ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

  главная                                        вернуться  



ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым

 

/басы өткен санда/

АУЫЗДАН ЖАҒЫМСЫЗ ИІС ШЫҒУ

 

1. Ауыздан шығатын жағымсыз иіс тіс пен қызыл иекте қалып қоятын тағам қалдықтарының шіруінен, сондай-ақ асқазан жұмысының бұзылуынан пайда болады. Әдетте, аузы­нан осындай иістің шығатынын адамның өзі байқамайды, тек айналадағыларға жағымсыз әсер беріп, олар онымен сөйле­суден қашқақтайды.

Бұл жағымсыз жағдайдан арылу үшін, алдымен, тамақ­танудың қатаң режимін ұстану керек, яғни тек белгілі мерзімде ғана тамақ ішкен дұрыс. Ашытылған, бұзылған тағамдарды жеуге тыйым салынады. Тамақ жеңіл қорытылатын болуы керек.

Бұны емдеу үшін «Маркуна рукуни» деп 3 рет оқып, суға үшкіріп, оны науқас адамға ішкізіңіз. Сонымен бірге 7 рет «Маркуна рукуни» деп оқып, жарты келі таза балға үшкіріңіз. Науқас адам күніне 3 рет 1 шай қасық балдан қабылдауы керек. Тісті уақытымен тазалап отырған жөн.

2. Егер адам ішіп отырған тамағының дәмін сезбесе немесе аузынан нашар иіс шығатын болса, онда күн шықпас бұрын тамақтанар алдында 5-Маида сүресінің 6-аятын «Алсинни БалСинни» оқып, суға үшкіріңіз де, науқасты шығысқа қаратып қойып, судың үш жұтымын ішкізіңіз. 

АУЫРТПАЛЫҚТАР МЕН АПАТТАРДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?

Әрбір пенде Алла тағаланың жақсылық пен жаманшылық заңдарын біле тұра, оның ұстанымдарын бұзса, ол адам мен Жаратушы арасындағы өзара сенімдік заңдарының бұзылуына әсер етеді. Сенімнің азаюы адасушылыққа әкеледі де, адамдар ырымшыл бола бастайды. Ал ырымшылдық сенімсіздікке, күмәншілдікке, ашкөздік пен сараңдыққа әкелетін көптеген жаман ниеттерді туғызады. Ол адамдарды Жаратушыдан гөрі жасанды материалдық игіліктерге тәуелді етеді. Ашкөздік пен сараңдықтың адамды жеңгені соншалық, оның өмірі енді Жаратушы Шапағатына емес, дүние қызығына байланысты болады. Осы сатыда ұлттың құлдырауы мен азғындауы басталады. Табиғат заңдылықтарының бұзылуы оның халықты қолдауын, қорғауын төмендетіп, халықтың ауыртпалықтар мен апаттарға ұшырауына әсер ете бастайды.

Сенімсіздікті ауыздықтау үшін және ауыртпалықтар мен апаттардан сақтану үшін көлемі 22,5х30 см болатын ақ қағазға қара сиямен әдемілеп мына сөзді

 

 pic

 

деп жазып, бөлмеңіздің қабырғасына іліп қою керек. 

Егер Алланың қаһарынан індет (эпидемия) тарайтын болса, онда бұл сөздерді қаламның сиясымен қағазға жазу керек. Қайнаған сумен әбден жуып, отбасыңызға осы судан беріңіз. Індет кезінде суды күніне үш рет – таңертең, түсте және кешке ішу қажет.

 

АУРУДАН КЕЙІНГІ ӘЛСІЗДІК

 

Қағазға қаламмен

 pic

 

 

(Құран, Тин сүресі, 5-аят) деген сөздерді жазыңыз. Таңертең, түсте, кешке ұйықтар алдында сумен шайып, суын ауру адамға ішкізіңіз. Бірнеше күннен кейін бұл науқас әлденіп, күш жинай бастайды.

АЯҚ НЕМЕСЕ БАЛТЫР БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІНІҢ ӘЛСІЗДЕНУІ

 

Жарты келі қара күнжіттің майын алып, 11000 рет «Куллу шаи ин йаарджиъу илла аслихи» деп оқыңыз да майға үшкіріңіз. Егер сіз бұл дұғаны бірден осынша айтуға қиналсаңыз, бөліп-бөліп оқуға болады, бірақ 1000 реттен кем болмауы керек. 11000 рет оқылып болғаннан кейін ғана майға үшкіріңіз.

Науқас адам осы майдың 3-5 мл нанға жағып жесін. Және күн сайын науқас 3-5 г маймен балтыры мен тізесін майлап уқаласын.

ӘЙЕЛДЕРДІҢ АУРУЛАРЫ

Ана сүтінің аздығы

Кейде әйел жаңа босанғанда немесе кейіннен ананың сүті жетіспейтін жағдай болады. Бұндай жағдайда қағазға сиямен төмендегі мәтінді жазыңыз:

pic 

۹۹

۹۹

۹۹

۹۹

۹۹

۹۹

۹۹

۹۹

۹۹

 

 

Сумен шайып, суды әйелге таңертең бір рет, түсте бір рет және кешке бір рет сүт көбейгенше ішкізіңіз.

 

Бедеулік

Бедеуліктің себептері көп. Кейде ол әйелдің ішкі органдарының зақымдануынан болса, кейде ер адамның ұрығының жоқтығынан немесе оның тапшылығынан болады. Егер ерлі-зайыптылардың денсаулығы жақсы бола тұрса да, олар балалы бола алмай жүрсе, төменде келтірілген Құранның Жүсіп сүресінің 1-аяты және 96-Ғалақ сүресінің 1-2-аяттары көмектеседі:

Бисмиллахир рахманир рахим
икра бисми раббикаллази халака
халакал инсана мин алаки
хамим әлиф ләм ра тилка айтулкитабил мубин

Құптан намазынан кейін әйел бұл дұғаларды 100 рет оқып, бір стақан суға үшкіру керек. Осы судың жартысын әйелі, жартысын күйеуі ішуі тиіс. Бұны 90 күн бойы жасау қажет. Әйел­дің жіберіп алған күндерін кейін қосқан жөн.

Бет пен денеде түктің өсуі

Қасиетті Құранда: «Әр затты өзіне тән қасиеттерімен жараттық» деп жазылған. Осындай айырмашылықтар әйел мен еркекте де бар.

Қанның бір қызметі – ауадан, жарық пен ғарыштық сәуле­лерден ағзада жиналып қалатын зиянды заттарды тер ар­қылы және денедегі түктер көмегімен сыртқа шығарады. Сон­дықтан да адам денесіндегі қан қысымының өзгеруі төмен бөлі­гінде түктер өсе бастайды. Ер адамдарда сақал-мұрт өседі, ал әйелдерде мұндай өскіндер болмағандықтан олардың бойындағы зиянды заттар етеккір арқылы шығарылады. Алайда қандай да бір себептермен етеккір циклі бұзылатын болса, әйелдердің бетіне де түк шыға бастайды. Сондықтан, алдымен, етеккір циклін қатаң бақылап, оны жөнге келтіру керек. Ол үшін Қасиетті Құран аяттарының көмегіне жүгінеміз. 250 г пияз дәндерін алып, оны таза суға жуып, күн көзіне кептіріңіз. Дәндер кепкеннен кейін оларды көк түсті шыны бөтелкеге салыңыз. Құптан намазынан кейін «фии ситтате аяямин суммастауа алаларши» (Құран, 7-Ағраф сүресінің 54-аяты) деп 100 рет қайталап оқып, бөтелкедегі дәндерге үшкіріңіз де қақпағын жауып қойыңыз. Бұны 21 күн бойы жасап, 22-күні таңертең науқас адам ашқарынға қасықтың төрттен біріндей дәнді сумен бірге жұтсын. Одан кейін жарты сағат ештеңе жемеуі тиіс. Бұны дәндер таусылғанша жасау керек.

 

Босанғаннан кейінгі іштің үлкейіп кетуі

Егер уақытында тиісті шаралар жасамаса, әйел босанғаннан кейін оның ішінің бұлшық еттері босаңсып, іш үлкейіп кетеді.

 

  pic

(тастийррин шаилхарс) деген сөздерді қағазға жазып, оны сумен шайып, сол суды таңертең ашқарынға науқасқа ішкізіңіз. Бұны іш қалпына түскенше күніне 3 рет қайталап отыру керек.

 

Босанғаннан кейін болатын аурулар

Кейбір әйелдер босанғаннан кейін аурушаң болып қалады. Бұл жас босанған әйелдің де, нәрестенің де өміріне қауіпті болғандықтан дер кезінде тиісті шаралар жасау керек. Сондықтан төменде келтірілген мәтінді қаламның сиясымен қағазға жазып, оны көк мақта жіптен өріліп жасалған баумен байлаңыз. Бұл бауды жасау үшін ұзындығы әйелдің бойына сәйкес келетін 11 көк түсті жіп алыңыз да, барлық жіпті мойынға тағатындай етіп 2-3 рет ораңыз. Содан кейін

 pic

 

Йа рахиму Йа Аллаһу Йа Мурийду деп 3 рет қайталап, жіпті түйіңіз. Тағы дұға оқып, жіпті екінші рет түйіңіз. Осылайша жіпті бірдей аралықта 11 рет түйіп, оған үшкіріңіз.

Босанғаннан кейін 40 күн өткесін, әйел шомылып, содан кейін тұмарды шешіп, жерге көміп тастасын..

 

Босануды жеңілдету

Әйелдің босануын жеңілдету үшін төменде келтірілген мәтінді қағазға жазып, оны босанатын әйелдің оң санына байлап қою керек. Сонда Аллаһтың шапағатымен бала дүниеге жеңіл келеді.

 зшс

 

Бұл тұмарды толғақ басталмайынша тақпаңыз.

 

Етеккірдің бұзылуы

Етеккірдің тұрақсыз келуі әйел ағзасына көптеген ауруларды туғызады: іштің көлемі ұлғаяды, етеккір келердің алдында іштің төменгі тұсы қатты ауырады, етеккір әдеттегіден аз мөлшерде келетін болса, әйелдің бетіне шамадан тыс түктер шығады. Аурудың созылмалы түрінде жатырдың жұмысы бұзылады да, бала туу қабілеті жоғалады. Сонымен қатар әйелдің сыртқы түрі бұзылып, денесі ісінеді, қанның ағысы баяулап, арқасы, бүкіл денесі ауырады. Егер етеккір циклі қысқарса немесе мезгілінен бұрын тоқтап қалса, әйел адамның түрі еркектің түріне ұқсап кетеді. Етеккір әйел ағзасы үшін өте маңызды, өйткені ол арқылы әйелдің денесі­нен зиянды заттар сыртқа шығарылып, қан айналу жүйесінің қыз­меті жақсарады.

Бұдан айығу үшін төмендегі дұғаны тұмар ретінде пайдалану керек. Бұл тұмарға «Бисмилла» деп жазуға болмайды.

 

 pic

Етеккір келген уақытта іштің төменгі тұсы ауырса, осы тұмарды кіндікке жететіндей, ал арқа ауырғанда құйымшаққа тиіп тұратындай етіп тағу керек. Тұмарды қызыл күрең түсті жіпке тағу қажет. Матаны пайдаланбаңыз, өйткені бұл тұмарды жуынған кезде шешпеген жөн. Сондықтан тұмарды целлофанға орап, ылғалдан, судан қорғау керек.

 

Етеккірдің көп келуі

Егер етеккір шамадан тыс көп келетін болса, төменде келтірілген мәтінді қағазға жазып науқас әйелдің мойнына тұмар қылып тағыңыз. Егер ауру күштірек болса, онда осы мәтінді қағазға жазып, оны сумен шайып, сол суды таңертең ашқарынға науқас адамға ішкізіңіз. Бұны 3 реттен артық жасауға болмайды.

 pic

 

Бисмиллахир рахманир рахим
Йа Әджаибаал Хафа уә йа уәраалхалах

 

Жатыр аурулары

Жатырдың кез келген ауруында, соның ішінде ісікті ауруларында да төменде келтірілген мәтінді жазып, науқас әйелге тұмар қылып беріңіз. Аурудың ауыр түрлерінде осы мәтінді қағазға жазып, оны сумен шайып, сол суды таңертең ашқарынға 40 күн бойы науқасқа ішкізіңіз.

 pic

 

Хууал амру хаю ама нәуийл бихакки йа хаю йа каюм йа бариулмусаууарул архам

Емшек бездерінің қабынуы, іріңді жара немесе ісік

Егер ауруды дер кезінде емдемесе, оның арты ракқа ұласуы мүмкін. Сондықтан ем қабылдауды кешіктірмеу керек. Ол үшін кеңдеу ыдысқа жылы су құйып, 3 рет «Ма фи калби гараллахи» деп, суға үшкіріңіз. Науқас әйел осы суды ішіп, қалғанын ауырған жеріне құйсын. Мұны ауру толық жазыл­ғанша күніне үш рет жасау керек.

/жалғасы бар/

Алматы қаласы

 

"Шипагерлік баян" газеті, ақпан 2017

 

 

 
 
В начало