АДАМ ҚУАТЫ ҚАЛАЙ САРҚЫЛАДЫ?
|
||
главная вернуться | ||
Созылмалы қажу синдромы, дуа және көз тию синдромы
Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым Соңғы уақытта медицинада жаңа аурудың пайда болғаны туралы жаңалық ашылды. Бұл ауру өте қауіпті, жұқпалы әрі жазылмайды. Бұны дәрігерлер синдром деп атады – созылмалы қажу синдромы. Созылмалы қажу синдромын анықтау және емдеу ерте заманнан-ақ, дәлірек айтсақ, дәстүрлі халық медицинасы пайда бола бастағаннан-ақ белгілі. Ауруды анықтау бір минуттан аспайды, ал емдеу 15 минуттан бір сағатқа дейін (1-3 емдік шара немесе емдік сеанс). Бұны синдром деп қазіргі медицина атаса, халық ішінде бұл бұрыннан белгілі – теріс биоэнергетика немесе көз тию, дуа немесе басқа да теріс әсерлер, кейіннен бұларға “зомби” – деген атау да қосылды. Егер бұл аурулардың вирустық табиғатына келетін болсақ, ол ерекше вирус: ол тыныс алу органдары арқылы да, ас қорыту органдары арқылы да, қанмен де берілмейді, алайда оның салдары адам өмірінің түрлі органдары мен жүйелерін бұзады. Көз тию, дуаға адамдар ғана емес, жан-жануарлар да, пәтерлер де, ағаштар да, қалалардың тұтастай аудандары да, жекелеген аумақтар да ұшырай алады. Бұл вирустың табиғаты – биоэнергетикалық, ал оның көзі – адам, бұл адам вирусты адамдарға да, жануарларға да, табиғатқа да, біз айтқандардың бәріне де жұқтыра алады. Бұл вирус саналы түрде де, санадан тыс та берілуі мүмкін. Одан энергетикалық түрде қорғануға болады.
Көз тию
Көз әлсіз, энергетикалық жағынан қорғалмаған немесе әлсіз қорғалған адамға тиеді. Адамның көз тиюге де, дуаға да сенбегені дұрыс. Бірақ, өкінішке орай, бір нәрсеге сенбеу жүз пайыздық қорғаныс әкелмейді. Көз тиюден, дуадан дінге сенетіндер де, сенбейтіндер де, идеалистер де, материалистер де, демократтар да, коммунистер де сақтандырылмаған. Егер олай болмаса, онда барлық белгілері көз тию мен дуаға ұқсас созылмалы қажу синдромы пайда болмас еді. Кейбір адамдармен араласу қуаныш әкеліп, жаңадан күш сыйласа, енді біреулерден қатты шаршап, өзімізді жайсыз сезінетінімізді бәрі біледі. Егер сол адаммен байланысымызды үзсек, онда шаршағандық басылса, бұл қарапайым вампирлік. Ал егер олай болмаса ше? Биоөрісі әлсіз және мінезі ынжық адамдарға биоөрісі күшті және мінезі қатты кез келген адам көз тигізе алады. Көз тию – бұл бір адамның екінші адамға теріс биоэнергетикалық әсері. Ол көз тиген адамның қоршаған ортамен энергия алмасуын бұзады. Көз өткен адамның биоөрісінде энергетикалық «тесіктер» пайда болып, солар арқылы адам бойындағы энергия ағып кетеді. Сіздің ағзаңыз энергия сіңіретін бір немесе бірнеше чакралар керісінше жұмыс істей бастағанын елестетіңізші. Бұл тесік бөшке сияқты, ішіндегі су фонтан болып атқылайды. Қалған тесілмеген чакралар жұмсалған энергияның орнын толтыра алмайды. Оның үстіне әр чакраның өз міндеті болады. Таңертең оянып, кешке жатуға сіздің күшіңіз жетпейді. Әлсіздік. Көз тию дегеніміз – тек сіздің таныстарыңыздың бірінің саналы түрде жасаған жаман ниеті емес. Сіздің көршіңіз «Қызыңыз қандай әдемі!» дегенде, ол көршіңіздің өзі де сөзінің астарына мән бермейді, ал сөз астарында оның өз балаларына көңілі толмауы, іштарлық. Басқа біреудің өзінен гөрі бақытты екенін қаламау жатыр. Егер оның энергетикасы күшті болса, оның қызыңызға айтқан жақсы сөзі емес, санадан тыс білдірілген жағымсыз ойы тиюі мүмкін. Қызыңыз кенеттен әлсіреп, жиі суықтап қала беретін болады. «Көз тиді...». Көптеген аналар балаларының суреттерін жұмыс орнында көпшіліктің көз алдында ұстайды. Бұл дұрыс емес, өйткені сурет арқылы да көз тиюі мүмкін. Сізді көре сала мақтай жөнелетін адамдардан аулақ жүріңіз, өйткені олардың сылдыр мақтауларының аржағында көбінесе жайсыз ойлар жасырынып жатады. Егер сіздің биоэнергетикалық қабығыңыз берік болмаса, онда оны тесіп өту қиын емес. Егер іштарлық пен жамандық тілеу саналы түрде әрі шынайы болса, ашық түрде айтылса, оның жүзеге асуына мүмкіндік көбірек. Бұндай жағдайда тіпті биоэнергетикасы онша дамымаған адамның өзі айтарлықтай зиян келтіре алады. Әсіресе, жеті чакралардың бәрі бүлігені аса қауіпті. Теріс биоэнергетикалық әсерлерді анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Көз тию мен дуаның белгілері ұқсас. Бәрінен бұрын бұл айқын көрінетін психикалық және физикалық астения, шаршау, қажу, өзін-өзі ұстай алмау, шыдамсыздық, төзімсіздік, ұйқының бұзылуы, ұзақ дене еңбегі мен ой еңбегіне қабілетсіздік, қатты дыбыстарды, жарықты, өткір иісті жақтырмау. Психикалық белгілері, әдетте, қамығудан, ашуланшақтықтан, ерік-күшінің жартылай немесе толық жоғалуынан көрінеді. Тәбет қашып, жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Түрлі дәрігерлерге барып, ем таппаған көз тиген немесе дуаланған адамдардың психиатриялық ауруханалардан бір-ақ шығатыны жиі кездесіп жатады. Психиатрлар бұндай науқастарға шизофрения ауруы деген диагноз қояды. Бірақ бұндай «шизофренияны», сол сияқты басқа да психикалық ауруларды дәрігерлер де, науқастардың өздері де емдей алмайды. Көз тигенді анықтау үшін емшілер түрлі тәсілдерді қолданады. «Рентген» анықтау тәсілі көз өткен чакралардағы дақтарды бірден көрсетеді. Ауруды өзіңізге қырын қаратып қойып, бір-біріне параллель қаратылған алақандарды (бірі кеуде жақта, екіншісі арқада) жоғарыдан төмен қарай жүргізіп, қай жақтан қай чакра бұзылғандығын анықтауға болады. Емшінің қолы бұзылған чакраның тұсына келгенде тебілген қол көз тигеннің орнын анықтайды. Көз тигенді биолокация әдістерімен анықтаудың кез келген ауруды анықтау тәсілдерінен айырмашылығы жоқ. Көздің биолокациясы рамканың, қолдың және маятниктің көмегімен «сұрақ-жауап» әдісін қолданып жүргізіледі. Сұрақ-жауаптардың мысалдары төмендегідей: – Менің алдымдағы адамға көз тиді ме? – Иә. – Көз тию әдейі жасалған ба? – Иә. – Ер адамның көзі тиді ме? – Жоқ. – Әйел ме? – Иә. – Ол әйел елуде ме? – Иә. – Ол ашық сары ма? – Жоқ. – Қара торы ма? – Иә. Осылайша көз тиюдің қыр-сырын анықтайтын сұрақтарды қоюға болады. Түрлі әдістермен көз тигенді анықтау барысында көз тиюдің түрлі жағдайлары анықталып жатады. Көз тиюдің негізгі себептері және қозғаушы күші адамдар арасындағы іштарлық, жағымсыз қарым-қатынас, жек көрушілік және басқа теріс эмоциялар болып табылады. Көз тию әдейі жасалған және ойластырылмаған болады. Әдейі жасалмаған көз тиюдің басты себебі – менмендіктің ең бір күшті көрінісі – іштарлық. Іші тар адамдар, әдетте, вампирліктен зардап шегеді. Іштарлық дегеніміз – басқа адамның жақсы тіршілігінен, табысынан туындаған сәтсіздіктің, реніштің салдары. Іштарлық күшті болған кезде, іші тар адамның биоөірісінің дірілі ол іштарлық көрсеткен адамның энергетикалық орталықтарындағы (чакраларының) кеуденің бір жағынан бұзады. Нәтижесінде жұп шұңқырлардың бірі өзінің айналысын жоғалтады да, кеуденің екінші жағындағы өз жылдамдығы мен дірілін жоғалтпаған шұңқырдың әсерінен оған қарама-қарсы емес, адам биоөрісінің ішіне қарай айнала бастайды. Осылайша чакра бос жұмыс істейді. Бұзылған чакраның санына байланысты адам ағзасындағы түрлі органдар мен органдар жүйесінің жұмыстары бұзылып, содан кейін органикалық өзгерістер бел ала бастайды. Егер көз тию нәтижесінде энергетикалық бұзылыс бірінші чакрада орын алса, онда оның бастапқы белгілері қамығу және үрей болады. Одан кейін иіс сезу бұзылып, зәр шығарудың төменгі бөліктері мен сыртқы жыныс органдарының жұмысында ақау пайда болады. Психологиялық тұрақсыздық пен өз-өзіне сенімсіздік туады. Егер көз тию нәтижесінде екінші чакра бұзылса, алғашқы белгілері ішкі жайсыздық пен жыныстық невроздар болады. Содан кейін зәр шығару жүйесі (алдымен, оның ішкі органдары), дені сау ұрпақ әкелу қабілеті, ішек жұмысы бұзылады. Көз тигеннен бұзылған үшінші чакра жүйкелердің шоғырланған жерінде жайсыздық, үрей сезімін тудырып, асқазан, бауыр, өт қабы, вегетативтік жүйке жүйесі жұмыстарын бұзады. Көз төртінші чакраны бұзған кезде күйзеліс пайда болып, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруға ұшырайды. Егер көз тиген орын бесінші чакра болса, онда мойынның алдыңғы жағында жайсыздық байқалады, эмоционалдық тұрақсыздық артып, тыныс алу органдары мен жоғарғы бөлімнің ас қорыту органдарының, қалқанша безінің аурулары басталады, шығармашылық қабілеті мен сұлулықты сезінуі төмендейді. Алтыншы чакраға көз тию орталық жүйке жүйесінің ауруларына, психикалық ауруларға (мидың төменгі бөлігінің залалдануына), сол көзің, құлақтың, мұрынның ауруларына алып келеді, ойлау деңгейі, зейінділік, ерік-күш төмендейді. Жетінші чакраға көз тигенде бәрінен бұрын мидың жоғарғы бөлігі мен оң көз зардап шегеді, қабылдау қабілеті, руханилық пен түйсік төмендейді. Егер көз тиюдің негізі іштарлық болса, ол бір адамның екіншісіне деген жек көрушілігінен туындайды. Жек көрушілік – біреуге жамандық ойлау, қастық, ыза, жиіркеніш. Жек көрудің биоэнергетикалық дірілі іштарлыққа қарағанда әлдеқайда күшті. Іштарлық етуші өзінің қызғанышын жасыра алады, ал жек көрген адам керісінше өзін ұстай алмай, ширығып тұрады. Іштарлық нақты бір нысандарға бағытталады: біреудің әдемілігін, күшін, денсаулығын, зиялылығын, дарынын, т.б. ерекше қасиеттерін қызғану. Сондықтан іштарлықтан болған көз тиюде ағзаның қандай да бір органдары мен жүйелерінің жұмысын басқаратын чакраларға зиян тигізеді. Әдетте, әдейі жасалмаған көз тиюде екі-үш чакрадан артық бүлінбейді. Жек көру әдетте нақты негізде немесе санадан тыс пайда болады. Қалай болған күнде де қастық, ыза және жиіркену сезімдері нақты бір адамға бағытталады, сол адам оған жау болып көрінеді. Әдейі жасалған көз тиюде күшті теріс (қара) энергетика адамдардың жекелеген чакраларын ғана емес, олардың көпшілігін (төртеуден кем емес) немесе барлығын зақымдайды, бұл денсаулық үшін де, көз тиген адамның өмірі үшін де аса қауіпті. «Суға кеткен тал қармайды» дейді. Ал көз тиген адамның бұндай мүмкіндігі жоқ. Бұл қауіпті, өте қауіпті. Көз тиген адам әлсірейді. Ал өзін физикалық немесе психикалық жағынан кемшін санайтын адамдар бұндай жағдайда қандай да бір күшке ие болса, онда «күш барда ақылдың керегі жоқ» қағидасына сүйеніп, түрлі теріс әрекеттерге барады. Дәрігерлерге сенсек, созылмалы қажу синдромы – инфекция, ал емшілер бұны энергетикалық инфекция деп қарайды. Егер бұл шынымен де инфекция болатын болса, онда оның күші қандай болмақ?! Әдейі жасалған көз тию, дуаның белгілері әдейі жасалмаған көз тиюдегі сияқты, тек ол анағұрлым күші және әсер ету аумағы кең болады. Өкініштісі, әдейі тиген көз әдетте өте тез болады.
Дуа Дуа – теріс биоэнергетикалық әсер. Ол көз тиюге қарағанда теріс эмоциядан (іштарлық, жамандық ойлау, жек көру) туындамайды. Бұл қара магтың мақсатты түрде жасаған салқын қанды әрекеті. Егер энергетикалық жағынан күшті кез келген адам көз тигізе алатын болса, дуаны тек кәсіби шеберлер ғана жүзеге асыра алады. Көз тиюге қарағанда дуа тек әдейі жасалады. Дуа – белгілі бір адамға, жануарға немесе басқа да нысанға (мысалы, баққа, табиғатқа, белгілі бір жерге, тіпті кейбір елді мекендерге) зиян келтіру, денсаулығын немесе сол нысанның өзін құрту мақсатында әсер ететін ақпараттан тұратын биоэнергетикалық код. Дуаның белгілері де көз тигендегі белгілерге ұқсайды – әлсіздік, қайдан пайда болғаны білгісіз аурулар. Дуаны емдеп-жазу әлдеқайда күрделі. Дуа алынбайынша, ешқандай ем көмектеспейді. Өкінішке орай, дуа мен көз тиюдің айырмашылығын ашатын әдебиет өте аз. Белгілеріне қарағанда олар ұқсас, бірақ оларды бір әдіспен емдеу оң нәтиже бере бермейді. Сондықтан дуаның көз тиюден қандай биоэнергетикалық айырмашылығы бар екенін түсіну керек. Дуаны бірнеше әдіспен анықтауға болады. Бірінші әдіс – бұл науқас адамның күйін анықтау. Мұны рамка, қол немесе «сұрақ-жауап» тәсілін қолданып маятник көмегімен анықтауға болады. Тек бұл жағдайда «көз тию» сөзін «дуа» сөзімен алмастыру керек. Дуаны анықтаудың тағы бір тәсілі – бұл мойынның сол жағында түйнектердің пайда болуы, сол жерде түрлі пішінді көгерген жерлердің пайда болуы, сол жерден шығатын суық сәулені сезіну, сүліктердің сол жерде үймелеуі. Тәжірибесі мол емші мойындағы суреттерге қарап отырып, оларды жүйелеп, дуаның қандай жерге жасалғанын анықтайды.
Зомбилық Зомбилықтың ғылыми бағыты 30-жылдардан бері қарай келе жатыр деп негіздеуге болады. АҚШ, Франция, Израил, Жапония, Қытай және Ресей елдерінде жеке адамдарды да, тұтас ұжымдарды да зомбилау жұмыстары жүргізілгені туралы тікелей және жанама деректер бар. Егер бұрындары қатал программалау нәтижесінде биороботтар пайда болса, қазір зомбиді тек маман ғана анықтай алады, өйткені олардың әрекеттері ешқандай күдік тудырмайды. ...Электромагниттік, магнитті акустикалық, плазмалық және психотропты генераторлардың басқа да түрлері ерекше құрылған өрістерді жасап шығарады, олар ми мен жүйке жүйесінің жұмыс істеу процестерімен қайшылыққа ұшырайды. Бұл өрістерді «тәжірибе жүргізілетін» нысандарға бағыттай отырып, оператор олардың санасына арнайы қызметтерге қажетті ақпаратты жіберіп, қандай да бір тапсырмаларды орындауға дайын тұратындай етіп қалыптастыра алады. Сонымен зомбилық дегеніміз – арнайы препараттар мен ерекше техникалық құрылғылардың (соның ішінде аса жоғары жиіліктегі генераторлар) көмегімен адамды қатал программалау, сондай-ақ адам психикасын басқару шарасы. Зерттеушілер Игорь Винокуров пен Георгий Гуртовой өздерінің «Психотропная война. От мифов – к реалиям» атты кітаптарын осы мәселеге арнаған. Осы кітаптың «Зомби выходит на связь» деген тарауында: «Күн тәртібінде үшінші ұрпақ зомбиін жасау мәселесі тұрды. Бұл жерде құпия, тылсым немесе эзотериялық білімді мамандардың қатысуынсыз болмағаны белгілі. Экстрасенсорлық әсер етудің ықтимал мүмкіндіктеріне назар аударылды. Сонымен бірге осындай әсерлерді техникалық құралдардың әсерімен күшейту әдістерін іздей бастады. Бұндай әсер адамның санасы мен психикасына енген кезде, адам оны өз санасынан тыс нәрсе деп емес, қайта өзінікі, өзінің ішінен, болмысынан туған нәрсе деп қабылдайды. Осылайша сырттан еріксіз таңылған осындай қылмыстық немесе басқа да күштің әсерінен адам қылмыс немесе қоғамдық адамгершілік қағидасына қайшы келетін іс-әрекеттер жасағанда, ол адам бұған тек өзін ғана кінәлайтын болады. Тіпті ол өзін қылмысқа итерген күштің сырттан келгенін сезсе де, оған ешкім сене қоймайды, керісінше оны есі ауысқан деп таниды» деп жазып түсініктемелер береді. Біздің қоғамда мұндай әрекеттің өріс алуын білу, ол әр адамның жеке басының амандығын қорғау болып есептеледі.
Алматы қаласы "Шипагерлік баян" газеті, желтоқсан 2018 жыл, қаңтар 2019 жыл
|
||