ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
| ||
главная вернуться | ||
ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым
/басы өткен санда/
ДЕМІКПЕ Ұлы Жаратушы Алла тағаланың заңдары бойынша адамның тәні жинақталған қуат көзі болып табылады. Адамның өмірі мен денсаулығы осы қуат күшіне тəуелді болғандықтан, көптеген аурулардың пайда болуы да қандай да бір қуаттың шамадан тыс көбеюі немесе жетіспеушілігінен туындайды. Әдетте, қуат пен жарықты бір түрге жатқызғанмен, қуаттың түрі өлшеусіз болып келеді. Олардың барлығының түр-түсін, атауын білу мүмкін емес. Демікпе мен тыныстың тарылуы осы қуаттың тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болады. Қан айналысына жауап беретін қуат тепе-теңдікте болмаса, қан арқылы шығатын зат алмасу қалдықтары толығымен шығарылмайды, қан айналып өкпеге қайтқан кезде осы зиянды заттар бірге келіп, өкпеде жиналып, оның жұмысын нашарлатып, соның нәтижесінде өкпені зақымдайтын вирустар пайда болады. Адамның тыныс алуы нашарлайды. Бұл ауруды демікпе (астма) деп атайды. Демікпеден емдеу үшін қағазға былай деп жазыңыз:
Қағазды суға салып, суды науқас адамға күніне 3 рет ішкізіңіз. Науқас адам таза ауада болып, ауа райының шұғыл өзгеруінен сақтануы керек, қышқыл, суық тамақтарды пайдаланбаған жөн. ДЕНЕНІҢ АУРУЫ Ауыр науқасты, әлсіздікті, бүкіл дененің ауруын және ревматизм ауруларын емдеу үшін, ұйықтар алдында жартылай жылы су құйылған ыдыс алып, оның үстінен қарап тұрып 41 рет мына дұғаны оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим йа хафизу йа хафизу йа хафизу Йа шафи Йа шафи Йа шафи Йа кафи Йа кафи Йа кафи Йа бадиъәләъджаиби бил хари Йа бәдиъу Йа бадиъәләъджаиби бил хари Йа бәдиъу Йа бадиъәләъджаиби бил хари Йа бәдиъу йа хафизу йа хафизу йа хафизу Бұдан кейін суға үшкіріп, оны ауру адамға ішкізіңіз. Ауру адам ешкіммен сөйлеспей, ұйықтауға жатсын. Әдетте ем 3 күн жүргізіледі, алайда созылмалы ауруларда емді 11 күнге дейін созуға болады. ДЕНЕНІҢ ЖЕКЕ НЕМЕСЕ БІРНЕШЕ МҮШЕСІНІҢ ЖАНСЫЗДАНУЫ Қағазға мына жазуды жазыңыз:
Қағазды сумен шайып сол суды ауруға таңертең ерте, түсте және кешке ішкізіңіз. Көлемі 22,5х22,5 см болатын қатты қағаз алып, соған алдында жазылған сөздерді жазыңыз да, сол қағазбен аурудың жансызданған жерін үйкеңіз. Үйкеу сағат тілі бағытымен жүргізілуі керек. Тұз және ас қорыту жұмысын нашарлататын, ревматизмді күшейтетін тағамдарды көп пайдаланбаған абзал. ДУА МЕН СИҚЫРДАН АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ Бұл емді тек науқастың сиқырға ұшырағанына сенімді болсаңыз ғана жүргізіңіз. Науқастың бойымен бірдей 11 көк жіп алып, оны 4-ке бүктеп, бүктелген жіптің бір ұшынан түйін түйіңіз. Фалақ сүресін бір рет түгелдей оқып, түйінге үшкіріңіз де, оны қаттырақ түйіңіз. Бисмиллахир рахманир рахим Куль Аузубираби ал фалак Мин Шарри Ма халака Уә Мин Шарри Гасикин Иза Уәкаба Уә Мин Шарринаффасати Фил укад Уә Мин Шарри Хасидин Иза Хасада Осылайша 11 түйін түйіп, оны жанып жатқан көмірдің үстіне тастаңыз. Егер жіп жанған кезде иіс шығарса, бұл шараны иіс кеткенше қайталаңыз. ДҰШПАННЫҢ ҚАСКӨЙЛІГІНЕН ЖӘНЕ ІШТАРЛЫҚТАН ҚОРҒАНУ Бамдат намазынан кейін немесе ұйықтар алдында Құранның 61-Саф сүресінің 13-аятының төмендегі сөздерін оқып, 100 рет қайталаңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Насрум Минуллахи Уә Фатхун Карийб Одан кейін адамның үстіне үшкіріңіз. Бұны тек дұшпанның қастық ойлап жүргеніне сенімді болсаңыз ғана жасаңыз. Сонда дұшпандарыңыздың қастығы мен зұлымдықтарынан, қызғанышынан ада боласыз. Шынайы қажеттіліктерсіз бұл емді жасауға болмайды. ДІНИ СЕНІМДІ ЖОҒАЛТУ НЕМЕСЕ ОНЫ ТЕРІС ТҮСІНДІРУ Адам діни сенімнен айрылғанда немесе оны дұрыс түсінбегенде, ол Аллаһқа, Пайғамбарға және дінге деген теріс пиғылда болады және ол адам ауру адамдай дәрменсіз жағдайға ұшырайды. Науқас адамды бұндай азаптан құтқару үшін оған мақта матасынан ұзын жейде тігіңіз. Бұл жейде науқастың тізесін жауып тұратындай ұзын және адам денесін 9 рет орап алатындай кең болуы керек. Сондай-ақ жейденің жеңі де кең және әдеттегі жеңнен 9 есе ұзындықта болуы тиіс. Осы жейдені науқас адам қараңғы бөлмеде үстіне киіп, 15 минуттай сол бөлмеде ақырын жүріп, 1-Фатиха сүресінің 1-3-аяттарын оқуы керек. Бисмиллахир рахманир рахим алхамдулиллахи раббил аламийнар рахманир рахими малики ювмиддин 15 минуттан кейін жейдені шешіп, оны сол бөлмедегі қауіпсіз орынға қою керек. Бұны сенім қайта орнағанша жасаған жөн. ДІРІЛДЕУ, ҚАЛТЫРАУ Адам бойындағы дірілдеу мен қалтырау дене зақымдануынан, жүйкесінің тозуынан, қан айналысының бұзылуынан, қорқыныштан, үрейден пайда болуы мүмкін. Бұны емдеу жолын діни ғұламалар бірнеше парақ қағазға төмендегі Құранның 55-Рахман сүресінің 1-5-аяттарының сөздерін жазуды ұсынады.
Бисмиллахир рахманир рахим Аррахману АлламалКурана ХалкалИнсана АлламахулБаяна Ашшамсу Валкамару Бихусбанин Содан кейін қағаздарды бүктеп, олардан тұмар жасап, оны науқас адамға тағыңыз. Сондай-ақ таңертең күн шықпай тұрып ашқарынға науқасты жуындыратын судан ішкізіп тұрыңыз. ЕМТИХАНДЫ СӘТТІ ТАПСЫРУ «Алмаликулкуддусу Алмаликулкуддусу Алмаликулкуддусу» деп Құтпан (Иша) намазынан кейін 300 рет оқыңыз, бұның алдында және бұдан кейін Ықылас сүресін 11 рет оқып, одан кейін Алладан сізге сәттілік беруін тілеңіз. Бұны емтихан нәтижесі белгілі болғанға дейін қайталау керек. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҰРЫС-ЖАНЖАЛ Үнемі үйінде ұрыс-керіс салдарынан ерлі-зайыптылар арасында татулық, бірлік болмаса, одан отбасының берекесі бұзылады. Бұны көріп өскен балалар да тәрбиесіз болады. Сондықтан ерлі-зайыптылар бір-бірімен келіспей қалған кезде, оладың біреуі ұрысты өршітпей, сабырға жеңдіруге тырысу керек. Алайда бұл мүмкін болмаса, жұбайлардың біреуі су толы ыдысты алып Құранның Әли Ғымран сүресінің 134-аятын 100 рет қайталап, суға үшкіріп, сол суды ішу керек. Бұны намаз оқыған сайын, яғни күніне 5 рет жасау керек. Уәл казиминаАлгайза Уәл афийна Әниннаси Уәллаху Юухиббул Мухсинина ЕРІКСІЗ ҰРЫҚ БӨЛІНУ Кейбір ер адамдарда кейде бойынан еріксіз ұрық бөлу әрекеттері кездеседі. Бұл ауруды емдеу үшін су толы ыдысты алып, таңертең күн шықпас бұрын жүзіңізді солтүстік жаққа бұрып отырып, мына дұғаны оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Йа шафи Йа шафи Йа шафи Йа кафи Йа кафи Йа кафи Йа уәдуду Йа уәдуду Йа уәдуду Йа рахиму Йа рахиму Йа рахиму Одан кейін суға үшкіріп, суды науқас адамға үш реттен ұрттатып ішкізіңіз. Ем кезінде науқас адам ауыр және талшықты тағамдарды пайдаланбасын. ЕСАЛАҢДЫҚ, ЖҮЙКЕНІҢ ТОЗУЫ, СІРЕСПЕ, Т.Б. Әртүрлі экономикалық, әлеуметтік, рухани әлсіздік, жұмыссыздық, ортаның ынтымақсыздығы, жанұядағы тұрақсыздық, алдану мен арбалуға іліну адамды үнемі ойланып жүруге, ашулануға, сенімсіздікке, үрейленуге, жүйкесінің жұқаруына, шешім қабылдау қабілетінен айрылуына алып келеді. Бұдан айығу үшін бензоиннің (дәріханада сатылатын ағаш шайыры) кішкене сынықтарына қара сиямен 9 санын салып, оларды жанып жатқан көмірдің үстіне салыңыз да, бензоиннің хош иісін науқас адамға иіскетіңіз. Бұны кешке науқаспен оңаша жерде жасау керек. Бензоин иісі шығуын тоқтатқан кезде науқас адам 15-20 минуттай медитациялық әдіспен көзін жұмып, Аллаһтан тілек тілеп, бар көңілін осыған арнауы керек. Бұл науқас адамның жүрегіне қуат жиналуына көмектеседі. Ал ол қуат көзі адамның өз мәселелеріне оң қарап, оларды батыл шеше алатын нәтижелі жағдайға әкеледі. ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУ Көптеген адамдар жасының үлкен-кішілігіне қарамастан менің есте сақтау қабілетім нашарлауда деген жеке реніштерін білдіріп жатады. Осыған байланысты таңертең дәрет алмас бұрын немесе аузыңызды шая салысымен «Рабба Йассир Уала Туассир» деп 3 рет қайталаңыз. Ыдыстағы суға үшкіріп, осы суды ішіңіз. Бұл шараны 40 күн жасау керек, егер күндеріңізді қандай да бір себептермен жіберіп алсаңыз, кейін оларды өтегеніңіз жөн. ЖАЛҚАУЛЫҚ Жұмыс істеп, ақша табуға жалқауланып жүрген адамды емдеп-жазу үшін, ол Құтпан намазынан кейін бір рет Бисмиллахир рахманир рахим деп, одан кейін 100 рет Бихали уә кууати ла иллаһа иллал лаһу ал махамминул азизул жаббарул мутакаббиру деп оқу керек. Бұны 21 күннен 40 күнге дейін жасайды. Егер қандай да бір себептермен бұл дұғаны орындай алмаса, оның орнына жұбайы немесе жақын туыстарының бірі жасауына болады. ЖАМАН ӘДЕТТЕРДЕН АРЫЛУ Адамды ұрлық жасау, құмар ойындарына құмарту, адамдарды мазақтау, күлкі ету, нашар ортаға үйір болу сияқты жаман әдеттерден арылту үшін науқас ұйықтап жатқан кезде, одан 0,9 м қашықтықта тұрып Ықылас сүресін 1 рет дауыстап оқыңыз. Бұны 21 күн бойына жасау керек. ЖАМАН ОЙЛАРДАН АРЫЛУ Ұйықтар алдында аурудың төсегіне келіп 11 рет Бисмиллахир рахманир рахим йа хафизу йа хафизу йа хафизу Йа уәдуду Йа уәдуду Йа уәдуду Йа бадиъу Йа бадиъу Йа бадиъу әләъджаиби бил хари Йа бәдиъу Сад сад сад сад Каф каф каф каф Йа рахиму Йа рахиму Йа рахиму деп оқып, кеудесіне үшкіріңіз. 21 күн ем жасалады. Ем кезінде ауру адамға ыстық, қышқыл тағамдарды пайдалануға болмайды. ЖАРАҚАТ САЛДАРЫНАН БОЛАТЫН АУРУ Буын шыққанда немесе ісік пайда болғанда, ыдысқа су құйып Құранның Рахман сүресінің 29-аятын оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Куллу Яминуа Хуа Фий Шани Одан кейін суға үшкіріп, оны науқас адамға ішкізіңіз. Осы сөздерді қағазға жазып, одан тұмар жасаңыз да, оны соғылған, көгерген немесе жарақат алған басқа жерлерге байлап қойыңыз.
/жалғасы бар/ Алматы қаласы "Шипагерлік баян" газеті, мамыр 2017
| ||