Ынтымақ пен бірлік

 

 главная                                        вернуться 


 

Ынтымақ пен бірлік

 

Зядан Қожалымов - профессор, мәдениеттанушы-ғалым

 

Ынтымақ пен бірлік егіз ұғым. Ынтымақ бар жерде бірлік бар ал, бірлік бар жерде ынтымақ бар. Берекенің де, ырыздығы мен несібенің де және игілікті мақсаттарға жетудің басты себебі осы ынтымақ пен бірлік арқылы жүзеге асатындығы өмір шындығы. «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» – деген халықтық философиялық даналық ұғым бұрында және бүгінде өзінің тұжырымдамасының нақтылығын айқындауда. Қаншама қиыншылық пен қарсылық күштер көп болғанымен, ынтымағы мен бірлігі бар ортаны ала алмайды, қайта оның қанатын қатайтып, ынтымағын күшейтіп, төзімділігін арттырып және бірлігін молайтады. Бұл бірлік пен ынтымақтың нәтижесі бүгінгі қауымдастықтың жетістіктері дәлел бола алады.

Ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты және жақсы мен жаманды ажырата білуде адамгершіліктің ең жоғарғы белсеңділігі болып табылады. Белсеңділік кездейсоқ нәрсе емес ол, адамның биоэнергетикалық нүктелерінің ішіндегі ең жоғары түрде дамыған, таза ғарыштық қуаттармен қуаттандырылған биологиялық белсеңді нүктелердің қызметінің жетістігі нәтижесінде адамның организмінде ұлы ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының тұжырымдамасы бойынша ерекше кездейсоқ пайда болатын қуаттар тізбесінің нәтижесі.

«Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің ынтымағы мен бірлігінің жетістігі, оны жоюға әрекеттенген қарсы күштерге 20 жылдан астам уақыт төтеп беруі және киелі шаңырақты сақтап, оны әлемдік дәрежеде ғаламторда үгіттеп көрсетуі, олардың ынтымағы мен бірлігінің нәтижесі деуге болады. Қауымдастық өзінің жиырма тоғыз жылдық тарихында өзінің атауының бір әрпінде және Жарғысының бағытын өзгертпей, республиканың Конститутциясы мен Заңдарын басшылыққа ала отырып, Жарғылық мақсаттары мен міндеттерін табысты атқаруы мүшелердің ынтымағы мен бірлігінің жемісі.

Қауымдастықтың ұйымдастыруымен халық медицинасы жөнінде әртүрлі тақырыпта 18 рет халықаралық конгрестер мен форумдар және конференциялар өткізіп, оны шет елдерге үгіттеуге жол ашуы, қауымдастықтың мүше-емшілерінің мәдениеттілігі мен жауапкершілігінің нәтижесі. Осы жылы шілде айында Тараз қаласында өткізуге жоспарланған конференциясына короновирус пандемиясына байланысты өтпей қалғанымен, 2021 жылы қауымдастықтың 30 жылдығын өткізуге дайындалудамыз. Отыз жылдыққа арналған арнайы еңбектің де аяқталары алыс емес.

Бұл жағынын алғанда қазіргі нәтижеміз де жаман емес, оның дәлелі қауымдастықтың ғалымдары тарапынан бірнеше ғылыми-могографиялық еңбектердің қазақ және орыс тілдерінде баспадан шығып, өзінің ғылыми ортасымен және оқырмандарымен қауышуы. Таза еңбек ол өзінің оң нәтижесін береді. Бос сөз бен жалған ақпарат біртіңдеп өзінің күшін жойып, абыройынан арылтады. Шыдамдылық, қайраттылық, табандылық, білімділік пен мәдениеттілік, жоғары саналық ғана ынтымақ пен бірліктің жемісінің нәтижесін дәлелдей алады. Ынтымақ бар жерде береке мол болады. Берекелі орта бірліктің негізі болады. Бірліктің жемісі аспаған асуларды асуға, шықпаған шыңдарға шығуға және көлденең қорғандарды бұзып өтуге, әрі негізгі мақсатқа жетуге берік күш пен қанат бола алады. Қауымдастық та өзінің мүшелерінен ынтымақ пен бірлікті қолдан шығармауға және қорғай білуге шақырады. Сондықтан да ұлы ғұлама Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының данышпандық 41 өсиетнамасын қосымша беруді жөн көрдім.

1. Жарытылымжан ырысы.

2. Тіршілікхан ырысы.

3. Хантаќ ырысы.

4. Таќбаќ ырысы.

5. Єділдікнаќ ырысы.

6. Байлыќсєн ырысы.

7. Сєнсєулет ырысы.

8. Сєулетдєулет ырысы

9. Сыйласымтатулыќ ырысы.

10. Т±лпарбатыр ырысы.

11. Ынтымаќбірлік ырысы.

12. Ќайтпас ернайза ырысы.

13. Ерлік білегіердіњ ырысы.

14. Су молдыѓыкµлдіњ ырысы.

15. Ењбекдєн ырысы.

16. Жарасымбереке-бірлік ырысы.

17. ¤нербілім ырысы.

18. Білім – µнер ырысы.

19. Ќос босаѓаттін ырысы.

20. Єділ бибтін ырысы.

21. Шілдехана – тµр ырысы.

22. Кебін – кµр ырысы.

23. Жањбыр – жер ырысы.

24. Ірге – ай ырысы.

25. Жаќсы сµз – жан ырысы.

26. Шежіре бєйт – сµз ырысы.

27. Аќыл – кµздіњ ырысы.

28. Инабат – ізеттілік ырысы.

29. Жаќсы садаќ – жасаќ ырысы.

30. Ќалќан – арашашы ырысы.

31. Шµп – мал ырысы.

32. От – ел ырысы.

33. Су – мал-жан ырысы.

34. Ажал – жан алу ырысы.

35. Жас – баќыт ырысы.

36. Ќан – ќ±т ырысы.

37. Сыйластыќ – сенімніњ ырысы.

38. Шыдамдылыќ – кµнімніњ ырысы.

39. Тайсалмау – талаптыњ ырысы.

40. Науќас – сырќаттыњ ырысы.

41. Шипагерлік емдеу – айыѓудыњ ырысы.

 

Алматы қаласы

"Шипагерлік баян" газеті, тамыз 2020 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 
 
В начало