" - деп өтінді. Алдында бұл үй жөнінде "Караван" газетінен оқығам. Бардық. Үй тозған. Мен дұға оқып үйді аралап көрдім. Үй таза емес. Бірақ, бір кері энергия әсерін денем сезгендей болды. Өзімнің алып жүретін жай биоэнергетиканы өлшейтін құралыммен, үй іші мен сырт алаңын өлшегенде бұл жерде адамның миына бірден әсер ететін қатты "Қара күш" зұлым рухтардың барын айттым. Өзің біл, бұл ұяланып жанталасып биікке ұша алмай мәңгі жерде қалган "Зұлым" аруақ ордасы дегенімде, ол да ат тонын ала қашты. Ондаған жылдар бойы бұл үй осындай құбылысты бастан кешіруде. Тек қана жаны, иманы таза адам ғана табиғаттың сұрқиялы әсерінен аман қалады. Бұндай жанталасып, тынымсыз ғұмыр кешкен әруақтар әрқашанда адамдарға тыныштық бермейді. Сөзге келеді. Тіпті қолына қалам, қағаз алдырып, адамды өз еркіне көндіріп, түсініксіз тілде сөз, сызба сызықтар, суреттер салғызады. Мұндайлардың талайының қолтаңбасы архивімізде сақтаулы түр. Зерттеліп оқылуда. Дегенмен бұндай аруақтар қандай түрде әсер еткенімен, адамдарға зияндық ете алмайды. Сонда да сақтық, беріктік керек.

Кейде адамның жанды денесіне аяқ астынан сурет белгісі таңба болып түскенін де көргенім бар. 1993 жылы Жамбыл қаласында бір емші жотасына, аяқтарына ай таңбасы т.б. сызықтар пайда болғанын елге көрсетті. Ал, 1992 жылы бір атақты емшінің сеансында жанымда отырған, қолайсыздана бастаған әйелдің жағында жазу пайда болып, біраз уақыттан соң жоқ болды. Бұл да сол белгісіз құбыжықтардың қолтаңбасы екені шындық. Тағы бір кездесуде бір адам денесіне сандар, белгісіз сурет түскенін көрдік. Қысқасы, белгісіз құбыжықтар жаман, лас жерлерде, асханаларда, әжетханаларда алғаш көз болып көрініп, кейін бейнелік тұлғаға енуі мүмкін. Мұндай жаман жағдайға алматылық бір жанұя душар болды. Түнде кейде үйді жауып кеткенде біреу үйде жүргендей болады. Оны көршілері де растайды. Бірде ақшасын әмияннан алып қойған. Бір рет қайтарып берген. Бергенде былай болған. Үй иесі көршілеріне болған жайды айтып отырғанда, жоғалған ақшалары жеке-жеке ширатылған бойы, үй еденіне түскен. Қалай ешкім сезбеген? Жағдай ұдайы қайталанады. Маған келіп көмек сұрады. Бардық. Үй тексерілді. Арнайы белгі жоқ. Үйдегі заттарды тексергенде тұмар табылды. Бұл тұмарды бұдан он жылдай бұрын, бір о дүниелік болған дін адамынан алғанын айтты. Тұмарды ашып көрсем, бір түсініксіз белгі мен сөздер жазылыпты. «Мынауың тұмар емес, кері әсер ету дұғасы ғой» – дедім. Мынаны өрте де, жанып жатқанда қара. Түтін бір бейнелерді беруі мүмкін" – дедім. Үйі тазаландырылды. Ата-баба аруақтарына дұға оқылды. Дін жолына түсуге кеңес берілді. Енді тыныштық болады деп біз жұмысқа кеттік. Ертесінде маған телефон арқылы мен кеткен соң тұмарды өртегенін, жанған қағаз түтіні ішінен адам басы қаңқасы сиякты будақ бейне шыққанын және түсініксіз бейнелі сурет тәрізді көрініс болғанын айтты. Содан бастап тыныштық орнады. Біздің түсінік бойынша, тұмар берген молда кері дұға жазып берген. Оның әсері адамды ауру етті. Ал о дүниедегі азабын тартып жатқан рухы (аруағы) қатал қысым көріп, өз күнәсінан айырылу үшін жерге оралып тұрған болуы керек. Жерде шешім табылды. Мүмкін, Алла тағала оған кешірім еткен шығар. Қалтадан ғана емес, үйдегі қос кілтті сейфтегі әмиян ішіндегі ақшаны да алып кеткені жөнінде "Жас Алаш" газетінде (16.07.1996 ж.) жазды. Ташкенттен көшіп келіп Алматының "Жұлдыз" мөлтек ауданынан үй сатып алып тұрып жатқан Күләш деген емші әйел дәл осындай жағдайға душар болған. Өзінің жұбайы мен бойжеткен қызының қалталарындағы ақшалары белгісіз жоқ болып кетеді. Онға толған ұлының ғана азын аулақ ақшасын алмайды. Жағдай болған соң ақшаны сейфке салады. Кілт қалтада. Сейфті ашса ақша жоқ. Содан газетке хабарлайды. Газет мақаласынан кейін теледидардан көрсетеді. Бұл екеуінен радио да қалыспайды. Мен мақала бойынша бақылауға алдым. Түбі бір келу керек деп мақаланы оқып, кейбір жерін сызып қойдым. Уақыт өтіп жатыр. Бір күні тілші мен Күләш менің жұмыс орныма келді. Олар жағдайды маған баяндай бастады. "Уақытты көп созбайық. Мен сізді білемін, бақылауымдағы емшісіз" – дедім. Күләш "Мен сізді бірінші көруім, бұл қалай" – деді. Сіздің менде есепте бар-жоғыңыздың қажеті жоқ. Біз мұндай да және басқа жағдайды да қатал бақылап, есепке алып отырамыз дедім. Мен Күләшқа "Сіз ұят та болса дін қағидасынан айнып кетесіз-ау кейде, мынау соның қырсығы. Құран жолы ауыр. Шариғаттың шартын орында, енді сенде жаманшылық бола қоймас. Алла жар болсын" деп үйіне қайтардым. Осы күні оның газетке шыққанына жүз күн болған екен (16.XI.96 ж.). Күләш үйінде тыныштық орнағанын, тыныш өмір сүріп жатқанын, мен айтқан шарттарды орындағанын айтып, телефонмен маған хабарлады. Кім білсін, пенделікпен шарттарды толық орындалмады ма, Күләш тағы маған телефон арқылы байланысқа шықты (4.XII.1996 ж.). Күләштің үні өте мұңлы. "Аға, бір жеті болып қалды, тағы ақшасыз қалдық. Баяғы тарих құпиясы қайталануда, көршілер де ыңғайсыз, қорқынышты бола бастады. Енді қайтем? Бір көмек етсеңізші, аға", – деген үні сүйегімнен өтіп кетті. Мен бірден ойланбастан аузыма Алланың салған сөзі "Ол ақымақтар, қазір ақшаңды қойып қояды", – деп қоштаспастан телефон трубкасын орнына қоя салдым. Жанымдағы басқа ұйымның жауапты қызметкерлері "Зәке, не болды? Өңіңіз бұзылып кетті ғой, тыныштық па?"- десіп жатыр. "Құдай басқа салғанда көнесің. Менің емшісымақтармен алысқаным аз болғандай, енді көзге көрінбейтін бейнелі құбыжықтармен де алысуым қажет болып тұрғаны", – деп Күләштің жағдайын түсіндірдім. Олар сенерін де, сенбесін де білмей аң-таң. Сен деп жалынып тұрған мен жоқ. Біраз уақыт өте телефон құлағы шыр ете қалды. Мені сұрапты. Тыңдап тұрмын деп едім, арғы жақта таныс дауыс, бірақ қуанышты дауыс: "Аға, мен Күләш қой. Өз бөлмеме кірсем, жоғалған ақшамның бәрі төсегімнің үстінде жатыр. Сізге рахмет!", – деп жатыр. Мен: "Маған емес, рахметті Аллаға айтыңыз", – деп күліп жібердім. Келесі күні күн бейсенбі еді. Күләш хабарласып: "Аға, үйге келіп аруақтарға дұға оқып беріңізші, үйімнің мекен-жайы мынау", – деп сұранды. Келістім. Жалғыз барғанша деп радиодан бір қызметкерін ертіп алып, Күләштің үйіне келдік. "Жұлдыз" мөлтек ауданындағы көп қабатты үйден екі бөлмелі пәтер алыпты. Үй таза. Ерекше құбылыс жоқтай. Дегенмен, бір кері күш болуы мүмкін деп үйін тексердім. Үйінен өзі табынып жүрген "Әулие" емшісінің суретін алып тастаттым. Иілген шеге табылды. Бұл екі заттың көзі толық құртылды. Сейф екі кілтті. Сейф тұрған бөлмеде, қайдан түскенін аңғара алмадық, бүктелген 50 теңге ұшып, алдымызға түсті. Бұдан кейін үйді дұғамен тазаладық. Аруақтарына дәм арнап, дұға оқылды. Содан бері он жылдан аса уақыт өтті. Күләштің ақшасы өз басшылығында жұмсалуда. Мұндай өзімізде бар мәліметтерді жаза берсек, бірнеше том болар еді. Дегенмен кездейсоқ пайда болған үй, дала қожайындары жөнінде, аз да болса түсіндіруді міндет еттік. Бұндай құбылыс иелерін "Зұлым" рухтар деп айта беру бір жақтылық сияқты. Қасиетті Құран Кәрімде жазылғандай, адамды аздыратын, қорқытатын, ауру туғызатын арнайы Жын-пері, шайтан деген көзге көрінбейтін "қара күш" иелері болады. Осылар жаманшылыққа көп барады. Бұлар көбінесе әйелдерді, жас балаларды және санасы таяз сырқат жандарды көптеп иемденеді. Бұның барлығы да бір сыртқы құдірет күші, Алланың әмірімен ғана орындалады. Бақыланады. Бұл Алланың өзіне аян. Ал жоғарыдағы әр түрлі атпен аталған құпия күштердің көбі бүлдіруші емес. Олар әртүрлі белгі арқылы, мысалы, жерді тықылдатып, сан жобасы бойынша өз әрекетін жүзеге асырады. Оларды шақыратын, хабаршы аттары да бар. Олар кейде жердегілерден хабар алуға, жердегіге о дүниедегі ата-баба, туыс ағайынынан, кейде басқа да білетіндерге сәлем хабарын жеткізуге келетіндері де болады. Тіпті ешқандай мазаңызды алмай-ақ, өмірі жаныңызда сізді корғап жүретін, дыбыс беретін, кейде риза болса сізге төбеңізден қуат нұрын төгетін нәзік бейнелер де баршылық. Бұлар көбінесе әр түрлі өңді (көк, қызыл, жасыл, т.б.) болып құбылып та белгі береді. Олар аспанда, ұшақ ішінде, поезда т.б. көліктермен жүргенде де, әркашан "жаныңыздамын" деп сезім мүшеңізге белгі береді. Бұндай құбылыс өзімнің тікелей жеке басымда болады. Еркін бақылаймын. Облыстан облыс шекарасына өткенімде, кәдімгі жарық сәуле белгісінде екі түрлі жарық бір-біріне белгі беріп, өткізу мен қабылдау ережелерін орындағандай болғанын, Қызылорда мен Ақтөбе шекарасында поезд ішінде (1993 ж.) және аспанда ұшақ ішінде айқын бақыладым. Қысқасы, құдіретті күшке сену, ол бақытыңызды ашқандық. Біз Жаратушы иенің мәңгілік сынағындамыз. Біз бақылаушы күштер әсерімен өмір сүреміз. Біз діни сауатымызды анық ашқан сайын, белгісіз қонақтар жөнінде жаңаша көзқараспен қараймыз. Қасиетті Құран Кәрімде құпиялықтың шешуі, кілті, әсері, қорғаушы періштелері барына сенген артық емес. Ғарыштық сананың жоғары сатылы болып қалыптасуы үшін Аллаға құлшылық, ата-баба әруағына құрмет етейік.

/жалғасы бар/

Алматы қаласы

"Шипагерлік баян" газеті, қаңтар 2017

 

 

 

 
 
В начало