ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
|
||
главная вернуться | ||
ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым
/басы өткен санда/ Кеуденің кішкентайлығы Әйел анарының әдемі болуы – оның сұлулығының
бір бөлшегі. Ол тек әйел мен еркектің арасындағы айырмашылықты
ажыратып қана қоймастан, сонымен бірге баланы емізу үшін да
маңызды болып табылады. Әйтсе де анары өте кішкентай әйел
өзінің тән сұлулығын толығымен аша алмайды. Сондықтан ондай
әйелдерге мынадай дұға көмектеседі. Ұйықтар алдында әйел «Уәттаийни уәз
зийтуни» (Қасиетті Құранның 95-Тин сүресінің 1-аяты) деп 100
рет оқып, кеудесіне үшкіріп, үндемей орнына жату керек. Мұны 90
күн бойы жасау керек. Бұл кеудені әдемі, шымыр етеді. Түсік тастау, мерзімінен бұрын босану, бала
өлімі Әр түрлі себептермен ана құрсағындағы ұрықтың
дұрыс дамымауы баланың түсіп қалуына, әйелдің уақытынан бұрын
босануына немесе бала өліміне әкеледі. Бұның негізгі себебі –
әйелдің ұрығының дамуына жауап беретін ми бөлігінің дұрыс жұмыс
атқармауы. Ал ми жұмысының бұзылуына кейбір ауру түрлері немесе
әйелдің жандүниесінің дұрыс болмауы себеп. Сондай-ақ күшті
дәрілерді жиі және қажеттіліксіз қабылдау да, ащыға құмарлық,
ауыр тұрмыс, қорқыныш пен үрей осы жағдайға душар етуі мүмкін.
Бұндай жағдайды болдырмау үшін аяғы ауыр әйел жүйке жұқаруында
жасалған емді қолдануы керек. Тұмарды жүктіліктің алғашқы
айларынан бастап тағады. Әйел аман-есен босанғаннан кейін
тұмарды баласының мойнына тағып қоюы керек.
БАДАМША БЕЗДІҢ ҚАБЫНУЫ (ТОНЗИЛЛИТ), ШІРІНШЕ (ЗОЛОТУХА) 1.Оң қолыңыздың сұқ саусағының басына азғантай
ақ күл салып, бір рет «Йа уәдуду» деп, саусағыңызға
үшкіріңіз. Содан кейін науқастың мойнының ауыратын жеріне
саусағыңызбен Х белгісінің суретін салыңыз. Егер денеде бірнеше
жер зақымдалса, бұл шараны әр қайсысы үшін қайталау керек. 2.Әдетте, бұл ауруға кішкентай балалар
ұшырайды. Кейде көмей мен тамақта бірдеңе түрғандай болып,
ауаның өтуі нашарлайды. Бұл ауруды емдеу үшін Қасиетті Құранның
2-Бақара сүресінің 255-аятын «МанЗаллази Йашфаъу Индаху Илла
Биизнихи» деп бір рет оқып, суға үшкіріңіз. Осы суды науқас
баланың тамағына бірнеше рет құйып, су өткенше тамақты уқалаңыз.
БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ Баланың оқуға талпынысын жақсарту Ұйықтап жатқан баланың бас жағына отырып бір ай
бойы Құранның 54-Қамар сүресінің 22-аятын оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Есте сақтау қабілетін жақсарту Таңертеңгі Бамдат намазынан кейін 3 рет «Рабби
Йасир уәлә туъассир» - деп оқып, су құйылған ыдысқа
дем салып, осы суды 21 күн бойы ішіңіз.
Жүйкенің тозуы Балалар жүйкесі тозуының белгілері: түнде
шошыну, себепсіз айқайлау, жылау, қалтырау, өзін-өзі және
басқаларды тырнап тастауға әрекеттену, еш себепсіз денесінің бір
ысынып, бір суынуы, туа біткен әлсіздік немесе ауру, арықтық,
зат алмасу үдерісінің (процесінің) бұзылуы, көз астының қарайып
тұруы. Баланы осы аурудан сақтандыру үшін немесе емдеу
үшін қағаздың бетіне қаламның сиясымен мынадай дұғаны жазыңыз: Содан кейін бұл қағазды целлофанға орап, аспан
түстес көк матаның ішіне салып тігіп қойыңыз. Осы тұмарды
баланың мойнына тағыңыз.
Кереңдік және мылқаулық Кереңдік немесе мылқаулық туа бітсе де, жүре
келе пайда болса да, діни ғұламалар оларды мынадай жолмен
емдеуді ұсынады: Бала түнде ұйықтап жатқанда, оның оң жағына
келіп «Кааааф
хаа йаа аааайн саааад» – (Құран, 19 Мәриям сүресі, 1-аяты)
деп оқыңыз. Әрбір дыбысты бөлек, дауыстап айту керек, бірақ бала
оянып кетпесін. Бұл шара 6 айға созылады. Егер сіз бірнеше күнді
жіберіп алсаңыз, онда 6 ай біткеннен кейін, сол күндерді есептей
отырып, ем жасалған күннің орнын толтырасыз. Егер баланы анасы
емдесе, онда ол бұл емді тіпті етеккірі кезінде де жасай беруіне
болады.
Көкжөтел Ақ қағазға қаламмен төмендегі дұға сөздерін
жазыңыз. Дұғаны суы бар ыдысқа салып, сол суды ауру адамға 11
күн бойы таңертең және кешке ішкізіңіз. Бисмиллахир рахманир рахим Кіші дәреттің тоқтамауы (Энурез) Кейбір балалар есейгенше төсекке дәрет етіп қоя
береді. Бұл ауруды емдеу үшін түнде бала ұйықтап жатқанда, оның бас жағында тұрып Қасиетті Құраннан келтірілген төмендегі дұға
сөздерін ( Әл-Бақара сүресі, 1-3-аяттары) дауыстап оқу керек. Бала оянып кетпесін. Бисмиллахир рахманир рахим Бұны 21 күн бойы жасау керек.
Құлақ
ауруы Балалардың құлақ ауруын емдеу үшін төмендегі
шараны орындаңыз: Бисмиллахир рахманир рахим деп, Құранның 113-сүресі Фәләқты үш рет оқыңыз. Одан кейін қасықтағы сүтке немесе суға үшкіріп,
балаға ішкізіңіз. Ауру қайтпаса, бұл шараны қайталаңыз.
Құлақтан
бұлақ ағу Бала құлағынан бұлақ аққанда мына аятты «Әл
ләзи Халақа фәсәууә уәл ләзи қаддарә фә һада» – (Құран, 87-Ағла сүресі,
2-3-аяттары) оқып, кішкене мақтаға дем салып, оны ұйықтар
алдында баланың ауыратын құлағына қою керек. Таңертең қайтадан
дұға оқып, жаңа мақта салады. Бұны құлақтан бұлақ тыйылғанша
жасау керек.
Қыңыр,
қиқарлық Бала қыңырлығын емдеп жазу үшін жүйке тозғанда
қолданылған тәсілді пайдаланған жөн. Ақ қағазға мына дұғаны
жазыңыз:
Содан кейін бұл қағазды целлофанға орап, аспан
түстес көк матаның ішіне салып тігіп қойыңыз. Осы тұмарды
баланың мойнына тағыңыз.
Өкпенің
және өкпе қабының қабынуы Қағазға қаламмен мынадай дұғаны жазыңыз:
Бисмиллахир рахманир рахим Жазуды сүтке салып, сүтті ауру адамға
ішкізіңіз. Бұны 3 күн бойы күніне 3 рет жасау керек.
Тәбеттің
болмауы Балаға тамақ бермес бұрын, бір рет
«Бисмиллахир
рахманир рахим» -деп, одан кейін «Йа рахим» деп, 12
рет оқыңыз да тамаққа үшкіріңіз. Топырақ жеу әдеті Кейбір әйелдер мен балалардың топырақ жейтін
әдеті болады. Бұл жаман әдет әртүрлі ауруларды тудырады.
Сондықтан одан арылу үшін мынадай ем қолданылады. Сүт құйған
ыдыстың үстінен қарап тұрып, Бисмиллахир рахманир рахим деп 3 рет оқыңыз. Содан кейін сүтке үшкіріп,
оны балаға ішкізіңіз. 11 күн ішінде бала топырақ жеуін қояды.
Егер баланың анасында да сондай әдет болса, оған да осы дұға
көмектеседі, тек сүттің орнына суды қолдану керек. Бұл әдісті
күніне 3 рет қайталау керек.
Тіл, көзден сақтау Жас баланың денесінің қара қуатқа қарсы тұру
кедергісінің күші өте әлсіз болғандықтан, ол сыртқы күштерге
қарсылық ете алмайды. Сондықтан да тіл-көз сүйкімді, ақылды
балаларға көп тиеді. Бір қызығы балаға өз ата-анасының,
бауырларының да тілі, көзі тиюі жиі кездеседі. Көз тиген бала
тынышсызданып, тамақ жемей қояды, кейде қызуы көтеріліп,
бірте-бірте әлсірей бастайды. Бұл ауруды емдеп жазу үшін
Құранның 108-Кәусар сүресін оқып, баланың бетіне үшкіру керек. Бисмиллахир рахманир рахим
Тістің шығуы Қағазға мына дұға сөздерін жазып, Бисмиллахир рахманир рахим оны тұмар қылып, баланың мойнына тағып қойыңыз
(Құранның Жүсіп сүресі–1). Құдайдың шапағатымен бала тіс шығуына
байланысты туындайтын ауыртпалықтардан құтылады.
Шошып ояну Ұзақ уақыт әр түрлі жағымсыз әрекеттер туралы
ойлану адамның күш-қуатын әлсіретеді. Бұдан жүйке жүйесі
жұлынының жұмысы нашарлап, адамның ми бөлігінің қызметі өзінің
жұмысын дұрыс атқара алмайды. Соның салдарынан адамның ұйқысы
бұзылады, түнде шошып оянуы жиілейді. Егер адам бір жақсылыққа
көңіл аударып, ойы бөлінсе, түнде шошынуын қояды. Шошынудан
арылу үшін «Ашшату Назифату» деп оқыңыз. Мүмкіндігінше
бұны үнемі қайталап жүрсе, адамның бойындағы шошыну, үрейлену т.б. ыңғайсыздық
жағдайлардан құтылатыны дәлелденген.
Ішек құрты Ішек құртының қандай түрі болса да, одан арылу
үшін Құранның Әл-Кәусар (108-сүресі) 3 рет оқыңыз да, жартылай
су құйылған стақанға дем салып, суды балаға ішкізіңіз. Бисмиллахир
рахманир рахим Сондай-ақ айтылған сүрені оқи отырып, аурудың
ішіне таңертең, түсте және кешке үшкіріңіз. Ауру адам бұны өз
бетінше де жасай алады. 11 күннің ішінде ауру толығымен айығып
кетеді.
БАЛАНЫҢ
ТІЛАЗАРЛЫҒЫ
Баланың ой-санасы жетiлуiнiң жартысына жуығы ата-анасына және үйдегі
тәртіп-тағылымға байланысты болса, екінші жартысы өзін қоршаған қоғамға
байланысты болады. Егер үйде тыныштық, ынтымақ болмаса,
ата-аналары күнде ұрысып-керісіп жатса, балалары сол ата-ананың
барлық жаман әдеттерін өздеріне сіңіріп алады. Бірте-бірте бұл
әдеттер оның болмысында тұрақты орын алады. Алғашында балалар өз-өздерімен күрессе, кейін
ата-аналарымен алыса бастайды. Ата-аналары қажетті тәлім
алмайынша, өз балаларын түсіне алмайды да, олармен дұрыс
қарым-қатынас орната алмайтын жағдайға келеді. Бұл балаларды
дөрекілікке, тілазарлыққа алып келеді. Ал үйінде тыныштық,
келісім орнаған немесе ең болмаса ата-аналары өздерінің
ұрыс-керістерін көрсетпейтін ортада тәрбиеленген балалар
тілалғыш болады, ата-аналарына үнемі көмектесіп жүреді. Балалар үшін оларды шектен тыс еркелету мен
мәпелеу қандай зиян болса, шектен тыс қаталдық пен дөрекілік те
соншалықты зияндығын тигізеді. Екеуінің де нәтижесі өкінішке
әкеледі. Ата-ана өзінің жүріс-тұрысын, мінезін өзгертуден басқа,
балалардың тілазарлығын мынадай дұғаның көмегімен дұрыстауға
болатындығын дін саласының ғұламалары ұсынады. Бала түнде ұйықтап жатқан кезде оны оятып алмай,
оның бас жағына тұрып, дауыстап мына дұғаны оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Бұны 11 күннен 21 күнге дейін жасау керек.
/жалғасы бар/ Алматы қаласы "Шипагерлік баян" газеті, наурыз 2017
|
||