ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
главная вернуться | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым
/басы өткен санда/
ОЙЫҚ ЖАРА
Бұл асқазан ауруының негізгі себептерінің бірі – жағымсыз тағамдардан мөлшерден тыс тамақтану. Ем кезінде қызыл бұрыш, ащы, қышқыл және қуырылған тағамдарды пайдалануға болмайды. Сонымен бірге төменде келтірілген дұға сөздерін жазып, оны сумен шайып, сол суды науқас адамға күніне 3 реттен ішкізу керек. ٧٨٦
ОМЫРТҚА АУРУЫ
Омыртқа қозғалғанда немесе сызат алғанда, делбе (менингит) ауруына ұшырағанда, сондай-ақ омыртқа мен орталық жұлынға зақым келген кезде төменде көрсетілген кестені қағаз бетіне салыңыз. Қағазды целлофанға орап, тұмар ретінде науқас адамның ауыратын жеріне байлап қою керек.
Мойын омыртқасы мен арқаның ауруы Жамбас сүйектері, омыртқаның төменгі және жоғарғы бөлігі, желке ауруларына алоэ ағашына төменде келтірілген дұғаны жазыңыз, науқас адам оны мойнына тағып жүрсін. Қатты ауырғанда осы мәтінді қағазға жазып, оны сумен шайып, сол суды науқас адамға ішкізіңіз.
ОТБАСЫНЫҢ АУРУЫ
Үйді үнемі тазалап, кір-қоқысты жинап, ауаның құрғап кетпеуін қадағалап отыру керек. Алайда соған қарамастан отбасы мүшелері түгелдей ауырып қалса, төменде келтірілген дұға сөздерін қағазға жазып, оны үйде жел қағып тұратын жерге іліп қойыңыз.
ӨЗІН ӨЗГЕЛЕРДЕН ТӨМЕН САНАУ
Адамның ерік-жігері, тұлғалық мінез-құлқы әлсіз болса, ол өзін-өзі өзгелерден төменмін деп санайды. Кейбір адамдар өзін басқа адамның бетіне тура қарай алмайтындай, онымен сөйлесе алмайтындай көреді. Бұдан шығатын қорытынды – өзін-өзі өзгелерден әлдеқайда төмен санау адамның рух-жігерін әлсіретеді. Дұрыс ойлау мен теріс ойлау сезім тудыратын ми жасушаларының қызметін жақсартады немесе әлсіретеді. Ой – ол шексіздіктің өлшеусіз құдіретті күшіне ие қуат көзі. Сондықтан да бұл сезімдер біздің ерік-жігерімізді билейді, еркіміз әлсіреген кезде сезімдер де өз бақылауымыздан тыс қалады да, біздің өмірімізді бос, жалған етіп көрсетеді. Осы бостық пен жалғандық өзін-өзі төмендету түрінде көрінеді. Бұл кеселден құтылудың ең қарапайым әрі жеңіл әдісі – ішкі және сыртқы сезімдік тазалықтың өзіндік тұрақтылығын сақтау болып табылады. Үнемі тазалықты сақтап жүру үшін табиғи мүмкіндігіңіздің ешқайсысын елеусіз қалдырмаңыз, ақыл-есіңізді тұншықтырмаңыз. Қажет болған жағдайда дәрет алып, намаз оқып, мешітке барып, имандылық жолының тазалық сезімін жаңартып отырыңыз. Бұл сіздің өз рухыңызды жақсылыққа, жігерлілікке, қайсарлыққа, адалдыққа жеткізуіңізге даңғыл жол ашады.
ӨЗІМЕН ӨЗІ СӨЙЛЕСУ
Адамдардың ішінде әртүрлі себептерден жүйке жүйесінің әлсіреуі пайда болып, тұлғалық қуаты азая бастағанда, кейде өз өмірінен өзі күдер үзетін кезеңге тап болады. Адам өзін-өзі басқарудағы тұрақты қуаттылығынан ауытқығанда, оның ой-санасын елес, көрініс, дыбыстық әсер, т.б. сыртқы және ішкі түсініксіз күштердің басқаруына ілінеді. Бұны медицина мамандары мен дін жолы адамдары теріс есі ауысқандыққа жорамалдайды. Бұндай қайғылы-қасіретке тап болғандарды емдеу үшін Қасиетті Құранның 2-Бақара сүресінің 255-аятындағы «Аллаху ли иллаха илла ху уәл хайюл Қайюм» бір рет оқып, күн шығар алдында суға үшкіріңіз. Осы суды науқас адам 90 күн бойына ішу керек. Егер науқас адам өз бетінше емделгісі келсе, айтылған дұғаны бір рет оқып, екі қолына дем салып, сосын бетін сипау қажет. Бұны таңертең күн шықпас бұрын бір рет, кешке ұйқыға жатар алдында бір рет жасау шарт.
ӨКШЕНІҢ АУРУЫ
Өкше ауруының емін діни жолда емдеудің мынадай әдісін ұсынады: тұрғанда да, жүргенде де Қасиетті Құранның 5-Маида сүресінің 6-аятын (Уәмсаһуа Бируусикум уәәржулакум Илалкаъбан) мейлінше жиі оқып тұрсаңыз, ауруыңыздан айығасыз.
ӨНІМДІ АРТТЫРУ
Үлкен қағазға Құранның 24-Нұр сүресінің 35 аятын (Аллаһу Нурусамауати Уәлард) жазыңыз. Содан кейін бұл қағазды 5-10 литр сумен жуыңыз. Осы суды егістікке бүрку керек. Бұл шараны бір рет жасағаннан кейін-ақ осы егістіктегі өнімнің түсімі артады.
ӨТ ЖОЛЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
Өт қабының қабынуында немесе өт қабында тас болғанда су құйылған ыдысты алып, бір рет «Аллаху лә иллаха илла ху уәл хайюл Қаюм» оқып, суға үшкіріңіз де, оны науқас адамға ішкізіңіз. Бұны 40 күн бойы күніне үш рет қайталаған жөн.
РАК АУРУЫ
Рак қан ауруларының кеселінен болады. Адам ауыр ойлардың шырмауынан шыға алмай, олардан қалай құтылудың жолын білмей торықса, оның қуаты уланып, ол қанды зақымдайды. Осының салдарынан ағзада вирустар пайда болады. Бұл вирустар бір жерге жиналып, ағзаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қуатты жоя бастайды. Вирустар қанның қызыл түйіршіктерімен қоректенетіндіктен, қан мен ұлпалардағы ақ түйіршіктер көбейіп кетеді де, соның салдарынан ақ қан (лейкемия) ауруы пайда болады. Адам ағзасы осы ақ түйіршіктерден құтылу үшін бар энергиясын жұмсайды да, соның себебінен адам әлсіреп, арықтайды, соңында өлім құрсауында қалады. Рактың басқа түрлерінде вирустар күре тамыр мен көк тамырды зақымдайды. Бұл қан айналысы жүйесін зақымдап, нәтижесінде адам өліміне алып келеді. Бұл аурудың пайда болуын психологиялық жағынан түсіндірсек, рак сезімтал, нәзік, тәуелсіз, жазылуға сенуді қалайтын ауру. Сондықтан науқас адам қатты ұйықтап жатқанда, емші оның қасына оңашада келіп отырып, ракқа өтініш айтуы керек. Аурумен сыпайы сөйлесіп, оны науқастың денесін тастап кетуін өтінуі қажет: «Құрметті Рак! Сен шынымен де мейірімдісің. Мына адам өлім аузында. Мен сенен оның денесінен шығып кетуіңді сұраймын. Саған Аллаһтың шапағаты тиеді, өз мейірбандығың үшін оның мейіріне бөленесің. Мен сенен қатты өтініп сұраймын, мына адамнан кет!» Осы жалбарынудан кейін ауру науқас адамның денесін тастап кетеді деп сену керек. Сонымен бірге науқас адамды қоршаған ортаға жіті назар аудару қажет. Науқас жатқан бөлмені қызыл түспен көмкеру керек. Қабырғалар, перделер, төсек жаймалары, тіпті науқастың киімі де қызыл түсті болуы тиіс. Сондай-ақ 41 парақ қағаздың бетіне қызыл түсті сиямен төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз:
Бір қағаздан тұмар жасап, науқас адамға тағыңыз. Енді біреуін сумен шайып, осы суды науқас адамға күн сайын ішкізіп тұрыңыз. Қалған 40 парақты 40 күн ішінде осылай пайдаланыңыз.
РУХАНИ ЖӘНЕ ТӘН ҚАБІЛЕТІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
Әртүрлі жағдайлардың әсерінен кейде адамның жағдайы күтпеген шиеленіске ұшырайтындықтан, адам бұдан шығудың жолын іздестіргенмен, оның әрекеттері еш нәтиже бермей, жүйкесі әлсіреп, шаршап, бәрінен күдерін үзеді. Осының салдарынан оның жұмысында, ұжымында және отбасында да берекесі кетеді. Бұл сәтсіздіктерден шығу үшін төменде көрсетілген тәртіпте ойып салынған ۹ белгісі бар үш қатарлы және үш бағаналы күміс жүзік тағып жүру керектігін ұсынады. Бұндағы белгі 9 саны емес, ол – шеңбер мен түзу сызық.
САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ ЖҰЛЫННЫҢ ҚАБЫНУЫ
Адамның жаны мен тәнінің саулығы оның ағзалары арқылы таралатын толқынды қуаттардың тепе-теңдікте болуына байланысты. Егер бұл толқындар омыртқада ғарыштық сәулелермен тоғысып, адам денесінің оң жағынан 12 см-дей орын алатын болса, онда ағзаның қуаттық жүйесі толығымен зақымданады. Дененің төменгі бөлігінің зақымдануы полиомиелит, ал қалған бөліктерінің зақымдануы сал болып қалу (паралич) деп аталады. Егер ми жасушалары арқылы өтетін қуат ағынын ғарыштық сәулелер басып қалса, онда адамның беті сал болып қалады. Бұл аурудан беттің бұлшық еттері қатты ауырады және бет бір жағына қисайып тұрады. Тек бет пен мұрын ғана емес, сондай-ақ көз де зақымданады. Бұл ауруды емдеу үшін қағазға сиямен төмендегі дұға сөздерін жазу керек:
Одан кейін сумен шайып, науқас адамға сол суды таңертең бір рет, кешке бір рет және түнде бір рет ішкізу керек. Сонымен бірге көлемі 9х9 см болатын қатты жылтыр қағазға осы дұғаны жазып, онымен науқас адамның басын, маңдайын, бетін және желкесін күніне 3 рет 4-5 минут сипалау қажет.
САНА ӘЛСІЗДІГІ
Ес – адамның негізгі тұлғалық арқауы. Адамның ақыл-есі саналы және санасыз болып екі түрге бөлінеді. Егер саналы ес әлсіз болса, онда адам санасыз ес ақпараттарын қабылдай алмай, соның салдарынан оның мүмкіндігі төмендей бастайды. Бұл ауруды емдеу үшін қағазға сиямен төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз. Тәрелкені сумен шайып, сол суды науқас адамға таңертең ашқарынға ішкізіңіз.
САПАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Жол сапарына аттанбас бұрын, үйден шығарда Йа хафизу Йа уәдуду Йа рахиму Йа мурийду Йа хафизу Йа уәдуду Йа уәдуду Йа Аллаху Йа хафизу деп дұға оқыңыз да аспанға үшкіріңіз. Құдіретті Жаратушының шапағатымен сапарыңыз қауіпсіз, сәтті болады.
/жалғасы бар/ Алматы қаласы "Шипагерлік баян" газеті, қазан 2017
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||