Емшіліктегі жүйенің «бандитизмі»
  главная                                        вернуться  

немесе

Қауымдастықтың вице-президенті А.Бодровты кімдердің адамдары атты?

2011 жылдың 17-ақпаны Қазақстан халық емшілері қауымдастығының соған дейін вице-президенті қызметін атқарған Александр Бодров үшін қаралы күн болды. Оның осы күні өмірі тоқтады. Оны білетін емшілер мен азаматтарға өмірі қабағын шытпаған, жылы шыраймен күлімсіреп жүретін, жүрегінің адал нұрын әрқашанда басқалардың жағдайының жақсаруына арнаған, білімді де білгір өз мамандығының шебері, Қазақстаннан да тысқары таныс болған Александрдың өмірі құпиялы жағдайда қиылады деп ешкімде ойламаған шығар. «Судың да сұрауы бар» – дегендей, бүгінде қызметі мен абыройы Республикадан да тысқары танылған, халықтық шипагерліктің ғылыми орталығына айналған «Қазақстан халық емшілері қауымдастығының» беделді вице-президентінің өлімі оның мүшелерінің терең ойланатын және зерттейтін іс-әрекетіне айналды. Қауымдастық Жарғысының баптарында оның кез-келген мүшесінің құқын қорғау және оларға жабылған теріс пиғылдардан алып шығу толық қаралған. Емшілік тектік қасиет оны ешкімде жоя да, бағындыра да алмайтындығы бірнеше ғасырлардан бергі қатал жүйелердің оны жоя алмауы дәлел. Көктемдегі гүлдеген гүлдей жарқырап шыққан неше алуан тылсым құпиясы сырларының иелерін мәпелеп те, қолдап та келгендерден басқа және масқаралап олардың күш-қуатын, ілімі мен білімін жеке бас пайдаларына пайдаланғандар да жиырма жылдан бері өзінің ойына келгендерін істеп келеді. Сонау 1990 жылдын мамыр айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығымен Алматыда құрылған «Республикалық халық медицинасы Орталығы» алғаш айдаһардай ақырып, жолбарыстай шақырып өзінің уысына неше мыңдаған емшілерді жиып алып оның ішінен 7000 (жеті мың)-дайына «Құрметті кәсіби халық емшісі» деген атақ беріп, оларды темір торсыз «Мәдени зоопарктің» ішінде ұстап (зоопаркта темір тор бар), рухани және мәдени құқыларын таптап, еркіндігі мен тәуелсіздігін жоя отырып Орталықтың шонжарлары өздерінің жоғарыдағы көкелерінің көмегімен ондағы емшілердің еңбегін пайдаланды. Орталықтағы емшілерді «құлдық пен күңдік» жүйесінде ұстап келді. Өмірі шаңырағы шайқалмады деген Кеңес үкіметі де 70 жылдан кейін қалай шаңырағы кездейсоқ шайқалғаннан кейін, оған бағынышты Республикалар тәуелсіздігін алғаны сияқты бұл, Орталықтың да «кәсіби емшілері» өздерінің құтты мекеннің құрылғанына 20 жылдығына екі-үш ай қалғанда тарап кетті. Бұл қалай? Кез-келген адаммен амандаспайтын, басқаның сәлемін де алмайтын осы бір киелі жандардың не кінәсі бар? Бұған кім кінәлі? Бір жыл уақыт өтсе де жоғарыдағы 7000 кәсібидің өздерінің 20 жылдық өміріне немқұрайды қарауын қалай түсінуге болады? Ойлаймыз, мүмкін олардың осы уақытта ойлау жүйесінің әлсірегені ме немесе зомбиланып дуаланғаны ма? 20 жыл ішінде жоғарыдағы Орталық өз атын «Шығыстық, Ашық, Жабық, Орталық, ШЖС» болып бес рет ауыстырғаннан да еш нәтиже шығара алмады. Бір қызығы осы аталған ұйымның басшысының (Ш.Ш) 2009 жылы қазан айында еліміздің белді газеті «Егемен Қазақстан» газетінде оның «Қос діңгекті қосамын», – деген сұхбаты шықты. Оқырмандар қуанды да және таңғалды да бірақ, біз таңғалмадық. Себебі осы заманғы медицина мен халық емшілігін қосуға әлі де жарты ғасырдан артық уақыт барын білдік, өз пікірімізді білдірдік. Айтуға, жазуға шебер, теле-радиоларда өз абыройларын асқақтатуға үйренгендер өздерінің өтірігіне де ұялатын емес. Қайта өз сұхбатынан кейін бір жылға жетпей белгісіз жағдайда тас-талқаны шығып тарады. Күнәнің ең ауыры өтірік айту, басқаның еңбегін пайдалану және оның құқын таптау. Бұл әрекеттердің әсерінен жоғарыдағы 7000 емшінің құқының тапталғандығын кім қорғай алады? Ойланайық. Ата-бабаның тектік қасиеті ұрпақтан-ұрпаққа кететін генетикалық құбылыс. Сонымен Орталық тарағанымен оның басшысы өз жеке меншік мекемесін құрып, тағы да жоғарыдағы жақтастарының арқасында емшілерді екінші жағынан жаншудың, таптаудың «Сертификаттық» жүйесін таңдап алды. Мемлекетіміздің емшілердің құқын қорғау жөніндегі заңдарын Құран дұғаларындай жаттап алып, бұлбұлдық сайрауына қайта көшті. Дегенмен, бұл адамдардың қысымын көрген емшілер бұрынғыдай лек-легімен, топ-тобымен келмеді. Емшілердің үйлеріне және облыстарға шабармандарын жіберіп өздерін емшілерді «Жарылқаушы» етіп бұрынғы бұлбұл әндерін тағы сайратты. Ізгі армандары толық орындалмады. Осы бір кезде өздеріне қарсы қауымдар мен жеке емшілерді талқандау, жою мақсатында қауымдастықтың вице-президенті А.Бодровты өз торларына әйтеуір түсірді-ау. А.Бодров Ш.Шынтаев басқаратын «Духовные и народные целители» Учреждениесіне Ш.Шынтаевтың кеңесші және эксперт-ревизоры болып 2010 жылдың шілде айынан қызметке тұрады. Бұған дәлел: «В настоящее время единственной организацией, представляющей интересы специалистов народной медицины в Казахстане и акредитованной на сертификацию целителей, является Учреждение «Духовные и народные целители» под руководством директорв, академика Шинтаева Шакена Мукановича. Это решение зкареплено Законом о здравоохранении РК от 18.09.2009 и приказом МЗ РК за №865 от 22.12.2009. С июля 2010 года на должность советника, эксперта-ревизора принят Бодров Александр Владимирович». По этому вопросу на радио Казахстан 14 сентября 2010 года было мое выступление (А. Бодровтың сайтынан 21.02.2011. 14:58). Сонда таңғаласың 20 жыл бойы бірде-бір емшіге тарихи, моральды көмек етпегендер тағы да «жалғыз»  жарылқаушы болғаны ма? А.Бодров Ш.Шынтаевқа қызметке бару үшін ол өзінің қызметтен кететін жөнінде қауымдастық Төралқасына арыз жазбады, ескертпеді немесе Ш.Шынтаевтан қатынас қағазын да әкелмеді. Неге? А.Бодровтың Ш.Шынтаевтың мекемесіне оның он жылдан бергі бірінші орынбасары, Өзбекстан азаматы және өзбекстанның арнайы бақылау орнының бұрынғы подполковнигі, емші Ануар Ниезовтың алдауы немесе қорқытуы арқылы барғанына түсінген адамға анық байқалады. А.Бодровтың кейінгі өмірінде қорқыныш, үрей және жақындардан алыс жүру психологиясы қалыптасқандығын байқағанбыз. Ш.Шынтаев неге өзінің жақын адамдарын Қазақстан азаматтарынан алмаған, бұл да ойландырады? А.Ниезов Өзбекстан азаматтары мен Алматыдағы теріс пиғылды адамдардан емшілер командасын құрып «Бандидтік» топ құрғандығы және оларға бағынбаған Қазақстандағы халық емшілігі саласындағы белгілі мамандар мен емшілердің азаматтық құқын жою әрекеті болғандығы кешегі, марқұм А.Бодровтың өлімі дәлел (А.Бодровтың өліміне байланысты емшілердің аты-жөнін және олардың өмір жолдарын зерттеудеміз). Сіздер қалай қарайсыздар оқырман? Мүмкін А.Бодровтың өліміне әлдебіреулердің хабарлауынша бізде кінәліміз бе? Дегенмен, біз ақтығымыз бен пәктігімізді дәлелдей алдық әлі де дәлелдей береміз. Халқымыздың «Біреуге ор қазба, өзін түсесің» – деген даналық сөзі тегін айтылмаған. Орыс халқында: «Ажалыңнан бұрын өлемін десең – мотоцикл айда немесе электрик бол!» – деген даналық сөзіне сүйенсек, енді кейбір данышпан емшілерге ажалыңнан бұрын о дүниеге аттанамын десең, жоғарыда аты аталғандардың командасына бар демекпіз. Таза ұлтжанды, тектік қасиетті сыйлай білетін, білімді де иман жүзді емшілер аман болсын. «Емшілік бандитизмін» құрғандардың жолдары кесілсін. Емшілер мәртебелеріңді сақтаңдар демекпіз.

Шипагерлік баян № 1 Мамыр 2010 ж.

 

 

 

pic