ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ
|
||
главная вернуться | ||
ЖАН, ТӘН ЖӘНЕ РУХ
КӨРІНІП КӨЗГЕ – ЖОҚ БОЛДЫ БЕЙНЕ
9. Сарымолда деген әулиенің сүйегі Атырау қаласының дәл орта шенінде жатыр. Зұлымдық билеген заманда (1928-1932 ж.) осы өңірдегі ел ол кезде тірі әулиеге: "Молдеке, мына Жайық тасып кетті, мал жайылымсыз калатын болды", – дейді. Молдекең асықпаңдар деп, түрлі дұға оқып, Жайық суын тоқтатып, малды арғы бетке өткізіп, ал кеште тағы да Жайық суы ағынын тоқтатып, бергі бетке өткізіп алады екен. Осы аруақты ата зұлмат жылы түрмеге жабылады. Сарымолда әулие де дәл Свеннің әрекетін қайталайды. Ертесінде Сарымолданың үйіне іздеуші сақшы келсе, сегіз бірдей Сарымолда үйде байсалды түрде шәй ішіп отыр дейді. Көзі алақандай болған сақшы, жағдайды басшыларына баяндайды. Ақыры Сарымолда әулие өзі түрмеге барса керек. Бұл швед Свен мен қазақтың Сарымолдасының ұқсастық қасиетінде не сыр бар? Мүмкін біз білмейтін ерекше қасиет пе? Әлде бір құпия оқудың сыры ма, қысқасы, адам баласының қабілетінің шексіздігін дәлелдейтін шындық екені анық. 10. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын болған бір құпиялы жағдай есімнен кетер емес деді. Өзі оқымысты, өтірік дегеннен жаны аулақ бір танысым онда мұндайды айтудан қорқасың. Қазір шіркін демократия ғой. Алматы-Мәскеу пойызына отырып, батысқа қарай жол сапарына шықтым. Менімен бір купеге қара өңді, арықтау жасы 70-тен асқан қария келіп жайғасты. Сөйлемейді. Ешкімге жақындамайды. Жол жөнекей станцияларда поезд тоқтағанда түспейді. Қысқасы өзімен-өзі. Былай қарасаң, дені сау, есі дұрыс сияқты. Бір рет сөзге тартып едім, е деді де, кайтып сөйлемеді. Мен секем ала бастадым. Жарты жолда қарияға шай ішейік дедім. "Е, болады ішуге", – деп, дастарқан басына келді. Үн жоқ. "Тамақ алыңыз", – дедім. "Е, бар ғой", – деп өзінің бір қағазға оралған тамағын алды да, ашты. Кәдімгі тауықтың жұмыртқасы. Содан екеуін аршып жеді де, шай ішіліп болған соң шал жұмыртқа қабығының бір түйірін де тастамай жинап алып, әлгі қағазға орап, тор дорбаға салды. Өзі үнсіз орнына барып жатты. "Қария, қайда барасыз", – деп едім, "Түркістанға", – деп шолақ жауап берді. Түркістанға келгенде қария: "Қош, әлі кездесерміз", – деп түсіп қалды. Мен оның ақырғы қоштасар сөзін естігенде, денем дір етіп, бір ыстық толқын ұрғандай болды. Содан бері жыл өткен сайын сол қария көз алдыма келеді де тұрады, бұл неге, Зеке?" – деді. Шындық елестің де елесі барын, белестің-белесі барын халық ұрпағы білсе артық емес. Алланың пендесін тексертуге жіберген, қасиетті жер Түркістанды аралап жүрген "Қызыр Ата" ма? Мұндай көзге көрініп жоқ болатын елестік бейнелер көбеюде. Бұл діншілдік мен дінсіздік арасындағы күрес дамығанда көбейетін құбылыс. Ғарыштық "Ақ" пен "Зұлым" күштердің арасындағы шайқас күшейгенде, Алла тағала соларды да бақылауға бақылаушыларын жіберіп, олар адамдарға көрініп, сабыр сақтатып, қоғамымыздың жақсылық бағытында дамуына көмектесетін сияқты. Дегенмен, мұндай бейнелік елестік көріністен сескену, қорқудың қажеті жоқ. Олар өздігінен адамға жамандық ете алмайды. Діннің шариғаттық шарттарын орындағанда ғана өз жолыңызды дұрыс бағыттай аласыз. Қазақ – қасиетті халық, Жері киелі. Оның жері мен елі ғарыштық жақсылық тарату ордасы. Ақ таң аппақ боп шапағат нұрын шаша атып келеді. Елімізде болатын алдағы жақсылықтың, мейірбандық пен қайырымдылықтың елесі көрінуде. Алла тағала бәріңізге сол елесті нәсіп етсін. РУХТАРМЕН СӨЙЛЕСУ Қазақ халқы өзінің жаратылысынан тысқары әлемде болып жататын және тысқары басқарушы қуат күштерінің әсерін әрқашан да бақылап отырған. Өзінің өмірінің отыз жылын (1898-1928 ж. аралығы) Жаратылыстың тылсым дүниелерін зерттеуге арнаған Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің "Үш анық" кітабында өзі тексеріп, танысып және тұжырымдаған шығыс пен батыс ғұламаларының құпия еңбектерін жоғары бағалады. Өзінің осы еңбектердегі көрсетілген спиритзм, магнетизм және телепатия жөнінде айтарлықтай ойын түйіндеп жазып дәлелдеді. Соның ішінде біз сөз етіп отырған спиритзм (аруақпен сөйлесу) қазіргі уақытта білуге өте қажет ғылыми таным және халыққа қажетті жасырын сыр болып табылады. Әрине, бұған дейін аруақпен сөйлесуді айту күлкілі еді. Бұдан бұрын да жаратушы бар деген Сократ басына таяқ болып тисе, ал Галилей жерден үлкен планета бар дегені үшін қуғын көріп, аз азап тартпады. Діні емес тілі, дәстүрлік өнер саласы жойылғандар мен жойылуға аз қалғандар да бұндай жабайы атаудан ат тонын ала кашты. Құдірет күші күшті жұрттар үстемдігін қолына алып, жаңаша танымдық ұғымға қарай біздің санамызды бұруға ықпал етуде. Дегенмен, Еуропаның біраз дамыған елдерінде (Франция, Англия және т.б.) және Америка, Үндістан сияқты елдерде спиритзм құпиясын үйреніп дәлелдеудің өзі XVIII-XIX ғасырда басталды. Парижде спиритзм мектебі ашылды. Оны оқығандар рухпен (жан) байланысқа шығатын. Кейде байланысатын рухтың аты да болған. Сол мектептің түлегі Хасан Марзух рухпен байланысқанда, "Жақсаза" деген рухтан түрік сұлтаны Ғабдул-Хамиттің зұлымдығын халқы қанша уақыт көреді дегенде: "Оның патшалығы отыз үшінші жылдың тоғызыншы айында тақтан түседі", – деп берген жауабы дәл келген. Міне, осыған орай біздің де ортамызда аруақпен тікелей байланысқа шығатындар бар солар арқылы толық болмаса да, қанағаттанарлық хабарлар алудамыз. Олар өз ұлтымыздың таза жанды киелі адамдары. Бұған қарап аруақпен сөйлестім дегендердің бәріне сене беру қапыда қалдыратынын білген дұрыс. Жүздің жүйрігі, мыңның тұлпары ғана осындай қасиетке ие болуы мүмкін. Ол жағы өте құпия. Әрине, аруақпен сөйлесу жауапты жұмыс. Егер адал күш қожайыны торына ілінсең жақсы, ал арам pyx колына жемтік болсаң сорыңның қайнағаны. Кейінгі кездегі бақылауымда ғарыштан он сегіз түрлі (одан да көп шығар) хабар бір уақытта, бір диапазонда қатарласа параллельді бағытта келетіндей. Кейде спираль, бұранда, шашыранды, үзіліспен, жоғалып барып немесе бір реттен кейін жоқ болып, бірнеше күн, ай өткенде қайта байланысқа шығады. Белгілері: дыбыс, дыбысты сөз, тықыл, дүрсіл, айғай, тоқылдату, жылы салқын толқын, жарық, неше түрлі, тұманды автоматты тетікті құралдық қосылыс, атылған оқ сияқты, денені сипап өту т.б. әсерлер болғанда, адам өзінің ішкі жан дүниесінің ашылмаған тканьдарын оятып, қажетті тетіктер сыртқы байланыс жүйесіне автоматты түрде іске қосылады. XIX ғасырда Үнді мүхитында Францияның мамандары спиритзм жөнінде сынақ жасағанда, рухты шақырып сөйлескенде бұрын өлген өздерінің бір жолдастарының жаны келіп, мен өлмей тұрып кеме бастығы капитаннан бес франк, жиырма бес су ақша қарыз алып, соны төлей алмаған едім. Сол маған қиын болып жүр. Соны сендер мархаббат етіп, төлеңдерші, – дейді. Капитаннан сұраса есіне түсіре алмайды. Тіркеу кітапшасынан қараса, дұрыс шығыпты. Жолдастары капитанға алашағын беріп, о дүниелік жолдастарының рухын тыныштандырған. Өмірде адал болғанға не жетсін! Ұмытса да, арамдық пен зұлымдық істесе де, әр адам бұл дүниеде аман болғанымен, о дүниеде жауап бермек. Не үшін бізбен аруақтар байланысқа шығады? Немесе біз неге оларды мазалаймыз? Сонда аруақтардың қандай жақсылығы болады? – деген сұраулар да заңды. Аруақтар бізге бір қауіпті, қатерді немесе жақсылықты ескерту үшін байланысқа шығады. Олар да Жоғары билеушінің кезекшілері, билеушінің тапсырмаларын жеткізуші ғана. Осымен аруақтар қызметін аяқтамақ. Бұдан басқа бізді бақылаушы, корғаушы, куат беруші, бұйырушы және жазалаушы рухтар да бары шындық. Рухты арнайы атап шақырады. Кейде бөтен рух та араласып кетеді. Немесе мен солмын дейтін рух та бар. Мысалы, 1993-1994 жылдары "Караван" газеті қосымшасы "Аруана" газетінде көбінесе о дүниелік өнер мен мәдениет адамдарының рухымен сөйлесетін "Ақсақ әулие" – Серік Құмарды дүрілдете жазды. Біз екі жылдан бері бұл "сәуегей аруақпен тілдесушіні" жоғалтып алдық. Ол Алматыда тұрады. Уақыт өтті, бітті дегенмен, бұндай "әуесқойлықтың" қоғамға зияны, халықтың болашағына қырсығы тиері және жеке азаматтардың басын катыруы шындық демекпіз. Өмірде тірі пенде жарқырап шыққан жалынының қасиетін корғап, оны ары дамытуға мықтымын дейтін көптеген "Сәуегейлер" адал қасиет иелерін де халық алдында ұятқа қалдыруда. Аруақпен сөйлесу үлкен рухани, ғылыми және жан-жақты дайындықты қажет етеді. Мысалы, 1992 жылы "Ақтар" ұйымымыз, "Мен – Исамын, Мариямын" дегендер елдің зәресін алды. Естеріңізде ме, көшелерде үйлер мен мекемелер қабырғасында "Мария" ана суреті ілініп қаптағаны. Бұл теріс пиғылдағы ұйым 1992 жылы "23 қарашада өмір бітеді" – деп халықтың зәресін алды. Түсінбегендердің алды қазан айынан бастап бір-бірімен қоштасып жатты. Бүкіл дүние жүзі халқы тебіреністе еді? Құдай оңдап, Алматыда қазанның 18-21 аралығында, "Рухани бірлік келісімі" халықаралық конгресі өтті. Әлемнің жетпіске жуық елінен ғалымдар, дін басшылары, емшілері, көріпкелдер, тарихшылар, басқа ілім өкілдері болды. Мен 20 қазанда емдік сеанстардың байқауына шыққанда бірден дұға оқыдым. Бата жасап жатқанда маған ғарыштық хабар "Сен айт, 23 қарашада жаманшылық болмайды", – деді. Мен осы сөзді емдік сеансым басталар алдында айтқанда, Республика сарайында отырған төрт мыңнан артық адамдардың өзіміз бен шеттен келгендердің қуанғаны әлі көз алдымда. Залда қуаныштан көзіне жас алғандар да аз болмады. Сол кезде түсірілген, шындықты дәлелдейтін ви-деофильм сақтаулы. Келер жылы қазанның 2-9 (1993 ж.) Қазақстаннан отыз адам Қырымның (Украина) Гурзув қаласында өтетін дүние жүзілік "Дәстүрлі емес халық медицинасының" бірінші Конгресіне қатыстық. Сапарымыз өте нәтижелі болды. Біздің делегаттар сол елдің "Мариясы" немесе "Ақтар" ұйымы жөнінде арнайы орынның адамына сұрау салды. Олар: Сіздер Конгрестен соң көп кешікпей олар жөнінде ("Ақтар") естисіздер", – деді. Біз елге оралдық. Баяғы әлем елдерінің тынышын алған "Ақтар" басшылары ("Мариясы" да) түрмеге жабылды. Кейін ұзақ мерзімге сотталғанын естідік. Айтайын дегенім, өзімді мақтау емес, іс-тәжірибем мен көрген-білгеніме сүйеніп, "ғарыштық зұлым күштер" торына ілінгендердің Алла алдында жазасын алуымен, қоғам мен адам санасындағы қара торлардың жойылып тазаруы еді. Адамның миындағы ерекше таңғажайып процестерді ғалымдар да шеше алмай қиналуда. Ми бүгінгі компьютерден де артық деуге болады. Себебі, компьютерді де ойлап тапқан, бағдарламасын жүйелеген адам. Ал ойлау жүйесінің қожасы – ми. Мидың 12 пайызы ғана жұмыс істейтінін, ал қалған бөлігі демалыста екенін биолог ғалымдар қапысыз дәлелдеген. Сонда тоқсан пайызға жуық мидың ұйықтап жатқан клеткаларын, оның тканьдарын біртіндеп оятуға, іске қосуға болатынын біз ғана емес, ғылым да дәлелдеуде. Адамның мүмкіндігі мол. Өз қабілетін білмейтіндер қаншама. Ал білгендер – бақыттылар. Бізде де бір уақытта бірнеше шаруа тындыратындар жетіліп келеді. Жамбыл облысының Шу қаласы, Төле би ауылында 1994 жылдан бері Қытайдың Ганьсу өлкесінен көшіп келген, аруақпен сөйлесетін, көп қасиет иесі Әзиза Сайдоллақызы тұрады. Жасы қырықтың ішінде. Ә. Сайдоллақызы Қазақстанға көшіп келерден бұрын, отызға жетпей аяқ астынан бір қасиетке ие болады. Ол ұйқылы-ояу түрде бір ақсақал адамнан кәдімгі Құранды қабылдап алады. Өзі сауатсыз. Мешітке апарса Қытайдағы молдалар күтіп ұста, бұл – Құран дейді. Өзінде жоқ Құранды ол қалай алды, әлгі көрінген ақсақал кім? Басы әбден қатады. Көп жылғы азабын артқа тастап, Әзиза сол елде жүргенде-ақ әруақпен тілдесіп, ем-дом, көріпкелдік, сынық салу, шөппен емдеу, дұғалық беру т.б. қызметті халқына аямайды. Ол араб әрпін танымайды. Соған қарамай-ақ, аруақтардың көмегімен кітап ашып, әркімнің жеке-жеке ауруларына дұғаларын оқып, аянмен көбінесе дүйсенбі, жұма күндері қабылдайды. Ми қызметінің күштілігі ме? Әзиза аян аяттарын ұмытпай, жекелей оқып, емін жалғастырады. Спиритзм әдісін жақсы меңгерген Әзизаға науқас адамдардың көптеп баруы сондықтан да болар. Еміне кесімді баға қоймайды. Өз касиетіне, құпиясына өзі қожа. Мен оның қабілетін үш жылдай бақылағанда біртіндеп қасиеті артып бара жатқанына куә болдым. Өзім білетін көптеген ауақпен бұрын сөйлескендердің қазір қасиеті жоғалып бара жатқанын, олардың зұлымдық күштердің торына түскенін аңғардым. Оларға енді тек қана дін жолымен тазару қажет. Егер біз Әзиза Сайдоллақызын толық танығымыз келсе, ол ерекшелік Әзизаның ұстамдылығында. Жанының тазалығы. Құранға қарап, тәспих тартып, ойыңызды дәл табуы, оған көмектесетін ақ ниетті аруақтардың әсері. Әзиза: "Қытайда жолдасым Әдібастың әкесі жазықсыздан ұсталып, артынан бір топ адаммен бірге атылды. Заң қатал, сүйегін бермек түгілі, көмген жерін де айтқан жоқ. Мен аруақтармен байланысқа шықтым. Маған Қытайдың бір шетінде атылған атамның денесі бір топ адаммен бірге көмілгенін көрсетті. Қандай қайғылы. Киімдерімен шұңқырға итеріп, беттеріне топырақты үйе салған. Атамның рухы маған: "балам, менің денемді алсаңдар, мына жерден бастап қазсын", – деп нұсқағандай болды. Мен сол аруақ аяны бойынша атамның сүйегі жатқан жерін қазып әкелушілерге қолдан сызып бердім. Құдайдың көмегі шығар, атам марқұмның сүйегін дәл тауыпты. Енем тіккен тіз киімі де дәл өзі. Сүйегін алып келді. Мен атамның рухымен байланысып, "Ата, ризасыз ба?" дедім. Сөйтсем, шыр-шыр етіп: "Ойбай, ана менің жанымдағы өліктің аяғының астында, бір бармағым қалды. Соны әкелсін", – дегені. Мен жұбайым Әдібасқа айттым. Ол атамның өлі денесінде шынында да аяғының бір бармағы жоғын айтты. Адамдар тағы да бауырластар мүрдесіне барып, атамның рухының аяны бойынша бармағын тауып әкелді. Денесі толық мүшелерімен жерленді. Атамның аруағы осылай тынышталды, аға – деп күрсіне барып, көңілі босап, сөзін аяқтады. "Зұлым" рухтармен (аруақтармен) байланысқа шыққан Семей облысы, Аягөз қаласы маңындағы бір әскери бөлімде заңгер болып істейтін, кейін аруақ қысқан К. деген қырықтардағы әйел мен Жамбыл қаласы тұрғыны А. деген отыздан асқан азамат Алматыда (1993-1994 ж.) Елбасы мен Үкімет кеңселеріне барып, біз ғарыштан хабар алдық, кеп қалды, бүйту керек, сөйту керек деп, қабылдау бөлімі бастығының есін шығарып, өздерін Елбасы мен Үкімет басшысына жолықтыруды талап еткен.
Абырой болғанда, біреуін маған жолық деп ойынан қайтарсам, екіншісін де тоқтаттық. Сондықтан, аруақтан хабар аламын дегеннің бәрі адал еместігін білген дұрыс. Өлген адамдардың денесінің биоөрісі жоғалмайды. Ол мәңгі кеңістікте, өзінің амплитудалық жиілігі бойынша өз планетасында толқын болып өмір сүреді. Сондықтан, pyx тірілермен байланысқа шыға алады. Ғалымдардың анықтауынша, тіпті, ажал келерде дене "сәулелер" шығарады екен. Ол біртіндеп азайып, өшуге жақындағанда өмір өзінің жер бетіндегі қызметін тоқтататын көрінеді. Бірақ дене өзінің физиологиялық қызметін тоқтатпай көп уақыт қызмет істеп, жан-жағына денеден әлдеқандай қуат бөліп шығарып, айналасын "сәулелендіріп" жатады деген болжам бар.
Сондықтан, адам денесінде әлі ғылым анықтамаған басқа "өріс" тудыратын нұр көздері болуы мүмкін. Мысалы, 1941 жылы 16 маусымда Самарқанда Ақсақ Темірдің денесін көмген мүрдені ашқанда, аппақ тұмандай шар опа сияқты бұрқырап, шаң болып көтеріліп, алғаш денені көрсетпеген. Белгілі уақыттан соң әлгі ақ опа сияқты тозаң жоғалып, Ақсақ Темірдің таза денесі көрінген. Комиссия құрамындағы бір өзбек асханаға барса, екі шал отыр екен. Ол екеуі жігітті шақырып алып, бір кітапты ашып: "Ақсақ Темір мүрдесі ашылса дүние жүзілік соғыс басталады", – деген. Ол қайтадан кері барып, комиссия құрамындағы Өзбекстан Орталық комитеті хатшысына айтып, екеуі қайтадан шайханаға келсе, әлгі екі шал жоқ дейді. Өзіміз білеміз, 22 маусымда Гитлер Кеңес еліне қарсы Ұлы Отан соғысын ашты. Екі шал әлі жұмбақ. Біздің ойымызша оның шешуі біреу ғана. Аксақ Темір мүрдесін қорғап жүрген, о дүниелік рухтардың адамзатпен тікелей байланысқа шығуы шығар. Бұл рухтардың адамға ескерту үшін, Алланың құдіретімен тікелей тілдесуі дейміз.
Ғұлама ғалым, ақын, рухани ұстаз Машһүр Жүсіп Көпейұлы жас кезінде Самарқанда діни медреседе оқып жүреді. Бір күні медресе жанында жүрсе, өңі өзгеше қолында аса таяғы бар бір діндар қария кездеседі. Ата Жүсіптің сәлемін алып, сосын таяғын лақтырғандай болып, жүре бере "жетпіс екі" дейді де, жоқ болып кетеді. Зәресі ұшқан Машһүр Жүсіп маған ажал 72 күнде келеді деп ойлағанымен, одан да, 72 айдан да аман өтіп, жетпіс жасты қуып жетіп, аса бере баяғы 72-ден күдік алып, тірі кезінде өз асын өзі беріп, жерлейтін көрін қаздырып, 1930 жылы қайтыс болады. Өлерінің алдында "Денені жер астындағы бөлмеге ашық түрде, төсекке жатқызып қой, денем қырық жыл бұзылмайды", – деп аманат етеді. Келер жылы Жүсіп әулие қайтыс болады. Ол жетпіс екіге толған екен. Денесі өзі айтқандай қойылады. Дене бұзылмай жиырма жылға жуық тұрса керек. Өз өсиеті бойынша жыл сайын кебін киімі ауыстырылып тұрған. Бұны да біз тірі пенденің тікелей ауақпен байланысы демекпіз. Егер Машһүр Жүсіп аруақпен тікелей сөйлеспесе, ол өз денесінің 40 жыл шірімесін қайдан білді? Құдай тағала өзі сүйген құлын қалай аламын десе де өзі біледі. Бірақ, әулиенің мүрдесін кейін бұзғандар өлген, жаманшылықтарға душар болған. Мүрде ел егемендігі кезінде қайта қалпына келтірілді. Әулие рухы елін қорғауда. Мен 1994 жылы маусым айының басында Ташкенттің арғы жағындағы Киров ауданында (Оңтүстік Қазақстан облысы) болып, халықпен кездесу өткіздім. Кезекті қайырымдылық емдік сеансымның соңында рухтар жөнінде әңгіме қозғадым. Сонда жетпістен асқан бір апай тұрып: "Менің күйеуім осы елде осыдан жиырма жыл бұрын, ауданның екінші басшысы еді. Ол Индияға баратын делегаттарды бастап барып, сонда қайтыс болды. Денесі әкелініп жерленді. Сол ағаңның жаны сонда қалды ма деп әлі ойлаймын", – деді. "Апай шалыңыздың рухы жаныңызда жүр. Рух денеден бұрын өзі Алла құдіретімен ұшып келеді", – дедім. Апай жауабыма онша риза болмағанын сездім. Қабағының жабырқаулығы білініп тұр. "Апай, шалыңыздың рухымен сейлесесіз бе?" – дедім. Қабағы ашылып: "Ондай құдіретіңіз болса, әрине, жиырма жылғы ішкі қайғым кетер еді", – деді. Мен маркұмның аты-жөнін сұрап алып, Алладан көмек сұрап, мазалағаным үшін аруақтардан кешірім сұрап бір толқынды хабар белгісі тез жақындағанда ақырын ғана "Апай, көзіңізді жұмыңыз" дедім. Апай көзін жұмысымен, "Әне, аруағыңыз, сөйлесіңіз", – дегенім сол екен, апай жұбайының атын атап, сөйлесе бастады. Барлық зарын айтып, ішінара жылап қояды. Залдағы отырғандар тып-тыныш. Байланыс 3-4 минуттай болды. Апай көзін ашты. Шынымен-ақ өзінің жиырма жылғы шерлі арманы орындалып, санасы оянғанын айтты. Мен "Сіз маған емес, Аллаға рахмет айтыңыз", – дедім. Бұл жиырма жыл бұрын "ақ өліммен" шейт болған адам рухының артында жиырма жыл зарлап күткен жұбайымен кездесіп, о дүниемен бұ дүниедегі екі қауымның өкілінің тілдесуі еді. Бұл да аруақпен сөйлесудің шындығы мен мәңгілік өмірдің барлығын дәлелдеу болмақ. Адамзаттың денесінде әлі ғылымға белгісіз әлдебір "өріс" бары және оның өзегінде әлгі адамның биологиялық, психологиялық, сондай-ақ тұқым қуалаушылық туралы ақпаратты мәліметтер бары бұрыннан рас. Мұны ғылыми жолмен анықтағанда науқас адамның ішкі ағзаларында сәулеленіп шығатын "өрістің" бары да анық болған. Өлген адамның энергетикалық-ақпараттық өрісі қай уақытта бәсеңсіп және қашан мүлде өшіп қалатынын да анықтаған. Өлген адамдардың денелеріндегі "өріс" жоғалмайды. Мысалы, қартайып, өз ажалынан өлгендердің "сигналы" алғашқы 48 сағат аралығында біртіндеп бәсеңсіп, одан кейін қалыпқа түседі, бірақ жоғалып кетпейді екен. Ал бақытсыз жағдайда қайтыс болғандардың "сигналы" сағат сайын, тіпті алғашқы жиырма сағатта мүлдем жоғарылап, одан кейін қайтадан төмендеп, біртіндеп бір қалыпқа келеді. Және кісі қолынан қаза тапқан, азапталған, өзін-өзі өлтірген т.б. мәйіттерінен шығатын "сәуле" өлгеннен кейінгі бес күн ішінде өте тұрақсыз болады. Ол "сәулелер" бәсеңдікке ұмтылғанымен, арпалысқа ұқсай береді дейді ғалымдар. Ғылым қайтқандарды осылай анықтап, өлімнің құпия сырын ашпақ. Аруақпен сөйлескенде хабар бірден үзіліп, жоғалып барып т.б. тұлғада келуі осы ғылыми тұжырымның дұрыстығын көрсетеді. Тағы да аруақпен байланыска шыққандағы мына құбылысқа не дейміз? 1994 жылы шілде айында Жезқазған облысы, Ұлытау ауданының әкімі Серік Тілеубаевтың шақыруымен Ұлытауға бардым. Жанымда жұбайым Түйме-күл мен Қарағанды облыстық қауымдастық филиалы директоры, емші Майра Тіленбекова және ұлытаулық емші Аяшев Бақберген болды. Аудан өкімі Серік Тілеубаев мырза күндіз аудан шаруашылығын аралатып, халықпен кездестіру ұйымдастырды. Кеш бола аудан орталығы Ұлытауға ораламын. Хабарландыру бойынша жергілікті халық пен емделуші-лер кезекті емдік-насихаттық сеансты күтіп, мәдениет үйіне жиналады. Бір жетілік сапар аяқталып, қайтар уақыт таяп келеді. Тағы бір емдік-насихаттық сеанс. Сұрақтар көптеп койылды. Қайтуға аз уақыт калғанда залда отырған, бұрын вертолет апатынан жарымжан боп қалған орта жастағы әйел қолын көтеріп: "Осында сізге дейін бір емші әйел" (Өзі әзірбайжаннан, ұлты қазақ) қазақтар аруақпен сөйлесе алмайды деді, осы шын ба?" – дегені. Мен: "Жоқ, қазақтар аруақтармен өте сапалы байланысқа шығады", – дедім. Әйел оныңыз шын болса, сіз қазір дәлелдеңізші деді. Аз ойланып тұрып: "Аруақтарды мазалау да күнә, дедім, сонда да, мына үні жүзден артық халыққа жай сөзбен ғана жауап беруге болмас. Талабыңызды орындап, қазақтың киелі ұрпақтары басқаларды о дүниелік рухтармен қалай сөйлестіріп, байланысқа шығаратынын көрсетейін", – дедім. Зал іші тым-тырыс. Барлық отырған адамдардың көзі маған қадалып қалған. Алладан рұқсат, аруақтардан кешірім сұрап, өзімнің жан дүниемді сыртқы рухтармен байланысқа қостым да, енді көздеріңізді жұмыңыздар дедім. "Міне, келді аруақтарыңыз, олар сіздерге кім болады, өздері айтады, тек сабыр сақтаңыздар, міне, сіздерді аруақты ата-баба т.б. рухымен қостым" дедім. Зал іші тым-тырыс. Арада екі минут уақыт өтпестен, зал ішіндегілер арасынан "Я, аруақ", "Ата, апа", "Папа" т.б. жаңғырық шығарған дауыстар көбейе бастады. Отыздан артық адам өзінің о дүниелік ата-баба т.б. рухымен сөйлесті. Әр түрлі сөздер айтып, бірі жылап, екіншісі кешірім сұрап, ал үшіншісі "Папа, кетпеші" деп жатыр. Сондағы бір "Кетпеші, папа, кетпеші" деген жасы он-он екілердегі қыз баланың дауысы әлі құлағымнан кетпейді. Неткен аянышты еді?! Залдағылардың көзі не-бары 4-5 минут қана жұмылғандағы құбылыс еді бұл. Содан бері бес жылға жуық уақыт өтті. Жас қыз бала менн кәрі ананың (кировтік) зарлы үндері сол қалпында құлағыма келіп тұрғандай әлі сезінемін. Апайдың марқұм отағасының жиырма жылдан кейінгі рухымен байланысы және ұлытаулық қыздың қайтқанына екі жылға жетпеген папасының рухы да сағынып, мен арқылы арттағы ұрпағымен байланысқа шығуға асықты ма, бұл жағы бір Аллаға аян. Әрине, сондағы аруақтармен байланысқа шыққандардың кейбіреуінің өздерінің баяндауынша, өмірі көрмегендері де бар. Кейде аралас рухтар да келуі мүмкін. Ал алдаушы рухтар барын ескерген де дұрыс. Емші таза, адал болғанмен, аруақпен байланысқа шығушы дайын болмаса ұтылуы да шындық. Дін де "жан", "аруақ", "рух" барын дәлелдесе, ғылым да қуаттап, оны толық дәлелдеуге ұмтылуда. Өйткені, біз Кеңістік-Уақыт-Материя шеңберінде өмір сүрудеміз. Әлі бұлар тылсым дүниенің таңғажайып құбылыстарын түсіндіруге толық қабілетті емес. Көп ізденіспен діннің, ғылымның және табиғат пен жеке адамның өзіндік құпиясын үйрену ғана түпкілікті нәтиже беруі мүмкін. Ешкі сияқты ербеңдеген, екі иықтарын селкілдетіп, көздерін алартып, ақ матасына тірідей оранған "емшісымақ" алдампаздардың "аруағым күшті, аталар айтып тұр, сені аруағыңмен сөйлестірем", – деген жалған сауатсыз алдампаздығының сыры да ашылды. Діннен, ғылымнан, тылсым күш құпиясынан хабарсыз, өздері сауатсыздардың халықтың басын қатырғаны-на талай жылдар болса да, азаяр емес. Бұндай сауатсыздарды "қара ниетті рухтар" күші, пері, жын және шайтандар басқарып жүргенін енді білген дұрыс болмақ. "Аруағым емдейді, әне келіп түр", – дегендерді мойындау дұрыс емес. Аруақпен ойнауға, оларды ренжітуге болмайды. Барлығы да бір Алланың рахымымен өзі жіберген дертіне өзі шипасын тигізеді. Адам емшілік атағы болғанымен, шын мәнінде ем жасау кезінде өзінің құдіретті күштердің бұйрығын орындаушы құрал ғана екенін біле бермейді. Спиритизм әдісі кез келген адамның қолынан келе бермейді. Біз, мыңнан аса аруақпен сөйлесем деушілерді көп жыл қадағалағанда нақты мәліметке қол жеткіздік. Нағыз аруақпен байланысқа шығушы тек қана осы бір салада жетістікке жетуі мүмкін. Әлемдік аруақпен байланыс жасаушылар қосымша емдік, көріпкелдік т.б. нәрселерден өзін қорғайды әрі аулақ ұстайды. Ал Қазақстандағы киелілердің көбі бәрін мен білемін деуіне таңқаласың. Бұл олардың білімінің таяздығы. Кейде аруақтардың даусын естіп, оның айтқа-нын қағазға жазып алатындар да, аруақтың әсерімен әр түрлі сызбалы бейнелер сызатындар да баршылық. Дегенмен, осы келіп түскен сөз бен сурет және сызбалардың спиритизм арқылы келгені шын болғанымен, көп ақпараттың теріс бағытта екенін де білу қажет. Бұл жөнінде көптеген "емшісымақтар" өздерінің жазбалары мен сызбаларын әкеліп бергенде, көзбе-көз анықталды. Олар "қара күш" иелерінің қақпанынан құтылғанына бүгінде куанады тәубесіне келіп, өздерінің қылықтарына ұялуда. Ал ары таза еместер "қара күш" иелерінің торында шырмалып қалуда. Бүгіндері мен аруақпен сөйлестім, мені "әулие" де, "қасиетті", тіпті "Алланың елшісімін" деушілердің, ол аз десеңіз өзін "құдаймын" т.б. дегендердің үні өшіп бара жатқаны, адамзатқа қашанда көмек ететін "Ақ күштердің" әсер ету салмағының артуынан болмақ. Бұл шындық күші. Спиритизмнің тағы бір байланысы, кейбір адамдардың дене сезімі арқылы жақын және алыстағы кайғылы, апат және қуанышты жағдайды көре де, сезе де білуі. Кейде мұндай жағдайларды айна арқылы көре ала-тын қасиеттілер де болған. Десе де, бірден мұндай жайды хабарламай, ойланып, өңдеп, салыстырып барып халыққа жеткізген жөн. Қайғылы жағдайда қайтыс болғандардың аруағы келіп, белгілі бір адамдарға қайда, қалай өлді, денесі қайда жатыр, тіпті белгісі мен кім өлтіргеніне дейін хабар бере алады. Сөйтіп, өлі пенденің рухы мен тірі пенде арасын жалғастырып, байланысын қабылдатып тұратын антенналық тетіктің сырын білуге ұмтылу ғарыштық сананың жетілуіне байланысты болмақ.
Алматы қаласы "Шипагерлік баян" газеті, сәуір, мамыр, маусым, шілде 2017
|
||
|
||