ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

  главная                                        вернуться  



ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым

 

 

/басы өткен санда/

БАС АУРУЫ

Мақта орамалды алып

Сауир17-1

 

оқыңыз да, орамалға үшкіріп, бір ұшын түйіңіз. Содан кейін осы орамалды науқастың басына түйіндісі самайына келетіндей етіп тартыңыз. Егер бас ауру созылмалы болса, онда орамалды таңертең тартып, ұйықтар алдында шешіп, сосын қайтадан тағып қойыңыз. Орамалды сондай-ақ жуынған кезде де шешіп қоюға болады. Осылайша бірнеше күн емдеу керек.

БАСТЫҢ САҚИНАСЫ

Анда-санда басын көтере алмай, басы қатты сығылып, ұйқысыздыққа душар болып, бірнеше сағатқа немесе күндерге сөзылып қатты ауыратындар кездеседі. Ол үшін науқас адам күн батпастан бұрын жүзін шығысқа бұрып жүрелей отырсын, сіз оң қолыңызды оның басының ауыратын жеріне қойыңыз. Одан кейін 12 жастағы қыз бала немесе ұл бала мына дұғаны дауыстап оқысын да науқас адамға үшкірсін:

Бисмиллахир рахманир рахим Фарийкум Каззабат Мухамин

 

БАСТЫҚТЫҢ ЫҚЫЛАСЫНА ҚАЛАЙ БӨЛЕНУГЕ БОЛАДЫ?

Көбінесе билік иелері тарапынан өз қарамағындағы қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне әділетсіз болатын жағдайлар кездесіп жатады. Тіпті кейбіреулері өзінің бағыныштыларының қылмысқа баруына әрекет жасауы мүмкін. Бұған адал, ұяты бар адамдар көне бермейді. Сондықтан оған мына емді қолданыңыз. Төменде келтірілген дұға сөздерін қағазға жазыңыз.

сауир17-2

(Бастығыңыз бен оның анасының есімдері). Бұл тұмарды оң білегіңізге тағып жүру керек.

Ескерту: егер бастығыңыздың анасының есімін білмесеңіз, тек бастығыңыздың атын ғана жазыңыз.

 

БАУЫР АУРУЛАРЫ

Бауыр ауруларынан айығу үшін төменде келтірілген Құранның 18-Әл-Кахф сүресі 109-аятының мәтінін жазып, оны тұмар ретінде әйел адам мойнына, ер адам білегіне тағып жүрсін. Осы жазуды шайған суды таңертең науқасқа ішкізіңіз.

сауир17-3 

Бисмиллахир рахманир рахим Каналбахру Мидадан Алкалимати Рабби

Бауыр немесе бүйрек жұмысының бұзылуынан болған дене­дегі қабынуларды да осы жолмен емдеуге болады.

 

БЕЛДІҢ ҰСТАП ҚАЛУЫ

Кенеттен кейде адам жүйкелерінің кездейсоқ сығы­лысынан, тез қозғалыстан, бір аяққа салмақ түсуден және бел бұлшық еттерінің түйілуінен адамның белі ұстап қалып, ешқан­дай қозғала алмайтын жағдайға душар болады, тұруы мен жатуы қиындайды. Бұл аурудың негізгі себебі – бүйрек жұмысының бұзылуы. Бүйрек қабынып, онда тас жиналады. Ауруды емдеу үшін науқас адам су ішкісі келген сайын, суға қарап тұрып «Йа Шафи улабрар мукийман садида» деп дұғаны оқып, суға үшкіру керек.

 

БЕРІЛГЕН СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРЕ АЛМАУ

Адам ұзақ уақыт тынышсызданып, оны уайым жайласа, күдік, қорқыныш пайда болады да, ол қойылған сұрақтың жауа­бын біле тұра, ештеңе айта алмайтындай жағдайға ұшы­райды. Кей жағдайларда бұған науқас адамның ұдайы бас­қа адамдардың ықпалында болуы да басты себеп болып табылады. Бұдан арылу үшін, таңертең ерте тұрып, дәрет алғаннан кейін бір рет «Йа уәдуду» деп оқып, қолыңызға аз ғана су алып, онымен мұрыныңызды шайыңыз. Бұны жеті рет жасаңыз да, содан кейін тағы бір рет «Йа уәдуду» деп оқыңыз. Ем ауру толығымен жазылғанша жүргізіледі.

БОЙДЫ ӨСІРУ

Егер бойы қысқа адам бойын ұзартқысы келсе, қағазға қаламмен төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз.

сауир17-4 

Бисмиллахир рахманир рахим Әлиф ләм ра Тилка Айатулкитабил мубин Арраһим Арраһим Арраһим

Одан кейін суға салып, сол суды бойын ұзартқысы келген адамға таңертең бір рет, түсте бір рет және кешке ұйықтар алдында бір рет ішкізіңіз. Бұны 6 ай бойы жасау керек.

 

БӨРТПЕ

Аз ғана қантты немесе қойытылған сүтті суға ара­ластырып, 11 рет «Кун Файаакун» деп оқып, науқас адамға осы қоспаны күніне 3 рет беріңіз. Әдетте, науқас бір күнде жазы­лып кетеді, алайда аурудың ауыр түрлерінде ем 11 немесе 21 күнге созылуы мүмкін.

БӨРТПЕ СҮЗЕК, БЕЗГЕК, ҚЫЗЫЛША

Қағазға мына дұғаны жазыңыз:

сауир17-5

 Бисмиллахир рахманир рахим Йа хафизу йа хафизу йа хафизу Йа Шафиу Йа Шафиу Йа Шафиу Муриду Ассабухун Куддуссун

Суға салып, 4 сағат сайын осы судан ауруға – ба­лаларға бір шай қасықтан, ересектерге бір ас қасықтан беріп отырыңыз. Келесі күні дұғаны қайта жазып, емді жалғастыра беріңіз. Үшінші күні де айтылғандай етіп ауруға беріңіз. Емнің алғашқы үш күнінде тамақ, дәрі қабылдауға болмайды.

БҮЙРЕК АУРУЛАРЫ

Бүйректің түрлі ауруларын емдеу үшін мынадай ем-шара қолдануға болады: төменде келтірілген дұға сөздерін қағаздың бетіне жазыңыз. Содан кейін одан тұмар жасаңыз, оны науқас адамның мойнына немесе бүйрегінің тұсына тағу керек.

Сонымен бірге осы дұға жазылған қағазды сумен жуып, сол суды науқас адамға ішкізу керек. Осы емнен кейін бүй­­ректегі тас зәрмен бірге сыртқа шығады.

БҮЙРЕК АУРУЫ (НЕФРИТ)

Бүйрек ауруын емдеу мақсатында төменде келтірілген мәтінді қағазға жазып, одан тұмар жасаңыз да науқастың бүйрегінің тұсына байлап қойыңыз. Сонымен қатар қағазға сол жазуды тағы да жазып, суға салып суды науқас адамға беріңіз. Бұл емнен кейін бүйректегі тас зәрмен бірге сыртқа шығатыны анықталған.

сауир17-6 

БҮКІРЛІК

Адамның жотасындағы омыртқасы нәзік ұлпалардың беріктігі мен мықтылығын қамтамасыз етеді. Бұл мидан келетін қуат ағынының бүкіл денеге біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде кеуде және арқа бұлшық еттері күшті, серпімді болады. Егер қандай да бір себептермен бұл қуат ағыны зақымдалса, қабырға жасушалары әлсірейді де олар қисая бастайды. Бұның кең таралған түрі – бүкірлік.

Бұл аурды емдеу үшін Құранның 88-Ғашия сүресінің 17-аятынан дұға сөздерін (иллал ибили кафа хуликат) айтыңыз.

Бұл сөздерді мейлінше жиі қайталаған жөн. Сонымен бірге науқас адам су ішкісі келген сайын осы дұғаны оқып, суға үшкіру керек. Бұл емді бүкірлік толығымен жазылғанша жүргізеді.

БІР ТУҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҰРЫС-ЖАНЖАЛДАР

Кейде ересектер мен кішкентай балалар жанжалдасқан кезде, үлкендері кішілерімен санаспайды, ал кішілері оларды үлкен деп есептемейді. Бұндай жағдайды түзеу үшін 100 рет «иннахум йакидуна кайда уә акиду кайда» (Құран, Тариқ сүресі, 15-16-аяттары) оқып, балалардың жастықтарына үшкіріңіз. Тек әр бала өзінің жастықтарына жатуы керек. Бұл шараны 40 күн бойы жасау керек.

 

ГЕМОРРОЙ

Геморройдың екі түрі бар: біріншісі нәзік ұлпалардың (ткандердің) ауруы, екіншісі сол ұлпалардың көк тамырынан қан ағатын түрі. Бұл ауру іштің қатуынан, бір жерде тапжылмай бірнеше сағат отырғаннан, ыстық және ащы тамақ, алкоголдік және басқа зиянды заттар қолданғаннан пайда болады.

Қансыз геморройды емдеу.

Ауру адам дәретханада болып, ішін босатқаннан кейін, сол қолының ортаңғы саусағы қабынған көтеншекке тиетіндей етіп жуыну керек. Жуынып отырған кезде «Фаълун Фаълун фиъал» деп оқыңыз.

Қанды геморройды емдеу

Ауру адам дәретханада болып, ішін босатқаннан кейін «Манию Камира» деп оқу керек. Одан кейін ауру адамның сол қолының ортаңғы саусағы қабынған көтеншекке тиетіндей етіп жуыну керек. Жуынып отырған кезде «Фаълун Фаълун фиъал» деп оқыңыз.

Кейде көтеншек қатты ауыратыны соншалық, науқас адам шыдамсызданып кетеді. Сондықтан оны жеңілдету үшін ауру адам бір рет «Хуәллаху Аллази Лә Иллаха Илла Ху» (Құран, Әл-Қашр сүресі, 22-аят) оқып, оң қолының сұқ саусағына үшкіріп, оны суға салуы керек. Құдайдың рахымымен ауру лезде тоқтайтындығы анықталған.

ДАУЫСТЫ ҚАЛАЙ ЖАҒЫМДЫ ЕТУГЕ БОЛАДЫ?

Адамның даусын өте жағымды ету үшін төменде келтірілген дұға сөздерін қағаз бетіне жазып, қағазды ішетін суға салу керек.

сауир17-7 

۵

۵

۵

۵

۵

۹

۹

۹

۹

۹

۱۱

۱۱

۱۱

۱۱

۱۱

۹

۹

۹

۹

۹

۵

۵

۵

۵

۵

90 күн бойы күн сайын осы сөздерді жаңадан жазып, суды ауыстырып отырыңыз. Қалған суды таза жерге төгіңіз немесе онымен гүлді суарыңыз.

ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕН, ТАМАҚТАН УЛАНУ

Адамдар кейде күшті немесе сапасыз дәріден уланған кезде, денесі бөртіп, қалтырап-дірілдеп, оның арты талмаға ұласуы мүмкін. Қанның улануы улы жәндік шаққаннан да болады. Уланудың себептері қандай болса да, оны қайтару үшін

Бисмиллахир рахманир рахим Йа рахиму Йа Аллаху Йа Мурийду Йа рахиму Йа Аллаху Йа Мурийду Йа рахиму Йа Аллаху Йа Мурийду Йа бадиъулъадаиби бил хайри Йа бадиъу

деп оқып, суға үшкіріңіз де, суды науқас адамға беріңіз. Сонымен бірге бір уыс топырақ алып, осы сөздерді айтып, топыраққа үшкіріңіз де, ара-арасында осы топырақты науқас адамға иіскетіп отырыңыз.

 

 

 

/жалғасы бар/

Алматы қаласы

 

"Шипагерлік баян" газеті, сәуір 2017

 

 

 
 
В начало