АДАМ ҚУАТЫ ҚАЛАЙ САРҚЫЛАДЫ?

 

 

  главная                                        вернуться  


 

Вампирді қалай жеңуге болады?

 

Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым


Энергетикалық вампирдің ағзасында белгілі бір тығындар пайда болады, олар қоршаған ортадан, ғарыштан энергияның түсуін қиындатады. Донор өңдеген, адамға бейімдеген энергияны алу айтарлықтай оңай. Осы орайда вампир қоршаған ортаға өз зиянын тигізе отырып, өзі де «жұқпалы емес» ауруды жұқтыруы мүмкін. Мысалы, остехондроз, гастрит, гайморит және т.б. Айта кететін жайт, қатерлі ісіктер адамнан адамға биоэнергетика арқылы беріледі, сондықтан вампирлік вампир үшін де қауіпті.

Өз энергияңды донор ағаштардың көмегімен қарапайым түрде және қауіпсіз толтыруға болады. Ағаштарда биоэнергия қоры үлкен және ол жылдам қалпына келе алады. Күшті донор ағаштардың қатарына емен, қылқан жапырақты ағаштар (бәрінен бұрын қарағай), акация, үйеңкі, шетен, қайың жатады. Күшті донор ағаштың қасында жақын жерде (6-10 метрден кем емес арақашықтықта) басқа көрші ағаштар болмайды. Бір-біріне жақын өскен ағаштарда энергияның үлкен қоры болмайды. Іс жүзінде кез келген адам донор ағаштардың энергия күшін тексере алады. Егер ағашқа 2 метр қашықтықта алақаныңды тоссаң, энергия қоры көп ағаштан кеңістіктің жоғарғы тығыздығын, жылуды, шаншуды сезуге болады. Белгілі бір зодиак жұлдызында туған адамдардың өз ағашы болатыны бұрыннан белгілі.

Ешкімүйіз (22 желтоқсан-20 қаңтар)- қарағай

Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан) – інжір

Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз) – бөз

Қозы (21 наурыз – 20 сәуір) – өрік ағашы

Торпақ (21 сәуір – 20 мамыр) – мирт

Егіздер (21 мамыр – 21 маусым) – лавр

Шаян (22 маусым – 22 шілде) – тал

Арыстан (23 шілде – 23 тамыз) – емен

Бикеш (24 тамыз – 23 қыркүйек) алма ағашы

Таразы (24 қыркүйек – 23 қазан) – шамшат

Сарышаян (24 қазан – 22 қараша) – шетен

Мерген (23 қараша – 21 желтоқсан) пальма

Әрине, өз ағашы кез келген жерде бола бермейді. Сондықтан энергия қорын адамға ұнаған донор ағаштан алуға болады, одан ойша донорлық көмек сұрасаңыз болғаны. Ағашқа арқаңызды беріп, оған желкеңізбен, омыртқаңызбен, құйымшағыңызбен және өкшеңізбен сүйкеніп тұрыңыз. Ағашты алақаныңызбен ұстаңыз. Денеңізді бос ұстап, ойша денеңіздің әрбір нүктесіне күміс түстес ақ энергияның ағаштан құйылып жатқандығын елестетіңіз. Денеңіз әбден энергияға толғанын сезгеннен кейін ағашқа көмегі үшін рахмет айтыңыз. Көп еліктеп кетпеңіз. Энергия алу үшін үш минут та жеткілікті. Артық тұру қан қысымын көтеріп, соның салдарынан түрлі зардаптар болуы мүмкін.

Донор ағаштардан басқа вампир ағаштар да болады. Оларды да пайдалануға болады, әсіресе, энергетикалық каналдарды тазартуға, ашуланшақтықты басуға, қабыну процестерінен арылуға, түрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Энергияны анағұрлым күшті тұтынушылар көктерек, талшын, терек ағаштары. Вампир ағаштармен байланыс жасау жолдары донор ағаштармен байланыс жасаған сияқты. Бұл жағдайда денеден жаман нәрсенің бәрі, соның ішінде аурулар шығып бара жатқанын елестету керек. Жеңілденіп қалғаныңызды, сонымен бірге энергияның жетіспеуінен әлсіреп қалғаныңызды сезінгеннен кейін, ағашқа алғыс айтып, энергиямен қоректену үшін донор ағашқа барыңыз.

Адамның биоэнергетикасының әлеуетін арттыру үшін үй жануарларымен қарым-қатынас жасау да пайдалы.

Адамның биоэнергетикасының әлсіз болуы – оның негізгі көзі – табиғатпен, ғарыштық кеңістікпен адамның байланысының бұзылуы. Ғарыштық энергия ең күшті энергия болып табылады, оны түрлі діндерде құдайдың сыйы деп таниды. Осындай энергиямен байланыс жасау үшін төменде баяндалған шынықтыру және тыныс алу жаттығуларын пайдалануға болады.

Бірінші жаттығу. Ұйқыдан оянғаннан кейін шығыстан бастап төрт жаққа қарай сағат тілінің бойымен он екі рет еңкейіңіз.

Екінші жаттығу. Тұрып, бойыңызды бос ұстауға тырысыңыз. Кеудеңізді қимылсыз қалдырып, бөксеңізді сағат тілінің бойымен айналдырыңыз.

Үшінші жаттығу. Денеңіз бос, тізеңіз сәл бүгулі. Ішіңіздің төменгі жағын алға-артқа қарай тез-тез қимылдатыңыз.

Төртінші жаттығу. Ішкі органдарыңызға массаж жасай отырып, сағат тілінің бойымен ішіңізді айналдырыңыз. Басыңызды, иығыңызды, сандарыңыз бен аяқтарыңызды қозғалтпауға тырысыңыз.

Бесінші жаттығу. Тән мен ой жұмысын біріктіруге тырысыңыз. Денеңізді бос ұстап, тұрыңыз да денеңізді сілки бастаңыз. Сонымен қатар сізден сіздің ауруларыңыз қара дақтар түрінде ыршып түсіп жатқанын елестетіңіз. Оны ойша өртеп жіберіңіз.

Алтыншы жаттығу. Отырып-тұрыңыз.

Жетінші жаттығу. Тізелеріңіз бен шынтақтарыңызды бүгіп, төрт аяқтап тұрыңыз да жамбасыңызбен алдыға-артқа (төмен-жоғары) қимыл жасаңыз.

Сегізінші жаттығу. Турникке тартылып біраз тұрыңыз.

Тоғызыншы жаттығу. Еденнен тартылыңыз. Мүмкіндігінше үш нүктеден жасаңыз: қолдарыңыз бен бір аяғыңыздың басы, екінші аяғыңызды біріншісінің үстіне қойыңыз.

Оныншы жаттығу. Жылдам жүгіргеннен кейін болатын тыныстай, тез-тез тыныс алыңыз. Сонымен бір мезгілде қолыңыздың саусақтарын бір жұмып, бір ашып тұрыңыз. Демді ішке тартқан кезде энергияны алақаныңызбен ұстап алатындай жұмып, демді сыртқа шығарған кезде саусақтарыңыздан энергияны жіберетіндей босатыңыз. Бұндай жаттығуды сегіз рет жасаңыз. Содан кейін оны төрт рет қайталаңыз, сонда барлығы 32 рет болады. Сосын тағы үш реттен қайталап шығыңыз. Сонда сіз 96 рет тез-тез демді ішке тартып, қайта шығарасыз, әрі саусақтарыңызды сонша жұмып-ашасыз. Міндетті шарт: демді ішке тарту және сыртқа шығару да саусақтарыңызбен қарману да шалт болуы тиіс, үнемі сегізге дейін санау керек. Егер шатасып қалсаңыз, кезекті сегіз реттен кейін аздаған үзіліс жасаңыз. Егер осыны дұрыс жасай алсаңыз, отыз екі рет демді ішке тартқаннан кейін жылу сезіне бастайсыз, ал бұны үш рет қайталғаннан кейін энергияның құйылып жатқанын сезінесіз. Егер сізге қиын болса, жаттығудың барлығын бірдей жасамасаңыз да болады. Бірақ әр кез сегіздіктің санын арттырып отыруға тырысыңыз.

Он бірінші жаттығу. Сіздің омыртқаңыз арқылы күміс түсті ақ түтіктің өтіп жатқанын ойша елестетіңіз. Түтіктің жоғарғы шеті атмосфераның барлық қабаттары арқылы ауасыз кеңістікке қарай жоғары кетеді. Түтіктің төменгі шеті құйымшақ арқылы жер қыртыстарының арасынан оның орталығындағы отты бөлікке кетеді. Түтіктің жоғарғы шетіне күшті конус шұңқырды қоямыз. Шұңқырға ашық түсті таза энергия құйылады, ол біздің түсінігімізге ешқандай салмақсыз, яғни ешқандай заттың бөлшегі немесе өрісі болмайды. Бұл энергияең күшті вакуум энергиясы, Жаратушының сыйы. Кімде кім жан-тәнімен осы энергияға бағынып, онымен бірге тура және кері байланысты тапса, ол шексіз дана, күшті және ажалсыз болады.

Бұл жаттығу саналық жолдың тек басы ғана. Сезімталдығы жоғары адамдар (көріпкел де болуы мүмкін) осы энергияны өздерінің бойынан өткізе отырып, «түтікке» біздің денеміздің әр жағынан лас ағындардың келіп құйылып жатқанын көруі мүмкін. Бұл – біздің күнәларымыз бен ауруларымыз. Осылардың барлығы төменге, отты магмаға кетеді де сонда жанып кетеді.

Ал таза энергияға ешқандай физикалық процестер әсер ете алмайды. Оның түрі өзгермейді, ол жоғалмайды және қайтадан пайда болмайды. Ол мәңгі және ешқашан өлмейді. Оған сеніп, оны мойындаған адамды ол тазалайды. Бұл жаттығуды орындаған адам алғашында басында, иығында, басқа органдарында ауыртпалық сезінуі мүмкін, кейде жағымсыз әсерлер болып, ауырсынуы да мүмкін. Бұндай қорқудың жөні жоқ. Бұл ағзадан энергетикалық тығындардың шығып жатқандығы деп түсіну керек.

Көрсетілген тәсілдер мен жаттығулардың мақсаты – энергетикалық чакралардың жұмысын қалыпқа келтіріп, биоөрісті орнына келтіру. Жүйелі түрде өзіңізбен және жақын адамдарыңызбен жұмыс істей отырып, сіз вампирліктен құтылып қана қоймасыз, сонымен бірге көптеген аурулар емделіп, соның ішінде көз бен дуадан құтылуға болады.

Жоғарыда сипатталған жаттығуларды меңгеріп, өзін экстрасенс ретінде сезінген адамдар үшін өзінің биоэнергетикалық әлеуетін арттыруға және түрлі аурулардан арылуға арналған анағұрлым күшті және әмбебап әдістер ұсынылады.

Адамның биоэнергетикалық әлеуетін тікелей сол адамның өзі немесе емші көтере алады. Бұл әдістерді сатылап, мүмкіндігінше тұрып, көзіңізді ашып немесе жауып тұрып орындау керек.

1-саты. Назарыңызды бірінші чакраға аударыңыз. Емші барлық сатыларда емделушінің чакраларына назар аударады. Чакраның ортасында (құйымшақтың соңғы омыртқасы) ойша кішкентай шарды елестетіңіз, онда конус түріндегі шұңқырға төрт құйынды ағындармен жерден қызыл түсті энергия кіреді. Шұңқыр сағат тілінің бойымен айналып (егер төменнен қарасаңыз), шарик толады, оның шекарасы денеңіздің бар бойына таралады. Шар денемен бірге ағаш матрешканың түріне еніп өзгереді. Осындай әрекеттерді орындай отырып, «ланг» мантрасы мен «до» нотасын дауыстап әндету керек: лаанг-до, лаанг-до және т.б. Бұл дыбыстарды бар денеңіз бен оның үстіңгі беті әбден қызыл энергияның тұтас бөлшегіне айналғанша айтыла береді. Қаншалықты қиын болса да, энергия ешқандай қара немесе сұр дақтарсыз таза қызыл түсті, ал оның сұлбасы омыртқа орталығынан өтетін тік өске қарағанда симметриялы болуы тиіс. Бұл өте маңызды. Қандай да бір қара немесе сұр дақтар, әсіресе, сүлік, түтікше немесе ширатпа жіп түріндегі дақтар болған жағдайда, оларды қызыл түспен ығыстырып шығаруға тырысу керек. Солай шығарылып тасталған дақтар міндетті түрде өртелуі керек. Сол кезде мұрыныңызға күйіктің иісі, соның ішінде жүннің иісі немесе басқа да жағымсыз иіс анық келуі мүмкін. Бұл сиқыр емес. Бұндай иісті сіздің не істеп жатқаныңыздан бейхабар басқа адамдар да сезуі мүмкін.

2-саты. Назарыңызды екінші чакраға аудару керек. Чакраның орталығында, омыртқаның құйымшақ бөлігінде (кіндіктен 3 см төменірек) мөлдір шарды ойша елестетіңіз, оған конус тәрізді екі шұңқыр арқылы – алты құйын тәрізді ағынмен қызғылт сары түсті су энергиясы кіреді. Әр шұңқыр құйын тәрізді ағындар бір-біріне қарама-қарсы жүретіндей етіп айналады. Шұңқырлардың осьтері бір сызық бойында болады, сызық омыртқа тігіне қарағанда көлбеу болады. Бұл сызық екі нүкте арқылы өтеді. Омыртқадағы чакраның орталығы және шап сүйегінің орталығы. Шариктен матрешкаға айналып, бірте-бірте кеңейетін чакра орталығы энергиямен толығады. Бұндай энергиялар бір-бірімен араласпайды, өйткені олардың діріл жиілігі әртүрлі, бұл жерге сіңген судың топырақпен ешқашан араласпайтыны сияқты. Анағұрлым жұмсақ және иілгіш дене әрқашан борпылдақ дененің бөлшектерінің арасынан өтіп кете алады.

Екінші чакрамен жұмыс істеген кезде «ванг» мантрасы мен «ре» нотасын әндетіп айтып отырсаңыз, жаттығудың әсері артады: вааннг-реее, вааннг-реее және т.б. Бірінші сатыдағы сияқты бұл дыбыстар денеңіз бен оның айналасындағы кеңістік қызғылт сары түсті энергияға толғанша айтыла береді.

Келесі төрт чакрамен жұмыс істеу келесі түсініктерді ескере отырып, алдыңғы екеуіне ұқсас өткізіледі.

3-саты.Үшінші чакрамен жұмыс істеу кезінде сары түсті энергия оттан немесе күннен алынады, «ранг» мантрасы, «ми» нотасы. Шұңқырлардағы құйын тәрізді ағындардың саны – 10.

4-саты. Жасыл түсті бесінші чакра энергиясы тропосферадан алынады, мантрасы «янг», нотасы «фа». Әр шұңқырдағы құйын тәрізді ағынның саны 12.

5-саты. Бесінші чакраның аспан көк түсті энергиясы стратосферадан алынады, мантрасы «ханг», нотасы «соль». Әр шұңқырдағы құйын тәрізді ағынның саны 16.

6-саты. Алтыншы чакраның көк түсті энергиясы мезосферадан алынады, мантрасы «аунг», нотасы «ля». Әр конус пішінді шұңқырдағы құйын тәрізді ағынның саны 96.

Үшінші, төртінші және бесінші чакралармен жұмыс істеу кезінде алдыңғы және артқы шұңқырлар осьтері бір-біріне қарай омыртқа осіне перпендикуляр сызық бойымен айналады. Алтыншы чакраның айналыс осі екі нүкте. Қастардан сәл жоғары маңдай орталығы (үшінші көздің орны) және омыртқаның осьтік мызығының бас сүйегінің желке сүйегінің төменгі шетімен (мойынның жұмсақ теріге ұласатын жері) қиылысы арқылы өтетін сызық бойында орналасқан.

7-саты. Күлгін түсті жетінші чакрамен (төбеде) жұмыс істеу бірінші чакрамен жұмыс істеуге ұқсас өткізіледі. Оған энергия Жоғарыдан болады. Бір энергия конус тәрізді шұңқыр арқылы 972 құйын тәрізді ағындармен келіп түседі, мантрасы «аум», нотасы «си», жетінші чакраның айналу осі жоғарыдан қараған кезде сағат тілінің бойымен өтеді.

Бірінші және жетінші чакралардың осьтері бір-біріне қарай айналады. Бұндай энергиялардың соқтығысуы болмайды, өйткені жетінші чакраның жоғары жиіліктегі энергиясы мен анағұрлым нәзік энергиясы төменге өтіп, адамның биоөірісін бірінші чакра энергиясы түсетін анағұрлым кең түтік ішінде орналасқан диаметрі кіші түтік арқылы қалыптастырады. Чакралармен және биоөріспен жұмыс істеген кезде кейбір қарсы әрекеттер пайда болуы мүмкін: бас, дене және аяқ-қолдар ауырлап, алақанда қызғылт түсті дақтар пайда болып, дененің теңселіп, айналуы мүмкін. Бұдан қорқудың қажеті жоқ, өйткені ағза тазарып, оның орнына энергия толығып жатыр. Бірнеше минуттардан кейін, чакралар қалыпты жұмыс істеп, энергия қалпына келе бастағанда, дене жеңілдеп, тіпті салмақсыздық сезілуі мүмкін. Сонымен бірге көріпкелдік және жоғарғы физикалық және психикалық күштердің дамуы мүмкін.

Жанның тазаруы мен барлық аурулардан, соның ішінде вампирліктен тазару басталды.

 

Вампирлерден қорғану

 

Жоғарыда айтылғандардың бәрі өз ішіңіздегі вампирлікті жеңуге бағытталған, ал сыртқы вампирден қалай қорғануға болады. Вампирдің басқа адамдарға әсері теріс энергетикалық әсер. Бұл, әрине, көз тию, дуалау емес. Дегенмен бұл сіздің ағзаңызға бөгде биоөрістің еніп, денсаулыққа зиян энергетикалық залал келтіреді. Егер біз өз еркімізбен донор болмасақ, онда вампир біз үшін шақырылмаған қонақ болып табылады. Сондықтан ертеден қорғаныс әдістері бар. Солардың бірнешеуін келтірейік.

1. Кез келген адамдармен (әсіресе вампирлермен) қарым-қатынас жасаудың бірінші және ең басты ережесі – ешқандай жағдайда да ашуланып-күйгелектенбеу, өйткені ашу шақырған себептің (басқа адамдардың сөзі немесе әрекеті) мәні ғана емес, сонымен бірге оған деген біздің көзқарасымыз да маңызды. Вампирдің саналы түрде де, санадан тыс түрде де басқалардың энергиясын ұрлау жолындағы жұмысы тек оның құрбаны ашуланғанда ғана жүзеге асады.

Ашудан қорғанудың басты құралы күшті биоөріс болып табылады. Сондықтан өз биоөрісіңізді бақылап отырыңыз, бұдан бұрын баяндалған биоэнергетикалық жаттығуларды жасаңыз. Күшті биоөріс дегеніміз бұл – күшті биоэнергетикалық қорғаныс. Бұл орайда биоөрісі күшті адамдардың донор бола алатынын да ескеру қажет, олармен қарым-қатынас жасауға вампирлер де құштар болады. Сондай-ақ адамның биоэнергетикалық әлеуеті жоғары болған сайын, оның кез келген әсерлерді қабылдайтын экстрасенсорлық (жоғары сезімталдық) қабілеті де жоғары болатынын есте сақтау керек. Осы қабілеттің екінші жағын бейтараптандыру үшін басты, миды, ойлау жұмысын іске қосу керек. Осыдан келесі қорғаныс тәсілі шығады.

2. Оймен қорғану. Ойлау жұмысын екі бағытта қарастыруға болады: адамның өз әрекетін басқаратын ой және басқа адамдарға бағытталған ой.

Ой жұмысының вампирлерге қатысты бірінші бағытында «біз қасқырдан қорықпаймыз» ұстанымында болуымыз керек, яғни қасқыр – вампир, бірақ біз оны жыртқыш аң ретінде емес, үй жануары ит ретінде қарастыруымыз керек. Бұндай «ит» сіздің «оңай шағылмас жаңғақ» екеніңізді түсінгеннен кейін, сізге қайта келмейтін болады.

3. Вампирден аулақ кету, онымен қарым-қатынас жасамау. Өзіңізге жағымсыз адаммен ешқашан араласпаңыз. Бұндай кездесулерден қашу қиын болса немесе мүлдем мүмкін болмаса, онда екінші тәсілді қолдану керек.

4. Келесі тәсіл – «аспанда қалықтап жүру». Егер сізге қандай да бір себептермен вампирден қашу мүмкін болмаса, онда одан ақша бұлттарға немесе көгілдір аспанға ойша қашыңыз. Бұл мүмкін нәрсе, тек тырысып көру керек.

5. Өзіңізге, әсіресе, қызықсыз және керексіз адамдардың назарын аударта бермеңіз.

6. Өзіңізге жағымсыз адаммен сөз таластырмаңыз.

7. Өзіңіздің биоөрісіңіздің аясын жабық ұстаңыз:

Жамандық күтетін адамдарыңызбен сөйлескен кезіңізде қолыңыз бен аяғыңызды айқастырып отырыңыз;

Бір қолыңыздың бас бармағы мен сұқ саусағын екінші қолыңыздың бас бармағы мен сұқ саусағымен біріктіріп, шеңбер жасаңыз, қалған саусақтарыңызды бір-біріне қойыңыз.

8. Айна. Жағымсыз адаммен кездескен немесе араласқан кезде осы адаммен сіздің араңызда шағылысқан айна бар деп ойша елестетіңіз.

9. Прожектор. Сіздің «үшінші көзіңіздің» тұсынан прожектордың күшті ашық сәуле шашып тұрғанын елестетіңіз, бұл сәулені сізге жағымсыз адамның «үшінші көзіне» және көздеріне қарай бағыттаңыз.

Басқа да көптеген тәсілдер бар, бірақ келтірілген тәсілдер вампирлерден ғана емес, басқа да теріс энергетикалық әсерлерден, соның ішінде көз тию мен дуадан қорғауда қарапайым әрі тиімді болып табылады. Егер сіз оларды орындап үйренсеңіз, көп ұзамай-ақ вампирлік проблемаларының сіз үшін жоғалатынын аңғарасыз. Сонымен бірге сіз бұл жаттығуларды өзіңіздің биоөрісіңізді дамыту үшін де жасасаңыз, онда өміріңіздегі көптеген басқа да қиындықтарды жеңе алатын боласыз.

Барлық жаттығуларды айналаңызға білдіртпей, ешкімнің назарын аудармай жасауға тырысыңыз.

 

 

Алматы қаласы

"Шипагерлік баян" газеті, қараша, желтоқсан 2018 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 
 
В начало