ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ
|
||
главная вернуться | ||
ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ
КӨРІНІП КӨЗГЕ – ЖОҚ БОЛДЫ БЕЙНЕ
Біз артынан жүгіре шықтық, әлгі жігіт зым-зия
жоқ. Жер жұтты ма, оны біз қайтып көре алмадық, ал басқа жерде
"Шәмшімін" дегенді естімедік, бұл не, аға?.. Сонда қонақ үй
басшысы мен О.Бодықов ана жігітке бірдеңе айтуды Шәмші ағадан
өтініп еді, Шәмші аға аузын ашпай, кейін шегініп, О.Бодықовқа: "Кетейікші,
кетейікші", – дей берді. Ана жігіт далаға шығып кеткенде Шәмші
аға тұрып: "Шәмші өлмепті ғой, Шәмші екеу екен ғой", – деп терең
күрсінгенде оның бозғыл өңіне қан жүріп, өңі оңала, әрлене
бастады. Шәмші ағаның иығы көтерілгендей болды. Ол аяңдап
баспалдақпен жоғары көтеріліп, өз бөлмесіне кетті. Бұл кез Шәмші
аға үшін ауыр кез болған екен. Өзі ауру, зейнет ақы да, атақ та
жоқ, қатты қайғылы кезеңі екенін кейін білдік", – деп қонақ үй
әкімшілігі қызметкері әңгімесін аяқтады. Шәмші аға қайтыс болған
соң қана атақтар алғанымен, оны өз қолымен алып, халқымен қайта
құшақтасып табысуға Алла нәсіп етпеді. Жұмбақ "Шәмші жігіт" көп жыл өтсе де, әлі
жұмбақ күйінде қалуда. Кім білсін, жанын шүберекке түйіп,
уайым-қайғысын арқалап өз еліне сағына барғанда, бала Шәмші рухы
қуат беріп, ұлы сазгерді бір уақыт болса да жігерлендірген
шығар, оның о дүниеде де Алланың сүйікті құлы екенін ескерткен
де шығар. Шәмші ағаның жаны жәннәттан, орны пейіштің төрінен
болсын, – дейік ағайын. 6. Ертеде таныс, көңілдері жақын адамдар қайтыс
болғанда, мынадай тосын жағдайлар да өткен. Швеция королінің
жұбайы Ульрика 1741 жылы қайтыс болады. Дәстүр бойынша құрметпен
табытқа денесін салып, корольдің сарайына қойып, арнайы қатал
күзет кояды. Ел коштасуға келген-де күзет басшысы құрметті
қарауылдарды ауыстырып тұрады. Сарайға апаратын жол бойы
аксүйектердің тобына толып кетеді. Мәйітпен қоштасып шығуға
келгендер жеке кіріп қоштасуға құқылы екен. Кезек статсдама
графиня Штейнекке келіп, ол мәйітпен қоштасуға кіреді. Қайтып
шықпайды. Кешіккен соң қарауыл бастығы ақырын есікті ашса, өлген
Ульрика тірі графиня Штейнекпен құшақтасып тұр екен. Бұны көрген
қарауыл бастығы айғайлап жіберіп, есі ауып түседі. Назаға
келгендер мұны естіп, жүгіріп келіп қарағанда, әлгілерді көріп,
сол орында қозғала алмай, бәрі тастай қатып қалады. Құшақтасқан
екі дене де табытта буалдыр тартып, шөл даланың аптақ ыстығында
пайда болатын сағымдай көлбеңдеп барып көзден ғайып болады. Ал
тұман сейілгенде әлгі табытта Ульрика емес, графиня денесі
жатқанын көреді. Бұл өтірік дейін десе, графиняны еш жерден таба
алмайды. Бұдан кейін жар салып графиняны іздестірсе, ол сол күні
со минутта қайтыс болғаны мәлім болады. Ой, сұмдық-ай, бұған
ешкімнің ойлау қабілеті жетпейді! Бұл шындық еді, өйткені архивте сақталған
құжаттар нақ осылай болғанына күмән келтірмейді дейді негізгі
анықтаушылар. Бұл қалай? Шындық па, елес пе? Алдында қайтыс болған өлі дене рухының әлі
биікке көтеріле алмауы – рухтың тәнді әлі қиып кетпегендігі
болса, ал бұрынғы өлікпен қоштасу минутында қайтыс болған
графиняның да рухы денесінен әлі толық шықпаған қиналыс пен
арпалыс кезіне тап болғандықтан, көне досы Ульрика марқұмның
рухы оған көмек еткен де болар. Мұның дәлелі Ульрика марқұмның
табытынан графиня Штейнектің денесінің көрінуі. Мүмкін, өмірде
бірге жақын болған екеуінің рухы ғарышқа жұбын жазбай қосарлана
ұшқан болар, дегенмен, бұл құдіреттен адамзатқа тән достастық символы о дүниеде де жалғасатынын көрмесек те сезгендейміз.
Тіршіліктегі мәңгі достықтың мәңгілік екеніне сеніммен қараған
жөн болар. 7. 1991 жылдың наурыз айы. Осы бір кезде ел
ішінде аруақтымын, емшімін дегендер көбейіп, бірін-бірі қолынан
келсе жоюға дайын екендерін кейбір пысықтары көрсете бастады.
Өзіме де келіп, "саған біздің аруағымыз дем беруде, біз пәлен
әулие-әмбебаптың ұрпағымыз", – деген-дер аз болмады. Осы бір
кезде оларға қатты ренжіп, олардың сауатсыздығына таң-тамаша
қалдым. Мен оларға: "Аруағыңның ен тамғасы бар ма? Егер аруағың
мықты болса, көрсет!", – дегеніммен, тыңдайтын оларды көрмедім,
айтатын сөздері тек осылай. Осындай ауыр күндердің бірінде таңға
жуық ұйқымнан біреу оятқандай, оянып кеттім. Басымды көтеріп
отыруға бір күш әсер еткендей болды. Бөлме есігі шиық етіп ашылған секілді
болғанымен, ол шынында да жабық тұр. Есік менің төсегімнен бір
метрдей жерде еді. Ой Алла, өз көзіме өзім сенерімді не
сенбесімді білмей калдым. Қарсы алдымда бойлары екі метрдей ұзын
(ең кішісінің бойы бір метрдей) адам тектес, үстілерінде
денесінің терісіндей болып жабысып қалған қайыңның қабығындай
резина киім киген мақұлық тұлғалар тұр. Бұл резина киімін
басынан бастап қаптап кигендіктен, тек қана көзі мен аузы және
тыныс жолы ғана көрінеді. Мен жаратқанға жалбарына сөйлесе
бастадым. Олар маған тура қарап тұр. Мен кірпік қақпай қарап
тұрмын. Бір уақытта ең ұзын бойлысы маған "Сен ешнәрседен
қорықпа, біз сені қорғаймыз. Сен сенбейсің бе?", - деп екі қара
тапаншаны екі жағыма лақтырып тастап, өздері сабырлық қалыппен
кері айналып, есіктен сыртқа шыққандай болып, көзден біржола
ғайып болды. Бірақ есік айқара ашылмады. Жаныма карағанымда екі
тапанша екі жағымда, иық тұсында жатқандай әсер етті. Бұл әбден
таң атқан кезде болған уақиға еді. Мен орнымнан тұрып кеттім. Бұдан кейін менің қарсыластарым сиреп азая
бастады. Өзімді де салмақты ұстайтын болдым. Әйтеуір бір күш
мені алға бастап, имандылық жолыңа бағыт беріп тұрғанын көрмесем
де, жаным мен тәнім сезіп тұрады. Өмірдің жұмбақ сырларын өз өмірімізден алып
(басқалардан көшірмей), ұлтымызға жеткізіп санасына жақсылық
нұрын шашсақ шіркін, азаматтық борыштың бір өтеуі де, мына жарық
дүниеде. 8. Заңды құжаты бар шведтік турист Свен
Игелстром шіркеудегі тәу ететін тас мүсінді ұрлағаны үшін Кипр
полицейлері қамауға алады. Кезекші полицей оның қолынан тас
мүсінді, құжаттарын, ақшасы мен белдігін, қол сағатын, т.б.
заттарын алып сейфке салып, өзін абақтыға қамайды. Турист өзін өте көңілді ұстайды. Кешкі тамақты
ішпейді. Ал таңертең полицейлер келіп абақты есігін ашса, әлгі турист жоқ. Жабулы түрме сол қалпы. Бұл да әлі түсініксіз. Сонда
Свен кім – турист па, жоқ елес пе? Ал ол адам болғанда, қалай жабық түрмеден
шықты? Енді осыған байланысты қазақ жерінде болған сиқырлы
құпияға тоқталайық.
/жалғасы бар
"Шипагерлік баян" газеті, наурыз 2017
|
||