ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
|
||
главная вернуться | ||
Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым
Оқырмандардың сұраулары
бойынша үшінші
мәрте мәдениеттанушы ғалым З.Қожалымовтың "Рухани
емшілік ғаламаты" атты
кітабынан
Құран аяттарының әр түрлі ауруларға емдік тізбесін тұрақты түрде
сырқаттарыңызға шипа болсын деген ниетпен ұсынамыз.
АДАМДАРДЫҢ ӨҢІНІҢ ӨЗГЕРМЕУІ
Ми жасушаларының жұмысы қандай да бір себептермен бұзылатын
болса, онда адамның бойы мен денесінің өсу ересек үдерісінде
тартқанда да оның түрі бала күйінде қала береді. Бұл аурудан
айығу үшін таңертең күн шықпай тұрып, кешке ұйықтар алдында мына
сөздерді бір рет
Бисмиллахир рахманир рахим – (Мейірімді де рахымды есімімен
Алланың (бастаймын)) деп, одан кейін «Йа Шафиу» деп 1000 рет
қайталап, екі қолыңызға үшкіріп, науқас адамның бетін сипаңыз.
Бұны 3 айдан 6 айға дейін жасау керек.
АЛЛАДАН ЖӘРДЕМ СҰРАУ
Бұл дұғаны қаржыңызды жақсартуға ешқандай мүмкіндігіңіз
болмаған жағдайда ғана айтуға болады.
Сағат түнгі бірден кейін дәрет алыңыз. Жайнамазға отырып, 300
рет
Бисмиллахир рахманир рахим
Йа ил Йа ийлийах Йа Аллаһу
Йа Фаттаһу Йа Фаттаһу Йа Фаттаһу
Йа Жәбрәйілу Йа Микаиллу Йа Саманаиллу Йа Махлаиллу
деп оқыңыз.
Бұдан кейін жағдайыңызды жақсартуын сұрап Аллаға жалбарынып,
ешкімге ештеңе айтпай төсегіңізге жатыңыз. 21 күннен кешікпей
Қайырымды Аллаһ қалаған кез келген жолмен өзінің шапағатымен
сіздің тілегіңіз орындалады.
АЛЛЕРГИЯ
Түстері әртүрлі шағын жеті түрлі мата қиындысын алыңыз. Оларды
аурудың алдына жайып тастап, ішінен біреуін таңдатыңыз. Осы мата
қиындысына қара жіппен
ﻋﺰﺮﺍﺋﻴﻞ
ﺠﺒﺮﺍ
ﺋﻴﻞ
ﺍﺳﺮﺍﻔﻴﻞ
ﻣﻴﮐﺎﺋﻴﻞ
деп жазу керек.
Осы қиындымен аурудың мойнын орап немесе оны білегіне байлап қою
керек. Егер ауру матаны мойнына да, қолына да салып жүргісі
келмесе, онда матаны оның жастығының ішіне салып қою қажет. Онда
бұл жастықты аурудан басқа адам пайдаланбауы тиіс. Бұл әдіспен
аллергияның кез келген түрін емдеуге болады. Аллергия пайда
болуының өзіне тән себептері анықталмаған. Шаң-тозаңның,
дәрі-дәрмектің, жағымсыз иістің, ауаның ластануынан аллергия
пайда болуы мүмкін. Бұл әдіс қандай жолмен пайда болғанына
қарамастан барлық аллергияны емдей алады.
АҚЫЛ-ЕСТІҢ АДАСУЫ
Адамның ақыл-есінен адасуы өте қайғылы. Оның пайда болу себебі
ауыр ойлардан, уайымнан, өмірдің жағымсыз жақтарынан немесе қан
құрамында қанттың көбейіп кетуінен, қан қысымының көтерілу
немесе төмендеуінен, қатты дене жарақатынан, теріс оқудан
(сиқыр, дуа), дәріге уланудан, жалғыздықтан т.б. болады.
Сырқаттың себебі қандай болса да, бір рет «Бисмиллахир рахманир
рахим» деп оқып, суға үшкіріңіз де, сол судан науқас адамға бір
жұтым ішкізіңіз.
Тағы бір әдісі – науқас адам аузына бір жұтым су алып тұрып «Бисмиллахир рахманир
рахим» деп ішінен оқып, суды жұтуы керек. Егер науқас адамның
бұны жасауға шамасы келмесе,
онда тағам құрамындағы тұз көлемін 4 есе азайтқан жөн.
АЛАСҰРУ, ЕСІРУ
Кейбір адамдар жүйке қызметінің әлсіреуінен өзін-өзі басқару
қабілетінен өте аз уақытқа айрылып, қайта есін жиғанда өзінің
не істегенін сезбей де қалады. Бұл ауруға табаға аз ғана қант
салып, ол қоңыр түске айналғанша күйдіріңіз де оған жарты стақан су құйыңыз. Сосын қағаз бетіне төменде келтірілген мәтінді
жазып, содан кейін қағазды қант ерітіндісімен шайыңыз.
Науқас әйелге осы дәрі-дәрмекті 11 күн бойы күн сайын ішкізу
керек. Ем кезінде науқастың тұзды пайдалануын азайтып, оның
орнына ақ минералды тұзды үгіп қолданған жөн.
Ауру асқынған жағдайда осы дұғаны қағазға жазып, оны мақтаға
орап білте жасау керек. Содан кейін білтені зәйтүн немесе мақта
майына батырып алып, жағып, науқас әйелге түтінін иіскетесіз.
АНЫҚТАЛМАҒАН АУРУЛАР
Қағазға
деп жазып, науқас адамның мойнына тұмар етіп байлап қойыңыз.
Ауру қайталанған жағдайда осы сөздерді қағаздың бетіне жазып,
оны сумен шайыңыз да, суды науқас адамға ішкізіңіз.
АСҚАЗАН ЖӘНЕ ІШЕК АУРУЛАРЫ
1. Асқазан
ауруының түрлерi
Көбінесе ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылуы, іштің қатуы және
асқазан сөлінің құрғауы салдары асқазанның көптеген ауруларын
туғызады. Бұл аурудың тағы бір себебі – іштің кебуі. Ас қорыту
жолында пайда болған газ төменге түсудің орнына жоғары
көтеріледі де, адамның тынышын кетіреді. Егер жиналған газдың
қысымы жүрекке түссе, адамның жүрегі қысылып, тынысы тарылады,
газ басқа қарай бағытталса, онда бас ауырады, қолға қарай жүрсе,
буындар ауырып, қол қалтырайды. Ал егер газ өңеште қалса, ол
жүректі сыздатып, мұрыннан су ағып, адам түшкіре береді. Газ
ұлтабар мен ішекте жиналып қалса, бұл бауыр мен ішек жұмысының
ауруларына алып келеді.
Іштің кебуі, шаншу, құрысу, соқыр ішек, іш өту, ішек жұмысының
нашарлауы сияқты ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеу үшін сары
түсті шыны бөтелке немесе сары целлофанға оралған бөтелке алып,
оның ¾ бөлігін сумен толтырып тығындаңыз да, түстен кейін 3-4
сағатқа күннің астына тастаңыз. Кешке осы бөтелкеден бір қасық
су алып, онда үш қағазға төмендегі мәтінді жазыңыз:
Қағазды күннен қуат алған сумен жуып, оны науқас адамға түскі
астан жарты сағат бұрын ішкізіңіз. Екіншісін, оның суын таңғы
астан жарты сағат бұрын, үшінші жуған суды бұдан кешірек түскі
асқа дейін беріңіз. Бұл емді ауру толық жазылып кеткенше
қайталаңыз.
2. Асқазан жарасы
Төмендегі сөздерді ақ қағазға қалам сиясымен жазыңыз. Қағазды
сумен шайып, осы суды 40 күн бойы таңертең, кешке және ұйықтар
алдында ішуі керек.
Дәрігер көрсеткен диетаны сақтау қажет.
3. Астың нашар қорытылуы
Құтпан намазынан кейін 101 рет
Таббат йадаа абби Лахабин Ва
табба Маа Агнаа ъАнху Ма Луху вама Касаба Саяасла наран
зата Лахабин Ва амраатуху
деп оқыңыз да, келесі Құтпан намазын оқуға жетерліктей суға
үшкіріңіз. Ауру адам тек осы суды ішуі керек. Ем 21 күнге
созылады. Ауру адам емдік судан басқа су ішпеуі тиіс.
4. Ішек туберкулезі
Ішек ауруының бұл түрін емдеу үшін Құранның 12-Юсыф сүресінің 1-аятын дауыстап оқыңыз:
Бисмиллахир рахманир рахим
Алиф лам ра Тилка Айатулкитабил
мубин Аррахим Аррахим Аррахим
Содан кейін 11 рет ыдыстағы суға үшкіріп, сосын суды науқас
адамға ішкізіңіз. Бұны күн сайын күн батар алдында 90 күн бойы
жасау керек.
АСЦИТТЕР
Бұл ауру жазылмайтын дерттердің бірі болып
есептеледі. Аллопатиялық медицинада құрсақ қуысында жиналып
қалатын зиянды заттарды клизма көмегімен алып тастайды. Алайда
олардың кейбіреуі уақыт өте келе қайта пайда болады да, оны
қайтадан алып тастауға тура келеді. Бұл әдіс тек уақытша ғана
жеңілдік әкеледі, ауруды толығымен жазбайды.
Ал Аллаһтың көмегімен емделген аурулар өз
кеселдерінен толығымен жазылып кеткенін, арнайы діни рухани
емшілер дәлелдеген. Қағазға қасиетті Құранның 2-Бақара сүресінің
219-аятындағы дұға сөздерін қағаз бетіне жазыңыз:
Бисмиллахир рахманир рахим
Ва исмухума акбару мин нафъийхима
Дұға жазылған қағазды шиыршықтап ораңыз да, сосын отқа жағыңыз,
бірақ бірден жанып кетпесін. Шала жанып, түтіннің мейлінше
көбірек шыққаны жақсы. Осы түтінді ауруға иіскетіңіз. Бұны
күніне бір рет, дұрысы ұйықтар алдында жасаған жөн.
Бұдан басқа тағы бір шара жасау керек. Ауру адам еденге немесе
жерге жатып, екі қолын басына салып, көзін жұмсын. Жоғарыда араб
тілінде жазылған сөздерді дауыстап оқып, ауру адамның
асқазанында жиналып қалған зиянды заттар жарық сәулеге айналып,
аурудың аяғынан шығып, жерге төгіліп жатқанын медитациялық
әдіспен елестетіңіз. Бұл емді ауру толығымен жазылып кеткенге
дейін жүргізіңіз.
АШУЛАНШАҚТЫҚ
Жүйкесі әлсіз адамдар өте ашуланшақ болып келеді. Олардың
кейбіреулері өз өміріне, тұрмысына риза болмай қытымырланса,
енді біреулері жұмыста тыныш, ал үйде адам төзгісіз ашушаң
болады. Бұндай адамдар өзгелерді өз уысында ұстап, оларды
басқарғысы келіп, өз айтқаны мен ойлағанына көндіруге тырысады.
Осындай мінезден құтылғысы келген адам бір стақан су алып, бір
рет «Йа уәдуду» деп, суға үшкіруі керек. Одан кейін осы суды
үшке бөліп ішеді. Ал егер оны емші емдесе, онда ол емделушінің
суды бірінші рет таңертең күн шығар алдында ішуін қадағалау
керек. Ем 40 күннен артық жүргізілмеуі шарт.
АУРУ
ДИАГНОСТИКАСЫ
Аурудың себебін білу үшін Фаджр (азан) намазынан кейін бірден
Бисмиллахир рахманир рахим
деп 100 рет қайталаңыз да көзіңізді жұмып, науқас адамды көз
алдыңызға елестетуге тырысыңыз. Бұны науқас адамның өзі де
жасауына болады. Аурудың анық диагнозы белгілі болғаннан кейін,
одан айығудың жолын іздесеңіз, ұйықтар алдында жүзіңізді
солтүстік жаққа бұрып, дұғаны тағы да 100 рет қайталап, ешкімге
ештеңе айтпай, ұйықтауға жатыңыз. Тиісті ем түсіңізде немесе
өңіңізде айтылады. Бұны сізге дәрі белгілі болғанша жасай беру
керек.
Алматы қаласы
|
||