АДАМ ҚУАТЫ ҚАЛАЙ САРҚЫЛАДЫ?
|
||
главная вернуться | ||
Биоэнергетикадағы вампирлік
Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым Кез келген адам өзінің ағзасының қалыпты өмір сүруі үшін қоршаған әлемнен энергия алуы керек. Мамандардың айтуынша, адам ағзасының судан, ауадан, тағамнан алатын энергиясы оның қоршаған ортадан алатын энергиясының бір ширегіне де жетпейді. Адамның энергетикалық тепе-теңдігінің басым бөлігі – бұл ғарыштық энергия. Дәл осы энергияны тұтынудан тыныс алу органдарының, қан айналысының, асқазан-ішек жолдарының, эндокриндік жүйенің және басқа жүйелер мен органдардың қалыпты жұмыс істеуі қалыптасады. Ғарыштық энергия ойлау процестері мен психика қызметі үшін энергияның негізгі күші болып табылады. Аз жеп, аз ішіп те тән мен жанның саулығын сақтауға болады. Бірақ ағзаға рухани энергияның қалыпты түсуі бұзылса, оның барлық жұмысы бұзылады, өйткені дәл осы энергия адамның энергетикалық деңгейінің күйін анықтайды. Сондықтан осы деңгейге қарай адамдар бірнеше дәрежеге бөлінеді. Бірінші дәрежеге ауру, денсаулықтары жоқ адамдар жатады, олардың биоөрісі айтарлықтай әлсіз болады. Екінші дәрежеге адамдардың көпшілігі жатады, олар қандай да бір аурулардан зардап шекпесе де, өзінің биоөрісін де, басқа адамдардың, жан-жануарлардың, жалпы айтқанда, қоршаған ортаның түрлі заттарының биоөрістерін сезе алмайды. Үшінші дәрежедегі адамдар өздерінің, басқа адамдар мен жан-жануарлардың, сондай-ақ қоршаған ортаның түрлі заттарының биоөрістерін сезе алады. Бұндай адамдарды экстрасенстер деп атайды. Төртінші дәрежеге өздерінің биоэнергиясын шоғырландырып, оны кез келген нысанға бағыттай алатын адамдар жатады. Бұл деңгейге емшілер (хилерлер), шамандар, сиқыр иелері жатады. Бесінші энергетикалық деңгейдің дәрежесіндегі адамдар өз ағзаларындағы клеткалардың (жыныстықтан басқасын) көбеюін басқара алады. Бесінші дәрежеге өзінің энергетикасын күшейту жолында саналы түрде жұмыс істеген адамдар ғана жете алады. Алтыншы энергетикалық дәреже күрделі клеткалардың (жұмыртқа клеткалары мен сперматозоидтардың) көбеюі мен құрылымын басқару мүмкіндігін береді. Бұндай дәрежеге жататын биоэнергетиктер мен жоғарғы дәрежелі емшілер көп емес. Жетінші энергетикалық деңгейдің дәрежесіне жеткен адамдар өздерінен төмен энергетикалық деңгейде тұрған басқа адамдардың психикасын бақылай алады. Бұндай адамдарға жоғарғы дәрежелі емшілердің көпшілігі жатады. Сегізінші дәрежеде күшті жасампаз немесе күйреткіш күшке ие адамдар болады, олар бұл күшті өздерінің қалауы бойынша алдына қойған мақсаттарын шешу үшін бақылап, қолданады. Бұл дәреженің міндеті мен мәнін әр адам өзінің энергетикалық дамуының осы дәрежесіне жақындауына қарай өзінше түсінеді. Сегізінші дәрежедегі адамдар уақыт аралығында (көріпкелдік бұдан төмен энергетикалық дәрежедегі адамдарға да тән) және кеңістікте көше алады, түрлі аудандардағы ауа райы мен экологияны өзгертіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің түсімі мен мал басын арттыра алады. Адамның энергетикалық деңгейдің төменгі дәрежесінен анағұрлым жоғарғысына өтуі, оның өзінің энергетикалық деңгейін мақсатты түрде арттыру процесінде секіріс түрінде жүреді. Әрбір адамның биоөрісінің өз өлшемі, тығыздығы мен құрылымы болады. Өзінің, басқа адамдардың, тірі және өлі табиғаттағы заттардың биоөрісін сезуге және көруге қабілетті адамдар нысандардың биоөрістерінен тиісті ақпараттарды оқи алады. Мысалы, «оның ойы өткір», «ол менің басымды ауыртты» деген сөздер және т.б. биоөріс ақпаратынан алынған. Биоөрістің құрылымында энергетикалық конус болады. Конустың бұрышы анағұрлым сүйір болса, адамның зейіні соғұрлым жоғары болады және керісінше. Қандай да бір адамға теріс әсер ететін адамның биоөрісінен басқа адамның бауырына немесе көк бауырына қарай қара «шланг» тартылады. Ал вампирліктің энергетикасы туралы не айтуға болады? Вампирлік вампирлер мен донорлардың биоөрістеріне әсер етеді ме? Әрине әсер етеді, бірінші кезекте биоөріс пен оның аурасына (адамның физикалық тәнінен тыс өмір сүретін биоөрістің бір бөлі-гі), соның ішінде биоөрістің өлшемдеріне, пішініне, тығыздығы мен құрылымына әсер етеді. Адамның энергетикалық деңгейі де оның санасы мен адамдармен өзара қарым-қатынасына айтарлықтай әсер етеді. Вампирлік пен донорлықтың арақатынасында «беру керек пе әлде алу керек пе?» деген сұрақ қоюға болады. Вампирлер мен донорлардың арасындағы «бөліну» сызығы «алу - беру» шекарасынан өтеді. Вампирлер үнемі басқа адамдарды жеңуге, кез келген жақсы нәрсені алып қалуға және тегін алып қалуға тырысады. Басқа адамдар жоғалтып алған затты немесе ақшаны тауып алған вампир оған «бұл енді менікі» деп қуанады, ал донор болса, уайымдап қалады, кімнің жоғалтқанын білгісі келеді. Әдетте вампир болып туылмайды, жүре келе вампир болады. Әр түрлі энергетикалық деңгейлердегі адамдардан бірінші деңгейден жиі, екінші және үшінші деңгейлерден сирек вампир адамдар шығады. Иә, эстрасенстер де вампир бола алады, тек энергетикалық деңгей ғана вампирлікті немесе донорлықты анықтамайды. Бәрі адамның биоэнергетикалық өрісінің қаншалықты үйлесімді дамығанына, оның қаншалықты дұрыс жұмыс істеуіне байланысты болады. Адамның биоөрісінің өзіне тән анатомиясы мен физиологиясы болады. Биоөрістің негізгі энергетикалық органдары энергетикалық орталықтар болып табылады, олардың кеңінен тараған атауы «чакралар». Басты энергетикалық орталықтар немесе чакралар адамда жетеу, олардың негізгі міндеті – адам ағзасының қоршаған ортамен белгілі бір діріл жиіліктерінде жұмыс істейтін арнайы каналдар арқылы энергия алмасуын қолдау. Әр чакраның діріл жиілігін адамдардың көпшілігі сезім органдарымен сезе алмайды, бірақ дәл осы каналдар арқылы және дәл осы чакралар арқылы адамның ғаламдардағы барша тіршілікпен негізгі байланысы орнатылады. Негізгі чакраларға бағынатын, көмекші, жеке жұмыстарды атқаратын көмекші чакралар да болады. Сондықтан да егер негізгі чакралар қалыпты жұмыс істейтін болса, адам ағзасының қалыпты екеніне сенімді болу керек. Негізгі жеті чакраның орталықтары омыртқалар арқылы өтетін тәннің өстік сызығының бойында орналасқан, тек шеткі екі – бірінші және жетінші чакра ғана тәннің алдыңғы және соңғы бөліктерінде шоғырланады. Әрбір чакраның өзінің белгіленген орны мен өзіне тән сипаттамалары: діріл жиілігі, мантрасы (дыбысталуы чакраның дамуына әсер ететін буын), дыбысталу нотасы, түсі болады. Белгілі бір түстің әсері адам денсаулығына оң әсер береді. Қызыл түс жүйке жүйесін қоздырып, сезімдерді оятады, қан айналысы жүйесінің жұмысын белсенді етіп, жұқпалы ауруларды, радиациялық сәуленің зардаптары мен ультракүлгін күйіктерді емдеуге көмектеседі. Фуксин немесе қызыл анилин бояуы өзінің түсімен эмоцияларды сабасына түсіріп, қан қысымын қалпына келтіреді, бүйректер мен бүйрек бездерінің жұмыстарын жақсартады. Алқызыл түс те бүйректер мен бүйрек бездерінің жұмыстарын жақсартады. Ол адамның эмоционалдық деңгейін көтеріп, жыныстық органдардың жұмысын белсенді етеді, қан қысымын көтереді. Қызғылт сары түс өкпе мен бронхылардың сауығуына көмектеседі, қалқанша безі мен асқазанның жұмыстарын жақсартады, тамырлардың тарылуы мен бұлшық еттердің тартылып қалуынан арылтады, сүйектердің өсуіне көмектеседі. Сары түс лимфа тамырларының, қозғалыс және сезім жүйкелерінің, ас қорыту жұмыстарын жақсартады, гармондардың түзілуін күшейтеді. Көк түс антиканцерогендік қасиеттерге ие. Әрбір чакра ағзаның белгілі бір органдары мен жүйелерінің, психикалық сезімдер жұмысына бақылау жасайды, әр чакраға сәйкес келетін ағза жұмысын қамтамасыз етеді. Чакралардың жұмысының бұзылуын ағзаның қандай да бір ауруларынан білуге болады. Энергетикалық чакралардың негізгі сипаттамалары кестеде берілген. Чакралар арқылы адам биоөрісі ғаламмен, оның энергиясымен байланысы жүзеге асырылады. Соның ішінде бірінші чакра (Муладхара) жер энергиясымен, екіншісі (Свадхистана) су энергиясымен, үшіншісі (Манипура) күн мен от энергиясымен байланысты. Келесі үш чакра атмосфераның түрлі қабаттарымен байланысты: төртінші чакра (Анахата) атмосфераның төменгі қабаты тропосферамен, бесіншісі (Вишудха) стратосферамен, алтыншысы (Аджана) мезосферамен байланысты болады. Жоғарғы жетінші чакра (Сахасрара) жоғарғы күштер – Жаратушы, Жоғарғы ғарыш ақыл-ойымен бірігеді. Бұл энергия тәуелсіз, ал басқа энергиялар оған бағыныстылық қатынаста болады. Бұл энергия ғаламдағы барлық энергияларға әсер ете алады. Бұл энергияны саналы түрде тек Жоғарғы күштермен байланысқа түсетін адамдар ғана пайдалана алады. Сөйтіп, адам өзінің энергетикалық орталықтары (чакралар) арқылы бүкіл ғаламмен байланысады. Бұл байланыс қалыпты болған жағдайда және кармалық немесе тұқым қуалаушы аурулары болмаған жағдайда адам дені сау әрі табиғаттың, ғаламның, ғарыштың, Жаратқанның қамқорлығында болады. Энергетикалық байланыстар үзілген кезде түрлі аурулар пайда болады, сонымен бірге адам басқа адамдардың тарапынан түрлі әсерлерге (көз тию, дуалау, қарғыстар) бейім тұрады да, өзі де вампир бола алады. Бес чакраға (екіншіден алтыншыға дейін) энергия омыртқаның өстік сызығының бойымен дененің алдыңғы және артқы шұңқырлары арқылы түседі. Бұл шұңқырлар денеге қатысты сағат тілінің бойымен айналады, яғни энергия бір-біріне қарама-қарсы алдыдан және арттан келіп, адамның энергетикалық орталықтарын қоректендіреді. Бірінші чакраға энергия жерден келіп түседі, ал жетінші чакра тік күш ағынының аяғы болып табылады. Шұңқырлардың әрқайсысына энергия құйын сияқты ағынмен түседі, оның саны төрттен (бірінші чакра) 972-ге дейін (жетінші чакра) өзгереді. Құйынды ағынды тиісті діріл жиілігі жасайды, оларға дене шынықтыру және (немесе) тыныс алу жаттығуларының көмегімен қол жеткізуге болады немесе адам ағзасына биоөріс арқылы энергияның түсуін ойша реттеуге болады. Чакралардың әрқайсысы биоөрістің тиісті энергетикалық тәнімен байланысты болып келеді. Олардың өлшемдері физикалық тәннің шегінен тысқары да таралады. Жетінші чакраның энергиясы адамның физикалық тәнінен алдыңғы алты чакраның энергияларын тесіп өтіп, барынша алыс қашықтықтарға таралады. Осылайша, адам жеті қабатпен қабатталған жібек құрты сияқты, ал оның биоөрісінің кескіні ағаш ойыншық – матрешканы елестетеді. Биоөріс қалыпты жұмыс істеп тұрғанда адамның барлық органдары мен органдар жүйелері де қалыпты режімде жұмыс істейді. Ал, адамның физикалық тұрғыдан дамуы төменгі үш чакра арқылы, рухани тұрғыдан жоғарғы үш чакра арқылы жүреді. Төртінші чакра адамның астралдық тұрғыда дамуы үшін энергия береді. Чакралардың қалыпты жұмыс істеуі және энергияның келіп түсуінің маңызы зор. Өйткені, адамда энергия мол болған сайын, оның дені сау болады. Тепе-теңдіктің бұзылуы немесе энергияның келіп түсуінің жабылып қалуы аурулардың себептері болып табылады. Биоэнергетикалық вампирлік адам мен ғалам арасындағы биоэнергетикалық алмасуының бұзылуының салдары болып табылады. Чакралар жабылып қалған кезде олар тұрып қалған энергиямен бітеліп қалады немесе энергетикалық қалдықтардың әсерінен олардың айналысы біркелкі болмайды әрі кері (сағат тіліне қарсы) болады да, аурулар пайда болады. Ал биоөріс қатты бұзылғанда, адам өлуі мүмкін. Энергияның бұндай жетіспеушілігінің орнын адамдар басқа жеңіл жолдармен толтыруға әрекеттенеді. Яғни энергиясы анағұрлым күшті басқа адамдардан – донорлардан энергия алуға тырысады. Кейбір вампирлер донорлармен физикалық жақын қарым-қатынасқа түсіп, оларға жанасуға немесе адамды жүйкелік немесе психикалық тепе-теңдік күйінен ауытқуға тырысады. Ашулы адамның биоөрісінің шекарасына түсіп немесе өзінің құрбанының биоөрісіндегі «тесіктер» арқылы энергияны жұтып, вампир өзінің мақсатына жетеді. Бұл әдетте санадан тыс болады. Кейіннен вампирдің саналы немесе санадан тыс әрекеттері стереотипті болып қалыптасады – ол өзінің құрбаны – донормен жақындасып, одан энергия жұтады да, сосын одан аулақ кетіп, алынған энергияны «қорытады» да қайтадан «жорыққа шығады». Вампирдің әрекеттері паразит жәндіктердің (сүлік, бүрге немесе маса) әрекеттеріне ұқсас – байланысқа түсіп, сорады да құрбанын жайына қалдырып, «асын» қорытады, сосын қайтадан іске кіріседі. Вампирлер өздерін әрқалай ұстайды. Мысалы, төсекте қиындықтары бар ер адам дені сау еркектен энергия сорады. Ғылымда алға жылғысы келетін мансапшылдар ақылды шығармашыл адамдармен байланыс орнатуға тырысады, олар тек алынған ақпаратты қанағат тұтып қана қоймайды, сонымен бірге санадан тыс өзінің тиісті чакраларын зарядтап алады. Жамандықсыз жақсылық жоқ. Донорларды сора отырып, вампирлер олардың энергетикаларын дамытуға еріксіз себепші болады. Өйткені энергетикасын жоғалтқаннан кейін донор екі есе жұмыс істей бастайды. Саналы түрде вампир болғысы келетін адам көп емес шығар. Ерте ме, кеш пе вампирлік анықталады, вампирлер қаншама пысықтық жасаса да, адамдар оларды донорларға қарағанда, ұнататыны шамалы. Вампир болмас үшін немесе вампирлерден зардап шеккен адамдардың энергетикасын қалпына келтіру үшін көптеген тәсілдер бар. Төменде олардың бірнешеуін қарастырамыз.
Алматы қаласы "Шипагерлік баян" газеті, қазан 2018 жыл
|
||