ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
|
||
главная вернуться | ||
ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым
/басы өткен санда/ ИМЕК ПІШІНДІ ЖӘНЕ ДӨҢГЕЛЕК ІШЕК ҚҰРТТАРЫ Адамдар күнделікті тамақ ішкенде, олардағы пайдалы заттарды ішек құрттары өздеріне сіңіріп алатындықтан, адамның ағзасы әлсіреп, іші ісініп кетеді. Ұйықтап жатып науқас адам тісін шықырлатады және оның аузынан сілекей ағады. Төменде келтірілген дұға сөздерін қара сиямен жазыңыз да оны бүктеп, тұмар жасаңыз. Бұл тұмарды науқас адам тағып жүруі керек. Содан кейін сиямен осы дұғаны жазып, сол суды таңертең бір рет, түсте бір рет және кешке ұйықтар алдында бір рет ішкізіңіз.
Юзаббаһуна абанакум уаяастаһун ниса акум уәфи заликум балаум мин раббикум ъазийм Бұны 3 күннен 11 күнге дейін жасауға болады. ИТ ҚАУЫП АЛҒАНДА Құранның 5-Мәида сүресінің 4-аятын 11 рет оқып, бір стақан суға үшкіру керек. Аюасалунака маза ухилла лаһум Кулихулла лаһум ут тайиббату уәма алламтум минил Жауариһи мукаллибийна туъаллимунаххунна мимма ъалламакумуллаху факулу мимма амъсакънаъ Алаюкумъуәзъкуру асмаалаһи ъаллаюһи уәттаку ллаха инналаһа сариюл хиссаби Содан кейін суды науқас адамға 3 күн бойы 3 реттен ішкізу қажет. КЕНЕТТЕН БОЛАТЫН АУРУ Дененің кез келген жері кенеттен және қатты ауырғанда науқас адам естімейтіндей дауыспен сыбырлап Құранның 99-Зілзала сүресінің 1-2-аяттарын оқыңыз. иза зулзилатил арду зилзалаһа Уә Ахражатил арду Аскалаһа Содан кейін таңертең бір рет, кешке бір рет науқастың оң құлағына дем салыңыз. КЕРЕҢДІКТІ ЕМДЕУ Есту қабілетіне құлақ қалқанындағы түктер жауап береді. Егер қандай да бір аурудың нәтижесінде осы түктер жуандаса, онда олардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті нашарлайды да, соның нәтижесінде құлақ естімей қалады немесе нашар еститін болады. Бұл аурудан жазылу үшін «Расус сама алмарам» деп оқып, ауру адамның оң қолының шынашағына үшкіріңіз, сол саусағымен ауру адам құлағын шұқысын. Келтірілген сөздерді қағазға жазып, одан тұмар жасаңыз. Оны әйелдер мойнына, ер адамдар білегіне тағып жүрсін. КЕРІ РУХТЫ КҮШТЕРДЕН АДАМДЫ ЕМДЕУ
Адамның өзін жын-шайтандар жайлап алды деп уайым шегуі – сана өзгерісінің кеселі. Мұндай жағдайға адам көбінесе қан құрамындағы қантқа қарағанда тұздың деңгейі артқанда душар болады. Құрамында тұзы көп қан айналу жүйесі бойынша миға келіп жеткенде, сананың сезімталдығын бақылайтын екі миллионға жуық жасуша қызметі нашарлайды. Бұл адамның иығын бір нәрсе басып тұрғандай сезімге бөлеп, ол сол мезетте кенеттен адамға түсініксіз елестер мен байланыссыз әр түрлі заттарды көре бастайды. Адам санасы трансмиссиялық өзгеріске ұшырап, кейде ол ер адамның немесе әйелдің белгісіз көлеңкесін немесе сұлбасын көргендей елес алып, денесінде қорқыныш пайда болып, өзінің санасынан тыс әрекеттер жасай бастайды. Бұндай күйзелістің күшті болатындығы соншалық, адамның санасы жоғалады да, оның сезімі санадан тыс күштердің билігіне тәуелді болып қалады. Мұндай адамның сөздері көбіне байланыссыз болып келеді де оны санасыздық жайлап, кейде ол себепсізден-себепсіз күліп немесе жылауға да барады. Сондықтан да қанның құрамында тұзы көп адамдардың санасын жын-шайтандар билеп, ақыл-есінің дұрыс болмауына ықпал етеді. Уақыт өткен сайын ол өз құрбанына еркін билік жасап, оның санасын баурап алады. Олар адамның алдына елес ретінде келіп, оның санасын қараңғылық жүйеде ұстайды. Бұл ауруды емдеу үшін қағазға мынадай сөздерді жазу керек: ﻋﺰﺮﺍﺋﻴﻞ ﺠﺒﺮﺍ ﺋﻴﻞ ﺍﺳﺮﺍﻔﻴﻞ ﻣﻴﮐﺎﺋﻴﻞ Науқас адам ұйықтар алдында сөз жазылған қағазды (төрт періштенің аты) бүктеп, оны кішкене мақтаға орап, одан кейін оны зәйтүн немесе зығыр майына салып, отқа өртеңіз. Бұдан шыққан түтінді ауру адамға иіскету керек. Таңертең күн шыққанға дейін Қасиетті Құранның 113 сүресі Фалақты дауыстап оқып, ыдыстағы суға дем салып, ауруға ашқарынға ішкізу керек. Ауру адам кемінде екі апта бойы тұзды пайдаланбауы шарт. Осы емдеу курсы біткенге дейін тұзды аз қабылдаған жөн. Күніне табиғи балдан 3 рет бір ас қасық қабылдап тұруы қажет. Кері рухты күштерден сақтайтын тұмар Осы тараудың бас жағында кері күштердің теріс әсерінен арылу туралы айтылған болатын. Енді осы ауруға шалдыққан адамға тағылатын тұмарды дайындау туралы айтып кетпекпіз. Тұмар дайындау үшін төменде келтірілген дұға сөздерін қағаз бетіне көшіріп жазыңыз.
Сосын қағазды бүктеп, оны целлофанға ораңыз. Науқас адам осы тұмарды мойынына тағып жүруі керек. КЕКЕШТЕНУ, САҚАУЛАНУ
Кешке ұйықтар алдында айнаның алдында тұрып, өзіңіздің еріндеріңіздің қимылына қарап тұрып, төменде келтірілген дұға сөздерін 11 рет оқыңыз. Уәхлул укдатам миллисани Әрбір сөзді анық, бөліп-бөліп айтыңыз. Осы сөздерді айтып тұрып қолыңызға үшкіріп, бетіңізді 3 рет сипаңыз. Содан кейін бірден орныңызға барып жатыңыз. Бұны 90 күн бойына үзіліссіз жасау керек. Егер қандай да бір себептермен күндеріңізді жіберіп алсаңыз, оны міндетті түрде кейін өтеу шарт. КӨЗ АУРУЛАРЫ
Көптеген көз аурулары асқазан ауруларынан, тұмаудың асқынуынан немесе шаң-тозаң, түтін немесе басқа да зиянды заттардан және аурудың сыртқы қоздырғыштарының әсерінен болады. Ақшам соқыр Бұл аурумен ауыратын адам түнде немесе қараңғыда көре алмайды. Аурудан айығу үшін 3300 рет
деп оқып, 250 г. пияз дәндеріне дем салу керек. Ауру осы дәннен күніне екі рет – таңертең және кешке қасықтың төрттен бір бөлігіне дейін қабылдап, артынан таза су ішіп тұрсын. Көз жанарының әлсіреуі Күн шығар алдында 3 рет
деп оқып, суы бар ыдысқа үшкіріңіз. Осы ыдыстан бір шыны су ішіңіз. Оң қолыңызбен ыдыстағы судан алып, сол көзіңізді сол суға батырыңыз. Су жылығанша, көзіңізді жыпылықтатыңыз. Бұл суды сосын гүлге немесе шөпке құйыңыз. Осылайша оң көзіңізді де емдеңіз. 90 күн емделуге кеңес беріледі. Алланың мейірімімен көзіңіздің жанары қалпына келеді. Көз қантамырларының қабынуы Бұл ауру ми талшықтарының қабынуы салдарынан пайда болады. Әрқайсысы 60 г түйір бұрыш пен қант алыңыз. Екеуін бірге ұнтап, біркелкі ұнтақ жасаңыз. Осы ұнтақтың 6 г-ын күн сайын кемінде 20 күн бір қасық сумен қосып беріңіз. Бұдан басқа қағазға
деп жазып, суға салыңыз. Ауру адам сол суды ішуі керек. Бұны күн шығардан бұрын бір рет, түсте бір рет және ұйықтар алдында бір рет жасау керек. Ішпес бұрын 11 рет «Йа Хафиизу» деп оқып, суға үшкіріңіз, сосын 11 рет «Йа Шафии» деп оқып, тағы да суға үшкіріп, содан кейін 11 рет «Йа Кафии» деп оқып, суға үшкіру керек. Енді қағазға
(Арразаат ама нәбіл) деп жазыңыз. Суға салып ішіңіз. Көздің қылилығы
Көздің қылилығын емдеу үшін ауру адам көзін жұмып, көздерін тура, бір-біріне параллель қалыпта тұратындай етіп ұстау керек. Қыли көзін матамен бостау байлаңыз. Көзді таңу немесе таңғышты ауыстыру қараңғыда жүргізілгені дұрыс. Көзді таңу барысында қыли көздің алмасы ортада тұратындай болуы керек. Бұл ауру 21 күн ішінде толығымен жазылып кетеді. Көздің өзекті жарасы Көздің сілекейлі қабығындағы іріңді жара өзекті жара деп аталады. Емделу үшін 0,5 г бұршақ (бір немесе екі дән) алыңыз да, оны су қоса отырып, пастаға айналғанша жұмыр таспен ұнтақтаңыз. Бұршақты таспен ұнтақтамас бұрын бір рет «Аллаху нуруссамауати уалард» деп оқып, суға, тасқа және бұршаққа үшкіріңіз. Осы пастаны қорғасын қалақшамен ауру көзге жағыңыз. Бұны бірнеше күн бойы күніне екі рет жасау керек. Көздің шаршауы Көзіңіз жұмыс бабында шаршағанда су дайындаңыз. Дәрет алып, ағаш орындыққа жүзіңізді құбылаға беріп отырыңыз. Құранның 52-Тұр сүресінің 31-аятын дауыстап 100 рет оқыңыз: Бисмиллахир рахманиар рахим Кул тараббасу фаинни маакум миналмута раббисийнна Содан кейін суға үшкіріңіз. Сол суды науқас адамның әр көзіне тамызғышпен 3 тамшыдан тамызыңыз. Ем кезінде тамаққа қызыл бұрыш қолданбаңыз. Көз шелі
Бұл ауруда көзді шел басып, көру нашарлайды. Аурудың негізгі себебі – алдымен миға, сосын көзге әсер ететін газдың бір түрінің әсерінен болады. Осы газдың салдарынан көзді жауып тұратын қабық пайда болады. Аурудан жазылу үшін таттанбайтын құрыштан жасалған ыдыс және жаңа пышақ алыңыз. Ыдысқа 284 мл тазартылған немесе қайнаған су құйыңыз. Қолыңызды жуып, аузыңызды шайыңыз. 3 рет
деп оқыңыз. Суға бір рет, пышаққа бір рет дем салыңыз. Бір минуттың ішінде суға пышақпен Х белгісінің суретін салыңыз, басқаша айтқанда, пышақпен «Х» әрпін салыңыз. Жоғарыда жазылған сөздерді тағы да қайталаңыз, суға және пышаққа үшкіріңіз де бір минуттың ішінде пышақпен Х белгісінің суретін салыңыз. Бұны үшінші рет қайталаңыз. Содан кейін ауруға күн батқаннан бастап осы суды 57 мл-ден әр төрт сағат сайын беру керек. Бұны ауру толық жазылып кеткенге дейін ішкізу керек. Көзді шел басу (Катаракта) және глаукома
11 рет
деп айтып, бас бармақтан басқа сегіз саусақтың ұштарын түйістіріп, көз үстімен мұрыннан құлаққа қарай жүргізіңіз. Бұны әр намаздан кейін, яғни күніне 5 рет жасау керек. Теріскен Бір рет «Лә тудрикуһу алабсару уәһуа юдрикулабсара» деп оқып, оң қолыңыздың сұқ саусағына үшкіріңіз, сосын оны түкірігіңізбен сулап, көзіңіздегі жараның үстінен сипаңыз. Бұны бірнеше күн бойы бірнеше рет жасау керек.
/жалғасы бар/ Алматы қаласы "Шипагерлік баян" газеті, шілде 2017
|
||