Гүлбақтағы кездесу

  главная                                        вернуться  



  

Гүлбақтағы кездесу

Зядан Қожалымов

 

Бұл осыдан жарты ғасыр бұрын болған жастық шақта бастан өткен кезең болатын. Жаздың шілде айының түстен кейінгі салқын ауасы да денеңді сергітіп барады. Үлкендер мен жастардың демалуға келетін жалғыз демалыс орны сол заманда Алматы қаласындағы жалғыз көрікті де, көркем орын «Максим Горький атындағы» гүлге оранған демалыс саябағы болатын. Саябаққа келіп жатқандар мен қайтып жатқандардың есебіне жете де алмайсың. Күндіз-түні саябақтың ауласында демалуға келген адамдардың аяқтарының тырсылы мен сөйлескен дауыстары сол саябақтағы жоғарғы оқу орнының көне жатақханасында тұратын студенттер үшін үйреншікті болып кеткен-ді. Жатақханада тұратын студенттер де көбіне осы саябақ ауласында демалатын.

Жарты ғасырдан аса уақыт өтсе де небір қызық жайттарға куә болғандары әлі де естерінде. Алыстан арбалағанша жақыннан дорбала дегендей, ер студенттердің көбі өздерінің болашақ жарын осы саябаққа қыдырып келген қыздардың ішінен іздеп, таңдап, ұнағанымен танысып одан ары өмірлік серік болуға келіскендері де кездесетін еді.

Қайрат үшін бүгінгі кешкі серуен жақсылық әкелді. Ол жатақханадан Айғабыл досы екеуі бірге шығып, жақын аралықтағы саябақтың жазғы концерт алаңына жақындап солға қарай бұрылғанда, өте жақын аралықтан аласа бойлы, өте көрікті үш қызды көрді. Қайрат бүгін оң жамбасынан тұрған ба, әйтеуір іздегені алдынан айдай жарқырап шыға келді. Қайрат бірден Айғабылға мына үш қызбен танысайық. Менде ерекше бір сезім пайда болды. Осы бүгін жолым болатын сияқты деп, өңі өзгеріп бойын бір қуаныш сезімі кернегендей болды.

Айғабыл болса өте аңқау, ақ көңіл азамат болатын. Қыздарға келгенде оның сөзі де таусылатын. Айғабылдың Қайратқа тұра тұрайық не асығыс дегеніне қарамай, Қайрат үш қызға қарай бет алып жүріп келеді. Айғабыл ынтыға сөйлеп, Қайратқа тоқташы деді. Қайрат болса ал тоқтадым не айтасың дей бергенде, Айғабыл сен қайсы қызбен танысасың Қайрат деді. Қайрат аз ойланып тұрып, үшеуі де аласа бойлы екен, біреуі болса ана екеуінен кішкене бойшаң сияқты болғанымен менен биік емес-ау, мен дәл сол сарғыштау гүлді көйлек киген аққұбаша әдемі қызбен танысамын. Алла бұйырса сол қыз менікі болатын сияқты деп, өңі қуанышқа бөленгендей өзгеріп, маңдайынан шып еткен терді де байқамай қалды. Айғабыл: "Ей, Қайрат шынында бүгін сенің жолың болды, жүрмейсің бе, ана қыздарға қарай", – дегенше Қайратта үш қызға жақын келіп тоқтады.

Қайрат қыздарға қарап сәлеметсіздер ме қыздар, періштедей болып біздің гүлбаққа қайдан, қайсы жерден келдіңіздер, біз болсақ өзімізді осы гүлбақтың иесі санаймыз деп сөзін доғарып, қыздардан жауап күткендей болды. Жауапты өзі ұнатқан бойжеткен бастады да, қайсы уақыттан бері осы гүлбақтың иесі болдыңдар дегенде, Қайрат та тоқталмай иелік ету бізден бұрынғылардың айтуынша отыз жылдан асыпты. Біздің жатақхана анау жұтаңдау екі қабат ғимарат, мына Ильичтің шөптен өсірілген кескін суретінің артындағы деп, Қайрат қолымен нұсқап қыздарға көрсете бастады. Сіздің келетініңізді біліп бізде қам жасадық, өздеріңізде сезген боларсыздар, мынандай гүлбақта танысқан қыз бен жігітте не арман бар шіркін деп Қайракең де әдемі жүрек жылуын сездірді өзі ұнатқан әдемісіне. Осындай қысылыс кезінде әдемі сөздердің оның ойынан қалай құрастырылатынына студенттер де таңғалатын және оның білімділігі мен ақындық қабілеті де бар еді. Ол екінші курста оқып жүріп-ақ, сырттай оқитын төртінші-бесінші курстағы стденттердің математика, физика, химия, теориялық механика, сопративление т.б. пәндерден есептерін шығарып, өзімен бірге бір бөлмеде жатқан аш құрсақ достарының көңілін көтеретін.

Айғабыл да көзін жымыңдатып үнсіз тұр. Қайрат досынан үміт болмаған соң сөзді өзі одан ары жалғастыра бастады. Па шіркін, мынандай гүлбақта тұрып, жүздеген гүлдердің иісіне рахаттанған жігіттермен танысқан одан ары достығы жарасқан қыздар да не арман бар дейсің? Мынандай гүл ортасында өмір сүріп жатқан жігіттер шетінен дарынды, білімді, ақылды, дана және болашағы зор болады екен, бұны мен кітапханаға барғанда аты әлемге әйгілі ғұламаның еңбегінен оқыдым деп, Қайрат қыздарға қарап қане танысайық, жөндеп таныспасаңдар келесі жолы мына гүлбаққа кіру де қиындау болып қалар деді. Әйтеуір Қайраттың сөзі ұнады ма, жоқ өзі ұнады ма қыздар да танысудан қашпады. Қайрат қарындастар қайда оқисыздар дегенде, өзі ұнатқан медицина институтының үшінші курс студентіміз, болашақ дәріхананың білікті маманымыз, мына қыз менімен бірге оқиды, досымның аты Кампош, менің атым Гүлім деді биязы мінез танытып, ал мыны қыз болса Кампоштың сіңлісі оныншы сыныпты бітіріпті, Қызылорданың Төретамынан келген деп, Гүлім сөзін аяқтады.

Қайрат та риза болып, сіздердей сүйкімді де сұлу және кішпейіл әрі мейірманды ерке қыздармен танысқанымызға ризамыз деп, өзі ұнатқан сүйкімдіге қолын ұсынып менің атым Қайрат ал, мына жігіттің аты Айғабыл. Жамбыл ауданының Ақтерек ауылынан, біз төртінші курс студенттеріміз деп өте биязылықпен сөзін аяқтады. Гүлім бірден Қайрат сен өзіңнің қай жерден екеніңді айтпадың ғой деп, Қайратты бір қызартып тастады.

– Қыздар мен өзімнің қай жерден екенімді айтпаған себебім, біздің Нарынқолға барып қайту өте қиындау әрі Кегеннен өткен соң Алматы мен Нарынкол тасжолының бойында келіп кетушілерді тексеріп өткізетін әскери бекеті бар, басқа жақтан келгендер болса өзінің жергілікті милиция бөлімінен арнайы шекаралы ауданға өтетін рұқсат құжатын алады. Біздің Нарынқол мемлекет ішіндегі кіші мемлекет сияқты болғандықтан, сендер шошымасын деп әдейі кейінге қалдырған себебім сол, егер іштеріңдегі біреуің сол елге келін бола қалсаңдар қорықпайсыңдар ма, – деді Қайрат. Оның есесіне біздің ауданның аймағына әлемнің үшінші шыңы Хантәңірі шыңы орналасқан, таулы жер орман мен тоғайға бай және жазда неше алуан гүлге оранған мекен болғандықтан да, сырттан келетін меймандар Нарынқолды екінші Швейцария дейді, па шіркін мен осындай жерде өстім және тұрамын деп сөзін аяқтады Қайрат. Ал, Гүлім өзің айтшы ауылыңның жағдайын деп сұрауын қойған Қайрат та қыздарды састыра бастады. Жігіттер оңтүстіктің қыздарымен танысудан қашады оның себебі, оңтүстікте қыздарға кесімді қалың мал алады екен, әр жерде әр түрлі екен осы рас па деп Қайрат жымиып Гүлімге төтеден тағы сұрауын қойды. Гүлім мен аты әлемге әйгілі Түркістанда тұрамын, өзім Шаянның Жүзімдік деген жерінде дүниеге келіппін.Қысқасы, әкемнің төртінші перзентімін. Осында үлкен апам мен жездем тұрады, жауапты қызметте деп, Гүлім сөзін қысқа қайырды. Қайрат та Гүлімге риза болып, әлгі бір қалың малға жауап болмады ғой дей бергенде-ақ, Гүлім менен бұрын әке-шешем екі апайымды ұзатты, ол екеуінен де қалың мал сұраған жоқ, қазақи салт-дәстүрмен құрметтер көрсетілді. Екі күйеу баласы да әкелерінен ерте айырылыпты, бүгінде әке-шешем оларға көмектесіп тұрады деп барып, бойлары мына Қайратпен қатарлас сияқты деген де, Қайраттың бойында қуаныш оты лаулағандай болды. Егер Гүлімге үйлене қалсам қалың малды қайдан табамын, апам өзін-өзі әрең бағып отырғанда маған қалың мал қаражатын қайдан табады деп, қатты күйзеліске түскен Қайрат, Гүлімнің мына сөзінен кейін оның ата-анасының иманды, қайырымды жандар екеніне көзі жетіп, енді менің жолым болады екен, мына Гүлімнен енді айырылмайын деп өзіне-өзі серт берді. Осындай қысқа қана таныстықтан кейін, Қайрат та артық сөздің қажеті жоқ екенін сезіп, қыздармен біраз гүлбақты аралап жүріп оларды шығарып салуға ыңғайланғанда қас қарайып, түнгі самал соға бастады. Қайрат біраз ойланып барып, Гүлім өзіңмен қалай кездесуге болады деп, ақырын сүйкімді дауыспен үн қатты. Гүлім: "Қайрат сен қоймадың ғой, мен Гагарин көшесінің бойындағы №17 дәріханада бір айдай өндірістік тәжірибеден өтемін. Сендерден №59 автобус барады, «Шмелова аялдамасы»", – деп қыздың қылығымен сөзін аяқтады. Қыздар өздері баратын жерінің көлігіне отырып жатып Гүлім де Қайратқа қарап қолын көтеріп қоштасып кете берді. Cодан бері Гүлімнің аққұбаша көркем бейнесі көз алдына келіп, ақырын сөйлеген сабырлы әрі жағымды үні есіңе түскенде, ерекше сезімге бөленетінін Қайрат та жасырмайтын еді. Осы таныстықтан кейін Қайраттан маза кетті. Тыныш ұйқы мен артық күлкі азая бастады. Күндіз-түні ойлайтыны Гүлім. Арада бірер күн өткеннен кейін Қайрат сағынышын басу үшін тәуекел деп, №59 автобусқа отырып Гүлім айтқан Гагарин даңғылының бойындағы «Шмелова» аялдамасынан түсті. Автобуста келе жатқанда да, жол бойында тұрған №17 аптекаға қарай жол жиегімен ақырын басып келе жатқанда да ойына неше түрлі оцлар келді. Бірден дәріханаға кіруге батылы да бармай, Гүлімді қалай шақырсам екен деп дәріхананың сыртқы баспалдағынан жоғары көтеріліп, айтар сөзі таусылғандай тұрып қалды. Жас жігіт ішке кірмесең жолды босатыңыз деген әйел даусы желке жағынан шықты. Қайраттың артында тұрған бір әйел адам екен, кешіріңіз деп Қайрат жолды босатты. Шіркін-ай, қазір Гүлім өзі шыға қалса екен деп іштей тілегін тілеуде. Тілегі қабыл болды ма, іштен бір ақ халатты әйел шығып неге ұзақ тұрсың. Мен сені байқаудамын, біреуді іздеп келдің бе деп, жапырлата сұрауын қоя бастады Қайратқа. Ол сыпайлықпен иә, иә деп сіздерде тәжірибеден өтіп жүрген студент қызға келіп едім дей бергенде, саған Гүлім керек пе дегенде Қайрат та тоқталмай дәл өзі деді.

– Е, қу бала қызға келген екенсің ғой, қайран жастық шақ-ай, қазір шақырамын, – деп егделеу әйел ішке кіріп кетті. Қайраттың қуаныштан қол аяғы дірілдеп, Гүлімді көрсем екен деп әрең дем алуда. Есік ашылып сыртқа ақ халатты әдемі қыз Гүлім шығып сәлеметсіз бе, Қайрат мен қазір шығамын, күте тұр деді де ішке кіріп кетті. Гүлім де көп кешікпей қайтадан тез шықты да Қайраттың жанына келіп, Қайрат қал қалай деді сыпайы мінезбен. Қайрат өте жақсы уәдемде тұрдым, сені бір рет емес, мәңгілік көруге және іздеп келуге Алладан сұрап келдім деді Қайрат сүйкімді Гүліміне қарап.

Гүлім де Қайратқа сен шынымен мені жақсы көріп іздеп келдің бе, жоқ әйтеуір келе салдың ба, деп сынамақ болды. Кешір Гүлім, мен шын ниетіммен, адал жүрегіммен саған ғашық болған соң келдім, сағындым, түнде ұйқы жоқ, күндіз күлкіде азайды, сендей қасиетті жердің, қайырымды ата-ананың қызымен танысу маған Жаратқанның сыйы деп түсінемін деген Қайраттың әдемі де жүрек тебірентер сөзінен кейін, Гүлім де жүрегінің жылығанын сездіргендей болды. Қайрат пен Гүлім қатарласып жүріп келеді. Екеуі аядамада біраз тұрған соң Қайрат жағымды дауыспен Гүлім сенің уақытың бар ғой дегенде әрине деп барып тоқтап қалды. Гүлім неге үндемейсің, екеуміз үйреншікті мен тұратын гүлбаққа барайық, аз уақыт дем алып серуендеген соң, мен сені үйіңе дейін шығарып салайын деп өтінді. Гүлім де сабырлықпен жарайды деп Қайраттың қолынан ұстағанда, автобус та аялдамаға жақындап келіп тоқтады. Қайрат үшін сүйкімді жастықтың жүрек жылуының ыстық махаббатының алғашқы қадамы да осылай жалғасын тапқан-ды. Гүлбаққа жеткен соң Қайрат пен Гүлім қас қарайғанша әсем де әдемі гүлдердің аңқыған иісіне рахаттанып, еркін демалып бақ ішіндегі орындықта жарасып отырып, ұзақ сонар әңгімеге кіріп кеткендерін байқамай да қалды.

Гүлім, мен саған жасырмай нақ кішкене ғана сырымды айтайын, сен киелі, діні мен тілі сақталған аймақтың қызысың, мен саған айтатын сөзіме күмәнің болмас деді де, Қайрат қысқа әңгімесін бастап кетті. Мен апамның жалғыз ұлымын. Бірге тумаса да, бірге туғандай жалғыз қарындасым бар.

Апамның аты Өзипа, ел ішінде апамды «Ақ Апа» деп атайды. Еліне сыйлы, бес уақыт намазында оқиды, сәрсенбі мен бейсенбі күндері бір жақсылықтарды айтатын. Апамның алдынан жасы үлкендер де басын иіп өтеді. Көбінесе әйелдер апамнан қатты қорқады. Жақтырмаған әйелдердің бетіне жаман қылықтарын тура айтады. Жағдай андай болады, мынандай жақсылықтар болады дегені дәл келетін.

Әлі есімде апам киелі және діни адамдар сенің ұлың атақты болады, атағы елге тіпті одан ары да тарап зор абыройға ие болады, балаңды көз бен тілден қорға, оқыт білім алсын деді деп, ұдайы айтып отыратын менің жас кезімде. Жас кезімде мен бұларды түсінбедім, кім білсін алда не боларын деді.

Ендігі арманым оқуымды бітіріп, апама келін апарып өзі армандаған немересін иіскетсем деп ойлаймын. Сен Гүлім бұған не дейсің, бізде оқыған келіндерді өте жоғары құрметтейді. Егер сен Алла бұйырып, менің апама келін бола қалсаң ол үйде өзің би әрі қожа боласың, апам өте білімді және ақылды апа деп сөзін жалғастырған Қайрат Гүлімге білдірмей көз салды. Гүлім де Қайратқа сен бүгін мені алып қашайын дегеннен саусың ба деп, Қайраттың бетіне ризалық белгімен тура қарады. Жоқ. Қайдағы алып қашу бұл менің ішкі сырымды саған жеткізгенім ғой Гүлімжаным, сен өте ақылдысың, ішіңдегі сезіміңді сыртқа шығарып мені қуантшы жаным деп барып, Гүліміне құшағын жайып барып, Қайратта сөзін тоқтатқанда күнде ұясына қарай батып бара жатты...

Мен Нарынколдағы Абай атындағы он бір жылдық мектепті өте жақсы бітірдім. Бір жылдан аса Текес ауылдық Кеңесінің хатшысы және сондағы Карл Маркс атындағы колхоздың комсомол ұйымының хатшысы қызметін қоса атқардым. Қызметім өзіме ұнады. Мені ауылдағылар «Болыс бала» дейтін. Өзім жұмысыма жауапты әрі пысық болдым, табыс та жаман болған жоқ. Менің бұл жетістігіме апам риза болмағанын қабағынан сезіп жүрдім. Бір күні апам балам, сен Алматыға оқуға бар, білім ал, болашағың алдың да. Колхоздың бастығы Қалыбай ағаңда жеті-сегіз баланың әкесі болса да, өз қолы өзіне жетіп тұрса да сырттай оқып білім алуда. Сен бұл жерде өспейсің, мына көшедегі ербекей ұл мен қыз замандастарыңа ілесіп жүріп күлкілі болма балам, біз Алланың берген ризығымен өмір сүреміз, уайымдама балам, Алматыдан оқыған өз теңіңді табасың деп сөзін аяқтап, үнсіз ұзақ отырды да маған қарады. Е, жалғызым жасыңнан қиындықты көп көрдің, саған жамандық істегендер мен менсінбегендердің ұрпақтары сенің жаныңа жиылады, сен соларға емес танымағандардың да ұрпақтарына да жақсылық жасайсың, ел сені құрметтейтін болады. Оқы, оқы білім ал! Сен туа жалғыз емес, өле жалғызсың, мен он тоғыз ұрпақты жерге бердім, енді сен аман бол деп қолыңды жай деді де, Апам ақ батасын берді. Апам балам батаны орында, орындамаса арты жаман болады деді де сөзін аяқтады...

/жалғасы бар/

Алматы қаласы

  "Шипагерлік баян" газеті, қыркүйек 2017

 

 

 
 
В начало