ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ
|
||
главная вернуться | ||
ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ
КӨРІНІП КӨЗГЕ – ЖОҚ БОЛДЫ БЕЙНЕ
Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым
Өмірімізде кездесіп жататын ғажайыптардың
ішінде сенуге де, сенбеске де болатын жағдайлар бұрын да және
қазір де болып келеді. Бұндай ғажайыптар жер бетіндегі
адамдардың өмірінің қоғамдық өзгеріске байланысты кезінде көп
болатыны байқалуда. Коммунистік партия кезінде әртүрлі ерекше
ғажайыптарды айтпақ түгілі түсімізді де айтуға және Құдай атын,
Құран атын атауға қорықтық. Еркіндік елге жетті. Біз білетін көп
ел егемендігін қолына алды, біз де басқаша ойланып сөйлеп,
жаңаша көзбен қарап, әртүрлі ғажайыптарға бұрынғыдай одырайған,
аңдыған көзбен қарамай, нағыз бір сенімдік материалдық
идеалистік көзқараспен қарау дәрежесіне жеткендей болдық. Бұған
да тәубе дей келе, тірі пенделердің бәріне емес ішінара
көздеріне кездейсоқ көрініп жоқ болатын, тарсыл, бір затты
сындырғандай дыбыс жасап көрінетін, аян беріп жоқ болатын және
тірі пенде болып келіп ортада бірге болып, қайтадан ғайып
болатын т.б. құбылыстық елестерді де білу артықтық етпейді.
Адамның ойлау жүйесі оянып, санасы ақылдылықтың парасына қарай
ұмтылғанда таң қалу емес, қайта соны анықтау үшін сұрау салып,
өздігінен ізденіске түсетін сияқты. Осы бір құбылыстар жөнінде
шет елдерде көп жазады. Бізде соларды өз тілімізге аударып,
қайтадан баспадан басып шығарады. Бұл да ғарыштық санасы бізден
озық елдердің ғылымына, ұлтына деген құрметі шығар немесе
қараңғылыктың торынан шыға алмай жатқандардың санасын ояту болар,
бәрін де дұрыс қабылдаған жөн. 1998 жылы каңтар айында "Түркістан" газетіне (№
3), "Жаратушымыз жер бетінде жүр ме?" атты мақаланы оқыған
қандастарымыз: "Ойпыр-ай, қолдан Құдай жасағанды қашан
қоясыңдар, өз ұлтымыз ішінде басымызды қатырғандарға нақты жауап
беретін, ғарыштық құпияны білетін бір адам жоқ болғаны ма?", –
деп жауап жазғанда төбе шашым тік тұрды. Пархат сияқты
"Құдаймын" дегенге қарсы пікірді жаздық та, әрі радио торабынан
сөйлеп халыққа түсіндірдік те. Дегенмен, баспа архивінде мәңгі
сақталатын жақсы мейлі жаман мақалалардың орны бөлек, келешек
ұрпаққа зияны болмасын деген мақсатпен осы мақаланы жазуды
ұйғардым. Осыған байланысты көбінесе "Көзге көрінетін елес"
жөнінде, өзім естіген, өзім де көрген немесе мен туралы да елдің
айтқан (емшілер мен емделушілердің) елес көріністерімді арқау
етіп баяндамақпын. 1. Мен 1992 жылдың қараша айының басында
Қарағандыда болдым. Мақсат – жаңа құрылған халық емшілерінің
қауымдастығының облыстық ұйымын ашу, тілек білдірген емшілердің
білімін жетілдіріп оқыту еді. Жоспарлы жұмыстар орындалуда.
Емшілер де білім алуда. Кезекті сабақ кезінде біраз тыңдаушы
емшілердің де әртүрлі қасиеттері ашылуда. Әрине, оның бәрін оң
қабылдау да дұрыс емес. "Жүзден жүйрік", – дегендей, оқу аяқтала
кімнің қандай қасиетке ие екені анықталып жатты. Тыңдаушы
емшінің ішінен екеуі қатарынан қолын көтерді. Иә, не айтасыңдар, – дедім. "Ағай, біз бірнеше күннен бері сіздің жаныңыздан неше
түрлі бейнелі ғажайыптарды көреміз", – деді әлгі екеуі. "Қандай
ғажайып?" – дедім мен. "Сіз осында кіріп сөйлеп, сабақ өте
бастағаннан-ақ, оң жағыңызда бойы ұзын, әрі жіңішке аппақ киімі
бар әйел адам қорғап тұрады. Бір ата да алақанын жайып бата
беріп тұр. Кәдімгі мешітті көреміз. Сіздің бейнеңіз сол мешіт
ішінде бізге көрінді. Ал қазір ғана сіздің 5, 12, 18, 25, 32, 40
жастағы бейнеңізді көрсетіп, міне бұл кісі осындай болған деді.
Тағы да басқа ғаламаттарды көрдік", – деді басқалары. "Елес
немесе қорғаушы құдірет күш иелері деген солар. Оны кейде аруақ
дейміз. Әр адамның өз құдіретіне қарай, қорғаушы, қолдаушы,
бақылаушы иелері болады. Сондықтан, адал болыңдар",— деп
қорытындыладым сөзімді. Енді басқа жерде болған мына елесті
қалай дейміз?
Сабрин деген азамат Өскемен-Лениногор жолында
автомашинасымен зулап келе жатады. Бір уақытта қалғып кетеді де,
қайта оянады. Көзін ашса, о тоба, жол жиегінде оның бұдан
бірнеше жыл бұрын дүние салған шешесі, көз алдында "Тоқтаңдар",
– деп қол бұлғайды. В. Сабрин жүргізушіге машинаны тоқтат дейді.
Ол тоқтайды. Машинадан түсе сала, шешесіне қарай жүгіріп шықса
алдында ол жоқ. Содан "Жигулидің" артқы доңғалағына көзі түседі.
Ол ұшып кетердей орнында әрең-әрең тұр екен. Жөндеп алады. Үйіне
келсе қарындасы: "Өңің қашып кетіпті ғой, жолда бірдеңеге
ұшырағаннан саусың ба?", – деп сұрайды. Ағасы оған: – Қайдан
сездің, – дейді. Сөйтсе, қарындасы қайтыс болған шешесін түсінде
көріпті. Шешесі қызына: "Викторға қазір қауіп төніп тұр, бірақ
қорықпа, аман-есен үйге оралады", – депті. Бір ғажабы
Виктордың қарындасының түсі автомобиль апаты қатерімен бір
мезгілде болған. Міне қорғаушы, демеуші ата-баба аруағы да
өзінің ұрпағын осылай қорғай алады екен. Ал Викторға қол
бұлғаған анасының астралды денесінің көшірмесі ме, әлде
ментальды тұлғалық жұқа бейне ме, бұл ғаламның ғажайыбы, тылсым
дүние құпиясы болар, сірә. Дәл осыған ұқсас құбылыс өз басымнан өтті. 1995
жылы 18 маусымда өзімнің "Жигулиіммен" жаныма жұбайым Түймекүл
мен кенжем Нұршатты алып, елге Нарынқол жаққа бір жақын туыстың
келін алу тойына баруға шықтым. Алматы-Шелек бағытымен орташа
жылдамдықпен жүргізіп келемін. Жүзінші шакырымнан асқанда
жолдасым Түймекүл қалғып кеткенін байқадым. Ұйықтағандай да
болмады көзін тез ашты. Қатты терлеп кетіпті, өңі сұп-сұр. Не
болды, бір жерің ауырды ма, өңің неге қашып кетті, – дедім. –
Жоқ, машинаңды ақырын айдашы, – деп маған қарай берді. Өзім де
60-70 шақырымнан асырмай келемін ғой, енді трактор аяңына бас
демесең, – деп өзім де бір нәрседен секем алғандай сезіндім.
Машина жылдамдығын тежеп, бір оншақты шақырым жүргенде,
машинаның арт жағы бұлғақтағандай белгі берді. Тоқтатып,
машинаны тексердім, дін аман. Қайтадан жолға шықтым. Кенет 20-30 шақырым жылдамдықта "Жигули" бірден
өздігінен тоқтауға ыңғайланды. Тоқтадым. Машинаны от алдырдым.
Бәрі дұрыс. Айыбы орнынан қозғала алмай қалды. Сцеплениесі істен
шыққан, тетікті қоспайды деп жорамалдадым. Жол-жөнекей
бірлі-жарым жүргізуші тоқтап, жи-гулиден ешқандай тетіктік ақау
таба алмады. Содан бір машина келіп тоқтап, жигулиімді алдыңғы
жақтағы машина жөндейтін жерге апарып тастауға келісті. Машинаны
оның машинасының артындағы тіркейтін тетігіне, арқанмен тіркеп,
ал тарт дедім. Машина моторы істеп тұрса да орны-нан қозғалып
барып, арқанды үзіп жіберді. Түсіп маши¬наны карасам, оң жақтағы
артқы доңғалақ жоқ. Аң-таң болдық. Артқы өсі үзіліп кеткен.
Донғалақты 150-200 метрдей жерден әрең таптым. Той жайында
қалды. Бас қатты, ешкімнен көмек жоқ. Осындай күйгелектеп
жүргенде жұбайым Түймекүл: "Е, Құдай бір сақтады", – ғой дегені.
Қалай десем, жаңа мен жолда бір күш әсерімен қалғығанда, сенің
осыдан он бес жыл бұрын қайтыс болған апаң аян берді. Апамыз:
"Түймекүл, сендер Нарынқолға жетпек түгілі, мына машинада
сүйектеріңді де таба алмай қалады. Қайтыңдар!", – деп еді дейді.
Неге бірден айтпадың десем, кім біледі, сен ренжи ме деп едім,
әйтеуір аман қалдық қой дегені. Бір елестің құдіретімен бізде
осылай аман калдық. 4. Тольятти қаласының тұрғыны
дәрігер-реаниматолог Анатолий Хайдак "Бұдан он жыл бұрын менің
бала досым Юра қайтыс болды. Оның қайтыс болғанын бір жарым
айдан кейін естідім», – дейді. Жаз айы мен түнгі кезекте
"Реанимация" бөлімінде кезекші болып отырдым. Осы кезекші
бөлмесінде түнгі сағат үш жарымдарда қалғып кеттім. Таң біліне
бастапты, оянсам, қарсы алдымда Юра тұр. О, тоба, ол көз алдымда
анық тұрды. Өзім дінге сенбесем де, шоқына бастадым. Әлден
уақыттан соң Юра кері айналып есіктен шығып кетті. Мен бұдан
кейін тағы да жаттым. Юраның келе жатқандай дыбысы естілді.
Көзімді ашсам көз
алдымда Юра, тағы Юра тұр. Терезеден жарық түскен кез еді, мен
досымды анық көріп тұрмын. Менің аузыма: "Юра койсаңшы. Юра
қойсаңшы..." деген сөздер түсті. Ол тіл қатпастан тағы да
бұрылып шығып кетті. Таң атқан соң оны еске алдым, содан кейін
мен досымның мазалауынан құтылдым", – дейді дәрігер реаниматолог
А. Хайдак. Бұл жағдайды әдетте бірер сағаттық биологиялык өлім
деуге болмайды. Ол қырқын да өткізіп қойған марқұм. Неге марқұм Юра өз досына елеспен көрінді? Мүмкін, досы А. Хайдактың бір уыс
топырақ салмағанына ренжіді ме, әлде бір жағдаймен кездейсоқ
қайтыс болса, саған әкелгенде мен тірі қалар ма едім деп, аруақ
келді ме немесе сен дос болсаң ата-анамның қайғысына неге ортақ
болмадың, "бізде сендей болғанбыз, сен де біздей боласың", – деп
ескерткен де шығар Юра аруағы. Жалпы Құран Кәрімде ауырып жатқан
адамның көңілін сұрау, кайғыға ортақтасып көңіл айту, ал өте
жақының болса көмек аямау, өте сауапты іс ондай адамдардың Алла
күнәсін кешеді. О дүниеде пейіштің есігі ашық, олар сұрақсыз
пейішке кіреді деген Алланың сөзінің шындығының бір дәлелі сияқты. 5. 1992 жылы шілде айында Шымкентте болып,
бұрынғы ескі "Әмбебап" дүкені жанындағы қонақ үйге орналастым.
Қонақ үй әкімшілігі қызметкері мына ғажайыпты баяндады. "Бірер
күн осында мұртты, толық денелі, қара торы, ет жеңді, бойы
орташа әдемі киінген қазақ жігіті келді де: "Бір күн қонамын,
маған "люкстен" орын бер, мен Шәмші Қалдаяқовпын" – дегені.
Өзінің жасы отыздың арғы-бергі жағы. Құжатыңды көрсет десек: "Сен-сенбе,
мен Шәмші Қалдаяқовпын" деп кетпей тұрып алды. Өзі өте сұсты, еш
нәрседен тайсалар емес. Мәселе асқынған соң, қонақ үй директорын
шақырдым, ол кісі келді. Жағдайды айттым. Әлгі жігіт болса
айтқанынан қайтар емес. Директор: "сен жассың, ал Шәмші болса
алпысқа келді" десе де көнер емес. Қонақ үйге бір-екі күн бұрын
Шәмші аға орын алып орналасып, дем алып жатқан-ды. Жанында
Шәмшінің досы, жазушы Оразбек Бодықов бар болатын. Ұят та болса,
директор өзі барып Шәмші аға мен О.Бодықовты ертіп келді. Шәмші
аға басын төмен салбыратып, О.Бодықовтың жанында тұр. Ыза болған
директор: "Ей, жігітім, міне – Шәмші!", – деп еді әлгі жігіт
"Композитор Шәмші Қалдаяқов – менмін", – деп масқара еткені. Бір
уакытта әлгі жігіт Шәмші ағаға қарап: "Қартайып кетіпсің ғой,
сені алпысқа толады деп еді, мені де тойыңа шақыр", – деп, кері
бұрылды да, "сен, сенбе, мен – Шәмші Қалдаяқов", – деп қонақ
үйдің сырткы есігін ашып, далаға шығып кетті.
/жалғасы бар
"Шипагерлік баян" газеті, ақпан 2017
|
||