ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

  главная                                        вернуться  



ҚҰРАН аяттарының ЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым

 

 

/басы өткен санда/

ҚОЯНШЫҚ АУРУЫ

Кейде адамның миы жасушаларының зақымдалуынан ойлау жүйесінде шамадан тыс ауытқу болады. Ал егер осындай сәтте науқас адам суды көретін болса, онда сол жерде оның қояншығы ұстайды да, ол есінен танып құлайды. Ол өзін қысқан ойлардан арылғанша талып жатады, яғни барлық жүйке жансызданып, тек біраз уақыттан кейін ғана өз-өзіне келе бастайды. Бұндай кезде алғашқы көмек көрсету керек: науқас адамның басын жерден немесе еденнен 2,5 см биіктікке көтеріп, басын алақаныңызбен ұстап тұрып сілкілеңіз. Науқас адам есін жинағаннан кейін оның көзіне қараңыз. Бұл науқастың өзіне-өзі келуіне көмектеседі.

Діни ғылымдардың зерттеуі бойынша бұл ауруды Құран дұғаларымен былайша емдеуге болады. Ол үшін қағазға төменде келтірілген мәтінді жазып, содан кейін оны сумен шайып, сол суды науқас адамға 40 күн бойы таңертең ішкізіңіз.

9-1

Сонымен бірге осы мәтінді үлкен қағаз бетіне жазып, осы қағазбен науқастың бүкіл денесін ысқылаңыз. Егер қағаз жыртылып қалса, орнына жаңа қағаз алыңыз. Ем кезінде науқас адамның іші қатпауын қадағалаңыз.

 

ҚЫЗБА, ДЕНЕ ҚЫЗУЫ

1. Жай қызба

Қағазға Құранның 59-Хашр сүресінің 24-аятының сөздерін жазыңыз :

9-2 

Бисмиллахир рахманир рахим Хуваллаху Алхалику Албариу Алмусавиру Лахул асмааулхусна

Одан кейін қағазды бүктеп, оны ақ матаның қиындысына орап, ауру адамның мойнына орап қойыңыз. Қызба өткеннен кейін тұмарды өртеп жіберіңіз.

2. Дене қызуының өзгеруі

Қағазға Құранның 21-Әнбия сүресінің, 69-аятының мына сөздерін жазыңыз:

9-3

Қағазды шиыршықтап, оны ақ матаның қиындысына орап, ауру адамның мойнына орап қойыңыз. Ауру жазылғаннан кейін тұмарды өртеп жіберіңіз.

 

ҚЫЗБАЛЫҚ

Қызбалықтың көптеген себептері бар, солардың ішінде: үнемі алаңдаушылық, ашулану, жүйкеге күш түсіру, шаршау, жеткілікті мөлшерде ұйықтамау, ұзақ уақыт бойына асқазан жұмысының бұзылуы, жай-күйіңіздің дұрыс болмауы, рухани және діни тағылымдар мен құндылықтарды елемеу, өмірге риза болмау, біреуді күндеу, адасу, күдік пен сенімсіздік, өсек-аяңға еру, мәнін түсінбеген нәрселерге еліктеу әрі сену, сауатсыздық, т.б. адам бойында қызбалықтың пайда болуына душар етеді.

Ең алдымен, ішкі дүниеңізді жөнге келтіріп, тынышталыңыз, бар уайымыңыздың шешілуін Аллаһқа тапсырыңыз. Бұны адам өзінің барлық жұмысын тоқтатып қою керек деп түсінбеу керек. Дұрысы – өз жұмысыңызды бітіргеннен кейін оның нәтижесінің ойдағыдай болуын Аллаһқа тапсырыңыз да, емдік шара ретінде мына дұғаны «Арразаъат ъама нәбіл» - деп оқып, жартылай су құйылған ыдысқа үшкіріңіз. Суды ішіңіз. Бұны күн шықпас бұрын таңертең ерте жасау керек.

 

ҚЫЗТЕКЕЛІК

Ер адамның ұрығының хромосомалары әр түсті он екі сақинадан тұрады. Егер осы түстер түгелімен ана құрсағына түссе, ер бала дүниеге келеді. Кейде осы түстер тепе-теңдігі бұзылса, дүниеге келетін баланың еркектік қасиеттері бұзылады. Ал сақина түстері он екіден артық немесе кем болса, онда қыз бала туады.

Әйел тектес еркектер өздерінің еркектік қасиеттерін жоғалтып, олардың сөздері, дауыстары, жүріс-тұрыстары, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарастары әйел пішіндес болады. Бұдан айығу үшін ер адам Құранның 4-Ниса сүресінің 34-аятын – Арриджалу кәууәмуна аллан нисай – деп оқып, жиі қайталау керек. Бұны, әсіресе, таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін, кешке ұйықтар алдында қайталаған жөн.

 

ҚҰЛАҚ АУРУЫ

Фәләқ сүресін бір рет оқып, қыша дәндерінен дайындалған жылы майға үшкіріп, науқастың ауру құлағына бірнеше тамшы тамызыңыз.

Бисмиллахир рахманир рахим Қул ә”узу би раббил фәләқа мин шарри ма халақа, уә мин шарри ғасиқин изә уақаба, уә мин шаррин нәффәсәти фил “уқади, уә мин шарри хасидин изә хасад.

 

МЕРЕЗ, СОЗ ЖӘНЕ БАСҚА ЖЫНЫСТЫҚ АУРУЛАР

Науқас адам су ішкісі келген сайын төмендегі дұғаны оқып, суға үшкіріп, оны науқасқа ішкізіңіз. Бұны науқас толық жазылғанша жасау керек.

Бисмиллахир рахманир рахим йа хафизу йа хафизу йа хафизу Йа уәдуду Йа уәдуду Йа уәдуду Йа бадиъу Йа бадиъу Йа бадиъу Йа бадиъуләджаиби бил хари Йа бәдиъу

 

МҰРЫН АУРУЛАРЫ

Мұрын сүйектерінің өсуі, түймешік, күл ауруы, мұрынның бітуі, т.б. мұрын ауруларын мынадай жолмен емдеуге болады: қағазға төменде келтірілген мәтінді көк немесе аспан көк түсті сиямен жазып, одан тұмар жасап, оны науқас адамның мойнына тағу керек.

9-4 

Мұрыннан қан кету

Мұрыннан қан кетуді тыю үшін қағаздың бетіне қара сиямен төмендегі дұға сөздерін жазыңыз:

9-5 

Содан кейін қағазды өртеп, оның күлін басбармағыңыз бен сұқ саусағыңызға салып, оны науқас адамға иіскетіңіз. Бұны бірнеше рет жасаңыз жеткілікті.

Мұрыннан су ағу

Мұрын қабының қабынуы (ринит) асқынған кезде науқас адамның мұрнынан жағымсыз иістер шығып, көздері іседі, өзінің даусы құлағында жаңғырығып шығып, басы ауыр тартады. Бұл аурудан айығу үшін қағазға төмендегі мәтінді жазып, содан кейін оны сумен шайып, сол суды науқас адамға күніне 3 рет ішкізіңіз. Асқазанға жақпайтын тағамдарды пайдаланбау керек.

9-6 

Бисмиллахир рахманир рахим Йа Мекаил Йа Исрафил Йа Жебреил Йа Әзіреил

Иіс сезімінің нашарлауы

Бұл ауру мидың иіс сезіміне жауап беретін бөлігіндегі қандай да бір сезімдік талшықтарының өзгеріске ұшырауынан болады. Науқас адам жақсы иісті жағымсыз иістен ажырату қабілетінен айырылады. Ол тіпті иісі адам төзгісіз тағамды да жей алады, себебі ол тағамның иісін сезбейді. Бұл ауруды емдеу үшін Құранның Бақара сүресінің 102-аятынан мына дұғаны оқып, суға үшкіріңіз: Уәллаһу яххтассу бирахматиһи. Бұны науқас адам су ішкісі келген сайын оқып үшкіру керек. Одан кейін таттанбайтын болаттан немесе қаңылтырдан жасалған ыдысқа су құйып, кішкене тұз қосыңыз. Науқас адам осы суды мұрынымен ішіне тартып, сосын топыраққа қайта ағызу керек. Бұны ауру толығымен жазылғанша жасаған жөн.

 

НАШАҚОРЛЫҚТАН АЙЫҚТЫРУ

Қазіргі кезде жастардың санасын улап алған кеселдердің бірі – нашақорлық. Нашақор адамды емдеу үшін, ол ұйықтап жатқан кезде оның бас жағына келіп, оны оятып алмайтындай дауыспен Құранның 5-Маида сүресінің 90-аятын оқу керек:

Йа йюхаллазина амну иннаал хамру Уәлмайсиру уәлансабу уәл азламу Риджсум мин амалиишайтани фаджтанибуху лааллакум туфлиһун

Бұны 40 күн бойы орындауға кеңес беріледі.

НЕСЕП жолдары АУРУЛАРЫ

Зәрде қанның пайда болуы

Несеп қуығының қабынуы мен зәрде қанның пайда болуының негізгі себептері – бүйректе немесе өтте тас болуы, ыстық тағамдарды, дәмдеуіштерді жиі қолдану, т.б. Науқас осындай тағамдарды пайдаланбауы керек. Сонымен бірге бір рет Құранның 59 Әл-хашр сүресі, 24-аятын оқыңыз:

Бисмиллахир рахманир рахим Хуәллаху Алхалику Албариу Алмусавиру Лахул асмаалхусна

Содан кейін су құйылған ыдысқа үшкіріп, күніне 8 рет науқас адамға ішкізіңіз.

Зәрдің бөлініп шығуы

Таңертең төмендегі дұға сөздерін

Бисмиллахир рахманир рахим Алмаликл куддусар рахманир рахими

деп 11 рет қайталап, науқастың ішінің төменгі жағына үшкіріңіз. Бұны кешке күн батысымен тағы да қайталаған жөн. Ем ауру толығымен жазылғанша жасалады.

Жиі зәр шығару

Кешке оңаша жерде отырып, «Йа иль Йа илйа Йа Аллаху» деп 100 рет қайталап, науқастың ішінің төменгі жағы­на үшкіріңіз. Бұны 3 ай бойы үнемі жасап отыру қажет.

Несеп жолдары мен өт қабының аурулары

Қағазға сиямен төменде келтірілген мәтінді жазыңыз. Науқас адам оны тұмар етіп тақсын. Осындай жазуды сумен шайып, суын науқас адамға күніне үш рет ішкізіңіз. Бұны ауру жазылғанша қайталау керек.

 

ع

ص

م

 

 

 

 

 

ОБА

Өте қатерлі де қауіпті бұл ауруды атжалмандар таратады. Атжалмандар өлген кезде оның үстінде болатын қандалалар мен бүргелер адамдарды шағып, содан ауру адамдар арасына тарайды. Аурудың белгілері – қалтырау, безгек және қолтық астында және шаптағы лимфа түйіндерінің қабынуы пайда болады. Түйіндер үлкейген сайын дененің қызуы 60ºС дейін көтеріліп, науқас адам 2-3 күннің ішінде сүлбе болып қалады. Дене қызуы шегіне жеткен кезде адам есінен танып, ешкімді танымай, айналаны түсінуден қалады.

Кейде оба бактериялары атжалман індерінде пайда болып, інге жақын маңдағы адамдардың табандары арқылы ағзаға еніп, тез арада қолтық асты мен шапқа жетеді. Олар өте жылдам көбейеді, бір минутта бірнеше ондаған мыңға жетеді.

Жақын маңды осы кеселден тазарту үшін жеткілікті мөлшерде су алып, төмендегі Бақара сүресінің 228-аятын 1000 рет қайталап, суға үшкіріңіз:

Бисмиллахир рахманир рахим Атталаку марратани фаимсакун бимаруфин ау тасрихум биихсан уәла йахиллу лакум ан тахузу мима а йатумухунна шаиан илли ан йахафа алла юкима худуда аллаһи фаин хифтум алла юкийма худудаллх фла джунаһа аллаихима феемафтадат бихи тилкахудудуллаһи фла татадуха уәман йата ъадда худудаллһи фа улайка хумуз залимун

Одан кейін осы суды науқас адамға күніне 5 рет бір жұтымнан ішкізіңіз. Бірінші рет ішкеннен кейін 1 сағат өткесін екіншісін, 2 сағаттан кейін үшіншісін, тағы 2 сағаттан кейін төртіншісін, 3 сағаттан кейін бесіншісін беру керек. Егер ауру жазылмаса, емді қайталау керек. Айығудың белгісі – дене қызуының төмендеуі. Бұл шараны ауру толығымен жазылғанша жасаңыз.

/жалғасы бар/

Алматы қаласы

"Шипагерлік баян" газеті, қыркүйек 2017

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
В начало