ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
|
||
главная вернуться | ||
Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым
/басы өткен санда/ ЖАР ТАҢДАУ Құранның әр дұғасының өзіндік ерекше құпиясы болады. Сондықтан оны жеке бастың пайдасы үшін қолданғанда тек жақсылық ниет үшін пайдаланған жөн. Сол себепті бұл дұғаны тек заңды және адал неке құру үшін ғана қолданады. Заңсыз некеге тұру үшін жасалған жағдайда қауіпті екені ескертіледі.
Қағаз бетіне жоғарыда көрсетілгендей отыз тор көз салып, оның үстіне деп жазыңыз.
Сосын № 1-ден бастап барлық жазуды кестеде көрсетілген ретпен толтырыңыз. Одан кейін үйленгісі келген жігіттің (тұрмыс құрғысы келген қыздың) аты мен оның болашақ жарының атын жазыңыз. Тұмарды үйленгісі келген адамның жастығының астына салып қою керек. Тілегі орындалғаннан кейін тұмарды әрқайсысының салмағы 2-3 кг болатын екі тастың арасына салып қойыңыз. ЖЕҢІЛ ЖҮРІСТІ МАХАББАТ БАЙЛАНЫСЫН ТОҚТАТУ Кейде ер және әйел адамдар өздерінің заңды некелері бола тұра немесе некелілер некесіздермен өзара рұхсат етілмеген, адамдыққа жат жеңіл жүрістік махаббат байланысына ұрынады. Осының салдарынан отбасында бүліну, ұрпақ тазалығының бұзылуы, некесіз ұрпақтың дүниеге келуі сияқты әрекеттер өмірде кездесуде. Бұдан құтылудың жолын Қасиетті Құран аяттарынан іздегенді діни ғұламалар өз уағында тәжірибеден өткізіп, оң нәтижесіне баға беріп, адамзаттың ұрпақ тазалығы мен отбасы бүтіндігіне арнап, өздерінің тұжырымдық еңбектерін қалдырған. Ол үшін ыдысқа су құйыңыз. Дәрет алып болғаннан кейін Құранның 21-Әнбия сүресінің 87-аяты, 24-Нұр сүресінің 35-аятын және 2-Бақара сүресінің 255-аятын 3 реттен оқыңыз: Бисмиллахир рахманир рахим Лә иллаха илла Анта Субханака Инни Кунту Миназзалимин Аллаху Нуруссамауати Уалард Латахузуху синатуу уала навм Су толы ыдысқа үшкіріп, осы суды жеңіл жүрісті адамға 40 күн бойы беріңіз. ЖОҒАЛҒАН АЛТЫНДЫ ТАБУ Қасиетті Құранның 2-Бақара сүресінің 156-аятын (Инна Лиллахи Уә Инна Илайхи Раджиун) қағазға жазып, оны ешкім тимейтін үлкен тастың астына тығып тастау керек. ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН БАЛАНЫ ҚАЛАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? Қатты қағазға, кенепке төмендегі дұғалық сөздерді жазып, сосын оны үлкен тастың астына көміп тастаңыз. Одан кейін ең кемі 3 күн күтіңіз. Балаңыз табылған соң, бұл тұмарды тастың астынан алып, ағын суға ағызып жіберіңіз. Ризашылығыңыздың белгісі ретінде өз еліңіздің ақшасымен 5,25 шартты бірлік садақа беріңіз. ЖҰЛЫННЫҢ АУРУЫ Егер баланы сүзектен дұрыс емдемесе, ол кейін жұлынның ауруына душар болады. Бұл ауруды емдеу үшін шай қасықтың төрттен бір бөлігіндей қант, жіңішке ине, ақ мата қиындысы және таттанбайтын болаттан немесе күмістен жасалған ыдысқа құйылған су алыңыз. Бір рет «Йа уәдуду» деп, инеге үшкіріңіз. Иненің ұшын қантқа тигізіп, сосын суға салыңыз. Содан кейін инені матамен сүртіңіз. Бұл шараны 101 рет қайталаңыз. Қағазға қаламмен төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз: Содан кейін суға салып, сол суды науқас адамға таңертең бір рет, кешке бір рет және түнде бір рет ішкізіңіз. Жоғарыда келтірілген дұға сөздерін көлемі 9х9 см болатын жылтыр қатты қағазға сиямен жазыңыз. Осы қағазбен дененің ауыратын жерін сағат тілінің бағытымен ысқылаңыз. Егер қағаз жыртылса, онда жаңа қағаз алыңыз. Ем ұзаққа созылуы мүмкін. Ем кезінде тұз бен ішке газ жинайтын тағамды пайдаланбау керек. Ескерту: денені ысқылауға арналған қағазға
деген сөзді жазуға болмайды. ЖҰМЫСТАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУ, БИЗНЕСТІ ЖАҚСАРТУ Кейде ісіңіз оңға баспай, сіздің жұмысыңызға, өніміңізге деген сұраныс төмендеп, алынған тапсырыстарды орындай алмайтын жағдайлар туындауы мүмкін. Бұдан өзіңіздің тұтынушыларыңызды, клиенттеріңізді жоғалтасыз. Бұл жағдайды түзеу үшін таңертең ерте күн шыққанға дейін тұрып, жұмыс орныңызға келіңіз. 114-Нас сүресін оқып, есікке үшкіріңіз. Бисмиллахир рахманиар рахим Кул аузу бираббин наси маликиннас Ила хинас мин шарил уәсуәс ил ханнас Аллази юууәсуи су фи судурриннас Минал джаннати уәнас Содан кейін есігіңізді ашып, артқа қарай 5 қадам шегініңіз де аяқ киіміңізді шешіп, табандарын бір-біріне ұрыңыз. Сосын аяқ киіміңізді киіп, ішке кіріңіз де бөлмені бензоин шайырының түтінімен аластаңыз. Бұны бір рет жасасаңыз жеткілікті болады. Тек аяқ киіміңіздің табаны былғары болуы шарт. ЖҰМЫС ТАБУ НЕМЕСЕ ӨЗ ІСІҢІЗДІ БАСТАУ Жұмыс табу әрекетіңіздің бәрі босқа кетіп, үміттеріңіз орындалмай жатса, төменде келтірілген дұға сөздерін қағаз бетіне жазып, тұмар дайындаңыз.
Тұмарды мойныңызға немесе білегіңізге тағып жүріңіз. Ескерту: тор көздердің шетінде жазылған сандарды жазудың керегі жоқ. Сондай-ақ «йа хаю йа қаюм» деген сөздерді кез келген жерде үнемі қайталап жүрген дұрыс. ЖҮРЕ АЛМАУ Науқас адамның бойынан 7 есе ұзын аспан түстес мақта жіп алып, оны науқас мойнына тағып жүретіндей қылып бірнеше рет ораңыз. Содан кейін Құранның 55-Рахман сүресінің 12-аятын Бисмиллахир рахманир рахим Фаби Аййи Алаи Раббикума деп 21 рет қайталап оқып, оралған жіпті бірдей арақашықтықта 21 рет түйіңіз де, оны науқастың мойнына тағыңыз. Ауру жазылғаннан кейін жіпті арыққа, өзенге немесе бұлаққа ағызып жіберіңіз. ЖҮРЕК ТАЛМАСЫ Жүрек талмасы жүректің әлсіздігінен, ағзаның жалпы әлсіреуінен, қан қысымының жоғарылауы немесе төмендеуінен, әсері күшті дәрілерді пайдаланудан немесе жүйке күйзелісінен пайда болуы мүмкін. Барлық жағдайда да емдеудің бір ғана тәсілі қолданылады. Аяқ астынан болған жүрек талмасы кезінде ыдысқа су құйып, төменде жазылған сөздерді 3 рет қайталап оқып, суға дем салып, ауруға ішкізу керек.
Бисмиллахир рахманир рахим Йа Хайюу Кабла Кулли Шай ин Йа Хайюу Баъда Кулла Шай ин. Егер ауру жүрек талмасынан үнемі зардап шегіп жүрген болса, жоғарыда жазылған сөздерді қағазға жазып, оны табиғи бал салынған банкіге салып, осы балды ауруға күніне кемінде 3 реттен беріп отыру қажет. Егер жүрек талмасының себебі – қан қысымының жоғарылауы болса, онда таза суды емес, қант салынған суды пайдаланыңыз және оны ауруға таңертең ертемен ашқарынға ішкізіңіз. Егер ауру себебі – қан қысымының төмендеуінен болса, онда жоғарыда көрсетілген сөздерді оқып, тұз салынған банкіге дем салып, сол тұзды ауруға беріңіз. Егер жүрек талмасының себебін анықтау мүмкін болмаса, онда үлкен қағазға ﷲﺍ (Аллаһ) деген сөзді қара сиямен әдемілеп жазыңыз. Осы қағазды қатты тақтаға жапсырып қойыңыз. Ұйықтар алдында осы тақтаны төсектің қасына әкеліп қойыңыз, бұл кезде аурудың бөлмесінде ешкім болмауы керек. Ауру адам жазуға бір минуттай мұқият қарап, содан кейін көзін жұмып, өзінің денесінен Алланың нұр сәулелі жарығы өткенін елестетуі керек. Осы қалыпта 10-15 минуттай тұрады да, көзін ашып, ешкімге ештеңе айтпай, орнына барып жатқан жөн. Егер осыны бірнеше күн қайталаса, Аллаһтың қайырымымен жүрек талмасы жазылып кетуіне себепкер болады. ЗИЯНДЫ ӘСЕРДЕН АРЫЛТУ Егер науқас өзіне қойылған диагнозға күмәнданып, өзін теріс күштер жайлап алғандығына сенетін болса, сол адамды өзіңіздің алдыңызға қарама-қарсы отырғызыңыз. Өзіңіз бен науқас адамды Арш-и-Мулланың (Жоғарғы Билеушінің) панасында отырмыз деп елестете отырып, бәсең дауыспен 11 рет төменде берілген дұғаны оқып, науқасқа дем салыңыз. Бисмиллахир рахманир рахим йа хафизу йа хафизу йа хафизу Йа бадиъу Йа бадиъу Йа бадиъу Йа бадиъу Йа бадиъуләжаиби бил хари Йа бәдиъу Егер науқас адамды шынымен-ақ жын-пері жайлап алған болса, ол дем салғаннан кейін белгілі болады. Дуаланғанына көзіңізді жеткізгеннен кейін оның есін жидыру үшін бір рет «йа хафизу» деп, науқасқа тағы да үшкіріңіз. Науқас есін жиған соң, оны емдей беруіңізге болады. ЗҰЛЫМ РУХТЫ КҮШТЕРДІҢ ӘРЕКЕТІНЕН АҚЫЛ-ЕСТІҢ АУЫСУЫ Рухтар да ақ ниетті және зұлым ниетті болып бөлінеді. Зұлым ниетті рухтардың сау адамға әсерінен оларда ақыл-есінен ауысу жағдайы кездеседі. Ол үшін ұйықтардың алдында дәрет алып, екі мақта тампонын дайындаңыз да, бір рет Бақара сүресінің Аятул-Курси аятын оқыңыз: Бисмиллахир рахманиар рахим аллаху лаилаха илла хууә ал хаююулкаюм ла тахузуху синатуу уәла ноум лаху ма фис самауәти уәма фил ард ман заллази йашфау индаху илла биизнихи йааламу ма байна аидихим уәма халфахум уәла йаахетуна бишаин мин илмихи илла бима шаа уәсиа курсиюхус самауәти уәларди уәла юудуху хифзухум а уәхууәл алиюл азийм Содан кейін тампондарға үшкіріп, оларды құлағыңызға салыңыз. Таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін құлағыңыздан мақтаны алып, оны кішкене қорапшаға салып қойыңыз. Осы мақтаны пайдаланып, емді бірнеше апта жүргізіңіз.
/жалғасы бар/ Алматы қаласы
|
||