Ынтымағы мен бірлігі берік қауымдастық |
||
главная вернуться | ||
Зядан Қожалымов - мәдениеттанушы.
Өткен
жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдарының басында көршілес Одақтық
мемлекеттерде етене құрыла бастаған халық емшілерінің қауымдастығының
Қазақстанда да құру мәселесін ғалымдар, ақпарат және баспасөз мамандары
мен халық емшілері өкілдері де қуаттап өзінің ұйымдастыру комитетін
(30.09.1991) құрғанда, оған қарсы болғандар да аз болмады. Алғашқы
Республикалық халық емшілерінің қауымдастығын құру жөніндегі Қаулының да
әлде біреулердің тапсырмасымен себепсіз жоқ болуы оның қызметін тоқтата
алмады. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы (З.Қ) мен медицина ғылымдарының
докторы, профессор Алихан Чокиннің және медицина ғылымдарының кандидаты
Тұрсын Бекеновтың ақылдаса бірігуі қайтадан ұйымдастыру комитетінің
жұмысының басталуына негіз болды. Айғайшылардың
(әсіресе ҚР Денсаулық
министрлігіндегі шенеуніктер) емшілер құрылтайын өткіздірмеу
жөніндегі ықпалы оның ізгі мақсаттарын тоқтата алмады. 1991-жылдың
22-желтоқсаны емшілер қауымдастығының құрылған күні болып тарих бетіне
жазылды. Содан бері жиырма жылға жуық уақыт өтіпті. Қауымдастықтың
қызметін аты аталған ұйымның ұйымдастыруымен екі рет (12.06.1991,
15.12.1991) тоқтаттыру жөніндегі ұсыныстарын орындай алмады. Осы мәселе
жөніндегі белді ұйымдастырушы бүгінде аты өшкен, сол кездегі Денсаулық
сақтау министрлігі жанынан құрылған «Республикалық халық медицинасы
Орталығы» басшылары негізгі қауымдастықты жою жөніндегі басты тұлғаға
айналды. Мемлекетіміздің барлығы жеті министрлік пен комитет және банк
жүйесі қауымдастықтың қызметінің тоқтауына ықпал етіп қалмастан,
қауымдастық пен оның мүшелеріне моральдық, психологиялық және
материалдық жағынан жасаған қысымдары қауымдастық тарихының беттерінде
айнадай жарқырап тұр. Жылдар жылжып келеді. Дегенмен, өткендегі
шортандар жоқ болғанымен олардың шабақтары әлі де көреалмастықтың
пиғылын көрсетіп, өздерін емшілерді
«Жарылқаушымыз»
деген әрекетін әлі де жалғастырып келеді. «Аңқау елге – арамза молда» –
дегендей, жиырма жылға жуық жеті мыңнан астам
«Кәсіби халық емшілерін»
құлдық пен күндікке ұстаған, моральдық және психологиялық қысым жасаған
жоғарыдағы аты аталған орталықтың басшылары қауымдастықтың
вице-президенті
А.Бодровты қысыммен,
қауымдастықтың келісімінсіз өздеріне жұмысқа алып ақыры оның өліміне де
себепкер болғанын бүгінде заң орындары ғана емес, оқырман қауымда біледі.
Адамгершіліктің парасаттылығын түсінгендер өзінің замандастарына
әрқашанда жақсылық жасауға ниет етіп тұрады.
«Қасқырда баласына қас қылмайды»
– деген халық даналығын түсінбеген қандастарымызға «сендер сөздеріңмен
емес жетістіктеріңді нақты мәліметтермен көрсетіңдер» демекпіз.
Қауымдастық басшысын сиқырлау мен дуалау арқылы (07-08.05.1992. т.б.)
оның адамдық тұлғасын өзгертеміз деп, қазақстандағы сиқыршылар мен
дуақандарды жинаған жоғарыдағы аты аталған ұйымның басшылары өз
мақсаттарына жете алмады. Бірақ, олар сенген Алматылық, тараздық,
шымкенттік және т.б. орындардың сиқыршылары мен дуақандарының бүгінде
өмірде жоқтығы аянышты-ақ?! Міне, халқымыздың «Біреуге ор қазба – өзің
түсесің», – деген өсиеті осының дәлелі. Қазақстанда қаптаған «Сары, ақ,
көк, қара» атты әулиелер мен «Алып ана, Үлкен апа» т.б. жанама аттары
барлар қауымдастық тарапынан үлкен сыңдарға ұшырауын алғаш
түсінбегендер, бүгінде толық түсінгендей болды. Бұл «Данышпандарды»
бүгінде іздесең де таппайсың? Міне біздің шындық. Көреалмастар сендердің ойларыңның неге жүзеге аспағандығын білесіңдер ме? Шындық пен әділеттілік әрқашанда өзінің жемісінің бақытына жетеді. Арамдық, көреалмастық, өсек-аяң тазалардың қызметіне әсер ете де алмайды. Сондықтан да ақырыңдап аяңдай жүріп, басқалардың анау-мынау сөзіне мән бермеген қауымдастықтың көші міне, жиырма жылға да таяды. Емшілердің ең үлкен қаунышы сонау XV-ғасырдағы қазақ даласының жаһангері, ғалым-шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабаларының «Шипагерлік баян» еңбегімен етене танысып, оны өздерінің өмірлік төл құралына айналдыруы және бабаның ғылымда екінші Ибн Сина атануы олардың күш жігеріне қуат бергендей болды. Жақсылық дегеніміз – ол қиыншылық пен таза күрестің жемісі. Қауымдастық жиырма жылдық тарихында өзінің қаражаттық қиыншылықтарына қарамастан екі рет он және он бес жылдық торқалы тойын атап өтті. Он реттен асық Халықаралық және республикалық конгрестер мен форумдарды өткізіп, қазақ халқының халық медицинасының барлық тақырыптарын қамтып қана қалмастан, өзінің мүшелерінің білімін жетілдіруге, тәжірибелерін арттыруға, бір-бірімен танысып өзара ынтымақтарын жақсартуға, шеберліктерін дамытуға және шет мемлекеттерге де білімділіктеріменен танылуына зор әсері болды. Қысқасы емшілердің мәдениеттілігі, білімділігі, қайырымдылығы, имандылығы мен инабаттылығы артып келеді. Бүгінде қауымдастықтың мүшелері кімнің киелі қасиеттің жаулары және кімнің оның қорғаушысы әрі дамытушысы екендеріне толық түсіністікпен баға беру дәрежесіне жетті. Қауымдастық бүгінде көп салалы ғылымдар саласының кандидат, доктор, профессорлерімен бірлесе халықтық шипагерлікті зерттеп өркендетудің ғылыми ордасына айналды. Иа, қауымдастықтың мүшелерінің бірлігінің жемісі осыған дәлел. Қауымдастықтың өткен өмір жолын зерделей келе, осы бір уақыттағы жеткен жетістіктері мен басқалардан көрген қысымдық қиыншылықтарын салыстырсақ, әрине қауымдастықтың жақсылығы жағының таразының басын басып тұрғандығы жанашырлары мен оқырмандарға анық байқалады. Қауымдастықтың негізгі тіректері болатын оның мүшелері мен емшілері және жанашырлары өздерінің киелі шаңырағының Жарғылық қызметіндегі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырылуына әрқашанда табандылықпен қорғап, киелі қасиеттің тылсым күштерінің өркендеуіне және мәңгілік тарихының жасалуына өз үлестерін қосып келеді. Иншалла, қауымдастық үшін ұзақ ғұмыр, мүшелеріне бақытты өмір болсың. Еліміз аман, халқымыздың имандылығы арта берсің. Емшілердің қауымдастығының алдағы торқалы мерекесінің тойы құтты болсын!
Шипагерлік баян № 1 Маусым 2010 ж.
|
||